Негізгі терезе

Негізгі терезе бағдарламаның жобасын құрудағы жұмыстарды басқарады және DELPHI ортасы іске қосылып тұрғанда міндетті түрде экранның жоғарғы қатарында орналасады

Бұл терезеде DELPHI-дің негізгі меню жүйесі, пиктограмммалық командалық батырмалары мен компоненттер жинағы (палитрасы) орналасады. Негізгі меню жүйесінің опциялар тақырыптарының құрамына ішкі меню кіреді.

Негізгі меню жүйесінің элементтері сол жағында ||| таңба қойылған арнайы тақташаларда орналасады. Негізгі менюден басқа элементтерді тақташадағы ||| таңба арқылы негізгі терезеден тыс экранның кез келген жеріне жылжытуға немесе мүлдем алып тастауға болады.

Тақташадағы батырмалар құрамын өзгерту үшін алдымен тақташаны оң жақ тышқан батырмасымен сырт еткізіп, шыққан терезедегі тақташалар тізімін және олардың статусын өзгертуге болады.

 – белгісі объектің екпінділігін көрсетеді.