Қоқан және хиуа хандықтарының экспансия. оңтүстік қазақстанын жаулап алушыларға қарсы аз атық күресі (XIX ғасырдың10-20-жылдары)

Қоқан хандығының билеушілерін қазақ даласын жаулап алу үшін баруға итермелеген не? Жоғарыда атап етілгеніндей, Әлім бек пен оның төңірегіндегілерді қазынаны жаңа олжа көздерімен толықтыруға ұмтылыс жаулап алушылық жорықтарға итермеледі. Осы арқылы ол «бұрынғы» өзбек шонжарлары мен негізінен таулық тәжіктер (XIX ғасырда олар «тәжік» этнонимімен көрсетілді) катарынан кұрылған «жаңа» әскер (бұл жауынгерлер гала-баһадүрлер деп атала бастады) арасындағы бақталастықты жұмсартып, олардың мүдделерін жаңа облыстарды басып алу мен отарлау үшін біріктіруге де ұмтылды. Қоқан әскерлерінін Ұратөбе ауданында Бұхара әмірінің күштерімен қақтығысуы қоқандыктардың батысқа қарай ілгерілеуін токтатып, олардың экспансиясының бағытын ғана өзгертті.

Отырықшы-егіншілікті Мауараннахрдың кешпелі шет аймағы ретіндегі Казақстанның оңтүстігін жаулап алу кокан феодалдарына бай жазираларға ие болуды бермесе де, оның есесіне мал өнімдерініңтүсуімен қоса, олардың Орта Азияны Ресеймен және Кытаймен байланыстырып жатқан керуен жолдарына стратегиялық бақылау жасауды да қамтамасыз етті. XIX ғасырда олардың арасындағы сауданың едәуір ескендігінен де бұл өте маңызды болды. Ақырында бұл кең байтақ аймақты жаулап алудың идеологиялык маңызы зорболатын.

Орта Азияның, яғни Мауараннахрдың отырықшы халқы мың жыл бойы Дешті Қыпшаққа қорқынышпен қарап келді, әр түрлі дәуірлерде Орта Азияға өз әулеттерін (эфталитгер, түріктер, Шыңғыс ұрпақтары, Шайбани ұрпақтары және басқалар) отырғызып қоятын жаулап алушылар толкыны сол жақ-тан келетін. Дешті Кыпшактыңтым болмағанда бір белігін бағындыру және бүкіл Ішкі Азияның мұсылмандары кең келемде кадірлейтін «99 000 шайхылар жетекшісін» иелену қоқан ханының беделін болып көрмеген биікке көтерді.

Ташкентгі бағындырғаннан кейін бір жыл өткен соң, 1810 жылдың ақпанында Әлім бек Ресеймен сауда жасау үшін тауарлар артылған 300—400түйе-ден керуен жабдықтап, оны Ташкентке жіберді. Нак сол уакытта ол Ташкенттегі хакім Сайид Әлібектен қазақтардың салықтар: зекет (малдан) пен харадж (егістен) телеуден бас тартқаны туралы хабар және бағынбаушыларды тыныштандыру үшін әскер жіберуді сұраған өтініш алды. Сол кезде хан қысқы аязға қарамастан керуеннің ізінен Сайрамды, Шымкентті және Түркістанды бағындыру үшін 12 мың адамдық «жаңа» әскер жіберді, Әскер құрамына бітістірушілік және миссионерлік міндетгер жүктелген Ташкенттің 50 шакты үлемі енгізілді. Төңіректегі кешіп үлгірмей, жаулап алушылардың колына түскен қазақ тұрғындары «тамтығы қалдырылмай» тоналды.

Осы жорықтың барысында қоқандықтарды басқарған тәжік Зухур дуанбегі Сайрамды коршады, Шымкент кыстағына бекініс салып, онда мылтықтары (туфангдар) мен екі зеңбірегі бар 200 жаяу және 400 салт атты атқыштарды қалдырды. Содан соң ол Әулиеатаға келіп, бекініс салды және онда тәжіктер Абдаллах даткд пен Шахбек датка бастаған 1000 жауынгер каддырды. Одан әрі Зухур дуанбегі Түркістанға жақындады. Басқа бір лакапка қарағанда, Түркістанға жорыкты ташкенттік Шынғыс ұрпағы Салымсактөре баскарған, ол келіссездерден кейін түркістандықтарды Әлім бектін билігіне бағынуға көндіріп, оған 90түйегеартылған сый-сыяпат, соның ішінде «кәмшаттерісінен» тігілген әдемі тон жіберген».

Қалай дегенменде Зухур дуанбегінің одан арғы қимылын Ташкент түбіндегі Мингерікте, ханның інісі Омарбектің ордасында болған окиғалар тоқтатып тастады. Оныңтуыстары (анасы жағынан, Фази аталыктың ұрпақтары — аса ыкпалды мингтер әулетінің мүшелері) мен бұрынғы шонжарлардан шыққан, Әлім бектің дара билігіне наразы Абылай ханнын ұрпақтарынан ташкент және қазақ шонжарлары, коңырат, шанышқылы, сіргелі, бестанба бірлестігі мен қарақалпақтар қолдаған әскербасылар бұл сөтті батыл қимылдауға қолайлыдептапты,өйткені Қазақдаласына жіберілген «жаңа» әскер үскірік аяздан адам айтқысыз азап көріп, наразылық білдіре бастаған еді. Каскүнемдік жасаушылар тақты басып алу үшін Омарбекті Қоқанға жасырын қашып баруға көндірді (сол кезде Әлім бек Ташкентте болатын). Қаскүнемдік туралы кеш білген Әлім бек әскерді Ташкентке асығыс шакырып алып, Коканға бет алуға мәжбүр болды. Ташкенткеөзінің баласы Шахрухты (онын шешесі қазақ болатын) калдырып кетті. Кетер алдында ол Ташкенттің бұрынғы астық база-рында өзінің колынатүскен каскүнемдерін, соның ішінде қазақтағы Шыңғыс ұрпағы Салымсақ төре мен Әділ төрені (сірә, Қытайға көшіп кеткен басқа Әділ төренің аттасы болса керек) дарға асып үлгірді. Алайда Қоқанға бара жатқан жолда әскер ханды тастап, тарап кетті, ал оның өзі көп ұзамай 1810 жылдың көктемінде Қоқанға жакын жерде өлтірілді. Әлім бектің қаза табуы оның мемлекеттік істерге Ферғананың шонжар «аксакалдарынын» ыкпалын кемітуге жасаған әрекетінің сәтсіздікке ұшырағанын білдірді, ал Әлім бек жүргізген үстем таптын әлеуметтік базасын кеңейту саясатынын барысында олардың мүдделеріне қысым көрсетілген еді.

Шонжарақ сақалдар оның туған інісі Омарды (1785—1822; 1810— 1812жыл-дарда билік кұрды) таққа көтерді, ол сол шонжарларға анасы жағынан да, өзінін немере карындасы Таджаннисамен (Мохларайим, өзбектің классик акыны Надира есіміментанымал) некесі жағынан да байланысты болатын. Батылдығы мен өркөкіректігі жағынан марқұм ағасынан әлдекайда кем түсетін жаңа хан жұмсақдығымен және нәзік талғамымен ерекшеленді, ақындық дарыны болатын және Әмір деген бүркеншік атпен (тахаллус) парсы және түркі тіддерінде өлендер жинағын (диуан) қалдырды. Оныңтұсында алғаш рет Қоқанның ресми хроникасы («Умарнама» және «Шахнамай Умархани») жазылды.

Төңкерістен кейін Ферғанадағы ішкі істерді жайғастыру, Ұратөбе мен Жызаққа қатаң бақылау орнатуға жасалған сәтсіз әрекеттер Қоқанның Оңтүстік Қазақстанға экспансиясын бірнеше жылға кідіртті. Оның үстіне Ташкент төнірегінде Қарахан руынан және қарақалпақ қытайлардан шыккан Қабыл деген біреу пайда болды. Ол өз төңірегіне көшпелі қазақтарды жинап алып, бір кезде өзінін. иелігі болған Бағыстан деген жердегі Шаткал тауларында жасырынып жүрді және кереуендерді тонап, Ферғана мен басқа да жапсарлас жатқан аудандар тұрғындарының таудағы жазғы жайылышарда жайып жүрген малын тартып ала бастады. Омар хан 500 тәжірибелі таулық атқыштарымен түпшібашы, датқа атағы да бар Әбді әл-Әзімді (Әзімбайды), сондай-ак Чуст пен Қасандағы хакім Жүсіп Әлиқожаны Қабылға карсы аттандырды. Қамыс-қорғанға жеткен сон (Солтүстік Ферғанадағы Сырдариянын оң жағасы) Қоқандықтар екі топқа бөлінді. Жүсіп Әли қожа Хазрати Идрис кесенесі арқылы жүріп ал Әбді әл-Әзім Бағыстан шатқалына беталды. Әзімбаймен шайқаста Қабыл жараланып, Нанай бекінісіне (Шаткал таулары) жасырынды, ол жалғыз кірер жолды тас, ағаш және т.б. кұлатып бітеп кетгі. Сол екі арада Қоқанның екі отряды жиырма күннен кейін косылып, шатқалдан шығар жолды жауып тастады. Содан сон, коршаудағылардың сырт жағына мергендер мен Кухистан жауынгерлерінен тәжірибелі тауға ермелегіштерді баскарған Әбді-и Қаһһар токсаба Бадахшиді жіберді. Олар екі асудан өтіп, арканнан жасалған баспалдак. пен жартаскд кағылған шегелер аркылы тік тауға көтерілді және алтыншы күні оның басына жетіп, қоршаудағыларды жоғарғы жактан атқылауға кірісті, ал қоршаудағылар өлімге бас тіккен өжетгікпен шайқаса бастады. Үш күңдік шайқастан кейін кокандықтар кіреберісті алды. Сол кезде олар-дың жаршысы өздеріне тек Кабыл және тағы да бес әскербасы ғана керек, қалғандары қаруынтастаса, толық бостандық алады деп жариялады. Көпшілігі суық қаруы мен мылтықтарын тапсырып, тарап кетті, бірақ бірсыпырасы Қабылмен бірге қасарыса қарсылық көрсетуін жалғастыра берді (екі жақ та үлкен шығындарға ұшырады). Жағдай үмітсіз болған кезде Қабыл Омар ханға езін кызметке алуды етініп хат жіберді. Әзімбай арқылы Қабылға ешкандай кауіпсіздікке кепілдік берілмеген жауап алынды. Кабыл түткынға берілгеннен кейін Әзімбай оны хан сарайына жеткізді.Қокандықтар Қабылдан көптеген малды тартып алып, хан оларды иелеріне қайтарды. Омар ханның өкімімен Қабыл Ташкенттегі Чорсу Регистан алаңында дарға асылды. Басқа тұтқындар да дарға асылды.

1813—14 жылдары қоқандықтар Түркістан қаласының маңындағы мекен Қарнақты алды. Қоканның дала өңіріндегі жағдайын тағы бір оқиға күшейтіп жіберді. Абылай ханның баласы Әділ тере кьггай иеліктерінен өзінің сан мың-дық қосынымен туған жеріне кайтып келіп, Ташкент төнірегінде орналасқан Омар ханға 1814 жылы өзінің баласы Нұралы төреден сәлем айтып жіберді, онда өзінің «дінсіздерден» кайтып келгенін хабарлады және өзінің калған күндерін ислам иеліктерінде өткізуге үміттеніп, Омар ханға бағынатынын білдірді. Хатында Әділ тере Тоқтамыс ханды өзінің бабам деп атаған және Қоқан билеушісінен қоқан хандары өз генеалогаясын тарататын әмір Темір алдындағы бабасының «кінәсін» ұмытуды сұраған. Алыста қалған XIV ғасыр оқиғаларын алға тартып, қазақ сұлтаны өз тегін Тоқтамыс ханға тіреген (дәлірек айтқанда, ол қазақтардағы Шыңғыс ұрпақтарының бабасы емес, жолы үлкен туысы болған, бұлар сияқты ол да Жошының, он үшінші және кенже ұлы Тоқай-Темір ұрпағы еді) бұл қызықты жағдай қазақ-қоқан қатынастарының идеодогаялық сырларын ашып береді. Қоқан хандарынын шыққан тегі тураы аныздың қазакдаласындағы әсері және қоқан экспансилсынын карсы вдеялыкәрекеті (ТемірдіңТоктамысхаңды бағындыра аямағаны жалпы жұртқа мәлім факт екенің, сондай-ақ хаттын мазмұны Қоқанның сарай жанындағы шежірешісінің біржақты айтуы бойынша жеткенің ескергенде) сында бейне тапқан болуы мүмкін. Қалай болғанмен де, Нұралы төре қоқан сарайында құрметпен қабылданып, әкесі үшін қорғау грамотасын алды.

Қоқандықтардың Түркістанды алу кезін анықтау жөніндегі мәліметтер әр түрлі. 1813—14 жылдары Қоқанда болып қайтқан Назаровтың айтуынша,бұл 1814 жьшы; барон Е.К. Мңддендорфтың пайымдауы бойынша 1815 жылы болған. Бірақ қоқан шежірешісі басқа уақытқа келтіреді, ол: 9 джумади 1231 (1816жылғы7сәуір).

Түркістанды алу үшін ресми далел Омар ханның аксүйектерімен бірге Қожа Ахмет Йасауидің кесенесіне тәуап етуге деген тақуалық тілегі болды. Хан әскерімен Ташкенттен шығып, Сайрамға келді және Түркістанды басып алуға аруактардан медет сұрау үшін жергілікті шайхылардың қабірлеріне соқты. Содан соң ол Түркістанға Ташкенттегі хакім Раджаб күшбеги Бадахшидің бастауымен 1000 адамнан тұратын тандаулы жасак жіберді. Жасаққа сондай-ақ Хушвакт кұсбегі йуз, Қарахан руынан Ханқожа мирасад, Лутфаллах Чуст руынан Төрехан мирасая, Мұхаммед Шәріп аталық және басқалар кірді. Атпен үш күн жеделдете жүріп отырып, қоқандықтартаң қылаң бергенге дейін Түркістанға жауынгерлерді алдын ала асықтырып жасырын жақындады. Бекініске білдірмей жетіп, бір-бірінің үстіне шығу арқылы дуалға көтеріліп, қақпашыны өлтірді. Асадбеги қожа есікті ашып, жасақ калаға лап койды. Қоқан сарайының жанынлағы шежірешінің арсыздыкпен ескерткеніндей, ханақаның (дәруіштер мекені) есігі алдында кездейсоқта софыға кездесіп қалып, шу кетермеуі үшін оны да өлтіруге тура келген.

Шабуыл түркістандыктарды қапы қалдырды. Сол кезге қарай олардың билеушісі Тоқай төре Бұхара әмірі Хайдар жіберген Ибраһим қожаның атты қолымен толыктырылған еді. Алайда тұткиылдан жасалған шабуыл үрей туғызды. Тоқай төре мен Ибраһим қожа кашып құтылды. Түркістан алынып, тонауға түсті. Омар хан бағынған калаға келіп, кесенеге мінәжат етті. Мұнда баскаруға ата-бабасынан Қоқан сарайының маңында болған Шайһы-Бадал-мырза датқа тағайышщдды.

Бұл окиғаларды суреттеген кезде қоқандық авторлар Йасауидін кесенесіне әмір Темір орнаткан «керемет» казанға да назар аудармай өтпеген. Оның ғажай-ып ерекшелігі құрбандыққа кой әкелген адам оны қазанға салып, шын ықыласымен тілек тілесе, тілегіне сәйкес кой санына қарамай-ақ қазан толатын бол-ған. Дешті Кыпшактың «үлкен адамдарының» бірі казанға 500 койдың етін салыпты, ол сонда да толмапты, ал басқа бір адам оны 5 коймен толтырыпты-мыс. Омар хан қазанды 70 коймен толтырыпты. Түркістанды жаулап алуға Қоқанда зор мән берілгені сонша, онда қайтып барғаннан кейін хан өзін «әмір әл-муслимнн» — «діндарлзрдыңәміршісі» деген кұрметті атақпен (лақап) атауға бұйрық берген. Стамбулға, өзлауазымымен бірге діндарлардың халифы болып саналатын түрік сұлтанына ханның Түркістанның бағындырылғаны туралы хаты беріліп, Қоқаннан Қажы Мир-Құрбанның елшілігі жіберілді. Алайда Қоқанның соңғы ресми хроникасының авторы Молда Нияз-Мұхаммед кейініректе Түркістанның шынуы жөнінде ащы мысқылмен: ұрлық әдісімен басып алынған уәлаят түптің түбінде адалдық көрсетпейді, — деп атап өткен.

Түркістанның алынуы кокан-бүхара бақталастығын шиеленістірді. Түркістаннан кашкан Тоқай төре Бұхарадан баспана тапты. Оның өтінішіне көнген әмір Хайдар Бұхараға қарасты иеліктерден Тоқайдың соғысқа жарамды қазақтарды жинауына рұқсат етті. Өзінің әртекті қолын жасақтап алған Тоқай Созаққа келіп, сонда орнықты да, сонан соң Түркістанды қоршады. Коқандықтар оған карсы Ташкенттен 300 тандаулы атты әскермен Базар баһадүр йузді жіберді. Ташкентпен Созақ арасындағы қашықтықты үш күн ішінде жүріп өтіп, қоқандықтар Созаққа жақындап келді, сонан соң Кдза шатқалына бет алып, Тоқайға көмектескен 1000 қазақ отбасынан тұратын ауылға шабуыл жасап, оларды қашып кұтылуға мәжбүр етті, көп олжа мен тұтқындарды қолға түсірді. Түңде Тоқай Созақты тастап қашты.

Оның бұдан кейінгі әрекеттері де сәтсіз болды. Сол кезде қоқандықтар

Пішағар бекінісіне (Ұратөбеден батысырақта) жақын жерде Бұхара әмірлігімен шекарағатонаушылық шабуылдар жасады. Олар Тоқай төренін әмір Хайдарға жіберген жаушысын қолға түсірді. Бұл Тоқайдың әрекеттерін тыю үшін Түркістан ауданына бірнеше жасақ жіберуге мәжбүр етті. Жасақтарды сол кезде – ак белгілі болған Хушвакт парванашы, Төрехан мырза және Бакауыл бегі баскарды. Қазақдаласы тағы да күйзеліске ұшырады. Тоқай ханның «қасиетті Бұхарадағы» одан кейінгі тағдыры кайғылы болып тынды. 1827 жылы маркұм әмірдің балалары арасындағы билік үшін күреске араласкан ол сәтсіздікке ұшыраған жакты жақтап шайқасып, әмір Насраллах (1806—1860 жылдың күзі; билік қүрған жылдары 1827—1860) билікке келген соң өлтірілі.

Қоқандықтарға қарсы басқа бір ірі бой керсетуді Шыңғыс ұрпағы Тентек төре ұйымдастырды. Көтеріліске шыккан саны 12 мынға жуықадам Сайрам-ға, ескі бекініске шоғырланды. Омар хан көтерілісті басу міндетін өзінің уәзірі және туысы Әбілкасым аталыкка жүктеді. Бұған сондай-ақ Хушвакт құсбегі, Лашкар кұсбегі (ол туралы төменіректен караныз), Мұхаммед Шәріп парванашы, Ханқожа мир-асад және баска да тәжірибелі әскербасылар тартылды. Көтеріліске шыккандар бетпе-бет шайкаста талқандалып, шегінді де, екі жа-сакка бөлінді. Бірі Сайрамдағыдан неғұрлым мықты Шымкентбекінісінета-ғылды. Екіншісі Сайрам бекінісін қорғай бастады. Қоқандықтар Шымкентті қоршауға алды, онда қазақтарды Рүстем басқарды. Кескілескен қоршаудан және қазақтардың түн жамылып жасаған шабуылы сәтсіздікке ұшырағаннан кейін Шымкент апынды. Сонан соң Қокан әскерлерінің кызыл және ақтулары Сайрамда да көтерілді. Оны қоршау кезінде кокандыктар зеңбірек пен мылтыкты кенінен колданды. Коршаудағылардың күш пен кзражаты сарқылғаннан кейін Тентек төре берілуге, Қоқанға жыл сайын баж (жол үшін теленетін алым) және зекет төлеп тұруға келісіп, Омар ханның сарайына өзінің ұлынансый сыяпат жіберуге мәжбүр болды.

Көтеріліс басындағылардын негізгі малшылар бұқарасы арасында беделінін жеткіліксіз болуы, бой көрсетулердің бытыраңкылығы, іс-кимылдын үйлесімсіздігі және көтеріліске шыккандар катарында бірлік болмауы, Бұха-раныңкемегінесүйену әрекеттері(осыныңөзі-актайпаластарыныңбұкара-сына қозғалыс басшылары ықпалыньгң әлсіз болғанын көрсетеді), акырьшда, рулык-тайпалык жасактарға күресте оқататын кол мылтығымен және артил-лериямен каруланған «жаңа әскер» мен атты әскердің іс-кимылын ұштастыр-ған кокандыктардың әскери басымдығы — осынын бәрі Қазакстандағы қоқандықтарға қарсы бой көрсетулерінің сәтсіздікке ұшырауына себеп болды. Қозғалыстарды Шыңғыс ұрпақтары — сұлтандардын басқару фактісі оған қатысушылар идеологиясының Шынғысхан енгізген Дешті Кыпшақтағы Жошы ұрпақтарының хан билігі институтының 600 жылдық дәстурін қорғаған ескі салт пен көненін көзін көксегенін дәлелдейді.

Оңтүстік Қазақстанда қоқандықтар үстемдік еткен дәуірді шартты түрде екі кезенге бөлуге болады. Біріншісі жаулап алудың басталуынан {1810) 1840 жылдардын басына дейінгі уақытты қамтиды және Қоқан хандығының гүлдену дәуіріне тұстас келеді. 1841—42 жылдарда оның терең әлеуметтік-саяси дағдарыс (осы біртақырап қалған мемлекеттің 1876 жылы құлауына әкеп соққан) кезеніне аяк басуымен Қазақстанның онтүстігі үшін сынастар мен сілкіністердің жаңа кезеңі басталып, ол 1865 жылы Ташкентті орыс әскерлерінің алуымен және бүкіл осы аймақтың Ресей империясының билігіне көнуімен аяқталды.

Бірінші кезең Қоқанның Қазақстан мен көршілес Қырғызстанда аумақтарды басып алуының барынша етек алуымен, жаулап алынған жерлерде өкімшілік бақылау орнатуымен сипатталады. Бұл саясатты жүргізуде Омар ханның жеке құлы, Читрилде туған, 1816 жылдан 1841 жылғадейін (азын-аулақ үзілістермен) Ташкенттен қазақ даласын басқарған, кұс беті деген де атағы бар Лашкар беклербегі (Гулам шах деген де сол) зор рөл атқарды. Соның, бастамасымен Сыр өңірі аудандарында Ақмешіт, Шолақ (Қазақлы Жүлек), Созақ бекіністері салынды. Өзбек тарихшысы Ю. А. Соколовтың деректері бойынша, Қазакстан мен Қырғызстанда қоқан бекіністерін салудың хронологиясы мынадай: «1813 ж. — Бұхараның бұрынғы Жанғы бекінісі, Сырдарияның сол жағасында, Қуандария өзенінің бас жағына жақын; 1815 ж. — ол Сырдарияның оң жағасына кешірілді және, сірә, Акмешіт атауын сол кезде алса керек; 1814 ж. — Шолаққорған (Қаратаудың солтүстік беткейінде орналаскан); 1815— 1820 жылдары — Сырдарияның оң жағалауындағы Күмісқорған, Жаңакорған, Жүлек, ал Сарысудың оңтүстік ағысында — Жаманқорған; 1821 ж. — Талас өзенінде Әулиеата; Кырғызстанның солтүстігіндегі Нарын өзенінде Кетпентөбе; 1822 ж. — оңтүстік-шығыс Қырғызстандағы Куршаба өзенінде (Гульгиге жақын) Қызылқорған, Алай алқабында (онтүстік Кырғызстан) Дарауытқорған; 1825 ж. — солтүстік Қырғызстанда Шу өзенінің бойында қырғыз жотасына жақын жердегі бекіністер: Мерке, Пішпек, Тоқмақ., Атбашы; 1830 ж. — Тянь-Шаньдағы Сонкел көлі ауданындағы Жунгал; 1830—32 ж. — Нарын өзеніндегі, ағысы бойынша Кетпен төбеден жоғарырақта Кұртқа». Бұл тізбеге батыстағы ең шеткі форпост болған, Акмешіттен 160 шақырым жерде орналаскан Күмісқорғанды, сондай-ак Жаңакор-ған бекінісін қосуға болады. Бұған коса, Шудың жағасында, оған Карағаты өзенінің күйылысынан жоғарырақта Иткешу бекінісі орналасты. Сонымен кокан билігі Қазақстанда Хиуа шекаралықбекетгерімен жанасуға дейін жетіп, батысына да (Жетісуға жетіп), шығысына да таралды.

Оңтүстік Казақстанға Қокан билеушілері ғана емес, сонымен қатар олар мен бақталас болған Бұхара және Хиуа феодалдары қызығушылық көрсетті.

 Жоғарыда айтылған оқиғалардан көрініп отырғанындай, Қазақстанның. Сыр өңірі аудандарында Бұхара әмірлері қоқан хандарына әлсіз қарсылас болды. Мәселе мынада: географиялык жағынан Бұхара Орта Азия мемлекеттері арасында өзекті жағдай алды, оның, күштері неғұрлым «келешегі зор» басқа бағыттарға үнемі тартылып отырды. Сондыктан Қазақстанның оңтүстігінде белсенді саясат жүргізуге мүмкіндігі шектеулі болған бұхара билеушілері өздерінін Қоқан мен Хиуаға қарсы күрестегі табиғи одақтастары ретінде қазақ сұлтандарына ара тұра қолдау көрсетіп отыруды жөн көрді.

Кейбір деректер Бұхараның қазақ даласына экспансиясының ерекшеліктерін ашып береді. Бұхараның «Тарихи Әмір Хайдар» деген хроникасында XIX ғасыр-дынбасындаТүркістанды иеленген қазақ сұлтандары Ибраһим сұлтан мен Қасым сұлтанның кезінде Бұхара әмірі Шах Мұраттың (1785-1800 жылдары билік еткен) мұриттері болғанына емеурін жасалған, мистикаға кызығушылық танытқан Шах Мұрат құрметтеушілер сол үшін оны Шахи масум («Күнәсіз шах») деп атаған еді. Оның баласы және мирасқоры Әмір Хайдар (1800—1826) кезінен оның қазақ билеушісі Харун Ғазиханға (Арынғазы да сол, төменіректен қараңыз) түркі тіліндегі хаты жеткен, онда әмірдің оған Шир Ғазы ханмен бірге «шәкелерінің орнында тұтас бір нәрсенің екі жартысы» сияқты билік етсін деген тілекпен хан атағын бергені және «[әмірдің] рақымды қолы оларды басынан сипап отыратыны» көрсетіледі. Әмір Хайдар басқа бір хатында қазақтар мен қарақалпақтардың билері мен ақсақалдарына сөзін арнап, оларға Мырза Мұхаммед Жүсіп пен оның серіктеріне, олар әмірдің Түркия мен Ресейге елшілері болғандықтан, кедергі жасамауды тапсырады.

1818 жылы Әбдікәрім Бұхари қазақтардың кеше жүріп, үлкен қашықтыктарға баратынын атап өтті, мәселен, олар көктемде орыс шекараларына жа-кындайды, ал кыста Хиуа, Бұхара және Түркістан шектерінде пайда болады: шекті және төртқара бірлестіктері (Кіші жүз), сондай-ақ оқ, қырық мылтық, бозашы шоудар (түрікмендер текті топтар) мен қарақалпақтар Үргеніш төңірегіне тоқтайды, ал шөмекей, қойыт, жаппас, жағалбайлы (Кіші жүз), кыпшақтар (Орта жүз) мен қарақалпақтар Ташкент, Бұхара және Самаркан теңірегінде қыстайды; акырында, қоңырат, үйсін (хушин) тамалар Ташкент Қоқан шектеріне Әндіжан мен Наманғанға дейін жетеді. XIX ғасырдың ең басында шекті және төрт қара руларын — Шерғазы сұлтан, шемекей, жаппас рулары мен қарақалпақтарды – Бөлекей сұлтан (1808/9 жылы өлген), Орта жүздің коңырат, сондай-ақ тама және үйсін руларын — Кұдайменді сұлтан, ат қырғыздарды және Іле бойы мен Қытайдағы Аксу аудандарында көшіп жүргендерді Қобыз сұлтан баскарған. Тұтас алғанда, Бұхара билеушілері Қызылқұм ауданын және Шардара бекінісінен (1866 жылы орыс әскерлері кираткан), Бұхараның ең солтүстіктегі уәлаятының және өзбектердің бүркіт тайпасының ежелгі иелігінің орталығы Нұратадан Сырдарияның сол жағасындағы учаскені азды-көпті бақылауда ұстаған.

Хиуа хандығы Хорезм жазирасы мен оған жапсарлас аудандарды иелене отырып, қазақтармен ежелден тығыз байланыстар жасады. Шынғыс құқығы бойынша Хорезм Жошы ұлысынын бір бөлігі болғандықтан, XVIII ғасыр бойында Хиуа тағында Кіші жүзден шыққан толып жатқан қазақ хандары алмасты (көбінесе — аты ғана), ал XVIII ғасырдың аяғында билік басына өзбектердің қоңырат бірлестігінің, үстем тобы келді, олардың басшысы Елтүзер (1804— 1806) қоңыраттардың тегін Шынғыс-хан әулетімен жақындастыратын аңыз негізінде хан атағын алды. Әр түрлі түрікмен, өзбек және қарақалпақ құрылымдарының, арасында өз билігін нығайтумен айналысқан Хиуа билеушілері 1811 жылға дейін Сырдарияның төменгі ағысының қазақ феодалдарын өз ырқына көндіруге бата алмады.

Ал қазақ қауымдарының арасында бірлік болмады: әрбір ірі ру тобының өз ханы болды және олар дербес саясат жүргізді. Шөмекей тобының басшысы Ералы ханның баласы Сұлтан Темір хан болды. 1809 жылы ол 1500 адаммен тенге-қытай және кыпшақ кауымдарына шапқыншылық жасады, бірақ тойтарыс тапты. Шекті руының «падишахы» Қайып ханның баласы Әбді әзіз хан болды, ол 1810 жылы сары қытай руының керуенің тонады. Әбдіәзіз ханның інісі Шерғазы хантөрт каратайпасын басқарды. Табын тайпасы 1811 жылы Нұралыханның баласы Қаратайханның билігін таныды. Қазақ билеушшерінің қарақалпақ билерімен қатынастары ерекше шиеленісті болды. Бұл руаралық күреске Хиуа билеушілері араласып отырды.

1811/12 жылдың қысында Хиуа ханы Мұхаммед Рахим (1776—1825; 1806—1825 жылдары билік еткен) Сұлтан Темір ханға елшілік жіберіп, бағынуың, тұтқын Хиуа бодандарының бәрін беруді және Хорезмнен, Йауараннахрдан және Ресейден шыққан керуенді тонауын тоқтатуды талап етті.-Хиуа ханы өзі қарақалпақтарды Жаңадариядан көшіргеннен кейін бұл ауданды қазақтардың алып қоюына да наразы болатын, өйткені Хиуа ханы оны өзінің иелігі деп санайтын. Қазақтар жалтарма жауап қайтарып, Хиуа билеушісінің билігін Орта жүз таныса, оны тануға уәде берді. Бұл жауапқа қанағаттанбаған Хиуа ханы қазақ елшілерін зынданғатастауға бұйырды да, өзбек, түрікмен (жәуміт, шаудыр) және қарақалпак құрамаларынан әскер жинап алып, 1812 жылғы қаңтардың аяғында жазды гүні Еділ мен Жайық өзені шектеріне дейін көшіп барып, қысты Сырдария мен Қуандария жағалауында еткізетін қалың жатқан шөмекей руына өзі бастап жорыққа шықты.

Хиуа әскері Қақпа сексеуіл және Ақабан тақыр даласы арқылы жүріп, қақаған суыққа қарамастан, Жаңадариядан мұз үстінен өтіп, Хасан қалаға соқпай, қазақ қоныстарына шабуыл жасады. Жаудың жақындағаны туралы кеш хабарланған қазақтар көшіп үлгірмеді де, олар талапайға түсті. Сұлтан Темір хан қашып құтылғанымен, хиуалықтар мол олжаны: 100 мыннан астам қойды, 40 мыңнан астам түйені және 500 қыз-келіншекті қолға түсірді. 1812 жылы Мұхаммед Рахим ханның ордасына Сұлтан Темір ханның елшілері оған бағынуды талап еткен хат әкелді. Хиуаханы қазақтардан Хиуа иеліктерінде қолға түсірілген барлық тұтқындарды қайтарып беруді талап етіп, сол жағдайда қазақ тұтқындарын қайтаруға уәде етті.

1815 жылдың ақпанында Хиуа ханы қазақтың шекті руын шабуға кият Сүйін би, маңғыт Досым би және Ілияс шиғауыл бастаған 5 мын жауынгер жіберді. Шектілердің басшылары Әбдіәзіз хан мен Жаназар би Сырдарияның арғы бетіне қашып құтылды. Хиуалықтар өз астанасына мол олжамен оралды. Бұл үшін Хиуа ханы Сүйін биге мол сый тартты.

1816жылдыңкарашасында хиуалықтардың қазақтарға жана шапкыншылығы жасалды. 200 қазақ қарақалпақтарға шабуыл жасағаннан кейін (1816 жылғы желтоксанда) Мүхаммед Рахим хан Әбдіәзіз ханның баласы Арынғазы ханға бағынатын шекті руларына Сүйін биді, Досым би мен Ілияс шиға-уылды тағы жіберді. Жорықкд жәуміттер, шаудырлар жөне қарақалпақтар қатысты. Жорық кезінде шабуыл жасаушылар жағынан 20 адам, қазақтар жағынан 2 мың адам өлді, ал қазақтың 700 қыз-келіншектері тұткынға алынды. Арынғазы хан калың ну тоғай арасына жасырынып құтылды.

Осы қарақшылық шабуылдардан кейін қазақ сұлтандарыныңбір бөлігі Хиуа билеушісінің үстемдігін мойындады. 1819 жылдын наурызында Арынғазының немере ағасы Шерғазы хан Мұхаммед Рахим ханға өзінің қызын берді. Сол кезде,

1819 жылғы 21 қарашада соңғысы Шергазы ханның баласы Жанғазы төрені қазақтардың, ханы етіп бекітті. Әкесі мен баласының қолдауына сүйенген Хиуа ханы 1820 және 1821 жылдары олардың дұшпаны Арынғазыға (оны Бұхара әмірі Хайдардың қолдағаны мәлім) екі рет шабуыл жасады. Осы баяндалғандардан қазақ сұлтандарының өзара қырқысқан араздығы Хиуа мен Бұхаранын қазақдаласына ықпал жасау үшін бақталастығымен ұштасып кеткенін аңғаруға болады. Хиуа билеушілері өз саясатында руаралық араздық пен өштікті шебер пайдаланды және бір руды екіншісіне айдап салып, өз үстемдігін жүзеге асырды. Хиуалықтар өздерінің қоныс тебуін нығайту үшін Сырдарияның төменгі ағысың да бірнеше бекіністер салды немесе ескілерін қалпына келтірді. Олардың ең белгілісі – Сырдария атырауы тармақтары бастауының біріндегі бұрынғы бекіністің, кираған жұртына салынған Жанкат (1840 жылдарда бұл бекініс оның сонғы хиуалық комендантыныңаты бойынша Кожанияз ретінде, ал одан да кейініректе Ресеймен сауда жасаған бір керуенбасының аты бойынша Райым бекінісі ретінде белгілі). Алайда Хиуа Қазақстанда Қоқан мен шындап бәсекелесе алмады, ол Қоқаннан да, Бұхарадан да едәуір әлсіз және ез әдеуеті жөнінен де, халқының саны жөнінде де олардан төмен болатын, XIX ғасырдың орта шенінде Хиуа хандығы Бұхара әмірлігінен 2,5-3 есе аз және Қоқан хандығынан 3-3,5 есе аз еді. Сондықтан Хиуаның ұлтарапық қайшылықтарға суйеніп тең ұстау саясатын Арал өңірі қазақтарың бақылаудың едәуір дәрежеде әлсіз болуының көрінісі деп қарастыруға болады. Қоқан билеушілері Оңтүстік Қазақстанда тікелей әкімшілік басқаруды енгізуге тырысып жатқан кезде Хиуа хандары қазақ сұлтандары мен хандары институтың қазақтар жөніндегі өз саясатының басты құралы ретінде пайдалануың жалғастыра берді.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!