Компанияның қарыз капиталының тартылуын талдау

Компания «Dala Group» 2003 жылы құрылып,нарықта өз қызметін жүзеге асырып жүр.Компания кең көлемді қызметтер көрсетеді.

Қызмет түрлері:

  • Құрылыс, ремонттық жұмыстар
  • әр түрлі жарнамалық қызмет көрсету
  • Информациялық қызмет көрсету
  • Құрылыс материалдарын өндіру және өндіру
  • Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету
  • Жөндеу жұмыстары
  • Инновациялық, ұйымдастырушылық,делдалдық және басқа да қызметтер
  • Транспорттық қызметтер көрсету (шикізат,адамдар мен тауарларды тасымалдау)
  • Құрылыс техникалары мен құрал жабдықтарды сатып алу және өткізу
  • Пластикалық терезелер және тағы басқа материалдарды жасау
  • ҚР-ң заңдарымен тиым салынбаған басқада қызметтер
  • Тұрғын үй, өндірістік және өнеркәсіптік құрылғыларды жөндеу

Қызметтің барлық түрлері заңдар, жасалған шарттар және берілген лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.

Компания активтерінің оң динамикасын төменде келтірілген кестеден көруге болады.

Кесте 2 Активтердің құрамы мен динамикасы

Көрсеткіштер 2003 2004 2005
Активтердің барлығы оның ішінде: 78949120 87265704 100799605
Ұзақ мерзімді активтер оның ішінде: 39447208 44552152 43405233
-материалдық емес активтер 37512
-негізгі құралдар 39409692 12416088 14610110
Ағымдағы активтер оның ішінде 39501912 42713552 57394372

Кестеден көріп отырғанымыздай, 2003-2005 жылдар аралығында компания активтері көбейді: 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 10,5%(немесе 8316584 мың теңгеге); және 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда 15,5% (немесе 1353901мың теңгеге).

Кестеден жалпы компания активтерінің оң динамикасын көріп отырмыз.

Сурет 1. 2003-2005 активтердің құрамы мен динамикасы.

* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің  бухгалтерлік балансы 2004-2005

2005 жылы Компания активтерінің құрылымында үлкен үлесті ағымдағы активтер (57%) алып жатыр

Кесте 3  2003-2005 активтердің құрлымы және динамикасы   

Көрсеткіштер 2003 2004 2005
Активтердің барлығы: 100 100 100
1.Ұзақ мерзімді активтер: 49,9 51,05 43
2.Ағымдағы активтер: 50,3 48,9 57
ТМҚ: 6,4 9,28 13
Ақша: 11,2 10,7 14,5
Дебиторлық  борыш: 32,3 28,8 29,3

* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005

Оларды жекелеп қарастыру, келесідей қортындыларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ағымдағы активтердің құрамында дебиторлық борыш үлкен үлес алып жатыр. Оның 2004 жылы 337061мың тенгеге немесе 0,2% қысқарғаны байқалып отыр, бұл сатып алушылармен тапсырыс берушілердің борыштарының азаюымен байланысты;одан кейін 2005 жылы 4367418 немесе 17,3% өсуі , бұл болашақ кезеңдегі шығындардвң және алынған аванстардың көбейуімен байланысты.

Ақша қаражаттарын қарастырайық. Кестеден көріп отырғанымыздай олардың өсуі байқалып тұр. 2004 жылды 2003 жылмен салыстырғанда 352221 немесе 6,2; 2005 жыл 2004 жылмен салыстырғанда 5307238 мың тенгеге немесе 50%. Олар жалпы активтер құрылымында 20005 жылдың аяғында 15% құрады. Олардың өсуі жарғылық капиталдың және таза табыстың өсуімен байланысты

2005 жылы 2003 жылға қарағанда ТМҚ-ң едәуір көбеюі байқалып отыр. 2005 жылы жалпы өсім 5006174 немесе 62% құрады. 2005 жылы ағымдағы активтер құрылымында ТМҚ 13% құрады. Бұл өзгерулерді төмендегі диаграммалардан көруге болады.

Сурет 2. 2003 жылғы компанияның активтер құрлымы.

* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005

  • Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005

Кесте 4. Өтімділік коэффициенттердің факторлық моделін талдау

Көрсеткіштер жыл басы жыл аяғы айырмасы
1) Ағымдағы активтер 42713552 57394372 14680820
2) Таза табыс 8122618 9845762 1723144
3) ҚММ 47592283 51280422 3688139
Жалпы…… коэффициент 0,8 1,1 0,3

* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005

Бұл талдаудан көріп отырғандай ағымдағы активтердің қаншасы таза табыстың 1000 теңгеге келетінін көреді.

1 – қатынас  АА/ТТ табыстың 5,25 жыл басы  5,8 жыл аяғында

2 – қатынас  ТТ-ҚММ   0,17 жыл басы  0,19 жыл аяғы

2 – қатынас кәсіпорынның өзінің қаржы қорытындылар есебінен қысқа мерзімді міндеттемелерді жабу қабілеттілігін көрсетеді.

Кесте 5. «Dala Group» 2005 жылға таза айналым капиталын есептеу

Көрсеткіштер 2003 2004 2005
1) Ағымдағы активтер 39501912 42713552 57394372
2) Ағымдағы міндеттемелер 5239831 4759228 5128042
Таза айналым капитал (1-2) 3426208 37954324 52266330
  • Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005

Өз бизнесін қаржыландыруға өткен жылы 2003 жылы 3426208 теңге, ал 2004 жылы 37954324 теңгені, 2005 жылы 52266330 теңгені бөлгенін көруге болады. Бұдан кәсіпорынның таза айналым капиталдың құнын арттырғанын көреміз.

Кесте 6. Төлем қабілеттілік коэффиценттерін есептеу (2005ж)

Көрсеткіштер: жыл басы жыл аяғы айырмасы
1) ақша қаражаттар 9405192 14712430 5307238
2) қысқа мерзімді міндеттемелер 47592283 51280422 3688139
3) төлем қабілеттілік коэффициенттер 0,19 0,28 0,09

* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005

Кестеде көріп отырғандай, талданатын кәсіпорынның қаржылық қиындық

көріп отыр. Кәсіпорынның өзінің жедел міндеттемелерінің 28% жаба алады, ал өзінің қарыздарының қалған 72% жабылады, егер дебиторлық қарыздар қайтарылса және дайын өнім өткізілген жағдайда 72 % жабады.

6кесте

Кәсіпорынның төлем қабілетттігін анықтау үшін кәсіпорын активтеріндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипиттайтын өтімділік көрсеткіштері кеңінен қолданады.

Кесте 7. Өтімділік көрсеткіштері 2003-205 жылдар

Көрсеткіштер Теориялық мәні 2003 2004 2005
Абсолютті өтімділік коэффициенті 0,2:0,5 0,273 0,288 0,470
Тез өтімділік коэффициенті 1 1,617 1,460 1,834
Ағымдағы өтімділік коэффициенті 2 1,219 1,310 1,639

* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005

Кестеден көріп отырғанымыздай барлық көрсеткіштер 2005 жылға өсіп отыр. Абсолютті өтімділік коэффициенті 2005 жылы талаптарға сай келіп тұр. Оның өсуі ақша қаражаттарың көбейуімен байланысты. Тез өтімділік коэффициенті толық қабылданған критериге сәйкес келеді. Оның көбейуі ақша қаражаттарының, дебиторлық борыштың және басқа да активтердің өсуімен байланысты.Ағымдағы өтімділік коэффициенті қабылданған мәнге сәйкес келмейді, бірақ маңызды емес өсуі бар.

Кесте 8. «DALA GROUP»АҚ-тің 2005 жыл Қаржылық қордың құрылымын (кәсіпорынның қорлану көздері) талдау

Көрсеткіштер Жыл басы Жыл аяғы айырма
% % + – %
1) баланс валютасы 87265704 100 100799605 100 13533901
2) Меншікті капитал 39673421 45,4 49519183 49,1 9845762 3,7
3) Тартылған капитал (ҰММ+ҚММ) 62552283 71,7 71280422 70,7 8688139 -64,6

* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005

Кестеде көрсеткендей талдау жасалынған кәсіпорынның қаржылық қор сомасы есеп беру кезінде 100799605 теңгеге өскен, бұндай өсу біріншіден, меншікті капиталдың 9845762 теңге және 3,7 пункте жоғарлаған көрсеткіштің әсерінен болып тұр.

Ал тартылған капитал 8688139 теңгеге өскен және 1 пункке жоғарлады.

«Dala Group» компаниясының қаржылық-шаруашылық қызметін зерттеу нәтижесінде оның қаржылық ресурстарының құрамында  көлемді қарыз қаражаттары қолданғаны анықталды.

Компания қызметкерлері капитал нарығын үнемі бақылап, капитал тартудың ең тиімді көздерін пайдаланады.

Зерттеліп отырған компанияның 2003-2005 аралығындағы кұрамын және құрылымын талдайық.

Кесте 9. Қарыз капиталының құрамы мен құрылымын талдау (2003,2004,2005 )

Көрсеткіштер 2003ж. 2004ж. 2005ж.
теңге %  теңге % теңге %
Авансталған капитал 78949120 100 87265704 100 100799605 100
Ұзақ мерзімді міндеттемелер, оның ішінде:
Ұзақ мерзімді несиелер 20000000 25,3 15000000 17,1 20000000 19,8
Ағымдағы міндеттемелер, оның ішінде: 52398317 66,3 47592283 54,5 51280422 50,8
Бюджетпен есеп айырысу 20591081 26,1 24302283 27,8 21280422 21,1
Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу 6907641 8,7 15742165 18,0 20125789 19,9
Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу 5090132 6,4 8560118 9,8 1154633 1,14
Басқа да кредиторлық қарыздар 20591081 26,1 10
Қысқа мерзімді несиелер 11807286 14,9 8290000 9,4 10000000 9,9

* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005

Кестеде көрсеткендей авансталған капиталдың есеп беру жылы 100799605 теңгеге ие болды. Өткен 2004 жылмен салыстырғанда 13533901 теңгеге өсті. Бұл өсуіне ұзақ мерзімді несиелер (20000000-15000000) 5000000 теңгеге ұлғайды. Бұл 19,8 пайызға ие болды. Ағымдағы міндеттемелер жыл соңында 2005 жылы 51280422 теңгені көрсетті және 2004 жылға салыстырғанда 3688139 теңгеге жоғарлаған осымен бірге 50,8 пайызды көрсетті.

Міндеттемелер 4806034 мың тенге азайған, одан кейін 2005 жылы 3668139 немесе 7,7% өскен. Қысқа мерзімді міндеттемер 2004 жылы 3517236 мың тенгеге немесе 0,30% азайды, бұл ұзақмерзімді несиені тартумен байланысты. 2005 жыл олар 1710000 мың тенгеге немесе 20,6 өсті.

2004 жылы кредиторлық борыш өсімі 3711202 мың тенгеге немесе 18% құрады.Одан кейін 2005 жылы 3021861 мың тенге азайды. Ұзақмерзімді несиелерге келетін болсақ олардың ауытқуы байқалады. 2004 жылы олар 5000000 мың тенгеге қысқарды, одан кейін 2005 жылы олар осындай шамаға қайта өсті. Бұл кәсіпорының қосымша ақша қаражаттарнына мұқтаждықтарымен байланысты.

Біз меншік капитал үлесің тұрақты өсуін, сәйкесінше, міндеттемелер үлесін азайғанын көріп отырмыз.

2005жылы міндеттемелер құрамында кредиторлық борыштың үлесі 21% құрады.Оның ауытқуы мынадай: 2003 жылы 20%; 2004 жылы 17%; 2005 жылы 20%; Қысқамерзімді несиелердің динамикасы біркелкі емес: 2003 жылы 14,9%; 2003 жылы 9,5%; 2005 жылы 9,9%. Бұл  өзгерулерді келесідей диаграммалардан көруге болады.

Кесте 11. Қарыз капиталының жекелеген элеметтерін бағалау:

Көрсеткіштер 2003 2004 2005
1Өнімді сатудан түскен табыс мың.тг 116085793 216440689 270245870
2 Материалдық шығындар 62184321 64537115 98754862
3Қосылған құн 53901472 151903574 171491008
4 Еңбек ақы 37209748 137032175 153944204
5 ИПБН 16691724 14871399 17546804
6 Амортизация 2176328 1364461 1845679
7 ИПНН 14515396 13506938 15701125
8 Активтер 78949120 87265704 100799605
9 Экономикалық рентабельдік 18,38 15,47 15,57
10 Қысқамерзімді несиелер 11807236 8290000 10000000
11 Несиеге кеткен шығындар 1609455 1826254 1609455
12 МПОЕ (%) 13,63 22,02 16,0
13 ҚТС (%) 30 30 30
14 Дифференциал 4,75 -6,55 -0,43
15 Қарыз капитал 72398317 62592283 71280422
16 Меншік капитал 26550803 39673421 49519183
17 Қаржы тұтқасының иығы 2,7267 1,5776 1,4394
18 ҚТН 9,066 -7,233 -0,433

2003 жылы қаржы тұтқасының нәтижелігі 9,066 тең болғанда және дифферециал 4,75% тең болғанда кезде компанияның қарыз қаражатын тарту үшін жақсы коры болды. 2004 жылы қаржы тұтқасының нәтижелігі -7,233% құрады, активтердің экономиалық рентабельділігінің төмендеуі салдарынан қаржы тұтқасының көрсеткіштері айтарлықтай нашарлады. Дифференциал теріс -6,55% құрады, өйткені МПОЕ ЭР-дан көп, яғни рентабельдік азайды.Қаржы тұтқасының нәтижелігі теріс сан, бұл компанияның келесі жобаларын негізінен меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыру қажеттілігін білдіреді. 2005 жылы қаржы тұтқасының нәтижелігі, 2004 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті, бірақ -0,433% құрады.МПОЕ мен ЭР айырмашылығы алшақ емес, сондықтан ҚТН өсіп, жақсы тенденцияда.