Түйе культінің ақын-жырауларда берілуі

Жыраулар туындыларында түйе культі белсенді қолданылатын культтердің бірі. Ол ертегі, аңыз, мифтерде ана махаббатының шексіздігін («Бозінген»), түйенің пайда болуымен байланысты мифтер («Түйе көрсе жылқы неге қалтырайды» т.б.) беріледі. Есет биде түйе төмендегдей:

Мен, мен едім, мен едім

Қатарға салсаң қайыспас,

Қас қара нар мен едім /16,189/.

Қара нар ХІХ ғасыр ақын-жыраулар поэзиясында көп кездеседі. Оның түп негізін мифтерден қарастыруға болады. Түйе малының жаратылысы туралы мынадай миф бар: «Ертеректе түйені жарату дүние мен жан-жануарларды жаратушының ойында болмаған екен. Даланы мекен еткен көшпенділер жаратушыдан біздің қиын өмірімізді жеңілдететін ешбір түлік жоқ. Бізге жүгімізді көтерітін көш көлгі керек,- деп сұрайды. Жаратушы оларға барлық жануарлардың қалдықтарынан құрастырып жаңа түлік түйені жаратыпты» /34,20/. Шынымен түйе түлігіне анықтап қарар болсақ, басы қойға, мойын аққуға, аяғы,тұяғы бұғыға, жүйріктігі жылқыға, күші өгізге ұқсайды. Түйе малы қазақ халқында ерекше бағаланған мал. Оның жоғарыдағы жаратылуымен жыраулар шығармаларындағы қара нардың арасынан байланыс табуға болдаы. Есет би өзін қайыспас қара нарға теңейді, яғни халықтың қиын-қыстау кезеңде жаратушыдан сұраған тілегінің орындалғаны.

Қара нар Абыл ақында төмендегідей:

Сен барда сүйеулі еді арқам жарға-ай,

Қатепті қайыспайтын қара нардай,

Аузынан байтақ жұрты анталаған,

Сүйекем сөйлер еді-ау қарқуардай /16,192/.

Сүйінқара батырдың байтақ жұрттың арқа сүйер жары, қайыспайтын қара нарының өмірден өткенін хабарлайтын бұл өлең жолында қара нар елдің қалаулысы, қайратты батыры болғандығын аңғартады.

Шақырса тауда тарлан таң сәріде

Еділде бұғады үйрек дыбысынан

Қатарада нар сүрінсе халқы сүйер,

Болсада қандай жазаң ауырсынба…

Жүк қалмас артсаң ауыр қара нарға

«Ұрының» бұл күндері құны бар ма?

Өлеңім қартайған соң қалжыраңқы,

Сөзімнің сына, тақсыр, міні бар ма?! / 16,194/.

Абыл ақын Қайыпқали сұлтанға айтқан бұл туындысында қара нар деп сұлтанға халқың сүйген қалаулысы сен бе едің, арқа сүйер ұл болсаң қандай жазаң болса да халқың кешірер еді, қара нар болсаң халқың салған ауыр жүкті көтере алған болар едің деп сөгеді, құның жоқ деп табалайды. Қайыпқали сұлтанның халық сүйген қара нар бола алмағанын бетіне басады.

Қара нар Махамбет жырларында да кездеседі:

Толарсақтан саз кешіп,

Тоқтамай тартып шығуға,

Қас үлектен туған катепті

Қара нар керек біздің бұл іске /16,204/.

Патшаға қарсы күресте ұйымдасқан көтерілістердің жеңіске жету үшін қайратты, батыл, шыдамды ерлер керек екенін Махамбет осылайша көрсетеді. Осындай қара нарлардың бірі Исатай өлімін толғаған жырында:

Бура атанға шөккен күн

Бұлықсып жүрген ерлерден

Бұрынға бақыт тайған күн.

Қатарланған қара нар

Арқанын қиып алған күн /16,212/.

Қатарланған қара нардың арқаны болған Исатай өмірден өтті, яғни батырларда ауызбіршілік, ынтымақ жоғалды, ерлердің басынан армандаған бақыттары жоғалды. Махамбеттей ердің жан жолдасы Исатайдан айырылып үлкен қайғыға душар болғанын қабырғасы қайысып қара нарларынның бірлігі жойылғанын шебер жеткізген.

Махамбеттің мына өлеңіне назар аударайық:

Арқада Әлім бар-ды деп

Қайыспас қара нар-ды деп

Оған да барып жеткен ер / 16,219/.

Өлең жолдарында Махамбет өткен өмірін еске алады. Осындай қайыспас батырларымыз бар еді деп арқаға келгенін, жасаған көтерілістерін, оған дейнгі тыныш өмрді бір сәт көз алдына әкеледі. Қара нардың қасиеттілігінің бір қырын мына жоолдардан да көруге болады:

Аз сөйлер де көп тыңдар

Қас асылдың баласы.

Қалы кілем, қара нар

Жарасады қатарға.

Аруана жисаң жарасар

Ұлы күнде сапарға /16,220/.

Махамбет қара нардың қандай болуы керектігін бейнелеген бұл шумақтың астарында үлкен сыр жатыр. Қара нар деген атауға кез-келген батыр ие бола алмайды, оның жеке қасиеттері ескеріледі. Соның бірі Махамбет айтпақшы, аз сөйлейтін, көп тыңдайтын болуға тиіс. Ал аруана ұлы күнде сапарға шыққанда яғни көшіп-қонуға пайдалану үшін жиған дұрыс екенн айтады. Аруананың қасиеті – жершіл, отаншыл келетіні, қандай сапарда болмасын қайта оралу үшін аруана жи деп кеңес береді.

Дулат жырында нар төмендегідей көрініс алады:

Мойның қалды бұлғақтап,

Екі езуің ыржақтап,

Талқан ылдың таңыңды,

Еріншек нардай ер шөкті

Елбеңдетіп көтердің

Ебелектей езіңді / 20,64/.

Зар заман ағымының өкілі Дулатты халқының хал ахуалы толғандырады. Ресей патшалығының езгісіне түскен елдің халі нашарлап, құдайын ұмытқан заманда халқы үшін қайыспас нар болған ер азаматтар ендігі күнде шөгіп қалды, малдың ақшаның күшімен ездер аға сұлтан болып отыр деп қапаланады.