Жылқы – кең қолданыстағы архетип

Халқымыз тарихынан, өмір тұрмысынан жылқыны жиі кездестіреміз. Аласапыран заманда да елге қорған, ерге қанат бола білген тұлпарлар көп жырланады. Мінсе – көлігі, жесе – азығы, ішсе сусыны болған сенімді серігі – тұлпарға айрықша мән берген. Қазақ халқының өмір тарихы мен өткен жолы асыл жануар – жылқымен байланысты болғандықтан, оны ән-жырға қосып жырлап, мифтік санада өз жаратушысы деп сенгендігін байқаған болатынбыз.

ХІХ ғасыр ақын-жырауларында жылқы культінің ең көп кездесетіні Махамбетте. Махамбет жырларынан жаугершілк заманның қиын-қыстау кезеңін суреттеумен қоса, атбегілік, жылқы сүйгіштік те қыры да байқалады. Оның «Тарланым» өлеңінде жылқы малының әрекетін әсерлі суреттейді:

Кермиығым, кербезім!

Керіскідей шандозым!

Құландай ащы дауыстым!

Құлжадай айбар мүйіздім!

Қырмызыдай ажарлым! /16,216/.

Жылқының нақтылы әрекет-қимылын шебер бейнелеген ақын, осы арқылы батырдың жаяу жарысына түсе алмай, қаны қызып, делебесі қозып өзін-өзі күшпен тежеп тұрған батырдың көңіл-күйін айқын көрсетеді. Махамбеттің бұл өлеңінде ақын Исатай бейнесін қадірлі қасиетті адам туралы халық ұғымына, көркем ойлау өзгешелігіне сәйкес тартымды суреттеген. Исатай батырды тарланым, арыстаным деуі де халықтық үлгідегі метафоралар. Құланға теңегенде даусы зор, айбынды қадірлі дегенді аңғартса, «Құлжадай айбар мүйіздім» деуі оның қол бастаған батырдың атағының, беделінің зор екенін айтады.

Махамбетке анық атбегінің көзімен қарап, ақынның ат танудағы артықшылығы оның емеуіріндегі қат-қабат сырды, жойқын жұмбақты таза таным тұрғысынан ашып, шешіп берген жан жоқ. Жылқы табиғаты өзгеше мұрат–көзқарасты, дүниетанымды қажет етеді. Төмендегі жолдардан Махамбеттің жылқы малының қасиетімен жетік таныс болғанына куә боламыз:

Арғымақтың баласы,

Аз оттар да көп жусар

Талаудан тартқан дәні бар.

Азамат ердің баласы

Аз ұйықтар да көп жортар

Дұшпанға кеткен арымен

Барымтаға түскен малы бар /16,209/.

Өлеңде азамат ер мен арғымақ қатар қойылып суреттелуі бекер емес. «Тұлпар мифологиялық аңыздарға тән архаикалық кейіпкерлердің қатарында болғандығы, атап айтқанда, бір мезгілде әрі адам, әрі хайуандық реңк алып, зооантроморфтық кейіпте берілгенін тануға болады» /32,123/. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлар ақын-жыраулар шығармаларында адамды жылқы кейпінде бейнелеу кездессе, жылдар өте келе бұл аллегория параллелизмге ауысқанын байқауға болады.

Қазақта байлық жылқы санымен бағаланады, салтанат пен сұлулықтың өлшеушісі қалыңмалға, ат бәйгеге беріледі, айыпқа ат-шапан төленеді, адамның құнын жылқымен төлеген. Осы жылқы Дулатта төмендегідей беріледі:

Үстінен ер түспесе,

Әлінен артық күштесе,

От оттап, су ішпесе,

Иесі жөндеп күтпесе,

Қоңынан шыр бітпесе,

Нәсілі тұлпар болса да,

Одан да өтер шабан жоқ /19,69/.

Жаугершілік заманда ер қанаты, сенімді серігі болған тұлпардың қадірі кетіп, қызметі түскен. Оны баптап мініп, халқын артына ертіп , жерін, елін қорғайтын ерлердің қалмағанын Дулат шебер жеткізген. Бұл жерде тұлпар халқтың тұрмыс жағдайының төмендігін бейнелеп тұр.

Дулаттың Барақ төреге атқан шағымында:

Тұлпардан туған тұқым ең

Ере алмады жабыға

Етегін ашып кім күлмес,

Азғындаған шағыңда /19,27/.

-деп сөгеді. Ақын Барақ төрені асық тұқымды тұлпардан туған тұқым едің, сол тұқымды қорлап, қарапайым халықтың арызын орындай алмай ятқа қалдың, халқың азып-тозып кетті деп қылған істерін бетіне басады.

Ақынның «Қазақтан шыққан кәпірді» өлеңінде де төрелерді сынайды

Шын тұлпарды тұқымы

Көз танырлық сықылы,

Жармар жабыдан

Сенімді атқа қосуға,

Тас түссе талай бағына,

Сырын алған құнан да /19,56/.

Қазақ арасынан өз дінін, шыққан тегін ұмытып, орыстарға қарай ауып, олардың дінін қабылдап кәпір болып бара жатан халқына жан айқайын халық танымында ерекше орынға ие тұлпар бейнесімен көрсетіді. Қазатардан шыққан аға-сұлтандар, төрелердің халық қамын ойламай, елдің азып бара жатқанына кінәлайды.

«Ер шөгіп , есер ер жетті» өлеңінде заманына баға береді:

Мәстек озып бәйге алды,

Тайынша бұл боп, тай қалды

Бағасыз қыран ол қалды,

Достықтың жібі үзілді

Ителгі туып сұңқардан

Жабы туып тұлпардан

Топтан торай бермейтін

Түн асқан сайын өрлейтін

Төрт аяқтан ақсады

Томаға көзді боз тарлан.

Мойынынан жал кеткен соң

Қыршаңқы болып қызынды / 20,64/.

Дулат бұрынғы ізгі адамдардың жойылып, оларды орнына байлықтың арқасында алаяқ қулар келіп, пейілсіз бай, берекесіз сұмдар мен қулар басты, күнен күнге би деп, сұлтан деп сенгендеріміз елін сатып, шен алып, кн көріп жүрген опасыздар дейді. Бұл өлеңінде «мәстек» деп байлықьың арқасында шенін көтеріп, билік еткен адамдарды айтса, «бағасыз қыран» деп даналығымен, ділмарлығымен ел басқарған билерді, қол бастаған батырды атайды, «Жабы туып тұлпардан, ителгі туып сұңқардан» дегені асыл тұқымды батыр, би шешендерімізден ездер туып, ұрпақтың ұсақталып бара жатқанына қапаланады. Халық арасынан ауызбіршілік кетіп, азып-тозып бара жатқанына ашынады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!