ХІХ ғасырдың 20-жылдарында жетісуға империясы ықпалы таралуы

Орта Азия хандықтарының Қазақстандағы белсенділігін Орынбор мен Сібірдін орыс әкімшілігі де, Шынжандағы маньчжур-қытай өкімет орындары да мұкият қадағалап отырды.

Ұлы жүздің ірі бірлестіктері албан, дулат және шапырашты көшіп жүрген Жетісуда сонау 1778 жылы әлде бір Ташкенттік мыңбасы Қаскелең өзені маңына бекініс салыпты. 1810 жылдарда Қоқан экспансиясы әуелі оңтүстік батыс, ал содан соң бүкіл оңтүстік Жетісуды да (Іледен арғы өлкені) қамтыды. Осындай жағдайда Ұлы жүз екілдері 1818 жылы патша үкіметіне өздерін Ресей бодандығына қабылдау туралы өтініш жасады. 1819 жылғы 18 қаңтарда орыс үкіметі өтінішті қарап, Ұлы жүз қазақтарын ресми түрде Ресейдің бодандары деп жариялады. Абылай ханның баласы Сүйік сұлтан өзіне бағынышты 55 мың адамымен бірге бодаңдыққа сол кезде ант берген еді. 1822 жылы таш да 14 сұлтан -Абылай ханның немерелері мен Әділ төренің балалары орыстың өкімет орындарына бодандық туралы өтініш жасады, бұл өтініш 1824 жылғы 13 мамырда бұл сұлтандардың еркек кіндіклі 165 мың адамымен бірге бодандығы туралы кұжатқа I Александрдың қол коюымен қанағаттандырылды. Алғашкылар болып бодандықты үйсін, жалайыр, албан, суан, шапырашты, ысты, ошақты, қанлы бірлестіктері және басқалар қабылдады. Қазақ малшыларың өз жағына тар-туға тырысып, Сібірдің орыс әкімшілігі малдан алынатын алым мөлшерін оны қоқан жинаушыларының алатынына қарағанда 2,5 есе азырақ (1 %) өтіп белгіледі.

Сонымен бірге Ресей Жетісуға Қоқанның кіруін дипломатиялық амалдарды пайдаланып тежеуге тырысты. 1828—29 жылдарда, яғни орыс-түрік соғысы кезінде, Ресейде Тұрсынқожа бастаған Қоқан елшілігі болған еді. Петербург қоқан және орыс мүдделері өрісін Шу өзенінін бойымен бөлуді ұсынды: орыстар оның сол жағасына, ал қоқандықтар оң жағасына өтпеуге тиіс болды. Ұсыныс қабыл алынды. Алайда содан сон қоқандықтар келісімді бұзды: солтүстікте Ұлытау тауларында олардын аванпостылары пайда болды, ал Іледен арғы өлкеде олар Қастек (қоқан деректемелерінде Аштақ, Хаштақ), Үш Алматы және Тойшыбек бекіністерін салды.

1834 жылдың мамырында Лашкар күсбегі 6 мың адамдык жасағымен солтүстікке қарай беталды, Есіл енірі даласында Алаша хан кесенесіне жетті, Ұлытау алқабында 1000 адам гарнизоны бар бекіністің негізін қалады. Бұл әрекеттер орыс өкімет орындарына қарсы көтерілген Саржан Қасымов сұлтанды қолдау сылтауымен жүргізілді. 1834 жылы Ақмоладан шыққан орыс отряды (700 қылыш, 51 найза және 6 зеңбірек) бұл бекіністі аяып, онын қорғанларын қиратты, гарнизонды еліне, Ташкентке қайтарып жіберді.

Цин өкімет орындары да Жетісуда өз белсенділігін көрсетті. Бұл туралы Ш. Уәлиханов. міне, былай деп жазған: «Даланың бұл бөлігіне орыс әскерлері келгенге дейін Үлкен орда 1824 жылдан Ресейдің қамқорлығында деп саналғанмен де, қытайлар болмашы алым жинау үшін Іледен арғы өлкеге өз отрядтарын жіберуді 1840 жылға дейін тоқтатпады, сол жылы олар осындағы шапыраштылардан Теренезек алқабы маңында күйінішті де аянышты жеңіліске ұшырады».

Сөйтіп қоқандықтардың қысқы қыстаулар аудандарында құрған бекіністер тізбегі орасан зор аумақты бақылауға және қазақ, қырғыз және қарақалпақ малшыларынан салық алуға мүмкіндік берді. Егер 1810 жылдарда Ташкент хакіміне 400 мың қазақ бағынса, 1830 жылдардың басындағы османдық құжатқа қарағанда, Қоқанға бағынышты қазақтар саны (өсіріп көрсетілген болуы ыктимал) 200 мың шаңырақ, ал қырғыздарды, қарақалпақтарды және Құрама (Шахрухийа) көшпелілерін қосып алғанда — 200 мың шаңырақ болған, ал хандықтың отырықшы халқы 3 млн адамға дейін жететін еді.

Руаралық қараздықты пайдалана отырып және жекелеген руларды неғұрлым пұрсатты жағдайға қойып, қоқандықтар (латыншадан — бөліп ал да, билей бер) саясатын ұстанды. Ташкентте ірге тепкен және оның төңірегіне қоныстанған, бұрынғысы сияқты, Ташкент хакімінің тірегі болуын жалғастырып отырған шанышқылы және қаңлы рулықтоптардың қазақтары мейлінше қолайлы жағдайларды пайдаланды. Олар әскерде қызмет етті және әкімшілік қызметтерді атқара алатын. Кейініректе 1859—1861 жылдарда солардың бірі -Ташканди ақсақалы Қазақ байдың баласы Рүстембекке Ташкент уәлаяты мен Дешті Кыпшақ хакімінің жоғары әкімшілік кызметі бірсыпыра уақытка (бір жылға дейін) екі рет сеніп тапсырылды, бірақ бұл ерекшелік болды (Рүстембек 1858— 1862 жылдары Қоқаңда билік еткен Малла хан әйелінің бауыры еді).

Ал қазақтардың негізгі бұқарасы зекет төлеуге міндетті болды. Ұлы жүз руларының көпшілігі (ысты, ошақты, шапырашты, жалайыр, сіргелі, сыйқым, шымыр, жаныс және суан), Орта жүздің (коңырат, қыпшақтардың, наймандар мен арғындардын бір бөлігі) және Кіші жүздің (жаппас) бір белігі осы санатқа жатқызылды. Зекет мөлшерінің біршама аз болғанына (шариғат бойынша мүліктің 1/40 бөлігі) қарамастан, бұл салық казақтар үшін ауыр болды, өйткені Ташкент әкімшілігінің тарапынан бақылау болмаған жағдайда оны жинаушылардын (зекетшілердін) жеке баю мақсатымен оп – оңай жаппай қорқытып алу мен тонаушылыққа айналып отырды. Қоқан бекіністеріне жақын маңайда көшіп жүрген далалықтарға олардың гарнизондарын күту, ол бекіністерді жөндеу мен кеңейту жөніндегі міндеттер жүктелді.

Қазақтар Қоқан хандары ұйымаастыратын соғыс жорықтарына тартылды. Мәселен, Омар хан тұсында «Арқа қазақтары» Ұратөбеге жорыққа, Лашкар құс бетінің басқаруымен олар қоқандықтардың Қашғарға( 1826 ж.) және т.б. жорығына қатысты. Бұл қатысуды әскери міндеткерлік ретінде де, баю амалы реті неде де қарастыруға болады.

Бір қызығы, Лашкар құсбеті хакім болған жылдарда дала өңірін бағындырып ұстау үшін нақсод көшпелілердің күштері пайдаланылды:оның әскерінде 3 мын адам ғана қала (шахра) тұрғындары болатын, ал қалғандары қазақтар мен кырғыздар арасынан шыққаңдар еді. Яғни бір бірлестік екіншілерін тыныштандыру үшін пайдаланылды.

Бұрын атап өтілгені кедей, Қазақстанның оңтүстігі үшін жоғары өкімшілік етуші адам Ташкент хакімі болды. Қазақстанның Сыр өңіріндегі аудандарың

басқаратын Түркістан хакімі де іс жүзінде соған бағынды. Ташкент хакімінің екі көмекшісі болды — сарқар (немесе мырзабашы) салық жинауды және аза.маттық істерді жүргізді және батурбашы (әскербасы) әскери мәселелермен және көшпелілердің істерімен айналысты. Қоқандықтар өздерінің дала жөніндегі саясатында орыс әкімшілігінен айырмашылығы, Шынғыс ұрпақтары-сұлтандарға емес, халық өкілдері — билерге сүйенді, олардың кейбіреулеріне датқа атағы берілді, бұл оның иесін салық төлеуден босататын.

Қоқан билеушілері Қазақстандағы өз табыстары үшін таулы Тәжікстаннан, Памирден және шектес аудандардан келушілерден іріктеп алынған әскери кұрамаларға міндетті болғандықтан, олардың ішіндегі атақты адамдар Қазақстанның оңтүстігі мен Ташкентте әкімшілік орындар алуға артықшылықты пайдаланды. Мәселен, Түркістанды жеңген бадахшандық Раджаб дуанбегі 1810-1816 жылдарда Ташкенттің (және тиісінше Онтүстік Қазақстанның) хакімі болды. Қара тегіндік Самсалық қыстағындатутан қана атшах(1862жылы өлтірілді) 1840 жылдарда Түркістанды, ал одан сон 1860—1862 жылдарда Ташкентті басқарды. 1862 жылы пансадбашы (бесжүздікші) Сұлтан би Қаратегіни Жаңақорғанның қоқанның соңғы қоменданты бола жаздады, ал Түркістанның қоқандық соңғы хакімі Мырза Дәулет би  болды.

Ол кезде Орталық Азияда «тәжік» этнонимімен бәрі бірдей емес, тек таулық тәжіктер мен Памирдің Бадахшанның және т.б. оларға жақын халықтары ғана аталды. Шын мәнінде, Лашқар кұсбегі де солардың арасынан шыққанды.

Жақын арада Түркістаннан табылған қоқандық кезендегі мұрағатта тәжік тілінің қаратегін диалектісіндегі құжаттар қамтылады, ал Қоқан хандығының ресми (және элитарлык) тілі ортаазиялық парсы тілі (XVI—XIX ғасырлардағы тәжік әдеби тілі) болған. Тарихи оқиғалардын дамуы барысында Казақ-стан мен таулы Тәжікстан, Ферғана мен Орта Шығыс халыктарының тағдырлары осылайша араласып, астасып кетті.

Қазақ малшылары өзара тиімді мәдени және сауда-экономикалық байланыстарға тартылды. Мысалы, Орталық Азияның Ресеймен керуен саудасын ұйымдастыруға жаппас тайпасы белсене қатысты. Оның адамдары жыл сайын Ташкентке барып өз түйелерімен орта азиялық көпестердің тауарларың тасуға жалданып жүрді. Сол жылдардағы қазақтардың ерекше адалдығы олар көпестердің түсіп қалған тауарларың тауып алып, оларды бір күндік жерге дейін куып барып, тауып алған затың тіпті болмашы болса да иелеріне қайтаратыны айтылады.

Лашқар күсбегі хакімдік еткен бейбіт жылдарда осылай болған, ал ол Тоқай төре мен Тентек төренің көтерілістерінен тағлым алып, ынсапты салық саясатын жүргізген еді (әрбір көктемде салык жинағаңда, ол шариғатпен әдет нормаларын сақтады, малшылардың өз еркін өздеріне беріп, мүлкіне қолсалмады) және дала өңірін сенімді басқарды. Қазақтар мен қырғыздар арасындағы қақтығыстар тыйылды, бірсыпыра уақыт бойы тыныштық біршама кауіпсіздік және арзаншылық орнады. Әулиеатада ташкент таразысы бойынша 1 ман (170-172 кг) астық 2 теңге (күміспен 40 тиын) тұрды 1823 жылы хандықтан куылған, көзкарасы тәуелсіз адам, Қоқан ханзадысы Хуха Хакім хан Лашқар кұсбеті қазақтарды падишах сияқты басқарды және олар ұзақ уакыт бойы «шанберіліп кетті» деп жазды.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!