ХІХ ғасырдың 90 жылдарындағы сациал демократиялық идеялар (Ленин, Мартов, Стасова, Засульич)

90-жылдардың    бас    кезінде   қоғамдық сындағы қоғамдық     қозғалыс жандана бастады. Бұған ең бірінші  себеп  болған—1891  жылы  Поволжьеде және басқа да жерлерде егіннің шықпай қалуынан туған бұрын бұл жерлерде болып  көрмеген  ашаршылық, ал онан соң Поволжьедегі қалалар мен Россияның оңтүстігін екі жыл қатарынан жайлаған оба. Қоғамдық  ерлеуге қатысқан негізгі күш жергілікті земстволық және қалалық демократияшыл интеллигенция, әсіресе студент жастар болды.

Революцияшыл жастардың таңдаулылары аштық пен обадан қырылып жатқан шаруалар мен қала кедейлеріне көмектесіп қана қоймай, сонымен бірге үйірмелерде халықтық тартып отырған қасіретінің себептері, елдің бүкіл қоғамдық және саяси құрылысының іріп-шіруі, елдің болашағы туралы мәселені бұрынғыдан да күшті талқылайтын болды.

Россиядағы тұңғыш маевкаларда алдынғы қатарлы жұмысшылардың сөйлеген саяси сөздері, жалпы білім беретін әр қилы кешкі және жексенбілік курстарда оқитын студент жігіттер мен қыздардың жұмысшылармен сабақ өткізуінің жиілеуі қоғамдық ерлеудің құрамды бөлегі болды. Петербургте, Москвада, Нижний Новгородта және басқа да қалаларда саяси қызметі үшін жазалаудан аман құтылған, бұрын социал-демократиялық үйірмелерге қатысқан адамдар өз қызметін қайта бастады. Маркстік жаңа үйірмелер құрылып жатты.

Маркстіқ ой-пікірдің жедел өрістеуі, оның жаңадан ерлеуі 90-жылдардың бас кезіндегі қоғамдық қозғалыстың жандануының тікелей нәтижесі еді. Бұл өрлеу саяси аренаға кемеңгер ойшыл және пролетариаттың көсемі, революциялық теорияға жаңадан аса зор үлес қосып, нәр берген, маркстік ілімді ілгері дамытқан В. И. Лениннің шығуымен тікелей   байланысты.

Петербургке келісімен В. И. Ленин «ақ-сақалдар» үйірмесі  деп аталған 1892 жылғы күздің    өзінде-ақ    құрылған, маркстік үйірмеге кірді, оның «ақсақалдар» үйірмесі деп аталған себебі: оны ұйымдастырған С. И. Радченко мен Г. Б. Красин бұған дейін М. И. Брусневтің тобына қатысқан болатын. Бұларға технолог студенттер Г. М. Кржижановский, В. В. Старков, А. А. Ванеев, П. К. Запорожец, университет студенті М. А. Сильвин және басқалар келіп қосылды. Бұл топқа қатысқандардың бір ерекшелігі — бұлардың маркстік даярлығы біраз жоғары еді. Бірақ іс жүзінде бұл топтың пролетарлық қозғалыспен байланысы нашар болатын.

«Ақсақалдар» тобына Лениннің кіруі оның бейнесін өзгертіп жіберді, топтың жұмысына бірден жаңа, тың тыныс қосты. Замандастарының айтуына қарағанда Ленин сол жылдардың өзінде-ақ өзінің жан-жақты білімділігімен, Марксті ерекше терең білетіндігімен, марксизмді сол кездегі орыс болмысына қолдана білуімен, аса зор ұйымдастырғыш талаптымен және жұмысшы табының жеңісіне кәміл сенетіндігімен айрықша көзге түскен.

«1893 жылғы күзде заводтағы жазғы тәжірибе жұмысынан келгенімде,— деп еске алады Кржижановский,—мен өзімнің үйірмемде түгел бір ерекше серпіліс пайда болғанын көрдім, мұның бірден-бір себебі — Волга жағалауынан келген біздің жаңа досымыз Владимир Ульянов аз уақыттың ішінде-ақ біздің  ұйымнан орын алыпты бізді   оның Маркс қаруын ғажап қолдана білетіндігі, елдің экономикалық жағдайына статистикалық  жинақтардағы  дәлме — дәл деректер  бойынша адам таң қаларлықтай тамаша қанықтығы сүйсіндіретін».

1893—1894 жылғы қыс бойы Ленин және  «ақсақалдар» тобындағы адамдар Петербургтің заводтары мен фабрикаларында алдыңғы қатарлы пролетарийлермен берік байланыс орнатты. Ленин Нева заставасы сыртындағы, Петербург жақтағы және Васильев аралындағы  жұмысшы үйірмелерін басқарып  бастады. Үйірмелерде Ленин саяси экономиядан сабақ жүргізіп, жұмысшыларға К. Маркстің «Капиталын» түсіндірді

Лениннің  үйірмесіне қатысқан жұмысшы, бертін келе ірі партия қызметкері болған И. В. Бабушкин өзінің естеліктерінде Ленин үйірмесінде сабақтардың қалай өтетінін былай деп айтушы еді: «Лектор бұл ғылымды бізге ешбір дәптерсіз, өз сөзімен  баяндайтын, жиі-жиі бізден не қарсы пікір туғызуға, не бізді айтысқа түсіруге тырысатын. Сөйтіп, біздің лекцияларымыз аса көңілді, қызықты болып өтетін. Біз бәріміз де бұл лекцияларға риза болып, лекторымыздың ақыл-парасатына әрдәйім қайран қалатынбыз. Үйірме мүшелерін өз бетімен жұмыс істеуге баулу үшін Ленин оларға сұрақтар жазам листоктар үлестіреді екен, оған жауап беру үшін завод, фабрика, өмірін бақылап біліп отыру қажет болған. Міне осындай жолмен үйірмедегі сабақтар емірмен, жұмысшылардың өз тұрмыс жағдайын жақсарту жолындағы күресімен тығыз  байланыстырылып отырған.

Маркстік «ақсақалдар» тобының басқа мүшелері де (Г. Кржижановский, В. Старков, А. Ванеев, М. Сильвин) Петербургтің әр түрлі аудандарында жұмысшы  үйірмелерін басқарды, Олардың кейбіреулерінің екі-үштен үйірмесі болды. «Ақсақалдар» тобы не бары 20—30-ға жуық жұмысшы үйірмесін біріктірді. Үйірмелерге қатысқан және бірте-бірте орталық топтың ролін атқара бастаған «ақсақалдар» тобымен байланысы бар алдыңғы қатарлы жұмысшылардың саны 100 — 150 адамға жетті. Орталық топтың құрамында 10—16 адам болды, ол жұмысты өте-мөте астыртын жүргізді. Бұдан басқа да социал-демократиялық үйірмелер пайда болды («жастар» тобы, Тахтаревтің үйірмесі және т. б.).

Петербургтің    жұмысшы   үйірмелерінде көшу  жүргізілген   социал-демократиялық   насихат едәуір қанат жайды. Бірақ сонымен бірге бір ғана үйірме жұмысының жеткіліксіз екендігі сезілді, ол жұмысшыларды қанататтандырмады, өйткені  ол алдыңғы  қатарлы  жеке

жұмысшылардың ой-өрісінің кеңеюіне  септігін   тигізгенімен бұқараны қамти  алған жоқ. Пролетарлық қозғалыстың өрлей түсуі тұйық үйірмелердегі насихаттан жұмысшы бұқарасы арасында фабрикадағы тәртіпті, езгі мен правосыздықты әшкерелейтін саяси үгітке көшуді талап етті.

Көп ұзамай Петербург социал-демократтарының мезгіл талабына сай саяси үгітке іс жүзінде кешуіне қолайлы жағдай туды. 1894 жылғы декабрьде Нева кеме жасау және механикалық заводында (бұрынғы Семянников заводы) ойда жоқта «бүлік» шықты: жұмысшылар рождество қарсаңында жалақыны кешіктіргені үшін заводқа кіретін ауыз бөлмені, кеңсені және заводтың дүкенін талқандап, фабрика корпустарының әйнектерін қиратты. Толқуды басып жаншу үшін қазақтар, полиция, жандармдар шақырылды. Осы оқиғалар турасында Ленин Бабушкиннің белсене қатысуымен Семянников жұмысшыларына арнап листовка жазды, ол кейін қолдан бірнеше дана етіп көшірілді. Ал Бабушкин листовкаларды заводтың мастерскойларына таратты. Осы тұңғыш листовка жұмысшылардың назарын аударды, жұмысшылар оны мақұлдап үн қосты. Ал «Порт жұмысшылары неге ұмтылуы қажет» деп аталған листоктың ықпалы одан да әсерлі болды. Оны 1895 жылы февральда Новый портындағы стачкаға байланысты орталық топ шығарған болатын. Осының ізінше Семянников заводында тағы да толқулар шықты. Бұл толқуларға байланысты тағы да прокламация шығарылды. Петербург заводтары мен фабрикаларында листоктардың көмегімен осылайша кең үгітке бастама жасалды.

Сонымен, В. И. Ленин бастаған социал-демократиялық «ақсақалдар» тобының бастамасымен орыс социал-демократтарының жұмысында бетбұрыс жасалды. Олар шағын үйірмелердің шеңберінен шығып, саяси үгітті кеңінен ерістете отырып, пролетарлар бұқарасымен берік байланыс орната бастады, оны күреске кетерді.

1895  жылғы  апрельде  В. И. Ленин  шетелге жүріп  кетті. Онда ол  төрт  айдан астам уақыт болды. Онда барғандағы мақсаты — «Еңбекті азат ету» тобымен байланыс орнатып, оны, ең алдымен, көпшілікке арналған маркстік шығармалар бастырын шығару арқылы Россия пролетариатының қаулап дамып келе жатқан қозғалысына көмек көрсету жұмысына тарту еді. Ленин Женевада, Парижде және Берлинде болды. Ол Плехановпен бірігіп алдыңғы қатарлы жұмысшылар үшін «Работник» атты мерзімді жинақ шығаруға келісті.

Шетелде Ленин Батыс Европаның аса көрнекті социалистік қайраткерлері П. Лафаргпен және В. Либкнехтпен танысты парламенттер мен жиналыстарда Гәд пен Бебельдің сөздерін тыңдады, астаналық аса ірі кітапханаларда жұмыс істей, батысевропалық жұмысшы қозғалысын зерттеді.

Ленин шетелден келісімен, орталық топ бұрынғыдан да белсене жұмыс істеді. В. И. Лениннің бастамасымен Петербургтің социал-демократиялық бытырадқы үйірмелері мен топтары бір жерге біріктірілді, сөйтіп, 1895 жылғы күзде бір-тұтас ұйым «Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одағы» құрылды. Орталық топ «Одақтың» аудандық топтарына басшылық етті, ал аудандық топтар өз тарапынан жұмысшы-ұйымдастырушылар арқылы фабрикалар мен заводтардағы үйірмелердің қызметіне жетекшілік жасады.

«Күрес одағын» ұйымдастыру Петербург социал-демократтарының жаңа тактикаға көшуді баянды етуіне және бұқаралық үгітті одан сайын ерістетуіне көмектесті. Жұмысшы үйірмелерінің ең басты міндеті саналы үгітшілер даярлау болды.

«Одақтың» экономикалық талаптар саяси талаптармен ұштастырылған жедел листоктар шығару арқылы жүргізген бұқаралық үгіт жұмысы күн санап қанатын кең жая түсті. «Күрсс одағы» қуатты күшке айналды.

1895 жылғы күзде Петербургте стачкалық  қозғалыс өрлей бастады. Ноябрьде   Торнтон шұға фабрикасының тоқымашылары арасында қатты тебіреніс болды. Бұл фабрикамен бұдан бұрын да байланысы бар «Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одағы» енді «Тоқымашылар нені талап етеді?» деген листовка шығарды, оның ықпалымен 500 тоқымашы ереуілге шықты. Бірнеше күннен соң «Одақ» Торнтон фабрикасының барлық жұмысшыларына арнап тағы да листовка шығарып, тоқымашыларды қолдауға шақырды.

Осымен бір мезгілде дерлік Лаферм фабрикасының папирос жасаушыларының қызу ереуілі бұрқ ете қалды. «Одақ» бұл жайында да арнаулы листовка шығарды. Декабрьде Путилов заводында, Кениг фабрикасында және тағы басқа жерлерде жаңа ереуілдер мен толқулар болды. Стачкаларға «Одақ» дереу листовкалармен үн қосып отырды, онда кәсіп иелерінің озбырлығы, жұмысшылардың қайыршылық тұрмысы мен жұрдай правосыздығы туралы барлық шындықтың бетін ашып көрсетті және жұмысшылардың қожайындар мен үкіметке қоятын талаптарын тұжырымдады.

Сөйтіп, езіліп-жаншылған, қараңғы жұмысшы бұқарасының стихиялы түрдегі наразылық дүмпуі мен капиталистерден кек алу әрекетінің орнына Россия пролетариатының экономикалық және саяси күресі басталды. Жүмысшылар тұрмыс жағдайларын жақсартуға, жалақыларын арттыруға, жұмыс күнін қысқартуға, үкіметтің озбырлығы мен шексіз өктемдігін жоюға ұмтылды. Басқаша айтқанда социал-демократиямен идеялық және ұйымдық байланыс орнатқан бұқаралық жұмысшы қозғалысы басталды. Сөйтіп, орыс жұмысшы қозғалысы ілгері қарай аса ірі қадам жасады, жаңа сатыға көтерілді. Ол халықтық революцияны әзірлеу кезеңіне кірді.

Россиядағы азаттық қозғалыстың жаңа, пролетарлық дәуірі басталды, бұл дәуір Ұлы Октябрь социалистік революциясының жеңісімен аяқталды.

Стачкалық қозғалыстың өрлеуінен сескенген патшаның өкімет орындары «үгітшілерге» қарсы шара қолданбақшы болды. 1895 жылғы 9 декабрьге қараған түні «Күрес одағының» көптеген мүшелері мен қатардағы жұмысшылар қамауға алынды. Ленин, Кржижановский, Старков, Ванеев және «Одақтың» басқа да көптеген басшы қайраткерлері қамалды. Бірақ полицияның бұл шапқыншылығы кең өрістеп келе жатқан қозғалысты тоқтатып қоя алған жоқ. «Күрес одағының» осыдан бір аптадан соң шығарған листоғының өзінде-ақ былай деп жазылды: «Қамаумен, жер айдаумен жұмысшы қозғалысын үкімет басып тастай алмайды: жұмысшы табы капитализм езгісінен қашан толық азат болғанынша стачкалар мен күрес тоқталмақ емес».

Қамауға алу 1896 жылғы январьдың басында қайтадан жүргізілгенімен, листоктар барлық фабрикалар мен заводтарда үздіксіз таратыла берді, оны почта арқылы фабрика инспекторлары, тіпті жамдарм басқармасы мен дуан басының өздері де алып тұрды. Сол жылғы қыста және көктемде бірнеше ондаған листоктар шығарылды. Осы үгіттің әсерімен Лебедев фабрикасында, Жаңа адмиралтействода, Сампсониев мануфактурасында, Варшава темір жолының мастерскойларыида, Ворониннің мақта жіп иіру фабрикасында, Сестрорецк және Балтық заводтарында жаңа стачкалар мен толқулар болды. Әсіресе екі мың дана болып шығарылған бірінші май листогы жұртқа күшті әсер етті. Жұмысшылар арасында осы листок тудырған жауынгерлік рух Петербург тоқымашыларының май айындағы орасан зор стачкасына негіз әзірлеп берді.

«Күрес одағының» Петербург «Жүмысшы   табын   азат ету тарихи ролі жолындағы   күрес  одағы»  Москваның, Вильноның, Қиевтің, Нижний Новгородтың, Самараның, Тверьдің, Владимирдің, Тифлистің және басқа да бірқатар қалалардың социал-демократиялық ұйымдарымен және топтарымен байланыс орнатты. Осының әсерімен жергілікті социал-демократтар да жұмысшы бұқарасы арасында саяси үгітке көше бастады. Сөйтіп, маркстік идеялар 90-жылдардың орта шеніне қарай алдыңғы қатарлы жұмысшылар мен революцияшыл жастардың таңдаулы топтарының ақыл ойын билеп алып, орыстың қоғамдық ой-пікірінде ең ықпалды бағытқа айналды және халықтық жаңа қозғалыс — пролетариат қозғалысының құрамды белегі болып алды. Әлеуметтік және саяси ұлы мұраттарды пролетариаттың тап күресімен ұштастыру, ғылыми социализмді жұмысшы қозғалысымен ұштастыру, міне, осылай жүзеге асырыла бастады.

«Күрес одағы» социализм жолындағы күресті демократия жолындағы күреспен іс жүзінде байланыстырды. «Одақтың» қайраткерлері полицейлік езгі мен зорлық-зомбылықтың әр-бір көрінісін самодержавиеге қарсы саяси үгіт мақсатына пайдаланып қалуға тырысты.

Петербург «Жұмысшы табын азат ету жолындағы күрес одағы» жұмысшы қозғалысына сүйенген және пролетариаттың капитал мен абсолютйзмге қарсы таптық күресіне басшылық еткен революцияшыл маркстік партияның тұңғыш ұрығы болды.

«Социал-демократия қоғамдық қөзғалыс болып, халық бұқарасының өрлеуі болып, саяси партия болып жарық дүниеге келді»