Мәуреннахр мен Моғолстанның қарым-қатынасы

Оңтүстік — Шығыс Қазақстанның саяси өміріне және шаруаларына әскердің жорығы үлкен әcepін тигізді. Темір тарихи сахнаға XIV f 70 ж. Мауреннахрдан Шағатай әулетінің түркі тайпаларынан шықты. Темір жаулап алушының және тонау саясатын шеккен Онтустік — Шығыс Қазақстанның және Қырғызстан халқы болды.

XIV ғ Оңтүстік — Шығыс Қазақстанның саяси тарихы өте қызық қарамақайшылық тұрғыда көрсетілді. Бір жағынан мемлекет құрылуы, билік жүргізуші феодалдық көшпенді әскері топ баска кошіп, жарты кешпенді Монғолстан халқы жерді жаулап алуды, көздеді, ал екінші жағынан тонау арқылы әскерлер байып отырды, ал әлеуметтік жағынан төменірек болды. Бірақ та баска да көрші отырықшы елдердің әскери басшылары тонау жорығымен айналыскан.

Хайду тұсында Шыңғыс ұрпақтарының Орта Азиядағы мемлекеті біржола қалыптасты. 1269 жылдың көктемінде Талас жағалауында құрылтай болып, онда ұлы ханның иеліктеріне тәуелсіз Хайду билеген (1269-1301) мемлекет болып жарияланды. Жаңа мемлекеттің жері соғыстардағы табыстарға немесе жеңілістерге байланысты біресе кеңейіп, біресе тарылып отырды. Оған Оңтүстік Қазақстанның Жент пен Үзкент жазираларын қоса алғанда Сырдария бойчндағы жерлері мен Жетісу кірді. Шығыс Түркістанда бұрын Шағатай ұрпақтарына қараған аумақтың бір бөлігі Құбылай иелігіне көшті. Хайдудың үлкен ұлы және оның Орта Азиядағы тағын алған Шапардың Емелде -өзің ата-бабасының иеленген жерлеріде хан болып жариялануына қарғанда, Үгедей мен Шағатай ұрпағы ұлыстарының арасындағы шекаралар анық белгіленбеген /43, 120-122 б/.

XIV ғасырдың басында Шғатай әулетінің Орта Азиядағы және Жетісудағы рөлі қалпына келді. Хайду өлгеннен кеиін көп кешікпей, 1306-1307 жылдар шамасында мемлекеттегі билік Барақ ханның баласы, Шағатайдың шөбересі Туваға (Дуваға) ауысты. В:В:Бартольдтың бағалауы бойынша ол «Шағатай державасының негізін салушы» болған /21, 369 б/.

Шыңғыс ханның тұсында-ақ моңғол феодалдарының арасында қарама-қарсы екі саяси бағыт байқалған еді. Біріншісі жаулап алушылардың көшпелі тұрмыс пен қырдағы патриархаттық дәстүрлерді сақтауын, бағындырылған елдердің халқын қырып жіберуге дейін аяусыз, жыртқыштықпен тонауын және жаулап алынған аумақтарды мал жайылымына айналдыруды жақтады. Екінші бағыттың өкілдері жергілікті феодалдық үстем тапқа, жаулап алынған отытықшы- егіншілікпен айналысатын елдердің дәстүріне сүйне отырып хан билігі күшті мемлекет құру мақсатын көздеді. Бірінші бағытты неғұрлым табандылықпен жүргізушілер Шыңғыс хан, ал оның ұрпақтарынан –Шағатай мен Күйік (1246-1248) болды, оларды Шағатай ұлысының әміршілері, Орқына-хатун, Брақ хан және басқалары қолдады.

Үгедей (1228-29/1241), Мөңке (1251-1259) хандар және ұлыс ханы Жошы орталықта күшті билік болуын және тізе бүккен халықтармен қатынастарды біраз ретке келтіруді жақтады. Сөйтіп, аталған екі бағыт өкілдерінің арасындағы тартыстың мәні жаулап алынған аумақтардағы халықты қанау әдістері туралы мәселеге, сондай-ақ «бағындырылған елдердің феодалдық үстем тобымен жақындасу туралы, олардың феодалдық мемлекеттілігін, идеологиясын және мәдени дәстүрлерін қабылдау туралы мәселеге» келіп тірелді.

Экономикалық күйзеліс, Моңғол империясының, оның ішінде Шағатай ұрпақтары мемлекетінің ыдырауы қалайда екінші әдісті таңдап алуды өктем талап етті. XIV ғасырда Шағатай ұлысы хандарының іс -әрекетінде орталықтану және Мауреннахр халқымен жақындасу жағына қарай бетбұрыс айқындала түсті. Бұл тұғырда Туваның баласы Кебек хан (1318-1326) неғұрлым ереулі қадам жасады. Көшпелі дәстүрлерден қол үзіп, ол Іле аңғарынан Мауреннахрға қоныс аударды, кейбір қалаларды қалпына келтіруге жәрдемдесті. Ол ақша реформасын жүргізді, ұлысты басқару жүйесін едәуір өзгерткен әкімшілік реформасын да жүргізген сол деп ұйғарылады /23, 30 б/.

Кебек ханның мирасқоры, оның інісі Тармашырын (1326-1334)орталықтандыру саясатын жалғастырды. Кебек сияқты, ол да Мауреннахрда тұрды, Ала ад-дин деген есімге ие болып, исламды Шағатай ұрпағы мемлекетінің ресми дініне айналдырды. Алайда жоғарыда аталған бағыттарды жақтаушылардың арасындағы күрес жалғаса берді.Исламды қабылдауға және көшпелі әдет-ғұрыптарды елемеуге әскери- көшпелі шонжарлар наразы болып, бұл наразылық ашық көтеріліске ұласты. Тармашырын өлтірілді. Он жылдам астам уақытқа созылған феодалдық әуре-сарсаң қаита жалғасты.

1346 жылы көшпелі феодалдармен күресте Кебек-Тармашырын тұқымын жалғастырушы Қазан хан қаза тапты. XIV ғасырдың 50-жылдарының аяғында Шағатай ұрпағы мемлекетінің батыс бөлігі түрік-моңғол әскери-көшпелі шонжарлары мен жергілікті феодалдардың өкілдері басқарған оннан астам иелікке ыдырап кетті. Қашқадария аоқабында-барластар, Ходжент аймағына –жалайырлар, Солтүстік Ауғаныстанда-арлаттар, Әмударияның жоғарғы сағасында –қаушындар күшейді; бүл рулардың әрқайсысының басшысы өз өлкесінде дербес әмірші болды. Оның үстіне 1346 жылдың өзінде Шағатай ұрпағы мемлекетінен Моғолстан деп аталған солтүстік-шығыстағы аумақ бөлініп шықты /5/.

XIV ғасырдың соңғы үштен бірі — XV ғасырдың басында Қазақстан халқының шаруашылық және саяси өміріне Әмір Темірдің жаулап алушылық жорықтары зор қауып төндірді.

Жаулап алынған елдердің түрік және түріктенген көшпелі моңғол ақсүйектері мен жергілікті отырықшы ақсүйектердің ішкі қайшылықтары, моңғол мемлекеттерінің (Алтын Орданың, Шағатай ұрпақтары мемлекетінің, Ирандағы Хулагу ұрпақтары мемлекетінің) саяси және экономикалық жағынан берік болмауы, моңғолдар бағындырған аймақтардың халық- азаттық күресі бұл мемлекеттердің ыдырауына әкеп соқты. Шағатай ұрпағы мемлекетінің батыс бөлігі – Мәуреннахрда XIV ғасырдың 50-60 жылдарында ірі-ірі түрік моңғол тайпаларының көсемдері арасында кескілескен күрес өршіді. Моңғолдар даулап алуының барлық ауыртпалығын мойнымен көтерген еңбекші бұқараның, шаруалар мен қол өнершілердің жағдайына ауыр салмақ түсірген талас – тартыстар, сондай ақ Шағатай ұлысының бұрынғы аумағы шеңберінде тарихи жағынан келмеске кеткен ескі мемлекетті қайта туғызуға тырысқан моғолстан хандарының Мәуреннахрға жасаған жорықтары халық –бұқарасының қарсылығын туғызып, сарбадарлардың шынайы патриоттық қозғалысына ұласты. Халық көтерілісінің қауып- қатері Мәуреннахрдың ақсүйектерімен жоғары саудагер топтарын сарбадарлардың халық –азаттық қозғалысын басып, орнықты саяси билік орната алатын басшы іздестіруге мәжбүр етті. Олар Моңғолдың түріктенген барлас тайпасынан шыққан Тарағай бектің баласы Әмір Темірді (1336-1405жж) осындай басшы деп тапты. Атаққұмар, жігерлі, алған бетінен қайтпайтын Әмір Темір әкерлердің шапқыншылығын пайдаланып, одақтастарына опасыздық жасай отырып, халық қозғалысын басып – жаныштап, көршілес жердегі халықты талап- тонау мен күйзелту арқылы байып алды да, ешнәрседен шімірікпестен билікке ұмтылды. 1370 жылы Темір Мәуреннахрды билікті басып алды. Темірдің жеке –дара билік құрған отыз бес жылы көрші аймақтар мен елдерге жасаған басқыншылық, тонаущылық жорықтарға, дүниежүзілік империя құру әрекеттеріне толы. Ол жаулап алушылық үлкен соғыстарды мәуреннахрдың билік етуші үстем табы арасында өз билігін нығайту үшін көшпелі ақсүйектерге жаулап алынған елдердің халқын талап –тонау, Орта Азияның да бағындырылған аймақтардың да еңбекші бұқарасын қанау есебінен баюға мүмкіндік беріп, оларды бүлік шығару мен өзара қырқыстан тыю үшін жүргізген еді /43, 131-139 б/.

Рашид ад-Дин дерегіне сүйенер болсақ Шағатай әмірлерінің бірі- Қарашар барлас руынан шыққан, ол кейіннен Темірдің арғы бабасы болып саналған. Темір мемлекеті туралы деректе қыпшақ руы аталады, ал қарлұқ руы еске алынбайды, ұйғырлар біресе ру, біресе шағын ұлыс деп те айтылады. Шағатайдың ұрпақтары болып есептелетін хандардың көбінің –ақ беделі зор болғанмен, Темір мемлекетінің көшпенді тайпаларында Шағатай атауы сақталып қалған. Шығыс аймақтың көшпеділері моғол деп, ал олардың астанасы Моғолстан деп аталды. Бірақ XIV-XV ғасырларда Моғолдар тілінің моңғолдар тіліне нақты қандай қатысы болғаны белгісіз /45, 28-33 б/.

Бабырдың айтуынша, оның ағасы Ахмет ханның алашы деген лақап аты болған. Ал бұл моңғол ішіндегі қалмақ тілінде «адам өлтіруші» деген ұғымды білдіреді. Темірдің тұсында Шағатайлықтар өздерін мұсылман әскеріміз деп санаған. Бірақ олардың дәстүрлері Шыңғыс хан дәстүріне адалдықтарын танытқан. Темірді және оның әскерлерін басқа мұсылмандардан бөлекше ерекшелендіріп тұратын еәрсе- моңғол дәстүрі бойынша бұрым қоюлары еді. Темірдің әскерлері Дамаскіні басып алғанда оның немересі сұлтан Хусейн опасыздық жасап, қарсыластар жағына шығып кетеді. Сонда оған қолданылған ең бірінші жаза – бұрымын кесіп алып, киімдерін ауыстырған. Шағатай ішінде әсіресе төрт ру ерекшеленеді: арлат, жалайыр, қаушым, барлас. «Қаушым» деп ешқандай ру аталмаған. Бұл сөз – хандар әулетінің ерекшеліктеріне қарай туатын сөздердің бірі. Мысалы Шағатай әмірінің ішінен шығып тұңғыш рет Мәуреннахрды билеп кейіннен немересінің қолынан қаза тапқан Қазаған осы қауымнан шыққан. Шағатай мемлекетінде бұл рудың әрқайсысы белгілі бір аймақты билеп тұрды. Арлаттар Ауғанстанның солтүстік бөлігінде, Жалайырлар Сырдарияда, Барластар Қашғария аймағында тұрды /16, 261 б/.

Темір мықты саналған рудан шығып, әуелі Шағатай мемлекетінде басшы болды. Темірге өзі шыққан барластардан басқа да ру өкілдері жақын болған. Соның бірі – найманнан шыққан Ақбұға. Темірдің көп аялдайтын жері әрі астана санайтын мекені Түркістан болған. Ол көшпенділікті ешқашан отырықшы болмауды уағыздады.

Тарихшылар Қазағанды көшпенді өмірге адал болды, Амударияның жағалауын қыстады. Жазды Балжуын тауында өткізді, отырықшылардың жерлеріне килікпеді деп мақтайды. Қазағанның ұлы да әкесінен кейін халықты жақсы басқарған, бірақ өзінің тұрақты орны болуға Самарқндты таңдаған. Талай жылғы алыс –жұлыстан кейін билік Қазағанның немересі әмір Хусейннің қолына тиеді. Ол балхты өзінің астанасы етпекші болады. Темір оның отырықшы болуына қарсы шығады. Хусейн оны тыңдамай, араларында егес өршігіп, Темірдің өзі қатысқан көтерілісте Хусейн өлтірілді. Сөйтіп билікті өз қолына алған Темір Абдулла мен Хусейнге тиым салған әрекетке енді өзі барды. Ол Самарқанды астана деп жариялап, қорған қамалдар тұрғызды. Осы қаладан көшпенділерге отырықшылану үшін жер берді. Түркі тілімен қоса парсыша білетін Темір Самарқанға дінді уағыздаушыларды, ғалымдарды, мәдениет қайраткерлерін, өнер шеберлерін, сәулетшілерді шақырып, қаланы гүлдендірді. Бұл әрекет оның қырып жоюшылықтан гөрі бейбіт тұрмысқа бейімді екенін таныттты /23, 32-34/.

Хорезм шеберлері Шахрисаб қаласына Темірге арнап Ақсарай де аталатын сарай соғып берді. Оның қабырғаларына парсы тілінде көптеген өлеңдер жазылған . Темір 1387 жылы түркі мүддесіне, ислам дініне адалдығын білдіріп түркі мұсылмандарының әулиесі Ахмет Яссауй бейітінің басына 1387-1403 жылдары алып кесене тұрғызып берді. Сол бір әсем ғимарат, қабырғадағы жазулар біздің дәуірімізге дейін сол күйінде жеткен.

Темір өз империясын құруда негізінен түркілердің түп мақсатын көздеген жоқ. Темірдің мақсаты өз билігінің астына мүмкіндігінше дүние жүзінің көптеген елдерін бағындыру болды. Оның таррихшылары ирандағы Бухдтар динасиясының шахы –X ғасырда Әбуд ад Дуланың: «бүкіл әлем екі патша ұстау үшін жаралмаған деген сөзін Темірге де таңған.»

Темір өзінің басшылық саясатын аяқталуын қытайды жаулап алумен бітеді деп түсінді. өзіне дейінгі Хорезм Шахы Мұхамед және өзінен кейінгі Нәдір шах сияқты Темір өз мақсатын іске аыру үшін көп әскер топтайды. Бірақ бұл мақсаты орындалмады.

Темір және одан кейінгі тақ иелері тұсында Самарқан өте үлкен сауда орталығы болды. Мұнда қытай заттары сатылды. Сонымен қатар Темірдің жаулап алушылық саясатының мақсаты иранды үлкен мәдениет орталығына айналдыру еді. Тарихи себептермен түркі аймағы болған Хорезм өзінің мәдени дамуында ираннан кем болған жоқ. Хорезмнен Самарқанға көптеген ғалымдар мен суретшілер әкеліп, ғылым мен мәдениетті дамытты. Шахрисап қаласында Темірге арнап соққан Ақсарай атты ғимарат оның Самарқандағы сарайынан да сәнді болып шықты.

Темір жүргізген соғыстардан Хорезм басқа қалаларға қарағанда көп қирады. Хорезмді 1379-жылы Шағатайлар жаулап алғаннан кейін онда бірнеше рет көтерілістер болды. Темір мен Алтын Орда ханы Тоқтамыс екеуінің арасындағы күресте Хорезм бірнеше рет Тоқтамыс жағына өтті, оның есімі жазылған теңгелер шықты. Сондықтан Хорезм, әсіресе оның астанасы –Үргеніш ауыр шапқыншылыққа ұшырады. Темір үргенішті жермен жексен етіп, орнына арпа егті. Тек үш жылдан кейін қаланы бір көше аумағында ғана қалпына келтіруге руқсат етті.

Темір өзі бір кездегі Шағатай сарбазынан шықаннын ескерсек, оған ирандық тәжіктерге қарағанда түркі шағатайлары жақын еді. Сондықтан да ол түркілердің әскери қабілетін мойындады. Темір сауатсыз болса да, мәдениетке жақын болды, шахматты жақсы ойнаған. Белгілі ғалымдармен үнемі таласқа түсіп бірнеше ғылым саласынан өз бетінше білім алған. өзінің тарихты жақсы білуімен ұлы араб тарихшысы Ибн Халдунды таң қалдырады.

Тува 1306 жылы оліп, билік оның мұрагер ұлы Кебектің қолына көшті. Үгедей әулеті мұрагерлерінің барлығы дерлік биліктен жартылай кетіп, қарамағындағы қожалықтарынан да жартылай айырылды. Хан ұлдарының ішінде тек Шах ғана өзінің мың үйлік ордасын сақтап қалды. Патсы тарихшысы Вассев Мәуреннахр мен Түркістандағы шаруашылық пен сауда –саттықтың құлдырауын осы өзара қақтығысулар мен байланыстырады. Болып өткен құрылтай да бұл қарсылықтың бетін қайтара алмады. 1309 жылы Кебектің ағасы Есен – Бұға хан тағына отырды. Кебектің тұсында орта азиялық моңғол хандарының мұсылман мәдениетіне біртіндеп өте бастауының тарихтағы алар орны ерекше. Ол Мәуреннахрға қоныс аударып Қаршы қаласынан он бес шақырымдай жерге өзіне сарай соқтырды /24, 64-66 б/.

Біз бұдан Түркістандағы кәдімгі хан сарайының отауын қалаға көшіргеннің куәсі боламыз. Кебектің еңгізген тағы бір жаңалығы – ханның аты жазылған теңгн шығаруы. Мұндай күміс теңгелер мен ірілі ұсақты динарлар бұрын парсы мемлекетінде құйылатын. Бір динардың өзі дирхемге теңгерілетін еді. Теңгелер бұрынғысынша сауда саттығы дамыған Майреннахр, Бұхара, Самарқанд, Отырар, Термез сияқты ірі қалаларда жасала берді. Кейіннен осы теңгелер кебектің атымен «Кебек» деп атала бастады. Уақыт өте келе Алтын Ордада да теңгелер құйыла бастаған. Мұндағы теңгелер ұйғыр әріпімен жазылған парсы тіліндегі құтлығ болсын деген жазумен шықты. Кебектің ислам дінін қабылдаған інісі Тармашырын (1326-1334жж).өз шатырында түрікше сөйлейтін Ибн Батту Туды қабылдаған. Сол кездегі Шағатай хандары моңғол тілін білді деген нақты дерек жоқ. Ибн Батту тудың дерегінше Кебек түрікше білген. Ислам дінін қабылдау Мауренахр мен Шағатай қожалықтарының шығыс аймағының арасында сауда-саттықтың жандана түсуіне игі ықпал жасады. Ханның өзі Шығысқа, сол кезде астаналық қала саналатын Алмалық орналасқан Қытаймен шекаралас аудандарға жылына бір рет барып тұратын. Тармашырын өзі хандық құрған кездің алғашқы уақында (1326ж) Хорасанға сәтсіз жорық жасады. өйткені осы жорықтан соң парсылық моңғолдар Гознаны қиратып кеткен еді. 1329 ж ол мұсылмандық Үндістанға басып кіріп, Делиге дейін жетті.

1346 ж Мауренахрдағы хандық билікті жойған, Мауренахрдың шығыс аймақтарынан толық ажырап қалуына әкеп соққан ірі қақтығыстар болды. Бұл қақтығыстың аяғы Тармашырынның өлтірілуімен, хан ордасының шығысқа көшірілуімен тынды.

Жеңке ханның тұсында котоликтік миссионерлер Алмалықтың жанынан тамаша,. әдемі шіркеу тұрғызып алды. 1340 жылдың басында Мауренахрда Шыңғыс ханның ұрпағы саналатын түркіден шыққан шейхтердің бірі таққа ұсынылды. Кейіннен сұлтан болған шейх талай уақытқа дейін белгілі Бұқара әулиесі Бек әд –Дин Нактбендінің тәлімгері болды(1318-1339жж.).

1346ж немесе 1347 ж Шағатай ханың мұрагері Жасауыр Қазанға – Амудариядағы сансары қыстағына орналасқан болатын. Ол өлгеннен кейін 1358 ж Мауренахрдың билігі түркі әмірлерінің қолына өтіп кетеді. Қазағанның және одан кейін билікке келгендердің теңгелері Мауренахрдағы Термезде, Отырар, Исфиджап немесе Сайранда құйылып шығып тұрды. Шағатай хандығының шығыс аймақтары саяси түрде Мауренахрдан мүлдем бөлініп шықты. Ол жердің өз заны, талай уақыт хан тағына ұсынылған өзінің жоғарғы және ұлыстық әмірлері бар еді. Орта Азияның тарихы одан әрі былайша қалыптасты: Мауренахрда билікті әмірлер ұстап тұрды, олардың ішінен ерекше дараланып, ірі державаны қалыптастырған Әмір Темір шықты /23, 24 78-79 б/.

Темірдің Орта Азияны біріктіруі он сегіз жылға созылып, Қазақстан мен Қырғызстан аумағына – Шығыс Дешті Кыпшаққа, Жетісуға және Тянь –Шаньға тонаушылық, басқыншылық жорықтар жасаумен бірге нақ сондай қатыгездік әдістермен жүзеге асырылды (мысалы, Хорезмге бес рет жорық жасап, Үргеніштің толық талқандалуы нәтижесінде ғана бағындырылды). Темірдің үстемдікке ұмтылысы 1360-1370 жылдардағы талас-тартыстар шайқалтқанымен, әлі де құдыретті Алтын Ордамен бетпе-бет келді. Бірақ оны күретпестен бұрын Темір семсерін өзінің ең жақын көршілері –Ақ Орда мен Моғолстанға сілтеп, олар Темірдің Орта Азиядан тыс жерлерге агрессиясының алғашқы нысаналарына айналды. Ақ Орда мен Моғолстанның шаруашылық және саяси тәуелсіздігінің нығаюына кедергі жасауға ұмтылған Темір 70-90 жылдарда бұл мемлекеттердің аумағына оннан астам жорық жасады /43, 134-138 б/.