Стратегияны iске асырудың негiзгi бағыттары

Мақсаты. Өңiрлiк және әлемдiк экономикада бәсекеге қабiлеттi мамандануды қалыптастыру, экономикалық әлеуеттi және халықты таратып орналастыруды ұтымды кеңiстiктiк ұйымдастыру негiзiнде елдiң орнықты дамуын қамтамасыз ету және халықтың тыныс-тiршiлiгi үшiн қолайлы жағдайлар жасау.

 Аумақтық даму Стратегиясының басымдықтары

Елдегi экономикалық белсендiлiктi өзiне шоғырландыратын және елдiң қалған бүкiл аумағы үшiн “локомотив” рөлiн атқаратын “басып оза” өсу аймақтарын (өcу полюстерiн) қалыптастыру.
Орталық Азиядағы сауда-экономикалық және сервистiк-технологиялық орталық ретiнде Қазақстанның экономикалық кеңiстiгiн әлемдiк шаруашылық жүйесiне кiрiктiру.
Ел аумағын ұтымды игерумен үйлестiре отырып, экономика және еңбек ресурстарын экономикалық жағынан перспективалы және тыныс-тiршiлiк үшiн қолайлы аудандарға шоғырландыру.
Кластерлiк даму, өзiн-өзi ұйымдастыру және iшкi ресурстарды жұмылдыру тетiктерiн енгiзу жолымен өңiрлердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру.

Алға қойылған елдi орнықты және серпiндi дамытуды қамтамасыз ету мақсатына қол жеткiзу өңiрлiк және әлемдiк экономикада ел мен оның өңiрлерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiкке мамандануын, елдiң экономикалық әлеуетiн және халықты таратып орналастыруды ұтымды кеңiстiктiк ұйымдастыруды қалыптастыру жөнiндегi өзара байланысты мiндеттердi тиiмдi iске асыруға және соның негiзiнде елдiң барлық аумақтарының теңгерiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының жұмыс iстеуiне байланысты.

Осы Стратегияны iске асыру бағыттары көбiнесе елдiң аумақтық даму аспектiлерiн қамтиды. Сонымен қатар Стратегияда елдiң орта мерзiмдi даму жоспарлары мен мемлекеттiң басқа да бағдарламалық құжаттарында көзделген өзара байланысты шаралар шеңберiнде макроэкономикалық реттеу мен қаржы секторын дамыту, қолайлы iскерлiк және инвестициялық климат құру, өндiрiстiң адами капитал, ғылыми-техникалық әлеует және басқа да бағыттар сияқты факторларын тұтастай дамыту мәселелерi бойынша жалпы үйлестiру жүзеге асырылатын болады.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!