Мұхтар.Әуезов (1897-1961) педагогикалық көзқарастары

Қазан төңкерісін кейінгі жылдары М.Әуезов баспасөз беттерінде пәлсапа, педагогика, методика ғылымдарымен халық ағарту ісінің толық проблемаларын көтергелі белгілі. Мәселе, 1918 жылғы «Абай» журналының 1-санында жарық көрген «Ғалым» атты мақаласында: «адам баласының жаман құлқы жаратысынан емес, өскен орта, алған үлгі, өнеге білетіндігінен және түзу, бұзылу жас уақытта болады. Көшпелікті адамдылыққа тәрбиелеу үшін жас буынды тәрбиелеу қажет. Адамшылықты таза жүргізу үшін» – деп жазды М.Әуезов, – көп ой керек, ойдау үшін оқу керек және оқу әр тораптан мағлұмат беріп, ақиқатқа баланың көзін жеткізіп, көңіліне жақсылықпен тәрбие беру керек.

«Мәдениет һәм ұлт» атты еңбегінде ол ұлттың гүлденіп дамуы, оның өсіп-өрбуі мәдениет ғылым дәрежесіне тікелей байланыстырылғанын айта келіп; «Ғылым мен мәдениет барлық дүниенің адтын алқасы болып отыр. Осы күнде ғылым мен мәдениет жерде, суда, ауада, аспанда ай-жұлдызды билейді» дейді.

Мәдени прогресті жаңа қоғамды құрудың құрамдас бір бөлігі деп түсінген М.Әуезов «Қазіргі уақытта біздің бір мұқтажымыз бар, ол – оқу» – деп түйеді өз ойын: Ал «Оқу ісі» атты мақаласында мектеп үшін аса қажет болып отырған ауылды мұғалімнің жетіспеуін, оқу құралдарының жоғарғы арнаулы оқу орындарының қажеттігін сөз етіп, бұл жөнінде ұсынысын білдіреді. Олары: дарын толқытыру және жаңадан дайындау, семинария бітіргендерді оқытушылыққа тарту, жоғарғы оқу орындарына шәкірттер жіберу, мұсылманша сауаттыларға тәрбие ғылыми, зелество, права тағы басқа хақында пайдалы дәрістер беріп, кейін оларды халықты сауаттандыру ісіне кеңінен тарту секілді мәселелер. М.Әуезов әсіресе ұлт кадрларын даярлау мәселесәне ерекше көңіл бөлді. «Оқытушылар, – дейді ол, – замана талабын дұрыс түсінген, адам баласының қас жауы надандық пен қараңғылыққа, қапастыққа қарсы күресуші азаматтың өткен тарихындағы барлық мәртебелі де игілікті істердің жалғастырушылары болуы шарт». М.Әуезов мұғалім жоғары ұждандық пен қатар, ұстазға тән қасиеттерді де бойына терең сіңірулері керек, яғни «олар өзі сабақ беретін пәнді толық түсініп, ол пәннің мақсатын, оқыту жөні мен жолдарын терең игеру ұдайы өзінің педагогикалық шеберлігін жетілдіре отырып өтетін тақырыптарды анық та ашық түсіндіруге ұмтылуы тиіс. Оқу тәрбие жұмыстарында педагогика мен психологиялық жәйттардың алатын орнын естен шығармауы, өз мамандығын және жас жеткіншектерді шексіз сүйе білу, олардың өзіне де және ата-аналарына да мәдениеттілік пен білім жөнінен үлгі бола білуі т.б. қажет» – дейді. М.Әуезов – Қазақстандағы жалпы педагогика теориясы мен тарихының еңбек жазбағанымен, жоғарыда айтқанымыздай, оқу және оқыту әдістемесіне айрықша мән берген ғалым-ұстаз.

1920-30 жылдары Қазақ Республикасының оқу ағарту саласында кезек күттірмейтін проблемалардың бірі – ұлт жастарына арнап, ана тілінде оқулықтар жазу және оқу бағдарламасын дайындау еді. Бұл істі жедел шешуге М.Әуезовпен бірге сол кездегі қазақ зиялылары М.Жолдыбаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, Қ.Тотқынов, С.Мұқанов, Қ.Бекқожин, Ө.Тұрманжанов, Қ.Жұбанов, Ә.Сыдықов т.б. осы сияқты қазақ оқығандары белсене араласты.

М.Әуезов өзінің «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты еңбегінде ұлттық педагогика мен ұлттық әдебиеті үлгілері нұсқасынан іздестіріп, қоса қарастырып ғылыми тұрғыда сөз етеді. Ол «Новый аул» деген оқу құралдарына қазақ халқының өмір тіршілігі, кәсібі, тұрмыс-салты, әдет-ғұрыптары, ойын-сауығы туралы қысқаша мағлұмат беретін «Откочевка от летовки», «Доение кабыл», «Как варят сыр», и «Стрижка ягнят», «Нападение волка на стадо», «Качели» (алтыбақан) «ақ сүйек» т.б. атына мазмұны енгізеді; Осы бөлмеге енген «Школьная саниторная комиссия», «Беседа с доктором» сияқты әңгімелерде үлкен таным тәрбиелік мән бар. Кітаптың оқырман назарын өзіне аударатын тағы бір бөлімі: «Город и аул» деп аталған. Бұл бөлімде қала мен ауыл өмірінде кездесетін тұрмыс салт өзгешеліктері, ондағы адамдардың өзара қарым-қатынастары түрлі мамандықтар мен кәсіп иелері арасындағы экономикалық, саяси-әлеуметтік байланыстар туралы мағлұмат беру ойластырылған. М.Әуезов ойшыл әрі ғалым, педагог ретінде өз бетін танытқан іргелі жұмысының бірі – бастауыш мектеп бағдарламасына сәйкес жазылып, 1930ж. Қызылорда да жарық көрген «жеткіншек» атты ересек жастар мектебіне арналған оқу құралы. «Жеткіншек» жалпы бөлімнен «Қазақстан», «Кеңес одағы» деп аталатын.

Кітаптың «Қазақстан» атты тауарында елдегі жер бедері, ауа-райы, әкімшілік-теориялық орналасуы, халық шаруашылығы, жол қатынастары, ауыл мен қала арасындағы байланыстар туралы нақтылы деректер беріледі.

Автордың оқулықты бұлай құруы тәліми-таными жағынан көңіл аударарлықтай. Өз өлкесін танып-білу шәкірттерді патриотизмге, туған өлкені қадір тұтып, сүйе білуге бірден-бір жол екені түсінікті. М.Әуезов келтірген нақты деректер, оның зерттеуші – социолог ретінде оқу құралын жазуға көп еңбек сіңіргенін көрсетеді. М.Әуезов басқарған ғылым-методистер шәкірттерге тек нені оқыту керек екенін көрсетіп, оларды қалай оқыту керек деген мәселені де шама-шарқынша сөз етеді. Мәселен, «суретті әдебиет құралы» атты қазақ әдебиетін оқытуға арналған бағдарламада «жалпы сөз» деп аталатын кіріспеден басқа «оқуға жаттығу» «сөйлеуге жаттығу», «жазу тіліне жаттығу», «әдебиет жөніндегі істердің қоғамға пайдалы іс пен байланысуы», т.б. бөлімдер бар.

Бағдарламада жазу тілінде жаттығудың жолдарын қарастырып, ұғуға қиын сөздерді, сөйлемді жазып алу, солардың сөздіктерін құрастыру, кітаптан сөз толғап ала білу, оқығанды жоспарлай білу, кеңсе қағаздарының жазу үлгілерін меңгерту, тезистер жасау мен баяндамалар даярлау, әдебиет туындыларына жазбаша сын жасап баға беру тағы басқа осы іспеттес әдістемелік жәйттер аталып өтілген.

М.Әуезовтің ұстаздық еңбегін сөз еткенде оның ұзақ жылдар бойы қазақтың мемлекеттік университетінде қазақ әдебиеті тарихынан лекция оқып, келешек әдебиет зерттеушісі, мұғалімдер мен журналистерді тірбиелеуге қосқан зор үлесін де айтпай кете алмаймыз.

Заманымыздың талантты жазушысы белгілі қоғам қайраткері Шыңғыс Айтматов «Правда» газетінде: «Орыс мәдениетінің дамуына Пушкин қандай әсер етсе, осы күнгі Орта Азиялық көркем ойдың және біздің барлық көрші отырған халқымыздың рухани өмірінің қалыптасуына М.Әуезов сондай әсер етті» – деп жазды.

Расында да, бұл баға, біріншіден, ұлағатты ұстаздың үлгілі шығармашылығы мен дүние жүзі мәдениетінің дамуына сіңірген зор еңбегінле берілген әділ баға болса, екіншіден, оның тарихи шындықты ашып берген үлкен суреткер, асқан ойшыл екендігін мегзейді.

Психологиялық көзқарастары

Мұхтар Әуезовтің психология мәселесіне қатысты айтқандары оның әр жылдары әдебиет, өнер білім, ағарту, мектеп мәселелері туралы жазған шығармаларында жиі ұшырасады. Бұларда адамның әр алуын көңіл күйлері, эмоция, сезім, ерік жігер ерекшеліктері шығармашылық әрекет үстіндегі қаламгер шабыты, тәлімгершілік қасиет, қазақтың ұлттық психологиясы әр қырұынан сөз болады. Төменде ғылымның шығармашылық психологиясы мен этнописхологиясы жайында айтқандарына тоқтайық. Оның пікірнше шабыт тек өнер өкілдеріне ғана тән қасиет емес, ол кез келген мамандық иесінде де кездесетін ерекше психологиялық күй. Бірақ мұның өзі жазушы мен ақыо үшін өте-мөте қажетті сипат. Мұндайда автор айтқандай «алаңсыз көңіл», «ақындық сезім», «ұзақ пісу», «бір жазғаннан қайта – қайта жаза беру», «өзін-өзі сынып қарай беру» көңіл-күйлері шебер жазушы мен майталмаған ақанға ауадай қажет.

Жазушы қаламынан туған әрбір туынды,зергердің қолынан шыққан асыл бұйымдай творчестволық шабыт күйінің нәтижесі. Шабыт күйі, салтанат құрған шығарма ғана жұртты өзіне баурап алады. Шабыт жоқ жерде әлсіз, сүреңсіз жасық шығарма туатыны хақ. Мұндайда кісі сан алуан сезім күйлерін, небір жан тебірен –істерін басынан кешіреді, суреттеніп отырған оқиғаға немесе диалоктарға байланысты көңіл күйі мың сан құбылады. Бірде дос болған немесе ашулы күйік, ыстық жас төгіп өкінген, жеңілу мен ұтылу жазасын шеккен, болмаса жеңіс, табыс пен қуаныш, шаттық тапқан, қысқасы, танысы балқыған жазушының жүрегінен ғана шын шығарма туады. М.Әуезов жазушы шығармашылығын бірнеше сатыларға бөліп ажыратады. Мәселен, қаламгер ең алдымен өмірмен мидай араласып, оны бар болмасымен іштей меңгермей, ақын жазушыда шабыт тумайды, екіншіден творчество өмірді терең білуден оны үнемі зерттеуден, үздіксіз жойқын еңбек етуден туындайды.

Творчестволық еңбек «жүрек қанымен жазылатын» – бейнеті көл көсір, рақатынан азабы басым болып келетін, ауыр еңбек жазу барысында тек шабыт күйін иемдену табандылық пен шыдамдылық ғажам бай қиял, қажыр қайрат, әсерленушілік секілді қасиеттер болады. Көркем дүниенің өмірге келуі де әртүрлі мәселен кейбір туынды бас –аяғы екі-үш күн ішінде жазылса, енді бірі жылдар бойына жазады. М.Әуезовтің өзі «Абай жолы» эпосын жазуға ұзын-ырғасы 20 жылдың бәрін сарп еткені мәлім. Осы жылдары ғұлама ғалым өзінің бүкіл мінез-құлқын, сезім талғамын, қажыр-қайратын ең басты мақсатына бағыттап, рухы мен жігер күндіз-түні ширатып, асқан табандылық пен шыдамдылықты көрсеткен еді. Ол «талапты табанды жеңеді» деп жиі айтатын.

Қаламгер өмірден алған түрлі әсерін, айталық табиғат сұлулығын, ән мен күйдің жүрек қылын тербететін әсемдігін, қуанты не қайғылы жағдайда туған әсерін паса көркемдікпен бере алса, шығарманың өз оқырманын тез баурап алатындығына сөз жоқ. Әрине ақын жазушы айналасындағының бәрін бірдей қабылдай бермейді, оларды мимен жүрек-шегінен қайта-қайта өткізіп, өзінше қорытып, өзіндік дүние етіп алады.

Тегінде, – деп жазды ол, – зор дарынды, ойшыл, білімді алғыр адамдардың ой-сезімі, саласы, барлық интеллект сипаттары дарынды, ойшыл, білімді алғыр адамдардың ой-сезімі, санасы өзімізге мәлім сүйікті ұлы жанрдың қай-қайсысын алсақ та сезім саласын, ой дүниесін қалыптаған негіздер бір жақты болмайды. Шығармашылық әлемде ойды жинақтай, синтездей алу әрекеті де күшті дамыған болуы керек. Ол өзінің сезім мүшелеріне әсер еткен түрлі құбылыстарды, не бір-бірімен қарама-қарсы тұрған объектілерді тәптіштеп сұрыптайды да жекелеген бейнелердің штрих, деталдарына бөлшектеп, ажыратып, бұдан тұтас, жаңадан бір образ құрастырады. Осындай жолмен жасалған көркем шығарма ғана сезім дүниесін билейтін болады. Мәселен, өзі сомдаған ұлы Абай бейнесі жұрт армандаған, бір жақсыдан қорытылған асылдың асылы, оның бетіне шыққан нәрі типтік бейненің сан алатындай сағындысы. Оның жырды бірден, иабан астында данынан шығарып айту, суырып салма қабілеттілік, қиынан қиыстырулар, хас шеберлік, тіл байлығы, сөз қабілетіне табыну халқымыздың ұлттық психологиясының басты ерекшеліктерінің бірі. Ол халқымыздың «естіру», «жақтау» т.б. тұрмыс-салтқа байланысты туындаған өлең жырларынан да қазақ халқының психикалық кейпі жақсы көрінетіндігін, қоғамдық прогресс барысында ұлттық психология өзгеріске түсіп, жаға мазмұнға көшіп отырғандығын да еске салады;

Ұлы жазушының мол мұрасында осы айтылғандармен қатар адам жанының асыл қасиеттерін талдап көрсеткен салиқаны ғылыми пікірлері аз емес.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!