Қазақстандағы Қырым татарлары, гректер, грузин – месхеттер, армиян, болгар диаспораларының ашылуы

Қырым татарларын елден қуу.1944 жылдың 20 мамырында 180014 адам аумақтық республикасы ретінде РСФСР СНК және ЦМК қаулысымен құрылған еді.

Республиканы құрудың мұндай жолы оның көп ұлтты екенімен түсіндіріледі. Орыстардың саны 50 пайыздан асқан, бірақ олардан басқа тағы да 69 ұлт өкілдері тұрады. Тұтастай республикадағы ұлттық белгісі бойынша халықтың құрамы былай көрсетілген: 51,5 пайыз — орыстар, 25,9 пайыз қырым татарлары , 24 пайыз басқа ұлт өкілдері.

Бұл жерді немістер, еврейлер, гректер, балғарлар, армияндар, поляктар, караимдер,  эстондар, чех пен словактар да мекендеген, украйындар ірі топты құраған.

Қырымдағы ЦИК –тің ұйымдастыру бөлімінің меңгершісі Ковалль 1927 жылы тамыз айында ВЦИК Президумына жазған хатында Қырымда 77405 орыстар –украйндар және басқа халықтар тұрып жатқанын хабарлаған. Оның ішінде орыстар —  558481, украйндер – 154120, армияндар – 12873, татарлар – 218179, немістер – 65452, балғарлар — 15335, гректер -20653, басқалары -29276.

Ұлы Отан соғысы басталғанда басқа да Кеңес Одағының адамдары сияқты мыңдаған Қырым татарлары да өз Отанын қорғауға қатысты. Неміс – фашист басқынышыларымен күресте қырым татарларының ішінде мынадай атақты патриорттар , мысалы , Даңқ орденінің толық кавалері Сейцднаби абдурахманов, Леонид велиляев, Кеңес одағының екі мәрте батыры ұшқыш Ахметжан Сұлтан және басқалары жасаған ерліктерімен    ерекше  көзге түсті.

Қырымды немістер басып алған соң,  түбек аумағында «мұсылман комитеттері» өз-өздерін басқаратын органдар құрылды, олардың мақсаты өз бетімен өмір сүретін ұлттық татар мемлекетін құру болып табылды.

Симфеопольде өткен мұсылман құрылтайында хандық өкімет қалыптасты. Соңғы жылдаодың архивтік мәлметтері мен шығарылымдары Қырымда орнадасқан неміс армиясының бөлімшелерінде 20 мыңнан астам Қырым татарлары қызметте болғанын баяндаған. 1944 жылдың қаңтарында 3783 паризан ішінде 598 қырым татарлары болған.

 «Правда» газетінде 1987 жылдың 25 шілдесінде басылған ТААС хабары бойынша түбек аумағында басқыншылармен бірлесе 200-300 адамы бар қырым татарларының 10 ерікті батальондары әрекет етті. Бірақ татарлардың көбін өз еркімен емес, күшпен неміс құрамаларына енгізді.

1944 жылдың 18 мамырында Мемлекеттік Қорғаныс Комитеті Қырым татарларын көшіру туралы қаулы қабылдады. Операция басшылары болып мемлекеттік қаупсіздік комисаралры Б.З. Кабулов пен  И.А.Серов тағайындалды.

Бұл 1944 жылдың 18 мамырында болды. Адамдар эшелонға асығыс тиелді, оларға өзімен бірге тек азғана заттарын алуға рұқсат берілді.

20 – мамырда кабулов мен Серов Берияға былай деп баяндады: «Сіздің жарлығыңызбер 18 мамырда, сағат 16- да аяқталды. 180014 адам көшірілді, олар 67 эшелонға тиелді, оның ішінде 63 эшелон 173282 адаммен арнайы орынға жіберілді, қалғандары бүігін жіберіледі». Сондай-ақ одан ары былай деп хабарланады:

«Бұдан басқа Қырымдағы аудандық әскери  комитеттері әскер жасындағы 6000 қырым татарларын жұмылдырылды. Олар Қызыл  Армияның жоғарғы басқармасының бұйрығы бойынша Гуррьев, Рыбынск, Куйбышевқа жіберілді. Сіздің жарлығыңызбен «Мрсквакөмір» тресіне жіберілген 8000 арнайы қоныс аударушылар ішіндегі 5000 адам татарлар. Жалпы Қырым АКСР –нан «ұлты татар 191044 адам шығарылды».

Қырым татарлары Қазақ және Қырғыз КСР –сына, РСФСР –дың жеке отбасыларын көшірілді. Көшіру өте қиын жағдайда өтті. 1944 – 45 жылдары арнайы қоныс аударушылардың 44887 адамы қаза тапт,  яғни өлім 19,6 пайызын құрады. Қырым татарлары толығымен көшірілді.

1944 жылы армияндарды, болгарларды, гректерді қуғындау: 1999 жылы Қазақстанда армияндар – 11758 адам, болгарлар -6915 адам, гректер — 12703 адам. Татарлардан кейін 1944 жылдың 2 маусымындағы ҚМК –нің қаулысы негізінде Қырымнан Қазақстан мен Орта Азияға 15040 грек, 12422 болгар, 9621 армиян, 1119 неміс, италияндар мен румындар, 150 түрік, 16 иран ( барлығы 41854 адам) көшірілді Сол құжаттарда «Неміс басқынышылғы кезінде болгар халқының едәуір бөлігі немістерден өткізілген герман армиясына азық-түлік өнімдері мен астық жинау шараларына белсенді қатысты.».

Грек халқының едәуір бөлігі, әсіресе теңіз маңындағы қалаларда, басқыншылардың келуімен сауда және кіші өндіріспен айналыса бастады, ал неміс өкіметі оларға бұл істе көмек көрсетті.

Армиян ұлттық комитеттері Берлиннен келген эмиграттартардың белсенді қатысуымен «Тәуелсіз Арменияны» насихаттау жұмыстарын жүргізді» деп көрсетілген.

Бұған қоса басқа ұлттар да қуғынға ұшырады. 1944 кулактар мен дұшпандық элементтер байқалаған Молдаван КСР-ның 31696 тұрғындары, 8374 адам Черновцыдан, 3767 адам Измаил облысынан қоныс аударылды.Қазақстанға Украинаның Львов,Ровен, Тарноград облыстарынан 636 отбасы көшіп келді. 1945 жылдың көктеміне қарай осындай құрамаларда КСРО ҰҚК-ніңмәлметтері бойынша 90 мың адам болды.

Балттық бойындағы халықтардың да тағдыры жеңіл болған жоқ. Осы аймақтың негізгі этносын құрайтын эстондар,латыштар, литвалықтар ғана қуғындалмай, финдер, поляктар мен орыстар да қуғындалды.

1941 жылдың қараша айына қарай Прпибалтика, Молдавия, Украйна, Белоруссиядан Қазақстанға 88097 адам қоныс аударды.

1936 жылдың 28 сәуірінде құпия қаулымен N 776-120 «Қазақ КСР-на Украинадан саяси сенімсіз поляктарды көшіру туралы» құпия қаулысына қол қойылды.

«Сенімсіз элемент» ретінде шекара аймағынан 35820 поляк кетті, оның ішінде Қазақ КСР-на 35739 адам, қалған кіші отптар Ресей облыстарына көшірілді. 1936 жыл поляктар үшін РСФСР – дың шексіз даласында қаңғыруының басы болды. Сотсыз, тергеусіз, сонымен бірге жазбаша жазалаусыз Белоруссия мен батыс аудандар халқының 10 пайызы қуғындалды.

1939 жылдың желтлқсанында Кеңес үкіметі,УКСР мен БКСР- ның батыс облыстарынан қоныс аударғандарды арнайы елдендіру және оларды жұмыспен қамту туралы ереже бекітті. Бұл үшін ішкі істер халықтық комитетінің төрағасы Л.Берияның жарлығы бойынша 55 теміржол вагондары бөлінді.

«Қоныс аударушылар» категориясына ең алдымен Польша армиясының бұрынғы әскери қызметшілері, полициядағы шенді адамдар мен бұрынғы әскери қызметшілері, полициядағы шенді адамдар мен бұрынғы польша аймақтарының әкімшілік қызметкерлері келді. НКВД мәлметтері бойынша 1941 жылдың елдің 20 облыстары мен аймақтарында 131938 қуғындалған «орманшылар», «қоныс аударшылар» тұрып жатты, оның ішінде поляктар – 109223 адам, сонымен бірге Қазақстан лагерьлерінде 46547 адам мекендеді.

1942 жылы қарашасында Саратов облысынан Қазақ КСР –на 2014 поляктар , оның ішінде 318 бала қоныс аударды.

Сонымен бір уақытта басқа елдерден де батыс аудандарының аймағын «босату» бойынша шаралар өткізілді.

1939-1940 ж.ж. Молдавия – Бесарабия ,батыс Укпаина мен батыс Беларуссия, Латвия, Литва және Эстония «ескі буржуазиялық ұлттардан» тазартылды.

Кеңес одағына қарсы пиғылдағы жазылғандардың 75 пайызы әр түрлі жерлерден жарлықтар мен қаулыларды жарияламай НКВД жалпы бұйрығының жүйесі бойынша қуып шығарылды. Сондай-ақ босатылған аудандар Ресейден көшірілгендермен толықтырылып отырылды.

КСРО СНК –ның 1940 жылы сәуіріндегі N  497 -178 сс қаулысына сәйкес Қазақ КСР –на Украйна және Беларуссия КСР –ның батыс облыстарынан көтерлісшілер ұйымдарының қуғындалған қатысушылар, бұрынғы Польша армиясының офицерлері , полиция, абақтыдағылар, помещиктер, фабриканттар және бұрынғы польша мемлекеттік аппараттың чиновниктері 60667 отбасы мүшелері қоныс аударылды.

Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, павлодар, Солтүстік Қазақстан және семей облыстарын мекендеді. Олардың ішінде 36729 адам колхоздарда, 17923 – совхоздарда және 8000 адам әр түрлі өнідіріс өнеркәсіп орындарының жұмысшылар поселкаларында орналасты.

Елден қуу акциялары қырқыншы жылдардың екінші жартысында да жалғасын тапты. 1945 жылдан бастап 1949 жылға дейін 38911 латыштар 80189 литовтар, 19237 эстондар қуғындалды. 1949 жылы маусымында грузиядан тағы да 981 курдтар мен түрік месхетиндіктер жанұясы көішіріліп шығарылды. Олар бәрі Қазақ КСР –на жіберілді.

Барлығы 1945 жылы соңына қарай,  КСРО НКВД мәлметтері бойынша, арнайы елдендірілгендердің саны 967086 жанұя болды, олардың ішінде Қазақстанға 1 миллионнан астам адам қоныстандырылды. Олжас Сүлейменов Қазақсатнды кіші карта бетінде жүзіп жүрген орасан зор кеме түрмесімен салыстырған: «Біз, қазақтар, осы айдауда туып өстік».

Тәуелсіз Қазақстанда қуғын-сүргінгше ұшырағандардың үні анық естілуі үшін ұзақ 30 жыл уақыт керек болды және кінәсіз жазаланғандардың ақтау күні заңды түрде мемлекеттік күнге айналды. 1997 жылдың 6 маусымында   Қазақстан   халқының Ассамблеясының 4 сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп атап көрсетті: «Біз барлығымыз бұрынырақта өмір сүріп кеткен ұрпақтар алдында борыштармыз. Миллион және миллиондаған саяси қуғын-сүргін құрбандарының тағдырын ешкім ойлап шығарған жоқ.Бұл қатаң шындық – ол өткен күндермен кетті, бірақ қатыгездігі мүлдем жоғалмады. Қазақ жері тоталитаризмнің ең үрейлі жаңалығының бірі — көптеген концлагерлердің орналасу орны болып табылды». Одан әрі Н.Ә.Назарбаев: «Жүріп өткен жол – бұл біздің өткен күндеріміз, оның жеңістері мен жеңілістері, қуаныштары мен қайғылары. Ал басқа пікірді ұстанған адамдарға айтарымыз: аға ұрпақ өкілдерінің істері мен әректтерінің бейшаралығына немесе тарихи мағынасыздығына кінә тағу олардың тарапынан адмгершілікке жатпайтынын түсінсін»,- деп айтып өтті.