Орыс демократиялық мәдениеті және қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов

XIX ғасырдың екінші жартысы — орыс демократиялық мәдениетінің көтерілген кезеңі. Қазақстанды игеру қажеттігі және орыс-қазақ қатынастарынын, тереңдеуі өлкені зерттеу барысына да әсер етті. Дүние жүзіне белгілі ғалым П. П. Семенов-Тян-Шанский (1827—1914) Алтай бойына, Жетісу мен Орта Азияға саяхаттар жасады. Өлкені жан-жақты зерттеушілердің бірі болды. Оның басшылығымен дайындалған «Ресей. Отанның толық географиялық сипаттамасы» деген еңбектің «Қырғыз өлкесі», «Түркістан өлкесі» атты екі томы Қазақстан мен Орта Азияға арналған. Саяхатшы ғалым Верный, Семей және баск,а да Қазақстан қоныстарында болған. Өлке туралы ұлы саяхатшының сипаттамасы мен тарихи шолуынын, маңызы зор.

Орыс ғалымдарынық қазақ халқы тарихын, материалдық мәдениеті мен тұрмыс-салтын, өмірін зерттеулері — қазақ-орыс достығының тамаша беттері. Көрнекті шығыс зерттеушісі академик В. В. Радлов (1837—1918) Іле алқабын, Жетісуды зерттеді, халық ауыз әдебиетінін, үлгілерін жинастырып, жариялады.

М. Красовский «Сібір қырғыздарынын, облысы» деп аталатын өз еңбегіндегі қазақ халқы тегінің шығуына көңіл бөлді. Көрнекті зерттеуші Л. Мейердін, «Орынбор ведомствосының Қырғыз даласы» атты еңбегі Кіші жүз тарихын статистикалық жағынан сипаттауға арналды.

Қазақ жерлерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін біршама толық зерттеген А. Н. Добромыслов. «Торғай облысы. Тарихи очерк» атты еңбегінде Қазақстаннын, саяси тарихы жөнінде сирек кездесетін мәліметтер сақталған. Сонымен қатар қазақ халқының келелі мәселелеріне И. И. Крафт, В. Виткевский, Н. А. Макшеев, Л. Ф. Костенко тағы да басқа авторлар өз еңбектерін арнады. Архивтерде жатып қалған белгісіз болған деректерді жарыққа шығарып, орыс-қазақ халықтарынын, байланыстарын барынша зерттеуде де бүл авторлар ірі үлес қосты.[1]

Украинанық ұлы ақыны Т. Г. НІевченконын, шығармашылығында да қазақ халқы тақырыбы белгілі орын алады. 1847—1857 жылдар аралығында қазақ жерінде айдауда болған ақын жергілікті тұрғындардың қайыршылық өміріне көңіл аударды. Оның “Қазақ шаңырағы”, “Атқа мінген қазақ”, “Байғұстар” және басқа суреттері — тұрмыстын, шындық жақтарын бейнелеген туындылар. “Менің ойларым” деген өлеңде қазақ және украин халықтарынын, өмірін салыстыра жырлайды.

Қазақ халқының қоғамдық ойы мен мәдениетінің дамуында мәдени ағарту және тұқғыш ғылыми ұйымдар мен мекемелердің ашылуы, олардың қызметі айрықша болды.

XIX ғасырда халықтың жақаша сауатын ашып, тіл білімі мәселесін зерттеуді жолға қоюда Тобольск, Томск, Орынбор, Саратов, Астрахань және басқа қалалар гимназияларында татар тілін оқытудық біршама рөлі болды. Қазан және Петербург университеттерінің шығыстану бөлімдері де Орта Азия мен Қазақстанды зерттеуге ат салысты.

Қазақстан тарихын зерттеуді ғылыми жолға қоюда 1845 жылы ашылған орыс географиялық қоғамынық Орынбордағы, Омбыдағы, Семейдегі және басқа жерлердегі бөлімдері мен бөлімшелері үлкен рөл атқарды.

XIX ғасырдың екінші жартысында ұйымдастырылған облыстық статистикалық комитеттер қазақ өлкесінің тарихы, этнографиясы, материалдық мәдениеті жөнінде көптеген мәліметтер жинады. Олар “Облыстарға шолу жасау” жинақтарында жарияланды.

Қоғамдық кітапханалар жергілікті халықты ағарту ісіне тартуда бірқатар еңбек сіңірді. Азаттық қозғалыстың Қазақстанда айдауда болған өкілдері: Е. П. Михаэлис, А. Леонтьев, Н. Долгополов, С. С. Гросс, А. М. Богомолец, т. б. қазақтар арасында жиі болып, ауылдарды аралап, Ресейде жүріп жатқан оқиғалармен таныстырды, сауатын ашты. Қазақ пен орыс халқының өнегелі өкілдері достығынын, тамаша бір көрінісі — Абай мен Е. П. Михаэлистін, қарым-қатынасы.

Шоқан Уәлихановтың шын есімі — Мұхаммед Қанапия, ал Шоқан — анасынын, еркелетіп қойған аты.

1835 жылы қараша айында Құсмұрын бекінісінде туған. Шоқан балалық шағын әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінін, атамекені Сырымбетте өткізген. Сырымбет — Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға айналған сұлу өңір. Болашақ ғалым бойындағы рухани қасиеттердің басты белгілері жастық шағынан – ақ қалыптаса бастады. Ерте есейген Шоқан өз пікірлерін үлкендерше тұжырымдайтын. Оның жетіле беруіне, сана-сезімінің ерте оянуына әжесі Айғаным үлкен әсер етті. Батыс Сібір генерал-губернаторының жанында төтенше тапсырмалар орындайтын офицер қызметін атқарып жүрген Шоқан сүйікті әжесі жөнінде суық хабарды алған бойда Сырымбетке арнайы келіп, Айғаныммен қоштасып, оны ақырғы сапарына шығарып салады.[2]

Шоқанның жас шағынан ғылымға ден қоюына әкесінің алдыңғы қатарлы орыс интеллигенциясы өкілдерімен тығыз байланысты болуы үлкен әсер етеді. Академик А. И. Шренк, декабристер С. М. Семенов, А. И. Штейнгель, Н. В. Басаргин және Қазан университетінің студенті С. Сотников, Н. Ф. Костылецкий, Т. Сейфуллин сияқты білімді адамдар Шыңғыстың аульщда талай рет болып жүрген.

1847 жылдың күзінде он екі жасар Шоқан туған елінен тұңғыш рет сапар шегіп, әкесімен Омбыға келеді. Әкесі өзінің орыс достары көмегімен баласын сол кездегі ен, алдыдғы қатарлы оқу орнына Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді. Декабрист И. Завалишеннің берген бағасы бойынша, ол “ағарту ісі мен патриотизмнің ордасы” еді.

Белинский мен Герценнің азаттыққа шақырған идеялары Шоқан білім ала бастаған Сібір кадет корпусына да жетті. Кадет корпусы жан-жақты әрі терен, білім беретін оқу орны болды. Қазақстан географиясына да зор көңіл бөлінді. Бірақ өлкенің табиғи байлықтарын зерттеу мен игеру патшалы Ресейдің әскери стратегиясы тұрғысынан қажет еді. Қазақ халқының тарихына да көңіл бөлінетін. Шоқаннын, көрнекті орыс ғалымы И. Н. Березинмен, таңдаулы ұстазы Н. Ф. Костылецкиймен байланыста болуы әуелден-ақ ғылыми бағытын дұрыс анықтауға себепші болды.

Пушкин мен Лермонтовтық поэзиясы Шоқанға да әсер етті. Олардын, көптеген өлеңдерін жас Шоқан жатқа білді, сол кездегі Батыс Еуропа жазушыларының шығармаларымен таныс болды. Айдаудағы ақын С. Ф. Дуров, саяхатшы, ғалым П. П. Семенов-Тян-Шанский, Г. Н. Потанин, Ш. Уәлихановтын, білімділігін жоғары бағалаған. 1853 жылы кадет корпусын он сегіз жаеында бітірген Шоқан корнет деген офицерлік атақ алды.[3]

Батыс және шығыс елдерінің бірқатар тілін жетік білген Шоқан шығармашылық еңбек етуді адсады. 1855 жылы ол генерал Г. X. Гасфорттық сапарына қатысып, Жетісу, Тарбағатай, Орталық Қазақстанды аралады, Іле Алатауы өңірінде болды. Шоқан тарихи аңыздарды, өлеңдерді жинай жүрді. 1856 жылы Шоқан Уәлиханов Ыстық көлдің көлемін топографиялық суретке түсірді. Кей маршруттарда ол көрнекті ғалым, географ П. П. Семенов-Тян-Шанскиймен бірге болып, достығы жалғаса түсті. 1856 жылдың күзінде екеуі Құлжаға барып қайтады. Ол Қытай мен екі арадағы сауда байланысын жақсартуға өз үлесін қосып, Қытай ұлықтарымен келіссөз жүргізеді.

1857 жылы Ш. Уәлихановтың Алатау қырғыздарына сапары Қашғар экспедициясынын, алдындағы сын қадамы болды. “Манас” атты алып шығармаға көңіл аударды. 1858—1859 жылдары Шоқан өзін әлемге әйгілі еткен Қашғар саяхатына барып қайтты. Марко Поло мен Иезуит Гоестен кейін бұл елге тұқғыш барған Шоқан еді.

Петербургте болған жылдар (1859—1861) Шоқан өміріндегі ең бір қызықты кезең болды. Орыстың озат ойлы интеллигенциясымен араласа жүріп, ол өзінін, білімділігін, талантын танытты. Шоқан шығысты зерттеушілер В. В. Григорьевиен, В. П. Васильевпен, В. В. Веньяминов-Зерновпен, Петербург университетінің профессоры, Құлжадағы бұрынғы орыс елшісі И. Захаровпен, сыншы Н. Н. Страховпен, ақындар А. Н. Майковпен, Я. П. Полонскиймен және басқа орыс мәдениетінің алдыңғы қатарлы екілдерімен байланысын үзбеді.[4]

Шоқаннық достары ішінде аса көрнекті орыс жазушысы Ф. М. Достоевский де болды. Тұңғыш рет 1854 жылы Омбыда танысқан, кейіннен Семейде жалғасқан бұл достық — ғалым өміріндегі ірі оқиға. Бұл достық Петербургте де үзілмеді. 1861 жылдан кейінгі дара билеушілікке қарсы күрестен соң бұрынғы бағытынан ауа бастаған өз досының көзқарасына Шоқан сын көзбен қарады.

1861 жылдың көктемінде белгілі ғалым болып танылған Уәлиханов ауруға шалдығып, аулына қайтады. Шкірлес достарының арасында Петербургте екі жылдай болған Шоқан үшін бұл кезең жарқын да, қуанышты да болды. Ағайын-туысымен келісе алмаған сон, Шоқан Омбыға келді, қазақтың сот реформасындағы кейбір мәселелермен айналысты. 1864 жылы Шоқан Уәлиханов генерал М. Г. Черняевтің әскери экспедициясы құрамында Әулиеата бекінісін алудағы әскери қимылдарға қатысады. Алайда генералдың әділетсіз істеріне мейлінше налыған Шоқан 1864 жылдың маусым айында басқа да М. Г. Черняевқа наразы офицерлермен Верныйға қайтады.

1865 жылдың  “Русский инвалид” газетінің 51 санында көрнекті жас қазақ ғалымынын, Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы ақырғы еңбегі жарияланды. 1865 жылдын, сәуір айында Шоқан Уәлиханов Алтын Емел жотасынын, етегінде Көшен тоғаны деген жерде, Албан руынын, аға сұлтаны Тезектің  аулында қайтыс болды.