ХХ ғасырдың бас кезіндегі 1905 – 1907 жылдардағы орыс революциясына дейінгі және кйінгі қоғамда қалыптасқан саяси идеялар

  • Россия тарихында бірінші орыс революцияциясының  өте  ерекше маңызы  болды. Жұмысшы табы мен  шаруалар үш жыл (1905—1907)  ішінде саяси тәрбиенің бай мектебінен өткенді сонша, тіпті мұндай мектепті олар бейбіт дамудың ондаған жылдарында да өте алмас еді. Революция барлық таптарды қимыл үстінде көрсетті, олардың талабының сырын ашты, олардың ел әміріндегі ролі мен маңызын айқындап берді. Революция патша өкіметі — елдің барлық халықтарының қас жауы екеніне, либералдық буржуазия патша өкіметімен ауыз жаласуға баратынына, оның контрреволюциялық күш екеніне бұқараның көзін жеткізді.

Пролетариаттың жетекшілік ролі осы жылдары анық көрінді, ол миллиондаған шаруалардың күресін бастап, буржуазиялық-демократиялық революцияның гегемоны ретінде тарихта тұңғыш рет бой көрсетті. Қобалжып ауытқуларына қарамастан еңбекші шаруалар пролетариаттың революциядағы шынайы одақтасы болды. Бұл одақ стихиялы, пісіп-жетпеген болса да, самодержавиені ойсыратқан басты күш осы пролетариат пен шаруалар. Орыс пролетариатын өзінің басшысы деп санаған елдегі барлық ұлттардың еңбекші бұқарасы революцияның белсенді күшіне айналды. 1905—1907 жылдардағы революция империализм дәуіріндегі тұңғыш буржуазиялық-демократиялық, халықтық революция болды; жұмысшылар мен шаруалардың белсене атсалысуы революцияның құлашты кең, жаюының, жауынгер сипатының бірден-бір белгісі болды.

1905—1907 жылдардағы революция күрес тәсілі жағынан пролетарлық революция болды. Қарулы көтеріліске ұласқан бұқаралық саяси стачка сияқты күрестің күшті құралы тарихта бірінші рет өте зор көлемде қолданылды. Декабрь ұрыстары пролетариаттың қолына күшті құралды — баррикадалық жаңа тактиканы берді. Пролетариат партиясы күрестің сан салалы түрлері мен құралдарын — соғыс құралдарын да, бейбіт, жария құралдарды да игерді, революцияның әр кезеңінде солардың ең бастыларын саралап алға тартуда, пайдалануда зор тәжірибеге ие болды.

1905 жылы жұмысшы бұқарасы тарихта тұңғыш рет өзінің Советтерін құрды, олар пролетариат пен шаруалардың революцияшыл демократиялық диктатурасының ұйтқы органы, қарулы көтерілістің органы болды.

Революция кезінде таптар мен партиялардың барлық программалық және тактикалық ережелері бұқараның іс-қимылы арқылы сыналды. Бірінші орыс революциясының халық бұқарасына үлкен ықпал жасағаны, пролетариат пен шаруаларды зор саяси, ұйымдастыру тәжірибесімен қаруландырып, олардың азаттық алу жолындағы ілгергі күресін жеңілдеткені, міне, осыдан. Большевиктер партиясы пролетариат ісіне қалтқысыз берілген, революцияның қандай жауларымен болса да, оппортунизммен, ымырашылдықпен күресте ақырына дейін айнымайтын бірден-бір революцияшыл партия екеніне жұмысшы табының өз тәжірибесінен көзі жетті. 1905—1907 жылдардағы революция социалистік революцияны дайындау жолында зор тарихи роль атқарды. В. И. Ленин бертін келе: «1905 жылғы» бас репетиция болмаса, 1917 жылғы Октябрь революциясының жеңуі де мүмкіні болмас еді» деп жазды. Россиядағы револю Шығыста және Европада революциялық қозғалыстың дамуы үшін 1905 жылғы орыс революциясының елеулі маңызы болды.  Орыс  революциясының  тікелей әсерімен Германияда, Францияда, Австрия-Венгрияда, Болгарияда, Италияда, АҚШ-та жұмысшы қозғалысы күшейе түсті. Халықаралық социал-демократия мен жұмысшы қозғалысының аса көрнекті қайраткерлері Францияда — П. Лафарг, Германияда — А. Бебель, Қ. Цеткин, Ф. Меринг, К- Либкнехт, Р. Люксембург, АҚШ-та— У. Хейвуд, Болгарияда — тар («тесняк») социалистер партиясының көсемдері Д. Благоев, В. Коларов және басқалары орыс революңиясын қызу құттықтады.

1905—1907 жылдардағы революция жұмысшы қозғалысындағы революциялық және оппортунистік бағыттардың ымыраға келмейтіндігін бұрьшғыдан да айқындап, ашып берді, буржуазиялық реформизмді аластау процесін тездете түсті, сөйтіп, Россия жұмысшы табын халықаралық жұмысшы қозғалысының басына қойды. Орыс революциясы халықаралық жұмысшы қозғалысының орталығы Россияға ауысқанын бүкіл әлемге әйгіледі.

Орыс тәжірибесі Қытай революциясының дамуына терең ықпал жасады, ол 1911 жылы Қытай республикасының құрылуымен аяқталды. Орыс революциясының ықпалымен Персияда (1905—1911) және Түркияда (1908) революциялар өрістеді. Ұлт-азаттық қозғалысы Афганстанды және Таяу Шығыстағы арап халықтарын қамтыды. Отаршылдық пен феодальдық қанауға қарсы Индия, Индонезия, Египет және империалистік державалардың басқа да отарларының халықтары күреске шықты. Бірінші орыс революциясының ықпалымен отар және тәуелді елдерде ұлт-азаттық қозғалысының өрлеуі дүние жүзілік империалистік системаның жаппай дағдарысының толғағы жетіп келе жатқанының қаһарлы айғағы болды

1907 жылғы жазда реводюция біржолата басылып тасталынды да, елдің тарихына реакцияға дем берушілердің бастыларының бірі — ішкі істер министрі және Министрлер советінің председателі П. А. Столыпиннің атымен аталып, столыпиндік реакция дәуірі деген атпен енген жылдар басталды.

В. Г. Қороленконың қанатты сөзімен айтқанда, өлім жазасы «дағдылы құбылысқа» айналды. Өлім жазасына үкім етілмегендердің көбі каторга мен түрмелерде каза тапты. Ел әдеттегі тәртіппен басқарылмай, 1881 жылғы 14 августағы «Мемлекет қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығын қорғау шаралары туралы Ереже» негізінде төтенше тәртіппен басқарылды. (VIII тарауды қараңыз.) Басты соққы жұмысшы табы мен оның партиясына қарсы бағытталды. Большевиктік ұйымдар аяусыз талқандалды. Революцияшыл социал-демократияның көрнекті қайраткерлерінің бәрі түгелдей дерлік не шетелге (эмиграцияға) кеткен, не түрмеге түсіп қалған болып шықты. Партия ауыр дағдарысты басынан кешіріп, ұйымдармен байланысы үзілген, үздіксіз сәтсіздікке ұшыраған, қаржысыз қалған жағдайларда күрес жүргізуге мәжбүр болды. Солай бола тұрса да большевиктер  ұйымдығы мен тәртібін мүмкіндігінше толық сақтап, бұл дағдарыстан мейлінше аз шығынмен  шыға  білді.

Ал ұсақ буржуазиялық партиялар жұмысы әбден құлап, берекесі қашқан күйде болып шықты, олар жеке-жеке топтар мен ағымдарға бөлініп кетті. Полицнияның қудалау соққысынан және өнеркәсіп депрессиясы жағдайында стачка козғалысы шұғыл төмендеп кетті, 1910 ж. стачка жасаушылардың саны 46 мыңға дейін азайды, соның өзінде стачкалар көбінесе қорғаныс сипатта болып отырды, өйткені капиталистер жұмысшылардың 1905 жылғы жеңіп алған табыстарын тартып алмақшы боп, барлық жерде шабуыл жасады. Помещиктер мен әкімдерге қарсы революцияшыл қимылға белсене қатысқан «аграрниктерді» жазалап, қамауға алудан әлсіреп қалған шаруалар ауыр күндерді бастарынан көшіруде еді.

1906 жылдан 1912 жылға дейін 600-ден астам кәсіпшілер одақтары жабылды және, шамалап айтқанда, кәсіподақтарды тіркеуге рұқсат берілмеді. Қысқа мерзім ішінде мыңға жуық газеттер мен журналдар жойылып кетті. Қара жүздік «Орыс халқы одағы» мен «Михаил Архангел одағы» ұйымдары революционерлерді ұрып-соғып, өлтірумен болды, прогресшіл қайраткерлердің қыр соңына түсті, үрейлендіру, қудалау орнатты. Олардың барлық әрекеті үкімет қаржысының есебінен жүргізілді және мүлдем жазалаусыз қалып отырды. Патшаның өзі өзінің және мүрагерінің кеудесіне «Орыс халқы одағының» значогын қадап, одақтың басшысы доктор А. И. Дубровинге құттықтау телеграмма жолдады.Торыққандардың қаламынан туған әдебиет кең таратылды. Мұндай жазушылардың тақырыбы өзін-өзі өлтірушілік, опасыздық, азғындық, сатқындық болды. Көптеген жазушылар — Арцыбашев, Игорь Северянин, Вербицкая және басқалары — қоғамдық мұраттарды қорлады, сенімсіздік пен түңілушіліктің ұрығын септі. Осы уланған идеялар бәрінен бұрын жастарға  қатты зиян келтірді.