Шығыс Қытайдағы және Янцзидың төменгі ағысы маңындағы әскери әрекеттері

Цин сарайы жағалау аймағындағы қорғаныс қабілетін арттыру үшін әскери әрекеттерден тыныс алу мезетін қолдана қоймады. Император Гуандуннан тұрақты әскери күштерін басқа аймаққа көмек көрсету үшін жіберді. Императордың ұйғарымы бойынша ағылшын-қытай сауда қатынастары қайта жанданды. Цин сарайы мен королева Виктория Чуаньби конвенциясын іске асырмағанымен, ағылшындар Гонконг аралдарын оккупациялауды тоқтатпады. 1841 жылдың жетінші маусымында оны тәуелсіз порт деп жариялады.

Ағылшын өкіметі Чуаньби конвенциясының талаптарымен келіспей және Қытайдағы Ч. Элиоттың қызметіне наразы болып, 1841 жылдың отызыншы сәуірінде, 1841 жылдың жиырмасыншы қаңтарында жасалынған келісімшарттың шешімін қайта қарау ды және капитан Ч. Эллиоттың орнына Қытайға өкілетті тұлға ретінде генерал Г. Поттингерді тағайындады. Оныншы тамызда Қытайға жаңа әскери күштерін басқарушы контр-адмерал У. Паркер бірге келді. Г. Поттингер өзімен бірге Пальмерстонның жаңа ережесін әкелді. Бұл ереже бойынша әскери әрекеттерді Янцзы бассейініне ауыстыру керек екен немесе солтүстікке қарай бағыт алу пунктін Байхэ аймағына қою. Тек осыдан кейін ғана Цин үкіметімен бітім жасағанда ғана ағылшындар қанағаттанады екен. Поттингердің келуімен әскери әрекеттер Қытайдың ішіне ене бастады.

Ағылшын әскерлері Янцзыдың төменгі ағысы бойындағы қалаларды басып ала бастады. Он сегізінші мамырда олардың кемелері Чжапу қаласы маңына жақындады. Мұнда Цин әскерлерінің ірі бірлестіктері жинақталған еді. Қала ағылшындықтарға қарсылық білдірді, бірақ Маньчжур гарнизоны қаланы қорғап қала алмады. Көптеген солдаттар мен офицерлер тұтқынға түспес үшін өздеріне қол салды. Он тоғызыншы маусымда ағылшындар Шанхайды басып алды. Он бесінші шілдеде ағылшын кемелері Ұлы каналдың солтүстік маңындағы бөлігін басып алып жүктердің қозғалысын тежеді. Ағылшындардың жиырма бір ірі әскери күштері Нанкинге қарай жатқан жолдарда орналасты. Гарнизон күшті қарсылық білдіріп жеңіле бастаған соң өздерімен бірге өз отбасы мүшелерін өлтірді.

Нанкиндегі жасалған келісімшарт әділетсіз болды. 1842 жылы жиырма тоғызыншы тамызда ағылшын-қытай келіссөздері аяқталып, «Консуэллс» кемесінде бейбіт келісім шартқа қол қойылып, ол тарихта Нанкин келісімшарты деп аталды.

Ағылшындықтар «бейбітшілік, достастық, сауда және шығындарды өтеу» келісім шартын ағылшындықтар екіжүзділікпен әділетті деп санады, бірақ Қытай үшін ол әділетсіз болды. Бұл Қытай үшін алғашқы әділетсіз келісім шарт еді.

Нанкин келісім шарты он үш баптан тұрады. Оның екінші бабы – ағылшын саудасы үшін бес теңіз порттарын ашады: Гуанчжоу, Амой, Фучжоу, Нинбо және Шанхай. Ашық порттар жүйесін жасай отырып, ағылшындықтар шексіз сауда жасауға құқықты болды. Төрт порт ашылды: 1843 жылдың қарашасында Шанхай, 1843 жылдың желтоқсанында Нинбо және Фучжоу, 1844 жылдың маусымында Амой порттары ашылды. Тек Гуанчжоу Гуандун провинциясының халқының қарсыласуының нәтижесінде «апиын соғысына» дейін (1856-1860 ж.) шетелдік сауда жасау үшін жабық болды.

Нанкин келісім шарты Қытайдың кейінгі тағдырын шешуде едәуір, ықпалды роль атқарды. Ол ресми түрде шетелдік, ең алдымен, ағылшындық капиталдың Қытайға енуіне жол ашты. Осылай мемлекетті капиталистік державалармен бодандау процесі басталды. Жасанды түрде ұзақ уақыт қоршаған мемлекеттерден елді жабық ұстау оның артта қалуына ықпал берді.[10]