Банктік несиені тартуды басқару және жобалық қаржыландыруды ұйымдастыру

Компания өзінің шаруашылық қызметін ұлғайту үшін тартатын қаржы несиесінің құрамындағы банктік несиенің маңызы зор. Бұл несие кең мақсатты бағыттарға қолданылады және әртүрлі формаларда тартылады.

Несие ақшадай капиталды қарыздық капиталға өгеруін қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарызалушылар арасындағы қатынастарын көрсетеді. Оның көмегімен кәсіпорындардың, жеке сектордың және мемлекеттің бос ақшадай капиталдарын аккумуляцияланады, олар уақытша пайдалануға берілгені үшін төленетін төлемақы арқылы қарыздық капиталға айналады.

Заңды және жеке тұлғалардың капитал салымдарын банктік несиелеу объектілеріне мынандай шығындар жатуы мүмкін:

  • өндірістік және өндірістік емес арналымдағы объектілердің техникалық қайтақарулануына, құрылысқа, кеңеюге;
  • жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді сатып алуға (машиналар, қондырғылар, көлік құралдары, ғимараттар мен құрылыстар);
  • бірлескен компаниялар құруға;
  • ғылыми-техникалық өнімдерді, интеллектуалдық құндылықтарды және меншіктің басқа да объектілерін жасауға;
  • табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыруға.

Заңды және жеке тұлғалардың банкпен несиелік қатынасының негізі – ол банктік келісім-шарт болып табылады. Заңды тұлғаларға берілетін ұзақмерзімді несиелерді нақты мерзімі мен өтеу кезеңділігі шығындардың өтелуін, қарызгердің төлемқабілеттілігін және қаржылық жағдайын, несиелік тәуекелді, несиелік ресурстардың айналымдылығын жылдамдату қажеттілігін ескере отырып, банктің қарызгермен келісімі бойынша орнатылады.

Капиталдың жекелеген түрінде өндірістік қаражаттар ретінде бір саладан екінші салаға құйылуы мүмкін болмайды. Бұл процес әдетте, ақшалай капиталдың қозғалуы түрінде ғана жүзеге асырылады.

Сондықтан нарықтық экономикада несие қажет, ең алдымен, өндірістің бір саласынан екінші саласына құйю үшін тиімді механизм ретінде және пайда нормасын теңестіру үшін қажет. Ол осы бос капиталдың жүріп өтуі қажеттілігі мен өндірістік капиталдың белгілі бір натуралды түрінде тұрақталуы арасындағы туындайтын қарама-қайшылықтарды шешіп отыруды, сол сияқты ол жеке капиталдың шектеуінен өтңп шығуына мүмкіндік береді. Сол уақытта несие жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың қорлар айналымын ұзіліссіз қозғалуына көмектеседі және өндіріс тауарларын сатып, өткізу процесіне қызмет көрсетіпи отырады.

Несие ақша массасына, төлемақы айналымына, ақша айналымының жылдамдығына белсенді әсерін тигізеді. Несие бар болуына байланысты пайданың капитализациялану процесі тез жүреді, ал ол өндірістің маңыздылығына әкеледі.

Несие өндіріс күштерінің дамуын нығайтады, ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде қайта өндіру процесін кеңейтуге капиталдың қайнар көздерінің қалыптасуын тездетеді. Қарыз алушылардың қарыз капитал нарығында қол жеткізуін реттеп отырады, оларға өкіметтік кепілдемелер мен жеңілдіктерін ұсына отырып мемлекет банктерді жалпы ұлттық бағдарламаға сәйкес әлеуметтік экономикалық дамуын жүзеге асыратын, мемлекеттік мұддесін қолдап жүретін өнеркәсіптермен өндіріс салаларын бірінші кезекте несиелеуге банктерге тұралайды. Мемлекет несиелік капитал салымдарын, тұрғын-үй мәселелерін, тауар экспортын, артта қалған аймақтарды көтеруге жұмсауы мүмкін.

Несиенің көмегінсіз фермерлік шаруашылықтардың, шағын және орта бизнестік кәсіпорындардың аяққа тұруы мүмкін емес кәсіпкерліктің басқада түрлерінің ішкі мемлекеттік және сыртқы экономикалық кеңістікке енуі мүмкін болмайды. Несиенің экономикалық мәні оның көмегімен уақытша бос ақша қаражаттар капиталға айналады.

Карл Маркстің сөзімен келісе отырып қарыз капиталының сипаттылығы туралы айтсақ, ол “тек шарт бойынша” жатсынады, ол “сатылмайды”, тек “қарызға” беріледі, несие дәл айтқанда “белгілі мерзім ішінде белгілі бір ақша сомасын иемдену ” мағынасын білдіреді, сондай-ақ кімде кім бос ақшадай қаражаттарына бай болса, ақшадай қаражаттарға зар болып жүрген немесе қосымша сомаларды қажет етіп отырған адамдарға несиеге береді.

Қазіргі таңда өте үлкен маңызы бар. Ол экономикалық жүйенің алдында тұрған көптеген проблемаларын шешіп отыр. Несиені бір учаскіде уақытша бос ақша қаражаттарды босатып, екінші учаскідегі соларға мүдделі болып отырған қиыншылықтарын шешуге болады. Несие босатылған капиталды күшейтеді. Сол сияқты капитал ағымына қызмет көрсетеді, ал ол қайта өндірістік процесінен қамтамасыз етіп отырады. Сонымен қоса, несие ақша айналымының процесін тездетеді, бірқатар қарым-қатынастардың орындалуын қамтамасыздандырады: сақтандыру, инвестициялық, нарықтық қатынастарды реттеудегі ролі өте зор.

Несие екі бастапқы түрде көрінеді: коммерциялық және банктік. Олар қатысушылардың құрамына қарай, қарыздық объектілеріне қарай, динамикаға, пайыз шамасымен атқару қызметінің сферасына қарай бөлінеді:

Банктік несие – белгілі процентпен, белгілі мерзімге мақсатты пайдалану үшін клиентке банктің қарызға ұсынатын ақша қаражаттарын білдіреді.

  • Бланктік (қамтамасыз етілмеген) несие – жекелеген шаруашылық операцияларды жүзеге асыру үшін беріледі. Ол компанияға кассалық – есеп қызметін көрсететін коммерциялық банктермен ұсынылады. Бланктік несие формальді түрде қамтамасыз етілмеген сипатта көрінгенмен іс жүзінде ол компанияның, дебиторлық борыш мөлшерімен және оның осы банктегі есеп айырысу және басқа шоттарындағы қаражатпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар бұл несиенің түрі тек қысқамерзімді кезеңге беріледі.
  • Контокорренттік несие (“овердрафт”). Несиенің бұл түрі қамтамасыз етілген жағдайда банкпен ұсынылады, бірақ ол міндетті талап болып саналмайды. Банк осы несиені ұсынғанда компанияға контокоррентік шот ашады, мұнда оның несиелік және есеп айырусу операциялары есептеледі. Контокоррентік шот несие келісім–шартында белгіленген максималды теріс сальдодан (контокоррентік лимит) аспайтын көлемде несие пайдалану көзі болып саналады. Компания контокоррентік шоттың теріс қалдығы бойынша банкке белгіленген несие процентін төлейді, сондай-ақ келісім-шартта банк осы шоттың оң қалдығында компанияға депозиттік процент аударуы мүмкін.
  • Ай сайынғы қарызға амортизацияланатын маусымдық несие. Несиенің бұл түрі компанияның маусымдық қажеттіліктерімен байланысты айналым активтерінің ауыспалы бөлігінің өсу кезеңіндегі қалыптасуына беріледі. Осы несиенің ерекшелігі несиеге ай сайын қызмет көрсетумен (ол бойынша ай сайын процент төлеу) қатар, ай сайын негізгі қарыздың сомасын амортизациялау (өтеу) болып табылады. Мұндай қарыз амортизациясының графигі компанияның ақша қаражаттарына маусымдық қажеттілік көлемін түсірумен байланысты. Айтылған несие түрінің артықшылығы компанияның нақты қажеттілік көлемімен алынған қаржы ресурстарын тиімді пайдалану болып табылады.
  • Несие линиясын ашу. Қысқамерзімді банктік несиеге қажеттілік әрқашанда оны пайдаланудың нақты уақыты көрсетілмеуі мүмкін, сондықтан ол бойынша келісімді компания банкпен алдын ала несие линиясын ашуды рәсімдейді. Бұл келісім-шартта оған нақты қажеттілік туған кезде банктік несиені берудің шарттары, мерзімі және сомасы келісіліп көрсетіледі. Несие линиясындағы пайдаланылмайтын лимит көлемінде несие ұсыну бойынша өзінің қаржылық міндеттемелері үшін банк комиссиондық сыйақы мөлшерін орнатады. Компанияға айтылған несие түрінің артықшылығы займ қаражаттарын пайдалануда өзінің нақты қажеттіліктерімен сәйкес келуінде. Несие линиясының ашылу уақыты бір жылға дейін болады. Банктік несиенің осы түрінің ерекшелігі сол, ол тиісті келісім-шарт міндеттемесі сипатында болмауы және комапния – клиенттің қаржылық жағдайы нашарлаған кезде банкпен жабылуы мүмкін.
  • Револьвердік (автоматты түрде жаңданатын) несие. Бұл белгілі бір кезеңге және осы кезең ішінде несие қаражаттарын этаптық “таңдауға”, сондай-ақ олар бойынша міндеттемелерді (негізгі қарыздың сомасына амортизация) бөлшектеп немесе толық өтеуге рұқсат берілген банктік несиенің бір түрі. Міндеттемелерді өтеу шотына төленген қаражаттарды компания несие келісім-шарт мерзімінің ішінде қайта қарызға ала алады (орнатылған несие лимиті шегінде). Қалған негізгі қарыздың өтелмеген сомасы және ол бойынша проценттер несие келісім-шартының мерзімі біткенше төленеді. Бұл несие түрінің артықшылығы несие линиясын ашумен салыстырғанда шектеулердің минималды болуы, бірақ олар бойынша проценттік ставка деңгейі әлдеқайда жоғары болады.
  • Онкольдік несие. Несиенің бұл түрінің ерекшелігі қарызгерге оны пайдалану мерзімі көрсетілмейді (қысқамерзімді несиелеу шегінде) және соңғысының кредитордың бірінші талабы бойынша оны өтеу міндеттемесі. Осы несиені өтеуде жеңілдік кезеңі беріледі (қолданылатын практикада – 3 күнге дейін).
  • Ломбардтық несие. Мұндай несие несиелеу кезеңінде компания жоғарыөтімділік активтерді (вексель, мемлекеттік қысқамерзімді міндеттемелер және т.б.) банкке өткізу арқылы несие алуы мүмкін. Бұл жағдайда несие көлемі өткізілген активтер құнының белгілі бір бөлігіне сәйкес келеді. Несиенің бұл түрі қысқамерзімді сипатта болады.
  • Ипотекалық несие. Мұндай несие негізгі қорларды немесе компанияның меншік кешенін тұтастай кепілдікке алу негізінде ұзақмерзімді займдар беруге маманданатын банктерден алынуы мүмкін (ипотекалық банктер). Өз мүліктерін кепілдікке беретін компаниялар оны банк пайдасы үшін толық көлемде сақтандыруы қажет.
  • Ролловердік несие. Бұл проценттік ставканы кезеңдік қайта қарастыратын ұзақмерзімді несиенің бір түрін білдіреді (яғни қаржы нарығы конъюнктурасының өзгеруіне байланысты “қайтанесиелеу” перманенті). Еуропалық практикада берілетін ролловердік несиенің проценттік ставкасын әр квартал немесе жарты жылда бір рет қарастыру жүзеге асырылады (жоғары инфляция жағдайында және несиеге проценттік ставканы кезеңдік қарастыруда Орталық банктің есеп ставкасының жиі ауысуы болуы мүмкін).
  • Консорциумдық несие. Банктің несие саясаты несиелеудің белгіленген нормативтер жүйесі немесе тәуекелдіктің жоғары деңгейі кейде оған компания – клиенттің несиеге деген жоғары қажеттілігін толық қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайда компанияға қызмет ететін банк өзінің клиентін несиелеуде басқа банктерді (мұндай несиелік операцияларды жүзеге асыратын банктер одағын “консорциум” д.а.) тартады. Консорциумдық несиені ұйымдастырғаны үшін жетекші банк (клиентке қызмет етуші) белгілі бір комиссиондық сыйақы алады.

Банктік несиені тартудың түрлері мен шарттарының көптігі компаниялардың осы процесті тиімді басқаруын қажет етеді. Әсіресе бұл қажеттілік банктік несиені көп тұтынатын компанияларға тән. Бұл жағдайда банктік несиелеудің ерекшелігіне қарыз капиталын тарту саясаты мен мақсаттары нақтылана түседі де, қажет болған кезде компанияның қаржы саясатының өзіндік түрі бола алады.

Банктік несиені тарту саясатыбанктік несиені тартуды, пайдалануды және қызмет етуді нақтылайтын қарыз капиталын тартудың жалпы саясатының бір бөлігін құрайды. Банктік несиені тарту саясатын жасау келесі негізгі этаптармен жүзеге асырылады:

  • Тартылатын банктік несиені пайдаланудың мақсаттарын анықтау. Банктік несиенің әртүрлі формалары компанияның қарыз капиталына деген барлық қажеттілік спекторын толық қанағаттандыра алады (осыдан банктік несиенің әмбебаптылығы көрінеді). Оны пайдалану мақсаттары алғашқы кезде қарастырылған қарыз капиталын тартудың жалпы мақсаттарынан шығады.
  • Өзінің несиеқабілеттілігін бағалау. Компания банктік несиені тарту саясатын жасағанда өзінің негізгі параметрлерін банктің несие саясаты параметрлерімен сәйкестендіруі қажет. Банктік несие саясатының параметрлерінің құрамында негізгі орынды қарызгердің несиеқабілеттілік деңгейін бағалау болып табылады.

Қазіргі банктік практикада қарызгерлердің несиеқабілеттілік деңгейін бағалауда, оларды несиелеу шарттарын саралау екі негізгі критерилерге байланысты: а) компанияның қаржылық жағдайының деңгейі; б) компанияның ертеректе алынған несиелерін (негізгі қарыз және олар бойынша проценттер) өтеу сипаты. Компанияның қаржылық жағдайының деңгейі -ертеректе қаралған қаржылық коэффициенттер жүйесімен бағаланады, соның ішінде негізгі көңіл төлемқабілеттілік, қаржылық тұрақтылық пен рентабельділік коэффициенттеріне бөлінеді. Қарызгермен ертеректе алынған несиелерді өтеу сипаты бағалаудың 3 деңгейімен қарастырылады:

  • Жақсы, егер несие бойынша борыш және ол бойынша проценттер белгіленген мерзімде төленсе, сондай-ақ несиені 90 күннен аспайтын мөлшерде бірден артық емес пролонгацияланса (ұзарту);
  • Әлсіз, егер несие бойынша ұзартылған борыш және ол бойынша проценттер 90-нан артық емес күнді құраса, сондай-ақ 90 күннен артық уақытқа несие ұзартылса, бірақ ағымдағы міндеттеме бойынша оған қызмет етуі тиіс (ол бойынша процент төлеу);
  • Жеткіліксіз, егер несие бойынша ұзартылған борыш және ол бойынша проценттер 90 күннен артық немесе кем уақытты құрап, олар бойынша проценттер төленбесе.

Осы тұрғыдан компания отандық банктерден несие аларда өзінің несиеқабілеттілік деңгейін бағалауы қажет.

  • Тартылатын банктік несиенің қажетті түрлерін таңдау. Бұл таңдау негізінен келесі жағдайлармен анықталады:
  • Несиені пайдалану мақсаттарымен;
  • Қарыз капиталын белгіленетін пайдалану кезеңімен;
  • Тартылатын қаражаттарды пайдаланудың басы мен соңының айқындылық уақытымен;
  • Тартылатын несиені қамтамасыз ету мүмкіндіктері.

Тартылатын несие түрлерінің белгіленген тізіміне сәйкес компания осы түрлерін ұсына алатын коммерциялық банктерді зерттеу және бағалауды жүргізеді (банк рейтингі, қызметі және т.б.).

  • Банктік несиелеуді жүзеге асыру жағдайларын зерттеу және бағалау. Банктік несиені тарту саясатын қалыптастырудың бұл этапінде бағаланатын жағдайлар мен есептеулердің көптігінің болуы неғұрлым қиын және жауапкершілікті қажет етеді. Осы несиенің негізгі шарттар құрамына:
  • Несиенің шекті көлемі. Мұны коммерциялық банктер клиенттің несие рейтингісіне сәйкес және Орталық банкпен бекітілетін міндетті экономикалық нормативтер жүйесімен белгілейді. Сонымен қатар әр коммерциялық банктер жекелеген несие түрлерінің сомасына жеке лимиттер жүйесін орнатады.
  • Несиенің шекті мерзімі. Әр коммерциялық банк жекелеген несие түрлері бойынша ұсынылатын лимиттік кезеңдер формасындағы несие саясатына сәйкес орнатады.
  • Несие валютасы. Сыртқыэкономикалық операциялар жүргізетін компания –қарызгер үшін маңызды. Мұндай операцияларды орындағанда компания өзіне қажетті бір шетел валютасында несие алуы мүмкін. Мұндай несие формасы практикада сирек кездеседі.
  • Несие ставкасының деңгейі. Коммерциялық банктердің несие тартымдылығын бағалайтын басты шарт болып табылады. Оның негізіне – елдің Орталық банкінің базалық есеп ставкасында және коммерциялық банктердің орта маржасымен қалыптасатын банкаралық несиенің құны, болжанатын инфляция қарқыны, несие түрі мен оның мерзімі және т.б. кіреді.
  • Несие ставкасының формасы. Несиелік кезеңдегі оның динамикалық деңгейін көрсетеді. Банктік несие тұрақты немесе қалқымалы несиелік ставка жағдайында ұсынулуы мүмкін. Тұрақты несие ставкасы көбінесе компанияны қысқамерзімді несиелеуде қолданылады, бұл банктік несие құнын нақты анықтауға мүмкіндік береді.
  • Несие ставкасының түрі. Банктік несиені анықтауда маңызды роль атқарады. Қолданылатын түрлері бойынша проценттік (қарыз сомасын өсіру үшін) және есептік (қарыз сомасын дисконттау үшін) несие ставкасы деп бөлінеді. Егер осы ставкалар көлемі бірдей болса, онда компания проценттік ставканы қолданғаны дұрыс, өйткені бұл жағдайда қарызға қызмет ету бойынша төлемдер азайып отырады.
  • Процентті төлеу шарты оны өтеу мерзімімен сипатталады. Бұл шарттар үш принципиалды варианттарға сүйенеді:

а) несие берілген уақытта барлық процент сомасын төлеу;

б) несие бойынша проценттер сомасын біркелкі бөлшекпен төлеу;

в) қарыздың негізгі сомасын өтеген уақытта барлық проценттер сомасын бірге төлеу.

  • Негізгі қарызды өтеу (амортизация) шарты. Несие қаражаттарын нақты пайдалану көлемімен қатар, оның құнына да айтарлықтай әсер етеді. Негізгі қарыз амортизациясының үш принципиалды варианты бар: а) несиелік кезең процесіндегі белгілі бір бөліктер; б) несиелік кезең аяқталғаннан кейін; в) несие мерзімі біткеннен кейін қарызды өтеу үшін берілетін жеңілдік кезеңі. Әрине басқа жағдайларбірдей болған кезде компания үшін соңғы вариант тиімді болып саналады.
  • Несиені қамтамасыз ету формалары. Бұл негізінен оның құнын анықтайды – неғұрлым несие берік қамтамасыз етілсе, соғұрлым оның құнының деңгейі төмен болады. Несиені қамтамасыз етудің бір формасы несие қаражаттарын пайдаланудың нақты көлемін анықтайды. Компанияның несие қаражаттарын пайдаланудың нақты көлемін төмендетудің және банктік несиенің құнын өсіретін негізгі шарттар болып:
  • Несиелік проценттерді есептегенде есептік ставканы қолдану;
  • Несие бойынша процент сомасына аванстық төлем;
  • Несиелік кезеңде негізгі қарыздың сомасына біртіндеп амортизация;
  • Ақша активтерінің компинсациялық қалдық формасындағы тартылған несие қаражаттарының белгілі бір сомасын сақтау.
  • Несиелік келісім – шарт процесінде несие шарттарын “түзету”. Бұл термин қаржы нарығындағы несие құралдарын сату-сатып алудың орташа шарттарын нақты несие келісім-шартымен сәйкес келтіру процесін сипаттайды.
  • Банктік несиені тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Банктік несие қазіргі жағдайда тартылатын қарыз капиталының ең қымбат түрі болып саналатындықтан компанияда оны тиімді пайдалануға басты назар бөлінуі қажет.
  • Банктік несиеге ағымдағы қызмет етуге бақылауды ұйымдастыру. Банктік несиеге ағымдағы қызмет ету несие келісі-шартына сәйкес ол бойынша проценттерді уақытылы төлеп отыруды білдіреді.
  • Банктік несиелер бойынша негізгі қарыздың сомасына уақытылы және толық амортизацияны қамтамасыз ету. Негізгі қарыздың сомасына амортизация әдістері несие келісімінде көрсетілген өтеу шарттарына байланысты.

Компанияларда несиені өтеу үшін арнайы қорлар құрылуы мүмкін (қысқамерзімді несиелер үшін өтеу қоры құрылмайды). Мұндағы төлемдер жасалған график бойынша жүзеге асып отырады.

Жобалық қаржыландыру – бұл қарыздық қаржыландырудың бір түрі. Жобалық қаржыландыру бөлімдері көптеген банктік мекемелерде бар. АҚШ-та “жобалық қаржыландыру” термині, ол жобаның өзі қосымша қаржыландыру көздерін тартпай-ақ қарыз міндеттемелеріне қызмет етудің жалғыз ғана әдісі болып табылатын қаржыландырудың бір типін сипаттайды. Европада бұл термин жобаларды қаржыландыру үшін ақша қаражаттарын ұсынудың әртүрлі әдістерін бейнелейді. Бірақ келтірілген барлық анықтамалардың түйіні бір, ол – жобалық қаржыландыру нақты ақшалардың жоспарланған ағымын нақты алуды қамтамасыз ететін ерекше әдіс екендігін сипаттайды. Нақты ақшалардың жоспарланған ағымын нақты алу жобаның барлық қатысушылары арасында (мердігерлік ұйымдар, қаржы мекемелері, мемлекеттік органдар, жабдықтаушылар және соңғы өнімді тұтынушылар) жобамен байланысты тәуекелдердің барлық түрін анықтау және бөлу жолымен қол жеткізіледі.

Жобалық тип бойынша қаржыландыруды ұйымдастыру жобаны жүзеге асырудың бастапқы стадиясында мыналарға мүмкіндік береді:

  • оның лидерлерінің (құрылтайшылар) мүмкіншіліктерін бағалауға;
  • жобаның займдық қаражаттарға қажеттілігін анықтауға;
  • компанияны эксплуатацияға бергеннен кейінгі табысты анықтауға;
  • барлық мүдделі заңды және жеке тұлғалар арасында компанияны құру және функционалдау тәуекелін бөлуге.

Кредитор өзіне тәуекелдің қандай үлесін қабылдауына қарай жобалық қаржыландырудың үш формасын бөліп көрсетуге болады:

  • қарызгерге толық регреспен;
  • қарызгерге қандай да бір регрессіз;
  • қарызгерге шектеулі регреспен.

Регресс – бұл қарызға берілген соманы өтеу туралы талап.

Қарызгерге толық регреспен қаржыландыру – жобалық қаржыландырудың айтарлықтай кең тараған формасы. Бұл формаға жобаны қаржыландыру үшін қажетті қаражаттарды алудың жылдамдылығы мен қарапайымдылығы үшін үлкен мән беріледі, сонымен қатар, қаржыландырудың бұл формасының құны қалған екеуінен төмен.

Қаржыландырудың мұндай формасы келесідей жағдайларда қолданылады:

  • Аз табысты және коммерциялық жобаларды қаржыландыру үшін қаражаттар беру, олардың тапсырыс берушілері қарызгердің басқа да табыстары есебінен несиелерді өтеуге мүмкіндік алады.
  • Экспорттық несие формасында қаражаттар беру. Экспорттық несиелерді беру бойынша көптеген мамандандырылған агенттіктер үшінші жақтың қосымша кепілдерінсіз-ақ жоба тәуекелдерін өздеріне қабылдауға мүмкіндіктері бар.
  • Жоба бойынша берілген кепілдердің (гарантия) сенімділігінің жеткіліксіздігі.

Шығындардың болымсыз ұлғаюына сезгіштік танытатын кіші-гірім жобалар үшін қаражаттар беру.

Қарызгерге қандай да бір регрессіз жобалық қаржыландыру кезінде кредитор қарызгерден ешқандай кепілге ие болмай, жобаны жүзеге асырумен байланысты барлық тәуекелдерді өзіне алады. Қаржыландырудың бұл формасы қарызгер үшін құны жоғары, өйткені кредитор тәуекелдің жоғарығы дәрежесі үшін сәйкес компенсация алуға үміттенеді.

Қарызгерге регрессіз формасымен әдетте, жоғары табысты және жүзеге асыру нәтижесінде бәсекеқабілетті өнім беретін жобалар қаржыландырылады. Кредиторлардың мұндай жобаға қаражат салу тәуекеліне бару үшін келесідей шарттар қажет:

  • Бәсекеқабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін жақсы қолданыстағы технологияны пайдалану;
  • Құрылыс тәуекелін, жобалық қуатқа шығу тәуекелін, сондай-ақ жобаны функционалдаумен байланысты тәуекелдерді бағалауға мүмкіншілік алу;
  • Соңғы өнім жеңіл өткізілетін болуы керек, тек сол кезде ғана баға тәуекелін анықтау мүмкін болады;
  • Шикізат, қосымша бөлшектерді және тағы да басқаларды жабдықтаушылармен сенімді келісім болуы және белгілі бір бағалар орнатылуы қажет;
  • Мемлекеттегі саяси тұрақтылық.

Қазіргі кезде қарызгерге шектеулі регреспен жобалық қаржыландыру кең таралып келеді. Бұл жағдайда жобаны қаржыландыру барысында оны жүзеге асырумен байланысты барлық тәуекелдер бағаланады және жобаға барлық қатысушылар арасында бөлініп, әрқайсысы өздеріне тиесілі тәуекелдерді алады.

Қарызгерге шектеулі регреспен жобаны қаржыландыру формасының беделі басқа формалармен салыстырғанда қарызгердің қаржылық жағдайына аз әсерімен түсіндіріледі.

Жобалық қаржыландырудың несиелеудің дәстүрлі түрлерінен ерекшелігі тек қарызгердің төлемқабілеттілігін бағалауға, тұтас инвестициялық жобаны, ол бойынша тәуекелдерді қарастыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар нәтижелерді болжауға мүмкіндік туғызады. Осының бәрі өмірқабілетті компания құруға мүмкіндік берумен қатар, инвесторларды тартуға ықпал етеді.

Әдетте инвестициялық жобаларды несиелеу барысында несиелерді мақсатты пайдалануға бақылау механизмі жасалады. Сондықтан несиелік келісімнің мәтініне қарызгердің жобаны жүзеге асыру кезінде ақпараттарды беріп отыру туралы міндеттемелер енгізіледі.

Инвестордың меншікті қаражаттар есебінен, сондай-ақ банктің меншікті қаражаттары есебінен капитал салымдарын қаржыландыру қатысушы жақтардың келісімі бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда келісім жасасқан қатысушылар капитал салымдарын қаржыландыру үшін банктердегі шоттарға инвесторлардың меншікті қаражаттарын салу, мердігерлік жұмыстарды орындау және қондырғыларды, материалдық және энергетикалық ресурстарды жеткізу, қызметтер көрсету үшін инвестициялық процеске қатысушылар арасында өзара есеп айырысу және несиелеу тәртібін өздігінше анықтайды.

Жоба жетекшісінің жұмысының тиімділігі негізінен жобаға кететін шығындарға бақылау бойынша жұмыстың қаншалықты жақсы ұйымдастырылғанымен бағаланады. Шетелде осы процесті басқару үшін тәуекелдерді басқарудың арнайы жоспары қолданылады. Бұл жоспарды келісім – шарттарды дайындау кезінде жасайды және одан кейін оны үнемі жетілдіріп отырады. Бұл жоспар мыналарды анықтайды:

  • қандай шығындар бақылауға жатады (компания шығындары, қондырғының, материалдың, жұмыс күшінің құны);
  • шығындар қандай көрсеткіштермен анықталады;
  • бақылау қалай ұйымдастырылады.

Жобаның жетекшісі шешімдердің дұрыс қабылдануына және олардың орындалуына жауап береді. Ескере кететін жәйт, бақылау тиімділігі жобаны жүзеге асырудың айтарлықтай кейінгі этаптарында төмендетіледі.

Меншікті және займдық қаржы ресурстарының арақатынасы жобаның инвестиция құрылымын құрайды және бірқатар факторлардан тәуелді болады, олардың негізгілеріне:

  • қаржы ресурстары нарығының дамуы;
  • жобаны орындау ұзақтылығы және техникалық қиындығы;
  • компанияда жобаны жүзеге асыруда қалыптасқан тәжірибие.

Нарықтық экономикасы бар көптеген мемлекеттерде меншікті және займдық қаражаттардың арақатынасы 1-ден төмен, яғни займдық қаражаттардың үлесі 50 %-тен жоғары болады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!