1934 жылы қабылданған Қазақ КСР тарихының программасы және Асфендияровтың «Қазақстан тарихының очерктері» атты еңбегі

Қазақстан Халық ағарту Халық Комиссариатының алқасы 1934 жылы орта мектептің жетінші оқу жылы үшін Қазақ ССР тарихының программасын бекітті, ол 1934 жылы шыққан программалар құрамында жарық көрді .

Бағдарламаның кіріспесінде автор Қазақ тарихының дүние жүзі тарихы сабақтарына қосымша өтілетінін, оны оқытуға 24 сағаттай уақыт бөлінетінін ескертеді.

Бағдарлама Қазақ тарихын ерте дәуірден бастап 30-жылдарға дейін қамтиды. Ол кіріспеден және үш дәуірден түрады.

Автор кіріспеде кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанда көп өзгерістердің болғандығын айта келіп, артта қалған ұлттардың капитализмге соқпай, социализмге өту жөніндегі лениндік ілімді қазақ халқы тарихының айқын көрсететінін, сондықтан да оны жастарға оқытып үйретудің маңызды екеніне назар аударады.

Бірінші дәуір — «Қазақ халқының капиталистік деуірінен бұрынғы даму тарихы (XVIII ғасыр)» — деп аталады. Мүнда біздің эрамыздан бұрынғы дәуірден бастап, XVIII ғасырға дейінгі аралық қамтылған. Бұл ұзақ уақыт тарихы бес тақырыпқа бөлініп берілген.

«Қазақстан патша өкіметінің отары болғандығы және Қазақстаңда Октябрь төңкерісінің тууына себеп-жағдайы (XVIII—XIX ғғ.)» — деп аталатын екінші дәуір төрт тақырыпты қамтиды.

Үшінші дәуірге, — дейді автор, — Маркстың белгілі қисын сөзімен байланыстырып алғанда шынында қазақ еңбекшілерінің тарихының басы болады — деп атап көрсете келіп, … бұл бөлім былайша жіктелуі керек» — дейді.

  1. Қазақстандағы Ақпан төңкерісі.
  2. Қазан төңкерісі.
  3. Қазақстан Кеңес өкіметінің бірінші дәуірі.
  4. Орта Азия республикаларының ұлт аудандасуы және Қазақстан ұлт мемлекеті болып құрылуы.
  5. Қазақстан социалды қайта құру жолында.
  6. Қазақстанның Кеңес Одағы республикаларының қатарындағы орны.

Бағдарлама Кеңес мемлекеті тарихындағы саяси жағынан өте күрделі кезеңдегі коммунистік идеологияның талабына сәйкес жазылған, басқаша жазу мүмкін емес, онда бұл еңбектің жарыққа шықпайтыны белгілі. Соған қарамастан Қазақ тарихының бірқатар маңызды оқиғаларына объективті баға берілген. Мәселен, Ресей империясы Қазақстанды жаулап алды, отарына айналдырды деп көрсеткен, ал Кенесары бастаған көтерілісті ұлт-азаттық қозғалыстар қатарына қосқан, соңдықтан да бұл бағдарламаны қазіргі таңда терең талдап, баға берудің реті жоқ.

Ең бастысы Сталиндік әкімшілдік-әміршілдік жүйенің қылышынан қан тамып тұрғанда өз ұлтының тарихын барлық мектепте оқыту қажет деп ұсыныс жасаудың, оны жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосудың өзі үлкен парасаттылық пен білімділікті, ұлтжандылық пен батылдықты қажет етеді.

Бағдарламаға жазылған алғы сөзде бұл курс осыған негізделіп жазылған проф. С. Аспандияровтың оқу құралы бойынша оқытылады делінген. «Қазақстан» баспасынан 1934 жылы шығатын оқулықтар тізіміне 6—7 кластарға арналған Қазақ тарихы да ендірілген. Онда авторы проф. С. Аспандияров, кітап жақында баспадан шығады деп белгі соғылған. Көп ұзамай оқулық баспадан шыққан .

Бірақ 30-жылдары бұл маңызды іс бағдарлама мен оқулық шығарудан әрі аспады, курс мектептерде оқытылмады.

С. Аспандияровтың «Қазақстан тарихының очерктері» үш тараудан тұрады.

I тарау: «Қазақстан тарихының ескі дәуірі. Орталық және Орта Азияның тарихы»;

II тарау: «1. Қазақ хандығының шығу тарихы»; «2. Патша өкіметінің Қазақстанды жаулап бағындыруы, оған қарсы бұқаралық қозғалыстар»;

III тарау: «Қазақстан патша өкіметінің отары» — деп аталады.

Соңғы тарау үш тақырыпқа бөлінген.

Олар: Патша өкіметінің жер саясаты…, 1905 жылғы революция, оның Қазақстанға еткен әсері және 1914 жыл. Қазақ-тың халық еңбекшілерінің патша өкіметіне қарсы көтерілісі…

Оқулықтың мазмұнын осылайша қысқаша шолып өткенде-ақ автордың Қазақстан тарихының бірқатар елеулі мәселелерін объективті тұрғыда қарастырғанын байқау қиын емес.

Жоғарыда аталып өткен «КСРО тарихының қысқаша курсы» тарих оқулықтарына жарияланған бәйгеде бірінші сыйлық алды. Шын мәнінде ол сол атаққа лайықты оқулық болды. Оқулық тілі оқуға жеңіл, әрі тартымды. Осы оқулықты жазған авторлар тобының . жетекшісі проф. А. В. Шестаковтың басшылығымен дайындалған «В помощь изучающим историю СССР» деген көлемді жинақтың I бөлімі КСРО халықтары тарихының ежелгі заманнан XVIII ғасырдың соңына дейінгі кезеңіндегі кейбір маңызды мәселелерді қамтиды. Кітапта Қазақстан мен Орта Азия халықтарының тарихына қатысты: Түрік қағанаты; ғүндар; дәшті қыпшақтар; Монғол жаула-ушылығы; Алтын Орда, оның ыдырауы; XVI—XVII ғасырлардағы Қазақ ордалары; XVIII ғасырдағы Қазақстан; қазақтар көтерілісі -деген материалдар бар.

Осы құралдың екінші бөлімі, яғни XIX ғасырдың басынан бастап, XX ғасырдың 40-жылдарына дейінгі аралықты қамтитын кітап жарыққа шықпай қалды. Ал бірінші кітап қазақ тіліне аударылмады. Дегенмен, алғашқы кітаптың жарыққа шығуы Қазақстан мектептеріндегі тарихшы мүғалімдерге Қазақстан тарихы материалдарын оқытуда көмек болғаны анық.

40-жылдардың орта кезінде редакциясына А. М. Панкратованың басшылық етуімен жарыққа шыққан 8-10-сыныптарға арналған КСРО тарихының үш оқулығының, олардың қазақ тіліне аударылып, республиканың барлық мектептерінде оқытылуының мектептерде тарихтан білім беруді жақсартуға айтарлықтай пайдасы тиді. Осы үш кітапқа Қазақстан тарихынан оншақты материал енген. Олар: Қазақ хандығының құрылуы; қазақтар; XIV— XVI ғғ. Орта Азия (I бөлімде); оқулықтың II бөлімінде: Орта Азия; XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақтар; Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев; III бөлімде: 1916 жылғы көтеріліс, Амангелді Иманов; Орта Азия мен Қазақстанды азат ету. Бұл материалдардың көлемінің шағындығы сондай көбі кітаптың жарты бетіндей ғана, барлығын қосқанда 7—8 беттей ғана болатын. Бір оқулыққа КСРО-ның барлық халықтары тарихынан мұнан көп материал қос деу де артық болар еді. Осыған қарамастан аталған оқулықтарда Қазақстан тарихынан материалдың болуы бүкіл елдегі мектеп оқушыларын азын-аулақ болса да Қазақстан тарихымен таныстырса, екінші жағынан шығармашылықпен жүмыс істейтін тарихшы мүғалімдердің өз мүмкіндіктеріне қарай бағдарламалық материалды кеңейтіп өтуіне жағдай жасады.

Тарих пәнін оқытуда болып жатқан жаңалықтар, осы пәнді оқытуды жетілдіру туралы орталық баспалардан жарық көрген белгілі әдіскер ғалымдардың ғылыми-әдістемелік еңбектері Қазақстан мекгептерінде тарихты оқытуды жақсарта түсуге, бұл пән әдістемесінің жетіле түсуіне септігін тигізді, алғашқы бағдарламалар, әдістемелік кітапшалар (С. Аспандияров, «Қазақ тарихы програмы», 1934; С. Бақшилов. «Тарих сабағын оқытудағы кейбір мәселелер», 1941, т.б.) шыға бастады.

40-50-жылдары кеңес елінде, Қазақстан мектептерінде тарихты оқытуда болған өзгерістерге: соғыс жылдарында КСРО тарихының кеңес дәуірін оқытуға, әскери-патриоттық, интернационалдық тәр-биеге, еліміз халықтарының бостандық, тәуелсіздік үшін жүргізген күресіне, осы жолда халықтар арасында қалыптасқан ынтымақтастық пен достықты көрсетуге ерекше мән берілгендік жатады. Осы жылдары Алматыда, А. М. Панкратованың басқаруымен 1942 жылы шыққан «Ұлы Отан соғысы жылдарында тарихты оқыту» деген екі кітапша  мектеп оқушыларын отаншылдыққа тәрбиелеуге үлес қосты.

Сонымен қатар 40-жылдардың аяқ кезіне дейін мектептерде тарихты оқытуда фактология үстемдік етіп, негізгі тарихи ұғымдарды ашып көрсетуге, оларды шәкірттер санасына берік қалыптастыруға жеткілікті көңіл бөлінбеген. Тарихты оқытуда орын алған осындай елеулі кемшіліктер мен формализм белгілі тарихшы-ғалымдардың, әдіскерлердің, мұғалімдердің еңбектерінде, «Преподавание истории в школе» журналындағы мақалаларда дер кезінде орынды көрсетілді (И. А. Гувковский, А. Н. Хмелев, Д. Н. Никифоров).