1916жылғы Ұлт – азаттық көтерілістің қазақстанға таралуы

1916 жылғы қазақ халқы көтерілісінің басты аудандарының бірі – Жетісу еді.  Мұнда ол 1916 жылғы шілденің алғашқы күндерінде Жаркент – Тараншы болысының Городсккое селосындағы тыл жұмыстарына жіберілетін жігіттердің тізімдерін жасауға  қарсылық көрсетуімен басталды. Сол жылғы 7 және 8 шілдеде Верныйдан шамамен 40 шақырымдай  Үшқоңыр деген жерде төңіректегі болыстардағы қазақ халқының өкілдері сезъге жиналды. Онда жігіттер әскерге жіберілмесін,  жұрт таудан түспесін, әкімшілік  тарапынан күштеу шаралар қолданылған ретте телеграф бұзылсын, окоп қазу  жұмыстарына шақырылатын адамдардың тізіиі жойылсын деген шешім қабылданды.

10 шілдеден Ұзынағаш болысының Үлкесаз деген жерінде де дәл осындай, бірақ құрамы жөнінде көп адам қатысқан съезд болып, оған Жетісудің он бір болысынан 5 мыңдай адам қатысты. Съезге қатысушылар да, оқтың астына барғанша осында өлген артық. Деген қаулы қабылдады. Бұл кезде Верный  және Жаркент уездерінің көптеген  болыстарында жаппай бас көтерулер басталды.Лепсі және Қапал уезінің болыстарында 30 мыңға тарта жігіт жиналды.  

1916 жылғы 7 тамызда Верный уезіндегі Ботпай, Шығыс және Батыс Қастек, Ырғайты және Тойтары   болыстары  қазақтарының  Самса станциясы маңында біріккен бас көтеру басталды.   Көтеріліс бұл жерден  Тоқмақ маңына ауысты. Верный – Қордай жолының  бойындағы  барлық пошта бекеттері өртелді.  Ташкентпен,  Пішкентпен және Пержевальскі мен  телеграф  байланысы үзілді.  Тамыздың  орта шенінде Жетісу  облысында  барлық болыстары дерлік толқыды.

Жетісудағы көтеріліс  басшыларының және қазақтың демократияшыл зиялыларының бірі – Тоқаш Бокин  Ол  халықтар  арасындағы   үгіт жұмысына   басшылық етті,  соғыстың халыққы қарсы сипатын түсіндіру,   үстем феодал – байлар  тобының  сатқындық рөлін әшкерелеп,   патша жарлығын орындауға шақырды.  1916 жылғы тамыздың   бас кезінде ревалютциялық қызметі үшін ол қамауға алынды. Түрмеде Тоқаш Бокин Ақпан төңкерісінің   жеңісіне дейін отырды.    Жетісу жеріндегі  отрияттарға,  сонымен бірге,  Бекболат Әшекеев, Н. Сатыбеков,  Ж. Мәмбетов   және басқа да  көптеген адамдар басшылық етті.

Жетісу облысындағы    сондай – ақ   Қазақстан мен Орта Азияның  басқа да облыстарындағы  көтеріліс патша  әкімшілігін  қатты абыржытты.   Түркістан  өлкесі  соғыс жағдайында деп жарияланды.   Түркістанның   гинерал – губернаторы  Куропаткин « ешқандай  амалдардан  тартынбай,  көтерілісшілерді дереу тыныштандыруды »  талап етті.  Жергілікті әкімшілікке  көтерілісшілерге қарсы күресу үшін,   тұрғылықты  халық арасындағы рулық және тайпалық   қайшылықтарды  пайдалануды ұсынды.  Көтерілісшілерге   қарсы зеңбіректермен,   пулеметтермен    жарақтандырылып,   арнайы жасақталған  жазалаушы әскерлер жіберілді. Көпірлер мен темір жолдарды күзейту күшейтілді,  әскерй далалық соттар ұйымдастырылды.   Түркістан өлкесінің  басқа облыстарынан   Жетісу облысына үш әскер жасақ,  жеті  атқыштар ротасы, мйдандағы армйядан  казак – орыс   полкі келтірілді.

Көтеріліске   қарсы  әскерлер жіберілгенне,  ауылдар мен қалаларда « күдіктілердің » бәрін жаппай тұтқынға алынғанна, ал әскерй дала  соттарының өлім жазасына кескен үкімдер шығарғанына қарамастан,   патша әкімшілігі  көтерілісшілердің  жауынгерлік  рухын жасыта алмады.   Көтерілісшілер  қорғанып қана қоймай,   кейбір  жерлерде шабуылға да шығып отырды.

Жазалаушылар   мен  соңғы ұрыс 1916  жылғы қыркүйектің   аяғында  Қапал уезіндегі  Быжы  өзенінің  маңында жүрді.  Көтерілісшілердің   жасақтары жеңіліске ұшырап,    қалғандары тауға кетті.Жетісудағы  көтеріліс 1916  жылғы  қазанда  басып  жаншылды.

Патша  жендеттері көтерілісшілерге  ғана емес,   бейбіт халықта да жазалады.   Ондағы қазақ және қырғыз ауылдары қиратылды.  Олардың малын айдап әкетті, мүлкін талам  таражға  салды. Патша әскерлері қудаланған  300  мыңнан астам қазақтар мен қырғыздар туғанжерін тастап, Батыс Қытайға  өтіп кетуге  мәжбүр болды.  Көтерілістің басты жетекшісі Бекболатты  дарға асып өлтірді.

Сотсыз – тергеусіз  аталғандарды,  жазалаушылар  мен кулар   отрияттарының   қолынан қаза тапқандарды  есептемегеннің  өзінде   Куропаткин  бекіткен сот  үкімдері  бойынша ғана  Туркістан  өлкесінде 1917  жылы 1 ақпанға  дейін  347   адам  өлім  жазасына, 168  адам  которғалық     жұмыстарға, 129 адам түрмеде отыруға кесілді. 1916  жылы халық  көтерілісі  сондай – ақ  Сырдария,  Семей,  Орал  облыстарында және  Бөкей   ордасын да қамтыды.

Қазақстанның оңтүстігінде  Қарқара аймағы  халықтық револютцияның ірі ошағы болды.  1916   жылғы 11  тамызда 5 мыңнан  астам көтерілісші  Қарқара жәрменкесін қоршап алды.

Көтерілісшілер  Кравченконның жазалау отрядын  талқылап, жәрменкені басып алды.

Лепсі уезінде жазалау отряттары мен Жетісу көтерілісшілерінің қарулы қақтығысы болды. ( 1 )

Жазалаушылар тықсырған Мерке, Әулиеата көтерілісшілерінің  отрияттары  Мойынқұмда  табын тірескен шайқас жүргізді.

Тамыз айының  орта шенінде көтеріліс Семей облысының дерлік барлық болыстарын қамтыды.

  1. Ч. Мусин. « Қазақстан  тарихы »   А.. 2005 ж  269 бет.

Бекболат Әшекеевтен кейін оның ең жақын  23 серіктері  Түркістан әскери – окруктар сотына берілді. Оларға сот 1917 жылғы 17 ақпанда Верный  қаласында болды. Олардың бәрі  тағылған айыптауларға  өздерін кінәлі деп  мойындамағанымен, қатаң жазаланды.  Бекболатов, Күзенбаев,   Сатыханов, Аманжолов,  Әшекеев,  Сұлтанов, Нұрбаев, Аманбаев,  Әбдірашев  дарға асылды.

Б . Әшекевтің баласы Әбділда  Бекболатов барлық құқықтары мен дәулетінен  айрылып, 20 жыл мерзімге каторгалық жұмыстарға айдалды. 8 адам соның ішінде болыс басқарушысы  Сәт Ниязбеков көтеріліске   қатысуы дәлелденбеуі себепті ақталды.

Қыркүйекте — қазан айының басында барлық жағынан  жазалау атрияттары  тықсырған   Жетісу   көтерілісшілерінің  едәуір бөлігі табынды шайқаса отырып шегініп, Шыңжаңға кетуге мәжбүр болды.

Жетісу облысының Верный уезінің  ізінше онымен көршілес   Сырдария облысының Әулиеата уезінде көтеріліс басталды. Әулиеата уезін атап айтқанда, оның Мерке учаскісі кең – байтақ Сырдария облысы қазақтарының маңызды көтеріліс ошақтарының бірі болды. Тапсырма боиынша,  Әулиеата уезінің 22675 адам алынуға тиіс болды.   1916  жылғы тамыздың  аяғына қарай шақыру пунктеріне 3 мыңдай  адам ғана келді.

Жетісу, Сырдария,  Ақмола, Сеией  облыстарында және Батыс Қазақстанның бір қатар аудандарында көтерілісшілер қозғалысы басып- жаншышталған немесе оны аяусыз басып – жаныштау үрдісі жүріп жатқан кезде, Торғай даласында ол күш алып, күн өткен сайын өрістей түсті. Әбдігапар Жанбосынав, Амангелді Иманов, Әлби Жангелдин бастаған Торғай көтеріліс ошағы ең табанды болды және ұзаққа созылды.

Мұрағат құжаттарының дәлелдейтініндей көтерілістің Торғай ошағы шырқау шыңына жеткен кезінде  көтерілісшілер саны 50 мың адамға жуық болды.

22 қазанда А. Иманов бастаған 15 мың көтерілісші Торғай қаласын қоршады.  Қаланы қоршау бірнеше күнге созылды.  Қоршау кезінде  летинант – генерал  А. Левреньевтің жазалау  корпусы   қалаға қарай үш бағытта келе жатты. Патша жазалаушыларының  басым күштері  жақындап қалғаны туралы   мәліметтер алған көтерілісшілер Торғайды қоршауды қойып, патша атрияттарына қарсы қозғалды. 16 қарашада  А. Иманов бастаған , жалпы саны 12 мың адамға жуық сарбаздар  Түнқойма пошта станциясы ауданында   патпалковник Катонминнің жазалау отриятында шабуыл жасады.  Көтерілісшілердің негізгі көпшілігі адам   күшін сақтау  үшін қарашаның екінші жартысында  Торғайдан 150 километр жерге кетіп, Батпаққара ауданында шоғырланды.  Осы жерден 1916 жылғы қарашаның екінші жартысынан 1917 жылғы ақпанның ортасына дейін жазалаушыларға қарсы патизандық жорықтар жасады.  Көтерілісшілер мен жазалаушылар арасында  Татырда, Ақшығанақта, Доғал Үрпекте, Күйікте шайқастар болды. Көтерілісшілердің штабы орналасқан  Бетпаққара ауданында Шайқастар шиеленісті  болды. Шайқас  1917 жылғы ақпанның екінші жартысында  өрістей түсті.

Қазақ  халқының 1916 жылғы ұлт – азаттық көтерілісі Қазақстанның барлық  аймақтарында қатаң  басып – жанышталды. Семей және Ақмола облыстарында көтерілісшілерге қарсы 12 атты әскер жүздігі, 11 күшейтілген жаяу әскер ротасы қимыл жасады, ал Торғай көтерілісшілеріне қарсы патшалық өкімет орындары 17 атқыштар ротасы 18 қазақ  жүздігін, 4 атты әскер эскадронын, 18 зеңбірек, 10 пулемет және басқаларды әкеп төкті. Алайда жазалаушылар Қазақстанның бір қатар аудандарында көтерілісті Ақпан револютциясына дейін баса алмады. Мәселен, Торғай облысында көтеріліс патша өкіметі құлатылғаннан кейін ғана тоқтатылды.

Көтерілістің ең бір күшті болған орталығы Торғай облысы еді. Мұнда көтеріліс ең бұқаралық, ең ұзаққа созылған, ең батыл, ең табанды және ұйымдасқан көтеріліс болды. Көтеріліс барлық уездерде: Торғай, Ырғыз, Ақтөбе және Қостанай уездерін қамтыды. Облыста көтеріліс қамтымаған ауыл немесе елді мекен болмады. Бұл кездейсоқ емес еді. Істің мәні мұнда жұрттың көп жері тартып алынып, жер мәселесінің шиеленісуі өте күшті болғандығында еді.

Амангелді Иманов 1873 жылы Торғай уезінің Қайдауыл болысындағы ауылдардың бірінде, кедей шаруаның семиясында туылған. Әкесінен ерте аирылған Амангелді баилардың есігінде жүріп, бала күнінен ақ жоқшылық пен мұқтаждық көрді. Амангелді Имановтың ұиымдастырушылық қабілеті халық көтерілісінің алғашқы күндерінен бастап – ақ айқын көрінді. Ұшы – қиырсыз Торғай даласының барлық түкпірлерінде көтерілісшілер жасақтары құрылып, оларға Байқоңыр руднигінің, Шоқпаркөл тас – көмір кен орындарының  және Орынбор – Ташкент  теміржолының жұмысшылары  қосылды. Амангелді  Имановты  жақтаушылардың  қатары күнен – күнге өсе берді.  Оған Торғай  облысындағы  жақын жатқан Қостанай,  Ыргыз және Ақтөбе уездерінен ғана емес, сонымен бірге Сырдария, Ақмола, Семей  облыстарынан  көтерілісшілер  ағылып келіп жатты. Егер  қазан айының  бас кезінде  Амнгелді  Имановтың  отрядында 5 мыңдай адам болса 15 – 20 күннен кейін ақ олардың қатары 50 мың адамға жетті.  Көтерілісшілердің орталығы  Торғай даласының қиыр түкпірінде,  Бетпаққара маңында орналасты.

Қарашаның екіші жартысында көтерілісшілердің негізгі тобы Торғайдан 150 шақырым жерге қашықтап шегініп, Батпаққараның төңірегіне жиналды. Мұнда соғыс қимылдарына басшылық ететін кеңес құрылды. Амангелді  Имановтың басшылығымен осы жерде жазалаушыларға қарсы көтерілісшілердің партизандық күрес әдістерін кеңінен пайдаланды.  22 қарашада Ырғыз уезігндегі Ұлпан стансасында 4 мың көтерілісші есауыл Флоровтың отрядымен соғысты. Соғыс қақтығыстары сондай – ақ 21 – 23 қарашада Ырғыз бен Торғай арасындағы почта жолдарында да өтті. 20 қарашада Ырғыз уезіндегі Тәуіп, Аманкөл  және Қызылжар болыстарының 16 мың көтерілісшілері подполковник  Фон Розеннің  отрядымен шайқасты.

Бірақ қыстың ерте түсуі көтерілісшілердің қимылын қиындатты. Көтерілісшілер өздерін азық – түлікпен  қамтамасыз етіп, алыс жерлерге жертөлелер салды, киіз үйлер тікті.  1917 жылдың басынан бастап Амангелді  Иманов күресті одан әрі қарай  жалғастыруды көзеді.

Патша жазалаушылары мен Амангелді  Имановтың көтерілісшілері арасындағы соғыс қимылдары 1917 жылғы Ақпан буржуазиялық – демократиялық  революциясынан кейін де жалғаса берді. Толық емес мәліметтерге қарағанда уақытша өкімет ұлт – азаттық қозғалысына қатысқаны үшін Торғай  облысында 3 мың адамды  жауапқа тартты, солардың ішінде 201 адам өлім жазасына кесілді, 162 адам каторгаға айналды.

Ресей либерал – демократялық қозғатысының өкілдері 1916 жылғы 25 маусымдағы патша жарлығы шығуының ең басынан ақ оның заңсыз екенін көрсетіп, егер бұл әділетсіз жарлық жүзеге асырыла бастаса халық толқуларының пайда болуы анық екенін ескерткен еді.

1916 жылғы шілденің өзінде ақ мұсылмандар, кадеттер мен родувиктер фракцияларының өкілдері болып табылатын Мемлекеттік Дума мүшелері Ішкі  істер министірлігі мен Әскери министірлікке жарлықты жүзеге асыру шарттарын дереу анықтауды талап еткен болатын. ( 1 ).    Бірқатар депутаттардың сауал салу бойынша  патша жарлығын жүзеге асырудың заңдылығы мен мүмкіндігі және зардаптары   туралы мәселе мемлекеттік думан отырыстарында бірнеше рет талқыланды.  1916 жылдың  тамызында   Мемлекеттік Думанның депутаттары  А. Ф. Керенски мен К. Б.  Тефкелев  болып өткендердің  бәрімен жергілікті жерде танысу үшін өз фракцияларының тапсыруы мен Түркістанға барды.   Мемлекеттік  Думадағы  трудовиктер фракцясының жетекшісі  А. Ф  Керенски  Түркістан мен Дала өлкесінде болып жатқан оқиғаларды   орыс тарихының  масқара беттері деп сипаттады. Ол « 25 маусымдағы жоғары патша жарлығын…. жариялау және жүзеге асыру кезінде Ресей империясының негізгі және негізгі емес заңдарының бәрі қаншалықты мүмкін болса соншалықты бұзылған » , — деп мәлімдеген. Мемлекеттік  думаның  мұсылмандар фракциясының мүшесі М. Г. Джаффаров  трудовиктер фракциясы   сауданың  негізгі қағидаларын және оның жетекшісінің  сөйлеген сөзін  қолдай келіп,  Қазақстан мен Орталық Азия  халықтары  көтерілісінің  негізгі себебі патша өкіметінің   отаршылдық саясаты және   барлық   деңгейдегі   атқарушы   өкімет  орындарының соған тікелй байланысты болды.