Ыбырай Алтынсарыұлы және Абай Құнанбайұлы

Ыбырай Алтынсарыұлы (1841—1889). Көрнекті ағартушы, қоғамдық қайраткер, жаңашыл педагог 1841 жылы қазан айының  20-сында (жақаша күнтізбемен — қарашаның 2-күні) дүниеге келді. 1844 жылы әкесі ерте қайтыс болғаннан кейін, жас Ыбырай атасы Балғожа биден тәрбие алды.

1857 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірген Ыбырай жас кезінен-ақ білімге құштарлығын көрсетті. Мектепте орыс, араб, татар және парсы тілдерінен, басқа да негізгі пәндерден үздік нәтиже көрсеткен болашақ ағартушы Орынборда айдауда жүрген әр текті интеллигенция өкілдерімек танысты. Жасынан жаңалыққа құштар болған Ыбырай Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы, шығыстану ғылымының көрнекті өкілі В. В. Григорьевпен жақындасты. Оның  пәтерінде жиі болып, бай кітапханасын пайдаланды.

Мектепті үздік бітіргеннен кейін 1857 жылы Ыбырай өзінің атасы Балғожа бидін, хатшысы ретінде тілмаштық қызмет атқарды. Ал 1864 жылы Торғайдың жанында Орынбор бекінісінде ашылған қазақ балаларын оқытуға арналған мектепте оқытушы болып жұмыс істеді. Жанд мектеп ашуға қаржы жинауда, мұғалімдермен қамтамасыз етуде. Ы. Алтынсарыұлының педагогикалық көзқарастары да қалыптасты. 1867—1868 жылдарда өлкені басқарудағы әкімшілік-саяси реформалардың отаршылдық мазмұнына  жете мән бермеген Алтынсарыұлы — отаршылдық өзгерістерді қазақ халқына пайдалы іс деп қарсы алды. Патша үкіметінің қанау саясатын өз шығармаларында жеткізіп сынағанмен де, белгілі ағартушы отаршылдық әкімшілердін, халыққа озбырлығын дәйекті сынамады. Әрине, ауыл ортасынан шыққан Ыбырай қазақ еңбекшілерінің екі жақты езуге душар болғанын балалық шағында да, Торғай уездік басқармасында іс жүргізуші қызметінде де өз көзімен көріп, халықтың басынан кешіріп отырған ахуалын жақсартуды әрдайым ойлағанына оның көптеген мысал, әңгімелері дәлел. Бай, феодал топтардық көргенсіз қылықтарын әзілдеген Ыбырайға жиі орынсыз жала да жабылатын. XIX ғасырдың екінші жартысында әсіресе патша үкіметінің қазақ шаруаларын өз қоныстарынан ығыстырып, шұрайлы жерді орыс қонысшыларына үлестіруі Ыбырай тарапынан сан рет наразылық туғызды. Жергілікті баспасөз беттерінде ол патша үкіметініқ отаршылдық-аграрлық саясатын сан рет әшкереледі.

Ыбырай Алтынсарыұлының тарихи сахнаға келуі, кейінгі ұрпақтарға есімінін, терең із қалдыруы, ең алдымен оның ағартушылық қызметімен байланысты. XIX ғасырда ресми түрде халыққа білім беру жүйесінде арнайы қызметте болған, ағартушы өзінін, білімің байланыстарың қолындағы мүмкіндікті қазақ жастарын сауаттылыкқа шақырудан аянбады.[7]

1879 жылы Ыбырай Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына қызметке тағайындалды. Әрине, 1868 жылғы Қазан айының 21 күні патша бекіткен Далалық облыстарды басқару жөніндегі “Уақытша ережелер” бойынша Елек, Қостанай (Николаевск), Ырғыз, Торғай уездерін, сонымен қатар Орынбор өңірінің  бірқатар жерін алып жатқан кеқ ауданда әр түрлі буындағы оқу орындарының жұмысын ұйымдастыру оңай болмады. Тағы да баса көрсететін бір мәселе — ағартушының қызмет бабы жағынан облыстық губернаторға тікелей тәуелділігінің оның ағартушылық қызметіне шек қойғаны. Сондықтан да оның ағарту, халықтың сауатын ашу жөніндегі шаралары губернатордық елегінен өтетін. Өзіне тиісті құқықтарды Торғай облысы жағдайында қалыптасқан саяси және қоғамдық жағдайға сәйкес пайдалана білген Алтынсарыұлының басты үлесінің бірі қазақ жастарын азаматтық білімге тарту еді.

Патша үкіметінің халыққа білім беру саласындағы отаршылдық саясаты үдеп тұрған кезде педагогикалық басқару қызметін жандандырған Ыбырай Алтынсарыұлы қазақ ауылдарын аралап, өз көзімен көрген олқылықтарды түзеуге күш салды. Әсіресе бір кесел болғаны, сауаттылықты алға бастыруда қаражаттың жетіспеуі. Алтынсарыұлы қазақ ауылдарында жиі болып жаңа оқу орындарын ашу үшін ақша жинастыр-ды, жастарды тәрбиелеуге, оқу ісін  ұйымдастыру ісіне пайдалануға ерекше көңіл бөлді.

Ы. Алтынсарыұлының ісін жолға қоюдағы тереқ із қалған жарқын істерінің бірі — қолөнершілік, ауылшаруашылық мектептерді ұйымдастыруы. Қазақ аулының шаруашылық, әлеуметтік өмірінде капита-листік құбылыстардың біртіндеп орын ала бастауы, өндіргіш күштерді, табиғат байлықтарын игеретін мамандар әзірлеуді талап етті. Жергілікті жастар арасынан қолөнершілік, ауылшаруашылық және басқа да мамандықтар бойынша білгір адамдарды даярлаудағы ағартушының қызметі бір бөлек. Өсиетінде өзіне қарасты жерді Торғай қаласындағы ауылшаруашылық мектептің қарамағына қалдырған шешімі де әр салалық мектептердің жұмысын жолға қоюға ерекше мән бергендігі еді.[8]

Ыбырай қазақ өлкесінде қыздарға білім берудің негізін салушы. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына арналған мектеп-интернат ұйымдастыруы оның педагогикалық саладағы ауыз толтырып айтатын жетістігі. Бастауыш мектептерде сауаттылықты ашу үшін ұстаздар дайындайтын арнайы оқу орындарын ұйымдастырды. Алғашында Троицкіде негізі салынған, кейіннен Орынборға көшірілген мұғалімдер даярлайтын мектеп өз кезіндегі алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі болды. Ағартушының жиілетіп ауылдық, облыстық мектептерді ұйымдастыруы, мұғалімдерді қалауы бойынша сараптап таңдап алуы облыстык чиновниктердің наразылығын туғызды. Тіпті ағартушыны жауапқа тартуды талап еткен ұсыныстар да болды.

Қазақ аулында педагогикалық істін, әлсіз дамуы, арнайы көмекші оқу құралдардың тапшылығы Алтынсарыұлынын, орыс демократиялық оқу жүйесінің тәжірибесін кең пайдалануға себепші болды. Белгілі педагог ғалымдар Ушинскийдің, Тихомировтың, Бунаковтың, Фармаковскийдің және ұлы жазушы Л. Н. Толстойдың тағы да басқа ойшылдардың- педагогикалық мұрасын кең пайдаланды. Ыбырай орыс-қазақ мектептеріне арнап екі оқу құралын жазды. “Қырғыз хрестоматиясы”, “Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық” атты еңбектері сол кезде орыс тілінде оқитын қазақ жастарына арналған. Алайда ағартушының “Қырғыз хрестоматиясы” ғасырлар бойы сақталынып келген, әсіресе ауылдарда кен, тараған, үйреншікті араб графикасын ығыстыруға себепші болды. Орыс алфавиті негізінде құрастырылған бұл оқу құралын патша чиновниктері басқа да далалық облыстардағы ауылдық мектептерде пайдалануға мүдделі болды. Әрине, Еділ бойында, Сібірде, Орта Азияда және Қазақстанда миссионерлік қозғалыстың рухтандырушысы Н. И. Ильминскиймен тығыз байланысты болған Алтынсарыұлы осы белгілі адамның әсерін қабылдамай қоймады.

Ыбырай Алтынсарыұлы педагог, жаңашыл ағартушы болып қойған жоқ, сонымен қатар кейінгі ұрпақтарға мүра қалдырған ғалым-этнограф. Әсіресе Алтынсарыұлының көңіл аударған саласы — қазақ халқының әдет-ғұрпы. Рулық-патриархалдық тұрмыстағы жағымсыз қылықтарды мейлінше әзілдеген ағартушы мазмұны жағынан өткір шығармаларында әдепсіздікті де мейлінше сынады. Ауыл өмірін көптеген әңгімелерде арқау еткен ғалым-педагог осы салада көптеген ой-пікірлерін ұсынды.

Ыбырай сонымен қатар қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, жариялауда белгілі болды. Қазақ халқының тарихы жөнінде де мәліметтер жинаған ағартушы өз шығармаларының әсіресе тәрбиелік мәніне көқіл аударды. Ол отырықшылдықты, жер шаруашылығын дамытудың жаршысы болды. Көпшілікке белгілі “Қыпшақ Сейітқұл” атты әңгімесінде Торғай өзені бойында жатақшылыққа көшіп, егіншілікпен айналысқан қазақтардың өміріндегі өзгерістердің уағыздаушысы болды. “Талаптың пайдасы”, “Байлық неде” сияқты прозалық шығармаларының мазмұны жаңа өмірді көксеген  ағартушының  арманы.

Абай Құнанбайұлы (1845—1904)— қазақ халқының жазба әдебиетінің  негізін салушы, ұлы ойшыл ақын Абай (Ибраһим) 1845 жылы Семей облысының  Шыңғыс тауында дүниеге келді. Абайдың әкесі Құнанбай бай — Тобықты руының старшыны болды. Жас Абай  тәрбиесі үшін анасы Ұлжанның орнын ерекше еді. Абай деп анасының еркелеткен аты кемеңгер кейіннен әлемге жария етті.

Алғашында Абай өз аулында жалдамалы молдадан білім алды. Кейін ауқатты Құнанбай баласын Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға берді. Медреседе ол шығыс әдебиетін көп оқыды, қаладан орыс мектебіне де барып жүрді. Мектепте жүрген кезінде өзі де ақындық талабын көрсете бастады. Алайда ел билеу ісіне балаларын да тартқысы келген шонжар Құнанбай Абайдың қаладағы білімін аяқтатпай алып кетті. Ру тартыстарынан көп нәрсені байқаған ол, әкесі Құнанбаймен жолы бір емес екенін әбден түсінді.

Ақынның маңайына топтаса бастаған ірі ру басылары, ақсүйектер емес, қарапайым топтан шыққан талантты қазақ жастары еді. Семейде кездескен, кейінгі жылдары байланысы үзілмеген орыс интеллигенциясы өкілдері де Абайға жан-жақты ықпал етті. Орыстың азаттық қозғалысының Семейде айдауда болған белгілі өкілдері Е. П. Михаэлис, А. Леонтьев, С. С. Гросс, Н. И. Долгополов, тағы басқалар оның ақындық шығарма-шылығынын, демократтық бағытта қалыптасуына себепші болды.

Абай да патшалық дара биліктен орыс халқын айыра білді. Орыс-қазақ еңбекшілерінің достығын уағыздаған Абай ұлы халықтық тілін, мәдениетін үйренуге шақырды.

Орыс демократиялық мәдениетінің көрнекті өкілдері А. С. Пушкинге, М. Ю. Лермонтовқа, М. Е. Салтыков-Шедринге, Лев Толстойға және басқа ұлы ойшыл ақын-жазушыларға бас иді.

Тек ақын емес, сонымен қатар сазгер болған Абай Пушкиннің “Евгений Онегинінен” өзі аударған бөлімдеріне ән шығарды. Абайдың әсерімен ақындығы толысқан Ақылбай, Кәкітай, ақыннын, кіші ұлы Мағауия да орыс мәдениетіне терең көңіл қойып, өздері де поэзиялық туындылар жазды.

Абайдың балалары да әкесінің ақылымен орыс мектептерінен білім алды. Ұлы Әбдірахман Петербургте Михайлов артиллерия училищесін бітірді. Патша әкімшілігі халық арасында кең беделге ие болған сүйікті ақынның халық мүддесін қорғауына наразы болды. Полицейлік қарауыл қойып, ақын шығармашылығына губернатордың  қысым жасауы да осыған байланысты еді.

Абай әндері, өлеңдері қазақ даласына кең тарады. Алайда бай рулық-патриархалдық топтар Абайға оның туыстарын қарсы қоюға әрекеттенді. Ұлы ойшылды күндеп, ақындық шабытын уландыруға тырысты. Білімді де талантты Әбдірахманның, одан кейін сүйікті баласы Мағауияның аурудан дүние салуы Абайды науқасқа шалдықтырды. 1904 жылы ұлы ақын қайтыс болды. Тамаша “Ғаклияның”— нақыл сөздердің авторы Абай Құнанбайұлы өз заманының ұлы кемеңгері еді. Абай шығармаларының терең, ойлы мазмұны — ұрпақтарға қалған өшпес мұра.[9]

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!