Қытайға қатысты басқа капиталистік мемлекеттердің жүргізген саясаты

19-шы ғасырдың 1830-40 жылдарында Англия Қиыр шығыста отары бар жалғыз ғана мемлекет болды. АҚШ пен Франция отарлаушы саясаттың белсенділігімен ешкімнен кем болмады. 1840-шы жылдарға қарай АҚШ пен Франция сауда бойынша Қытай рыногында Англиямен бәсекелесе алмайтын еді. Ал қытайға соғыс ашу туралы айтудың да қажеті жоқ, бірақ сол кездің өзінде америка саудагерлері Англияның көпестері Қытай жағалауларын жағалап жүрді. Американдық контрабандашылар түріктерден апиын сатып алып, оны Қытайда саудалады.

«Бірінші апиын» соғысы кезінде АҚШ әскери эскадраны американдық азаматтарды «қорғау» үшін келіпті-міс. Ал, негізінен, түпкі мақсаты – Цин үкіметінен ағылшындықтар сияқты артықшылықтарды тартып алу.

АҚШ сияқты француз үкіметі ағылшын-қытай соғысы басында-ақ қытайға өзінің әскери-теңіз экспедициясын жіберген. Француз буржуазиясы Қытай рыногына мүдделі еді. Олар Англия Қытайды Франция үшін ашып жатыр деп санады. Француз буржуазиясының ықпалымен 1841 жылдың аяғында  Луи Филип өз өкілдерін Гуанчжоуға Цин үкіметімен келіссөздер жүргізу үшін жіберді. Желтоқсанда Цин үкіметімен келіссөздер жасап, ағылшын-қытай қарым-қатынасын реттеуге қолғабыс жасаймыз деп ұсынды. Нанкин келісім шартына қол қойыла салысымен Франция арнайы дипломатиялық миссияны Қытайға жіберді.

Патшалық Ресейдің реакциялы сыртқы саясатына қарамастан, Ресей үкіметі қытайдағы «апиын» саудасы мен ағылшын-қытай келісім шартына сыни баға берді. Патшалық Ресейдің мұндай саясаты шығыстағы ағылшын-орыс қарама-қайшылықтарының ерекшеліктерімен түсіндірілді.

1894 – 1895 жылдардағы жапон – қытай соғысы ұлы мемлекеттердің агрессиялық қимылдарын тездетуде, олардың арасындағы Қиыр Шығыс қайшылығын шиеленістіруде зор роль атқарды. Пашта үкіметі және оның уақытша сыбайластары Жапонияны ығыстырып Қытай мен Корея есебінен олжа түсіруді теріс көрген жоқ. Орыс капиталының Қытай мен Кореяға енуі күшейді. Мұны, мәселен, Орыс – қытай банкін ұйымдастырудан көруге болады, оған орыс және француз капиталдары орналастырылды. Орыс үкіметінің кепілдік беруімен Қытай басқа ервопалық үкіметтердің ұсынғанынан анағұрлым тиімді шарт бойынша ( жапондықтарға контрибуция төлеу үшін ) заем алды.

1899 жылғы сентябрьде АҚШ « ашық есік » доктринасы дейтінді, яғни арендаға алынған территорияны және басқа мемлекеттердің мүддесін қорғайтын жерлерді қоса есептегенде қытаймен сауда жасайтын барлық елдерге тең право мен мүмкіндік беруді ұсынды. АҚШ осы доктринаның көмегімен өз бәсекелестерін Қытайдан ығыстырып шығармақ болды.

Өз мүддесіне, ең алдымен Маньчжуриядағы мүддесіне қауіп төнетінін білген Россия бұл доктринаны мойындаудан жалтарды. Осы кезден бастап патша үкіметі Қиыр Шығыстан өзіне АҚШ – тай азулы дұшпан тапты, Ақш содан былайғы жерде өз ара одақ құрған Жапония мен Англияны қолдап отырды.

Англия мен Россия өз ара бәсекелестікті әлсірету үшін 1899 жылғы апрельде Қытайдағы, оның ішінде темір жол құрылысындағы өздерінің ықпалдарын асыратын жерлерді межелеу жөнінде келісім жасады. Англия орыс ықпалы бар деп танылған Ұлы қытай қорғанынан солтүстікке қараға территориядағы темір жол концессиясынан бас тартты ; ал Россия Янцзы бассейні бойындағы осы сияқты концессияғы көз тігуден бас тартты. Бірақ бұл келісім Қытай жөнінде екі ел арасындағы саяси қайшылықты жоя алған жоқ.

Порт – Артурды ұстап тұру орыс үкіметінен осы порт пен Шығыс – Қытай темір жол салуға, сауда портын, соғыс – теңіз базасын және Порт – Артур қамалын салуға, сондай – ақ Тынық мұхит флотын нығайтуға орасан көп қаржы жұмсауды талап етті. Порт – Артурды ұстап тұру Россияның Жапониямен соғысын жақындата түсті. « Соғыс сөзсіз болатын болды, – деп жазды бертін келе генерал Куропаткин, – бірақ біз оны жете ұғынбадық, сондықтан оған тиісті дайындық жүргізбедік те ».

Россияны Қиыр Шығыста соғыс жанжалына итермелеу үшін оның қиыр шығыс саясатын Германия әдейі желіктіріп отырды, сөйтіп, Европадағы өзінің саясатын белсендірек Жүргізуге қолайлы жағдай туғызғысы келді.

Ихэтуан шаруалардың антиимпериалистік көтерілісін қанға бояп басып – жаншу империалистік державалардың Қытайға қарсы агрессиялық саясатының тағы бір көрінісі болды. Қозғалыс Шаньдунде басталды. Оны басу үшін жіберілген Юань Ши – кай неміс әскерлерімен бірігіп қимыл жасады. Алайда қозғалыс Чжили провинциясына тарады. Көтерілісшілерге қарсы герман фельдмаршалы Вальдерзенің жалпы қолбасшылығымен интервенттердің қарсы герман фельдмаршалы Вальдерзенің жалпы қолбасшылығымен интервенттердің әскерлері жіберілді. Маньчжурия үкіметі ихэтуандарды империализмге қарсы күреске пайдаланбақшы боп әрекет жасап көрді, бірақ көптеген сановниктер интервенттермен сыбайласып қимыл жасады. 1900 жылғы июль – август ішінде интервенттер Такуді, Тяньцзинді және Қытайдың астанасы Пекинді алып, көтерілісті рақымсыздықпен басып тастады. Орыс әскерлері Маньчжурияны басып алды. Интерветтер Қытайды бөлісуде мәмлеге келе алмай, маньчжурия үкіметім келісімге барды.

1901 жылғы 25 августа Қытаймен 11 шетел державалары арасында қорытынды протокол аталатын протоколға қол қойылды. Мұның өзі Қытайды құлданудың, оның отарлық тәуелділігін күшейтудің жаңа кезеңі басталады деген сөз еді. Пекинде шетел гарнизоны қардырылды. Қытай 39 жыл ішінде 450 миллион таэлей немесе 333 миллион американдық доллар төлеуге міндеттеме алды, мұның өзі процентімен қоса есептегенде 1,5 миллиард сом ақша еді. Пашталық Россия контрибуциядан өз үлесін – 182 миллион сом алды. Осы контрибуция есебінен патша үкіметі 1902 жылғы мартта Германиядан 139 миллион сом мөлшерінде заем алды.

В. И. Ленин « Қытай соғысы » деген мақаласында интервенцияға қатысқан патша үкіметін масқаралап, қозғалыс қытайлықтарың европалықтарды өшпенділігінен туды – мыс деген буржуазиялық баспасөздің өтірігін әшкереледі. В. И. Ленин қытайлықтардың европалықтарды емес, Қытайды тонаған европалық капиталистерді, олардың үкіметін жек көретінін көрсетіп, капиталистер мен помещиктердің мүддесін көздейтін патша үкіметінің Қытайдаға саясатын қылмыс деп атады. « Қытайды Германия, Америка Құрама Штаттары, Жапония, Англия, Франция – бәрі бірігіп тұншықтырып жатыр ». Тонау мен зорлық – зомбылықтың отаршылдық саясатын қатал айыптап, В. И. Ленин қытай халқының империализмге қарсы ерлік күресін қуаттауға шақырды. Неміс жұмысшы табының таңдаулы, тамаша өкілдері А. Бебель, Ф. Меринг, К. Либкнехт Лениннің үлгісімен империалистердің қарақшылық саясатын әшкереледі. Осы мысалдар қытай халқының Европада үстем таптар сияқты душпандары ғана емес, сонымен қатар жұмысшы табы мен социал – демократиялық партиялардың ішінде достары да бар екенін көрсетті.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!