Қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтарындағы халықтық идеяның зерттелу жайы

Қазақ халқының рухани мұрасының мәнін ашу, оны игеруде қазақгың жазушы-педагогтарының халыкдық идея проблемасы туралы ой-пікірлерін зерттеудің қазіргі кезде маңызы ерекше.

Осыған орай XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың 20-30-жылдары өмір сүріп, ағартушылық қызмет атқарған Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Халел Досмұхамедов сынды педагог-жазушыларының халықгық идея проблемасы жөніндегі еңбектерінің зерттелу жайын анықгауды біз өзіміздің зерттеу проблемамыздың нысаны етіп алдық.

Қазақ жазушы-педагогтарының педагогикалық көзқарастары, олардың Қазақстанда педагогика ғылымы мен білім беру саласына қосқан үлестері бүдан бүрын да ғалымдардың назарына ілініп, зерттеу объектісіне айналған болатын. Атап айтқавда, бүл жөнінде бірнеше диссертациялар қорғалып, монографиялар, оку қүралдары, оку бағдарламалары, кітапшалар мен мақалалар жарық көрді. Ал олардың еңбектерінің тізімі арнайы библиографиялық көрсеткіштер ретінде бірнеше рет шығарылды.

Ахмет Байтұрсыновтың әдістемелік мұрасын зерттеуге арналған диссертациясының бірінші тарауында сол кездегі ана тілін оқытуға байланысты мәселелерге шолу жасалып, оның әдіскер ғылым ретінде қалыптасуына өз кезіндегі әдістеме ілімінің әсері, әліппесі мен окулықтарының жалпы сипаттамасы, олардың әдістемелік негіздері сөз болады.

Ал диссертацияның екінші тарауында А.Байтұрсыновтың ғылыми әдістемелік еңбектерінің жазылу жайы, оның қазақ тілін оқыту әдістемесінің іргетасын қалаудағы рөлі, еңбектерінің бүгінгі оқыту ісімен сабақтастығы қарастырылған.

Автор ғалым-тілшінің еңбектерінде ана тілін ұлттық тәрбие құралына айналдыруда қазақ тілі мұғалімдеріне әдістемелік көмек жасалғанын орынды атап көрсеткен.

Р.Н.Көшенованың диссертациясында Мағжан Жүмабаевтың педагогикалық көзқарастары оның әдеби-ғылыми және педагоги-калық мұраларына тарихи-педагогикалық сипаттама беру негізінде ашып көрсетілген.

Сондай-ақ педагог-жазушының ғылыми-педагогикалық мұрасындағы тәрбиелеу және оқыту мәселелеріне, оның педагогикалық көзқарастарының негізгі бағыттарына сипаттама беріліп, оларды орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде шығармашылықпен пайдалану жолдары көрсетілген.

Зерттеуші ағартушының тәлімдік ой-пікірлері қазақ халқының үлттық санасын жаңғырту туралы идеялармен тығыз байланысты екенін, ақынның педагогикалық шығармашылығы халықтық тәлім-тәрбиелік ойлармен үштасатынын пайымдай келе, баланың жеке басын құрметтеу, оның жан дүниесінде жеке қасиеттермен қатар ұлттық рухты қалыптастыру, ол үшін елдің рухани өмірі және тұрмыс-тіршілігімен етене таныстыру мәселелерін алға тартады. Және ол педагог М.Жұмабаевтың ана тілі мен әдебиетін үлтты сақгап қалудағы басты шарт, ұлттық білімнің негізгі ережесі деп бағалауын оның халықгық идеяны басшылыққа алуы деп санауға болатынын атап көрсетеді.

Р.Б.Үсембаева «А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу» тақырыбына орында-ған кандидаттық диссертациясының бірінші тарауында XX ғасырдың басындағы педагогикалық ой-пікірлердің бүгінгі зерттелу жайына тоқтала отырып, А.Байтұрсыновтың педагогикалық көзқарасы-ның қалыптасуына қоғамдық-тарихи жағдайлардың ыкдалын ғылыми-педагогикалық тұрғыда саралайды, сол кездегі қаланған білім жүйесінің өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Ал екінші тарауда ғұламаның артына қалдырған еңбектеріндегі адамгершілік мәселелері жан-жақты сарапталып, бүгінгі мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастырудың алғышарттары қарастырылады. Сол мақсатта пән сабақтарының мүмкіндіктерін негізге ала отырып, бастауыш сынып окушыларын «Ахметтану» атты пәндік үйірмелерге тарту, «Ахмет поэзиясы» атты кештер жүргізу арқылы оқушылардың рухани құндылық қасиеттерін қалыптастыру мүмкіндіктері қамтылады.

С.Қалиев «Қазақгың халықтық тәлім-тәрбиесінің ғылыми-педагогикалық негіздері» тақырыбына қорғаған докторлық диссер-тациясының еьсінші тарауында қазақ зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмүхамедовтың еңбек-теріне тоқталған. Мүнда автор М.Жұмабаевтың Абай шығармаларын, қазақ халқының бай мұрасы — ауыз әдебиеті мен салт-дәстүрлерін ғылыми түрғыда зерттеу арқылы тәрбиенің халықтық педагогика құралдарына сүйене отырып, жүргізудің жолдарын көрсетуі оның ғылыми педагогикаға қосқан жаңалығы деп бағалайды.

Қазақ ғалым-педагогтары Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Қ.Бөлеев, К.Қожахметова, Қ.Болатбаев, т.б. өздерінің зерттеу жүмыстарының негізівде А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедовтың педагогикалық көзқарастары бойынша болашақ мұғалімдерге, мектеп мұғалімдеріне, жоғары оқу орындарының оқытушыларына арнап бірнеше монографиялар мен оқу құралдарын жарыққа шығарды. Ал әдебиетші және тілші ғалымдарымыз С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев, Ш.Елеукенов, Р.Сыздықова, т.б. қазақ зиялыларының өмірі мен шығармашылығын оқыту мектеп бағдар-ламаларына енуіне байланысты, мектеп мұғалімдеріне қосымша оқу-әдістемелік құралдарын ұсынды. Оларда жазушы-педагогтардың әдеби шығармаларындағы халықтық идеялардың мән-маңызы біршама ашылып көрсетілген.

Сонымен, шетел классик-педагогтарының халықтық идея туралы еңбектері және қазақ ғалым-педагогтарының қазақ жазушы-педагогтарының халықтық идеясы туралы жалпылама зерттеулері біздің зерттеуімізге тарихи-теориялық негіз болды.