Экономикалық дағдарыс жылдарындағы АҚШ

1929 жылы АҚШ-та эқономикалық дағдарыс басталады. Біршші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең бай ел АҚШ-та дағдарыстың басталуына не себеп болды? Бұл сұраққа жауап беру үшін дағдарыстың қалай басталғанына және АҚШ экономикасының даму ерекшеліктеріне тоқталып өтеміз.

Экономикалық дағдарыстың басталуына 1929 жылғы Нью-Йорк қаласындағы қор биржасындағы оқиға себеп болды. Бұл былай болған еді. 20-жылдарда Нью-Йорк қор биржасында дүниежүзінде сатылатын акция (қағаз ақшаның) мол қоры болды. Оның мөлшері 1927 жылы 27 млрд болса, 1929 жылы 87 млрд долларға жетті.

1929 жылы қазан айының 24-і күні қор биржасында 12,4 млн акция сатылса, бес күннен кейін 16,4 млн акция сатылды. Қағаз ақша құны құнсызданып, акция иелері 32 млрд доллар жоғалтты. Сөйтіп, 1933 жылы Нью-Йорк қор биржасында 19 млрд доллар қалды. Бұл процесс АҚШ-тың экономикасының дағдарысқа ұшырауына әсер етті. Сөйтіп, дүниежүзілік капитализм дағдарысы басталды.

Ол АҚШ-тың өнеркәсіп салаларын түгелдей қамтыды. Өнеркәсіп өнімдерін шығару 54% қысқарды. 1932 жылы болат өндіру мен автомобиль шығару 15-16% төмендеді. 285 темір қорыту пештерінің 1932 жылы 46-сы ғана жұмыс істеді.

Экономикалық дағдарыс еңбекші халықтың тұрмыс жағдайын төмендетті. Әлеуметтік қайшылық өсті. 1929-1932 жылдарда жұмыссыздардың саны 17 млн адамға жетгі. Жүмыссыздық 30-жылдардағы АҚШ-тың күнделікті өміріндегі қалыпты көрініске айналды. Жұмысшылардың жалақысьг 60% -ға қысқарды,

АҚШ-тың ауыл шаруашьшық саласы дағдарыс жылдарында көп зардап шекті. Ауыл шаруашылық өнімдері артық шығарылып, өтпей қалды. Ауыл шаруашылық тауарларының бағасы үш есе арзандап кетті. Бұл фермерлердің жағдайын күйзелтті. Дағдарыс жылдарында 900 мың фермерлік шаруашылық қысқартылды.

1929-1933 жылдарда АҚШ-тың банк жүйесі айтарлықтай дағдарысқа жетті. Осы жылдарда 5800 банк жабылды. Миллиондаған американдықгар өздерінің банкке салған жинақтарынан айрылып, қайыршылық жолға түсті. Экономикалық дағдарыс американ халқының психологиясына айтарлықтай әсер тигізді. Ең бай елдің қайыршылыққа душар болуы халықтың молшылыққа деген үмітін үзе бастады. Американың гүлдену дәуіріне сенімсіздік күшейді. Индивидуализм идеясына байланысты әрбір американ азаматы өз күшіне сену керек екеніне көздері жете бастады. Мемлекет халықты әлеуметтік жағынан қорғаудан бас тартты. Әлеуметтік қайшылықтың тереңдеуі, бұқара халықтың күреске шығуына әкелді. 1930 жылы 183 мың жұмысшы ереуілге шықты. 1932 жылы Вашингтон қаласында 25 мың соғыс ардагерлері жиналып, өздерінің тұрмыс жағдайларын жақсартуын үкіметтен талап етті. Мұндай қозғалысқа фермерлер де белсене қатысты. 1932 жылы тамыз, қыркүйек айларында Батыс штаттағы фермерлер қозғалысы бірнеше айға созылды. Халықтың бұқаралық қозғалысы барлық әлеуметтік топтарды қамтыды. Үкімет бұларға қарсы полицейлік күштерді жіберіп, басып жаншып отырды. Елде репрессия кең етек алды.

АҚШ-тағы дағдарыс жылдарында кезекті Президент сайлауына дайьшдық басталды. Президенттік сайлау қарсаңында республикалық партия Гувердің ел алдындағы атқарып жатқан қызметін мақтаумен ғана шектелді. Елдегі экономикалық дағдарыс әрбір сайлаушының көз алдында өтіп жатты. Күн санап республикалық партияның беделі түсе берді.

Демократиялық партияның сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысы халық арасында жандана түсті. Олар экономикалық дағдарыс жылдарындағы республикалық партияның саясатын күн санап әшкерелеп жатты. Демократиялық партияның сайлау бағдарламасы еңбекші халық алдында жаңа реформалық бағытты ұсынды. (Демократиялық партия АҚШ президенттігіне Нью-Йорк штатының губернаторы Франклин Делано Рузвельттің кандидатурасын ұсынды.

Ф.Рузвельт   сайлау  алдында   өзінің   жаңа   экономикалық реформасын ұсынды. Реформаның Ф.Рузвельт  сайлау—– алдыңда – өзінің жана экономикалық реформасын ұсынды. Реформаның негізгі бағыты милиондаған кедейленғен халықтың мүддесін қорғау деп түсіндірді. Реформаның жаңа бағыты тарихта «жаңа бағыт» деп аталды. Ф.Рузвельттің жаңа бағытын американ қоғамы онша түсіне алған жоқ. Сондықтан бірден  саяси  қайраткерге  айнала  алмады.  Бірақ  та  сайлау қарсаңындағы үгіт-насихат жұмысының барысында, экономикалық дағдарыстан шығудың жолы мемлекеттік тұрғыдан реттеу екенін түсіне бастады. Мемлекеттік реттеу — экономиканы дағдарыстан шыгарудың бірден-бір жолы екенін сайлаушылар да түсініп, Ф.Рузвельттің саяси беделі өсе бастады. Сайлаушылар алдыңда сөйлеген   сөзінде   Ф.Рузвельт   елдегі   азаматтық   қүқықтың сақталуын, оған мемлекеттік жауапкершілікті күшейтуі керектігін

айтып отырды.  1932 жылы қыркүйек айының 23-і күні Сан-Франциско қаласында сөйлеген сөзівде «экономикалық жоспарлау»

идеясын ұсынды. XX ғасырда американдықтар үшін тәуелсіздік Декларациясына өзгерістер енгізудің қажеттілігін айтты. «Әрбір адам өмір сүруге құқықты, сондықтан үкімет әрбір адамға еңбек етуге, еңбегінің нәтижесін көре білуге көмектесуі керек, қоғам байлығы халық үшін қызмет жасауы қажет» — деді. Америка мемлекеті халықтың әлеуметгік мақсаты үшін жұмыс атқаруы керек, әрбір адамды қорғау үшін мемлекеттік әлеуметтік жүйе қалыптасуы қажет екенін айтып отырды. Жаңа бағыт саясатының негізгі мәні – халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реформа

жүргізу екенін сайлаушылар алдында сөйлеген сөздерінде әр уақытта  ескертіп  отырды.  Республикалық  партияның  сайлау бағдарламасы халық алдында сенімсіздік тудырып, демократиялық партияның өкілі Ф.Рузвельттің беделі өсті. Ол либералдық реформа саясатын батыл жүргізуді талап етті.

1932 жылы қазан айында АҚШ-та президенттік сайлау өтті. Сайлау қорытындысында демократиялық партия өкілі Ф.Рузвельтті қолдап 22,8 млн сайлаушылар дауыс берді, республикалық партия өкілі Гуверге 15,8 млн сайлаушылар дауыс берді. Ф.Рузвельт жеңіске жетті. Демократиялық партия АҚШ конгресінің екі палатасында да көпшілік орын алды. 1933 жылы наурыз айының 4-і күні Ф.Рузвельт президенттік қызметіне кірісті.

Франклин Делано Рузвельт 1881 ж. Нью-Йорк штатында дүниеге келген. ХҮІІ ғасырда Голландиядан келген Рузвельттер тұқымы Америкада орнығып, екі бұтақка бөлініп, дамыды. Олардың бір бұтағынан 1901-1909 жж. АҚШ президенті Т.Рузвельт, екіншісінен 1932-1945 жж. президент Ф.Рузвельт шықты. Франклин таңдаулы ақылы мектепте оқыды, Гарвард жоне Колумбия университеттерін заңгер мамандығы бойынша бітіріп шықты. Ол неміс және француз тілдерінде еркін сөйлейтін. 1910 жылдан бастап сенатор, 1913 ж. министрдің орынбасары болды. 1921 ж. аурудан аяғы сал болып қалғанына карамастан, саяси кызметтен бас тартқан жоқ. 1928 ж. ол Нью-Йорк штатының губернаторы болып сайланды да, дағдарыс кезінде күйзелген халықка мемлекеттік көмек беру жүйесін құрды

Франклин Делано Рузвельт

 Рузвельттің «жаңа бағыт» саясаты.

1933 ж. мамыр айында ауыл шаруашылығын реттеу туралы заң шықты. Бұл заң ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс пен ұсынысты деңгейлестіру мақсатын көздеді. Фермерлерге мемлекет қарыз берді, қарыз төлемдеріне бірқатар жеңілдіктер белгіленді. Ал фермерлер егіс көлемі мен мал басын қысқартуға тиісті болды, қысқарған жер мен малдың қүнын мемлекет төледі, бұл ауыл шаруашылығы өнімінің бағасын тұрактандыруға мүмкіншілік берді. 1933 ж. маусым айында Ұлттық өнеркәсіпті қалпына келтіру туралы заң қабылданды. Барлық кәсіпкерлік бірлестіктер “адал бәсеке кодексін” жасауға тиісті болды. Бұл қүжаттарда өндірілетін өнімнің мөлшері мен бағаның ең төмеңгі дәрежесі белгіленді. Кодекстерді президент бекіткен соң, күшіне енеді. Өнеркәсіптің барлық салаларын қамтитын 750 кодекс жасалынды. Ұлттық өнеркэсіпті қалыпына келтіру туралы заң кәсіподақтарға ұжымдық шарт жасау қүқығын берді.

1935 ж. конгресс Вагнер заңын қабылдады (заңды ұсынушы сенатордың атымен аталды). Заң бойынша, жұмысшылар барлық салаларда кәсіподактарға кіру, кәсіп керлермен ұжымдық шарт жасау, ереуілдер ұйымдастыру құқығына ие болды.

Жұмысшы ұйымдарының іс-әрекетіне кәсіпкерлердің араласуына, жұмысшыларды кәсіподақтарға кіргені үшін қудалауға, ұжымдық шарт жасаудан кәсіпорын иелерінің бас тартуына тыйым салынды. Бұл заң еңбек катынастарын реттеудегі ең алдыңғы қатарлы заң болды.

1935 ж. АҚШ тарихында бірінші рет еңбекшілерді әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету туралы заң шықты: қарттарға зейнетақы, жұмыссыздарға жәрдемақы төленетін болды, жетімдер мен мүгедектерге жәрдем беру жүйесі жасалды. 1938 ж. еңбектің, әділетті шарттары туралы заң кабылданды. Заң өндірісте балалар еңбегін пайдалануға тыйым салды, жалақының ең төменгі мөлшері мен жұмыс аптасының ұзақтық мөлшері белгіленді.

Ауыл шаруашылығындағы кедей топтарға көмектесу үшін фермерлік шаруашылықтарды қорғау әкімшілігі деп аталған мекеме құрылды. Бұл мекеме арендаторларға фермалар сатып алу үшін қарыз берді. Ұсақ фермерлер мен кедей топтардың кооперативтер құруына қажетті қаржы бөліп отырды.

Ф.Рузвельт әкімшілігінің реформалары әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде мемлекеттің рөлін көтерді. Алайда бұл демократияны шектеген жоқ, оны кеңейте түсті. Азаматтардың құқықтары кеңейтілді: бар-лық американдар әлеуметтік жағынан қорғалу құқығына ие болды; кәсіподақтар мен жұмысшылар ұжымдық шарттар жасау және ереуілге шығу кұқығын алды; фермерлер мемлекеттен көмек сұрау қүқығына ие болды. Демек, АҚШ-та мемлекеттің рөлінің күшеюі демократиялық негізде іске асты. Реформалар “игілік мемлекетінің” іргетасын қалады.

Сыртқы саясат. Ф.Рузвельт елдің сыртқы саясаттық бағдарларына да өзгерістер енгізді. АҚШ ұзақ уақыт Кеңес Одағын мойындамай келген еді. 1933 ж. қарашада АҚШ пен КСРО арасында дипломатиялық қатынас орнату туралы келісімге қол қойылды.

Латын Америкасы елдеріне байланысты саясат та жаңартылды: 1933 ж. “тату көрші” саясаты жарияланды. Ф.Рузвельт Гаитиден американ әскерлерін қайтарып алды. Латын Америкасы елдерімен оларға тиімді сауда келісімдері жасалды.

30-жылдарда фашистік мемлекеттердің басқыншылық саясат жүргізуі және соғыс қаупінің күшеюіне байланысты Еуропаға қатысты саясатқа ерекше назар аудырылды. Ф.Рузвельт пен оның пікірлестері Батыс Еуропаның демо-кратиялық мемлекеттерімен, соның ішінде Англиямен жақындасу кажет деген ойда болды. Алайда саясаткерлердің басым көпшілігі бұрыннан келе жатқан оқшаулану саясатын жалғастыру кажет деп шешті. Оқшаулану саясаты бойынша, АҚПІ Еуропадағы әскери-саяси одақтарға кірмеуге, еуропалық соғыстарға қатыспауға тиісті болатын. 1935 ж. конгресс бейтараптылық туралы заң кабылдады. Заң әлемде қарулы қақгығыс туған жағдайда соғысушы елдерге қару-жарақ сатуға тыйым салды. Екінші дүние-жүзілік соғыс басталған соң ғана Ф.Рузвельт әкімшілігі бейтараптылық туралы завңы жоюға және Англия мен Францияға әскери жабдықтар беруге мүмкіншілік алды. 1941 ж. 11 наурызда ленд-лиз туралы заң кабылданды. Бұл заң фашистік басқыншылыққа карсы күрес жүргізіп жатқан елдерге қару-жарақ пен құрал-жабдықтарды жалға беруге рұқсат берді. Кейіннен Кеңес Одағы да ленд-лиз бойынша көмек алды.

1933 жылы наурыз айының 9-ы күні Рузвельт үкіметі АҚШ парламентінің арнаулы сессиясын шақырып, «жаңа бағыт» саясатын жүзеге асыру үшін жаңа заңдарды қабылдады. Жаңа бағыт саясатының бірінші кезеңі 1933-1934 жылдарда жүзеге асуы қажет болды. Бұл кезеңнің негізгі мақсаты АҚЩ-тың қаржы-экономикалық дамуында корпоративтік құрылымын нығайту болды. Капитализмнің әлеуметтік негізіне өзгерістер жасау арқылы, либералдық реформалар жасауға кірісті. Жаңа бағыт саясатының алғашқы күнінен бастап АҚШ-та қаржы-банк жүйесінде қайта құру шаралары жүргізілді. Мемлекет қаржы-банк жүйесін өз қолына алу үшін қаржы корпорация мекемесін құрды. Мемлекеттік қаржы корпорациясы (МФК) арқылы банктер заем алу құқына ие бола алды. Ол үшін тек қана ірі банктердің мүмкіндіктері болды. Мемлекет банктерге субсидиция беру үшін 5 млрд доллар бөлді. Бірақ мемлекеттің көмегін кез келген банк алу құқына ие бола алмады. Банк жүйесін ірілеңдіру арқылы жұзеге асыра алды. Сөйтіп, АҚШ-та банк жүйесіндегі реформа арқылы 25 мың банктен, бар болғаны 15 мың банк қалып, мемлекеттен көмек ала бастады. 1934 жылы доллардың алтын баламасьш 40% арзандатты. Банк жүйесінде мемлекеттің ықпалын күшейтіп, қаржылық қорды нығайтты. Мемлекет толық қаржы-банк жүйесін өз қолына алды. Коммерциялық банктердегі халық салымын биржаларда сатуға тыйым салды. Банктердің акцияларына мемлекет қатал бақылау жасады. Сөйтіп, қаржы-банк жүйесі толық мемлекеттің бақылауына көшті.

Әлеуметтік-экономикалық салада 1933 жылы маусым айының 16-ы күні жаңа заң қабылдады. Бұл ұлттық өнеркәсіпті қайта құру заңы (НИРА) деп аталды. Жаңа заң бойынша өнеркәсіпті қайта құру үшін мемлекет бақылау жасап, өндірілген өнім мөлшері мен бағасын анықтап отыратын болды. Өнеркәсіп иелері корпоративтік бизнес жасауға еркіндік алды.

НИРА заңдарының негізгі бағыты жұмысшы табының әлеуметтік саласын қорғау болды. Бұл заңның 7-бабында жұмысшылар кәсіподақ ұйымдарына бірігуге болатынын, сонымен қатар ұжымдық бірлестік келісімдерін жасауға толық құқықтарын белгіледі. Өнеркәсіп иелерімен келісім-шарттарын жасап, жалақы және жұмыс күнін белгілеуге мүмкіндік алды.

Өнеркәсіпті қалпына келтіру НИРА заңы жұмыссыздықты азайту туралы да шаралар жүргізді. Бұл шараларды жүргізу үшін қоғамдық жұмысты әкімшілік реттеу заңын қабылдады. Мемлекет бұл саладағы жұмыстар үшін 3,3 млрд доллар қаражат бөлді. Жаңа бағыт саясатының алғашқы айларында жұмыссыз жүрген 4 млн адамға жұмыс тауып берді. Жұмыссыз жүрген жастарға арнаулы мекемелер құрып, Оңтүстік Америка штаттарында жер қазу, жерді суландыру үшін каналдар қазып, тас жолдар салатын ауыр кол күш еңбегі арқылы жұмыс тауып берді. Сөйтіп, орнату туралы шешім кабылдады. Бірақ КСРО-ға сенімсіздікпен карау 1941 ж. дейін созылды.

АҚІП сыртқы саясатының артықшылықпен пайдаланған бағыты Латын Америкасы болды. Ф.Рузвельт кұрылық елдерімен катынасты түбегейлі кайтадан кұрды. Жаңа “кайырымды көрші” саясатының бұрынғы “үлкен шоқпар ” мен “доллар дипломатиясы” бағытынан айырмашылығы, ол латынамерикалық елдердің ішкі саясаттарына араласпау, өзара тиімді сауда және техникалық көмек көрсетуге негізделді. Бұл жаңа бағыт АҚШ-қа “американаралық жүйеде” үстемдік орнатуға мүмкіндік берді.

Екінші дүниежүзілік соғыс басталғанша оқшауланушылық үкімет саясатының жетекші бағыты болып келді. Кейіннен Ф.Рузвельт бейтараптық туралы заңның қателік болғандығын, өйткені оның агрессорларға көмектесіп, олардың кұрбандарын кажетті көмектерден айырғандығын мойындады.