I—IX сынып оқушылары тәрбиесінің міндеттері мен мазмүны

Бастауыш сынып оқушылары тәрбиесінің міндеттері мен мазмұны. Оқушылардың интеллектуалдық мәдениетін қалыптастыру

  1. Міндеттер: Оқушыларды пөндерге қызығуға, алған
    білімдерін емірде қолдана білуге төрбиелеу.
  2. Табиғат қүбылыстарын және өмірді дүрыс қабылдай
    білуге тәрбиелеу.

Балаларды бірінші сыныптан бастап мектепте алған білімнің өмірлік қажеттілігін түсіндіре білуге үйрету қажет, олардың оқуға ынтасын арттыру, сабақ үстіндегі белсенділігін қалыптастыру орынды; өр оқушыны сыныптың жалпы шараларына қатысуға, сыныпта жөне үйде тапсырмаларды үнемі орындауға бағыттап отыру керек.

Бастауыш сынып оқушыларында оқу тапсырмаларын орындауда завды түрде кездесетін алғашқы сөтсіздіктерге бола оқуға деген ынтасының темендемеуіне ерекше көңіл бөлуді қарастырған жөн.

Бастауыш сынып оқушыларында бақылау, салыстыру, зерттеліп отырған қүбылыстардың ішінен жалпысын жөне ерекше көзге түскенін бөліп ала білу сияқты ойландыратын істерді дамыту қажет, сондай-ақ оқу еңбегін дүрыс үйымдастыру, алған білімдерін өмірде қолдана білу, балалардың мезгілді баспасөздерді, жазбаша жөне ауызша мазмүндамаларды ездігінен оқу, өзіне-өзі қызмет ету дағдыларын қалыптастыру керек.

Міндеттер: Жақсылықты жаманшылықтан айыра білуге үйрету; достыққа, жолдастыққа, үжымшылдыққа, еңбек сүйгіштікке төрбиелеу.

Өз Отанына, еліне деген сүйіспеншілікті егу, сондай-ақ көрші елдерге деген достық қатынасты сіңіру, мейірімділікке, қарапайымдылыққа, адалдыққа, әділдікке, шындыққа, міндеттілікке төрбиелеу.

Үлкендерге қүрмет көрсетуге, туыстық қарьш-қатынасты бағалауға үйрету;

Зүлымдыққа  қарсы  түра  білуге,  немқүрайдылықты жоюға төрбиелеу.

Үсті-басын үқыпты үстауға, үқыптылыққа, мөдениетгі сөйлеуге, қоғамдық орындарда үстамды болуға, мөдениеттілікке,      қонақжайлылық      көрсете      білуге төрбиелеу.

Ой және дене еңбегін ажырата білуге, қоғамдық-пайдалы еңбектің мөнін түсіне білуге, мектепте алған біліктерін өмірде қолдана білуге, әрбір істе жауаптылықты сезінуге үйрету;

еңбек үрдісінде бастысы — жүмыс орнын таза үстауға, жүмыс аспаптарына үқыптылықпен қарауға, үжымда ынтымақты болуға, кәсштің үлттық түрін, соның ішінде зергерлік өнерді игеру мүмкіндігін жасауды үйрету;

еңбек сүйгіштікке төрбиелеу жөне қоғамдық меншікті жеке меншіктіктен ажырата білуге баулу;

суды, ауаны жөне еліміздің кеңістігіндегі космостық тазалықты сақтауға қабілетті үрпақ тәрбиелеу.

Экологаялық мәдениетгі қалыптастыру. Оқушылар арасында экологиялық тәрбие насихатын дамыту (ол үшін жерді, суды, элекгр қуатын үқыпты пайдалану женінде конкурстар, қүстарды қарсы алу женінде шаралар өткізу; табиғатты қорғау үйымдарымен байланысты күшсйту)-

Экономикалық мәдениетті қалыптастыру. Қоғамның экономикалық емірінен өндіріс жүйесін беле білуге, айырбастау жөне түтыну туралы алғашқы үғымды қалыптастыруға, оқушыларды экономикалық жүмысқа тарту арқылы шағын кәсіпорындарды қалыптастыру ісін үйымдастыра білуге тәрбиелеу,

Әкономикалық тәрбиемен байланысты кәсіпорындарды үйымдастыруда үжымдық, еңбек сүйгіштік, үқыптылық, тәртіптілік, мүдделік сезімді төрбиелеу.

Мазмүны:  Аталған  міндеттермен  байланысты жалпы білім беретін мектегггің алғашқы сатысында балаларды халық.   педагогикасы    мен    психологиясьшың    озат .дәстүрлерінде, сондай-ақ еркениетті елдер мөдениетінің үлгісінде  тәрбиелеу  қарастырылады.  Олардьщ  бойына үлттық   дөстүрлерді   дарыту   және   сонымен   қатар оқушыларды ана тілінде ойлай, сөйлей жөне жаза білуге қалыптастыру көзделеді. Мектепке келген жеті жасар бала тәрбиегс тез кендігеді. Ол жақсы оқушы болғысы келеді.

Бірінші сынып оқушыларының төрбиесі қызметтің кептеген түрінен қүралады.Олардың  қызметін үйымдастырудың ойын, оқу, еңбск және топтық және ұжымдық жұмыс түрлерін меңгеріп алмай, бүл жастағы балалардың тербиесін қолға алуға болмайды.

Бірінші сынып оқушысы көптеген заттармен алғашқы рет үшырасады. Сондықтан торбиелік кезқарас түрғысынан балалардың оқудағы, жазудағы, санаудағы, бірлескен қызметінің алғашқы түрлерін үйымдастыруды тыңғылықты ойластырған жөн.

Бірінші сынып оқушысы бірінші рет қоғамдық тапсырма алады. Сондьіқтан оны жақсы орындағанын немесе өлі де жеткілікті жасамағанын оған түсіндіру өте маңызды. Осылайша бірінші сынып оқушылары жеңіл-желпі тапсырмаларды басқалармен бірлестікте орындай отырып, адамдық дағдыларды меңгереді. Бүл балаларды төрбиелеудің негізгі жолы.

Төрбие үрдісі оқыту үрдісі сияқты жеңілден басталады да, біртіндеп қиывдатылады. Сондықтан тәрбиелік жүмыста кезеңцік үстанымның маңызы зор.

Өткізілетін шаралардың санының көп болуына өуестенбеу керек. Үжым және үжымдасу туралы әңгімелерді олар үжымдық өзара қарым-қатынастың кейбіртәжірибесін жинақтағаннан болады.