«Scythian Land» туристік фирмасының қаржылық саясаты

«Scythian Land» туристік фирмасы қаржылық жағдайға өте көп көңіл бөледі.   «Scythian Land» туристік фирмасының өзінің қаржылық стратегиясы бар. Қаржы жоспарын жасау кәсіпорындағы қаржының даму жағдайын көрсетеді. Қаржыны жоспарлаудың екі түрі бар: ұзақ мерзімдік және қысқа мерзімдік.

1. Ұзақ мерзімдік қаржы жоспары.

а) Капиталға қажеттілікті анықтау – ұзақ мерзімдік қаржы жоспарының алғашқы қадамы. Мұның өзі кредиттерді таңдауды жүзеге асыруға, оларды алу мерзімін белгілеуге және капиталдың тиімділігіне қарай өзінде және заемға бөлуге мүмкіндік береді.

Капиталға қажеттілікті анықтау айналымдағы және негізгі қаржылар бойынша бөлек жүргізіледі де қызметті көбейтуге, жетілдіруге және тиімді етуге қажетті қаржы құралдары туралы статистикалық деректер болып саналады.

Қажетті айналым қаржыларының мөлшері мен қаржылардың жалпы сомасына және олардың айналымына байланысты. Қажетті айналым қаржылардың шамасын анықтау үшін, бірқатар тәсілдерді пайдаланады.

Ұқсас фирмалардың баланстарын салыстыру. Бұл ең қарапайым тәсіл. Бірақ, бұл әрбір кәсіпорынның ерекшеліктерін ескермейді және де басқа тәсілдерді қолданғанда не беретінін бақылау үшін ғана жарамды.

Капиталға қажеттілікті әсер ететін жекелеген факторларды талдау, басқаша айтқанда, күнделікті пайда болатын шығындарды талдау – күнделікті шығындар – қаржыны тұрақтандыру мерзімі – айналым қаржысы.

ә) Күрделі қаржы жоспары (инвестициялық жоспары). Аталған жоспар кәсіпорындағы барлық күрделі қаржыны қамтиды. Оны жасау үшін тиімділікті және барлық күрделі қаржының өтелу мерзімін талдау қажет. Ол үшін мыналар атқарылады:

— өндіріс шығындарын салыстырмалы талдау. Осы арқылы жаңа жабдықтардың шығындарын пайдаланудағы жабдықтардың шығындарымен салыстырады;

— пайдаларды салыстырмалы талдау. Мұнда жаңа ескі жабдықтар бойынша шығындар мен пайдалар салыстырылады;

— тиімділікті анықтау. Талдау барысында жаңа жабдықтарды алуға және пайдалануға қажетті күрделі қаржылар жабдықтардан алынған қосымша табыспен салыстырылады;

— өтелуін анықтау. Мұндай жағдайда күрделі қаржы айналымның жиілігі талданады.

2. Қысқа мерзімдік қаржы жоспары. Өтімділік принципін сақтау басқа жоспарланған шараларды өмірге енгізуді біршама шектеді. Қысқа мерзімдік қаржы жоспарына фирма үшін ерекше мәні бар, өйткені ол басқа жоспарламен қоса өтімділікті талдауға және бақылауға мүмкіндік береді, ал оған қойылған резервтер өтімді құралдар туралы мәлімет береді.

Қысқа мерзімдік қаржы жоспары мынадай жоспарлардан тұрады:

1.Кезекті қаржы жоспарынан;

2. Фирма қызметінің бейтарап саласындағы қаржы жоспары;

3.Несиелік жоспар;

4.Күрделі қаржы бөлу жоспары;

5. Өтімділікті қамтамасыз ету жоспары.

Қаржы жоспарын жасағанда қаржыландырудың бірқатар жалпы ережесі басымдылыққа ие болады. Олар мыналар:

1. қаржы қатынасы мерзімдерінің принципі («банктің алтын ережесі»). Қаржыны пайдалану және алу белгіленген мерзімде өтуі тиіс, яғни ұзақ мерзімді өтелетін күрделі қаржы ұзақ мерзімге берілуі тиіс;

2.төлем қабілетінің принципі. Жоспарлау төлем қабілеті кез келген уақытта қамтамасыз етуі тиіс;

3.күрделі қаржының тиімділік принципі. Барлық күрделі қаржы үшін қаржыландырудың ең арзаң әдісі таңдап алынуы тиіс. Заем капиталын сол уақытта қатыстыруға болады, егер бұл өзіндегі қаржының тиімділігін арттыратын болса;

4. тәуекел етудің балансылану принципі. Әсіресе тәуекелді күрделі қаржыны өз қаржысы есебінен қаржыландыру қажет;

5. нарық қажетіне бейімдеу принципі. Нарық конъюктурасын ескерудің, әрі ұсынылған кредитке өзіңнің тәуелділігінді ескерудің айрықша маңызы бар;

6. шектеулі тиімділік принципі. Неғұрлым көп пайда келтіретін күрделі қаржыны талдап алу қажет.