1916жылғы Ұлт – азаттық көтерілістің шығу себептері

1914  жылы  басталған  бірінші  дүниежүзілік  соғыс  Ресей   халықтарына  аса ауыр  қасырет  әкелді.  Әлеуметтік  және  ұлттық  езгі  күшейді.  Соғыс  жылдарында   жергілікті  жерлердегі  паша  шенеуниктерінің  озбырлығы  мен зорлық – зомбылығы өлшеусіз  өсті. Қазақтардан  бірінші  кезекте  Сырдария  және  Жетісу  облыстарында  жерлерін  жаппай  тартып  алу  жалғастырылды.  Бір  ғана  Жетісу   облыстарында  жерлерін  жаппай   тартып  алу  жалғастырылды.

Бір ғана Жетісу  облысында  соғыстың  алғашқы  3 жылында  1800 мың  десятина  жақсы  жайылымдар  мен  егістік  алаптар  тартып алынды,  ал осы жерлердің  нағыз  қожайындары  қазақтар  шаруашылық  жүргізуге  онша  жарамды  емес,  немесе  мүлде  жарамсыз  шөл немесе  шөлейт аудандарға күшпен  көшірілді.

Соғыс  орасан  көп  мөлшерде шикі затты,  азық – түтікті,  малды  және басқа да  материялдық  құндылықтарды  жалмап  жұтты.   Шаңырақтарға   жаңа  әскерй  салық  енгізілді.  Соғыс  басталған  соң  жергілікті  халыққа  салынатын  салықтар  3 – 4 есе,  ал  жекелеген  жағдайларда  15 – есе  өсірілді.

Егіс  алаптарының  қысқартылуы  нәтижесінде  ауыл  шаруашылық  өндірісі  сұмдық  құлдырап  кетті.

1916 жылдың  ортасына  қарай  патша  үкіметінің  қазақ  халқының  тартып  алған  жерінің  жалпы  көлемі  45  млн  десятинаға  теңелді.

Әлеуметтік  және  ұлттық  езгінің  күшеиуі,  соғыс  кесапаты – халық  бұқарасының  қайыршылануы,  қымбатшылық,  ашаршылық  еңбекшілердің  жағдайына  ауыр  әсер етті  және  өлке  халқының  әр  түрлі  топтары  тарапынан  белсенді  наразылық  туғызды.

ХХ   ғасырдың  басында  патшалық  Ресейдің  Орта  Азияның  шығыс  аудандары мен  Қазақстанды  отарлауы  өте  күшті  қарқынмен  жүргізілді.  Тек  1907 – 1912  жылдары  империяның  Еуропалық  бөліктерінен  бұл  жаққа  2 млн  400 мың  адам  келіп  қоныстанды.  Әсіресе,  Қазақстанда  отарлау  кең  ауқымды  жүргізілді.  Қазақтардың  жерлерінде  патша  өкіметі  шаруаларды  қоныстандыру  үшін жер  қорын  жасап,  1917  жылға  дейін  олардың  45  млн  десятина ең  шұрайлы  жерлерін  тартып  алды,  сөйтіп  жергілікті  халықтар  таулар  мен  шөл  далаларға  ығысуға  мәжбүр  болды.  Бұл  жерлерде  не су, не мал  жаятын  жергілікті  шабындық  болмады.

Сонау  Столыпин  реформасының  бас  кезінде  ақ  « Санк – Петербургские   ведомости » газеті  былай  деп  жазуға  мәжбүр болды:  « Егер мемлекет мүдделері  қырғыздарды құрбан  етуді  талап етсе,  бұған  қарсы шығудың  керегі жоқ,  бірақ  екінші   жағынан, бір  қолымызбен  жасай отырып, біздің  екінші қолымызбен күйретіп  жатқанымызға  көзді жұма  қарамай,  қайта  ашық мойындауымыз  керек ».

« Красныи   Казахстан »,   1926 г,  4  том, с  95.

1917  жылға  қарай  Қазақcтанда   қоныстану  учаскелеріне,  ормандағы  сая – жайларға,  қазақ  әскерлеріне,  помешиктік  именилерге,  монатырьлік  учаскелерге,  қалалар  мен  темір  жолдар  үшін  бөлінген  өңірлерге  ең  жақсы  егістік  жерлер  мен  жайылымдардың  45147765  десятинасы  тартып  алынды.

ХІХ   ғасырдың  аяғы  мен  ХХ ғасырдың  басында,  Хиуа  мен Бұқараны  қоспағанда,  бұрынғы Түркістан  шегінде  941   қоныстанушылар  паселкелері  пайда  болды. ( 1 ).

Түркістанда  әрбір  келімсекке  орыс  поселкелерінде  3, 17  десятина,  ал баиырғы  халықтың  әрбір  жанына  ( Қазаққа, өзбекке,  қырғызға  және бпсқаларға ) 0,21   десятина  өңделетін  жер  тиді.  Орасан  көп көлемде  қырғыз – қазақ  батырақтары пайда  болды.Жетісу  губерниясында  баолық  қоныстанушылар  шаруашылықтарының  98 % — тіне дейіні  жалдамалы еңбекті  пайдаланды. Қазақтардың жерін  жаппай тартып алу  көшпенділер  мен  орыс – украйн  қоныстанушылары  арасында  қатынастарды  қиындата  түсті. «1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этникалық жанжалдар  даладағы өмірдің сипатты белгісіне » айналды деп Т. Рұсқылов  өте дұрыс  жазған  еді.

Ресей Ғылым  академиясының академигі  П. В. Волубуев  Т. Рұсқыловтан  кейін 65 жыл өткен соң былай деп жазды:«Қоныстандыру саясаты көшіп келушілерді  шаруашылықтың  мүлде өзгеше укладының өкілі болған және жерге олардан әсте де  кем мұқтаж  болмай отырған  шет аймақтардың ( Орта Азияның, Қазақстанның, Сібірдің )байырғы халқымен қақтығыстарға ұрындырды. Демек аграрлық шиеленіс елдің орталықтарынан  шет аймақтарына  таралды. ( 4 )

Көтеріліске соғысып жатқан армиялар ауданында қорғаныс құрлыстарымен  әскерй қатнастар  орнату  жөніндегі  жұмыстар үшін  Орта Азия мен Қазақстанның  және басқа да  бірқатар  облыстардың  бұратаналарын  алу туралы  1916 жылғы 25 маусымдағы  патша  жарлығы  себеп  болды.   Қара жұмысқа 19 жастан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды  барлық  халық  алынуға тиіс еді.   Сол арқылы патша үкіметі көптеген орыс  салдаттарымен   жұмысшыларын   не   ғұрлым  көнбіс  және  арзан  жұмыс  күші  ретінде  « Реквизицияланған   бұратаналармен »  ауыстырып,  оларды   қорғаныс  құрлыстары  мен   басқа да  тыл  жұмыстарынан  босатқысы  келді.

Түркістан мен  дала  өлкесінен  500 мыңнан  астам  жігіт   алу  көзделді.

  1. « Қазақстан тарихы » 3 том.     А.   2002 ж.     636 бет.
  2. « Қазақстан тарихы » Ч. Мусин.  А…   2005 ж.    265 бет

3 Манаш   Қозыбагв.   «   Жауды  шаптым   ту  баилап ».

 А… 1994 ж .  143 бет.

  1. « Қазақстан тарихы ».   3  том .    А..  2002  638 бет.

Патша жарлығына жауап ретінде  орасан  зор аймақтың – Қазақстан мен Түркістанның халқы стихиялы  түрде бір мезгілде  дерлік  көтерілді.  Жергілікті патша әкімшілігінің  анықтамасы  бойынша, далада « Біреуі жұмысшылар бергісі  келмитін    екіншісі  бұйрықты орындауға  келісетін екі партия құрылды ». Ат төбеліндей азғантай байлар, жергілікті отаршыл әкімшілік — болыс басқармалары, ауыл сташындары патша жарлығын жақтап шықты.

Ә. Бөкйханов, А. Байтұрсынов,  М. Дулатов  бастаған қазақтың демократиялық зиялыларының қайраткерлері басқа бағыт ұсынды. Олар Қазақстан — Ресей мемлекетінің бодандары деп санады. « Бұл бізге деген сеніммен, Отан қорғау үшін, — деп жазды олар 1916 жылғы тамыздың ортасында халыққа арналған үндеуінде, — жұмысқа шақырған бұйрық жарияланды.   Біз сөзімізді халыққа  арнаймыз, біз бұл туралы талай рет айтқан болатынбыз, бұл істен бас тартуға болмайды ». Қозғалыс басшылары Қазақтарды тыл жұмыстарына шақыруды уақытша кейінге қалдыруды, оны тиісті дайындық жұмыстарынан кейін жүзеге асыруды ұсынды. Бұл  орайда олар  соғыс жеңіспен  біткен  жағдайда өз халқының  тағдырын  жеңілдету мен ұлттық  афтономия құруға үміттенді. Олардың көбі іс  жүзінде  қарусыз  халық  осы заманғы техникамен жарақтанған  патша армиясына қарсыласу  мүмкін емес деп санады. ( 1 )

Олар қарусыз халық үкіметін жазалау шараларының құрбаны болады деп қауіптенді. « Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар,» — деп жазды олар  1916 жылғы қазандағы үндеу хатында.

Сонымен  қазақ халқының револютциялық — демократиялық ой пікірінің  басшылары отаршыл империямен парасатты ымыраластық тактикасын жүзеге асырып, халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақтау идеясын бірінші орында ұсынды.

Көтерілістен  кейінгі  қанқұилы жазалау, Қазақстан мен Орта Азияның 100 мыңдаған тұрғындарының қаза табуы осы қауіптенушіліктің дұрыс болғанын дәлелдеді.  ( 2 )

Ұлт – азаттық револютцияның ауқымды әлеуметті негізі болды. Оның негізгі қозғаушы күші ұлттық шаруалардың кең топтары  қазақ жұмысшылары мен  қолөнершілерінен  құралды.

Жалпыұлттық идеяға  ұласқан  ұлттық тәуелсіздік  идеясы қазақ шаруалары мен жұмысшыларының түрлі топтарын қалыптасып келе  жатқан ұлттық   буржуазия  мен  даланың дәстүрлі  ақсүйектерін  ұлт  зиялыларын  орыс және шетел капиталына  қарсы біріктірді.  Тұтас ауылдар, болыстар, уездер көтеріліс жасаған өздерімен бірге барлық мүлік пен малды алып. Дала қойнауына тереңдеп кеткен аудандарда көтерілісшілерге байлар да қосылуға мәжбүр болды.

  1. Манаш Қозыбаев. « Жауды шаптым ту байлап »  А.. 1994 ж 144 б.
  2. Қазақстан тарихы. Очерк   А… 1993 ж.  274 бет.

Басқа « бұратаналар »- дүнген, өзбек, қырғыз,  ұйғырлар да  көтерілісшілерді жақтап шықты. Патша өкіметі « Бөліп алда  билей бер »  деген сенімді тактикасын қолданды. 1916 жылғы 23 тамызда гинерал губирнатор Курапаткйннің құпия бұйрығымен мыналар алымнан босатылды:

  1. Басқармалардың ( болыстық, селолық және ауылдық ) лауазымды адамдары.
  2. Жергілікті бұратаналардан шыққан төменгі  политциялық шенділер.
  3. Имамдар, молдалар мен мүдәрістер.
  4. Ұсақ несие мекемелеріндегі есепшілер мен бухгалтерлер.
  5. Үкіметтің жекеше жоғары лауазым атқаратын жергілікті бұратана ұлт өкілдері.
  6. Дворян және ата – бабасынан құрметті азаматтар құқығын, сондай – ақ жеке басы құрметті азамат құқықтарын пайдаланатын жергілікті бұлатана ұлт өкілдері ». ( 1 )

Патша өкіметі әр алуан айла шаралар қолданып, қоғамның болмашы бір бөлігін жергілікті әкімшілікті, байлар мен мұсылман дінбасыларының бір қатары жалпы ұлттық қозғалыстан бөлшектеп ала білді де, олар жергілікті әкімшіліктің тыл жұмыстарына адамдар алуына  көмектесті.  Осынау  көмегі  үшін  олардың  балалары  қаражұмыстан босатылып отырды. Бұл кедейлердің ашықтан ашық ашу ызасын туғызды. Мәселен Қостанай уезі Меңдіқара  болысының Батырақ шаруалары ашу ызамен былай деп жазды: « Кедейлердің ауру балалары дені сау және тепсе темір үзетін болса да, олар  әскерй алқалардың  төрағасы  мен мүшелеріне көп пара бергендіктен үйлеріне қайтарылды ».

Жер – жерлерде көтерілісшілер атряттары құрылып жатты. Олар қара жұмысқа шақырылушы жастардың тізімін тартып алып, жойып жіберді, байлардың аулдарына шабуыл жасап,  борышқорлық  және салық тілқаттарын ,  жер сату жөніндегі құжаттарды  құртып  жіберді, болыс басқармалары, болыстардың ауылдарын талқандады.  Көтерілісшілердің  патша атрияттары мен қақтызыстары үдей түсті.

Қазақтың еңбекші бұқарасы « өз кәсіптерін тастап, қия далаға көшіп кетті, үлкен  топтарға бірігіп жинала бастады… бұирыққа бағынбай, окопқа барғанша, даладағы өз үйлерімізде  өлген жақсы деп шешті…»- делінген   Торғай  губернаторының хабарында.

1916  жылғы көтеріліс  бүкіл Қазақстанды, Орта Азияны, Сібір  мен  Кафказдың бір  бөлігін  қамтыды. Ол стихия  түрде   басталған  және  әлеуметтік  құрамы  жағынан  біртекті болған жоқ.   Оған   көмір кендерінің   мұнай кәсіпшіліктерінің , Ертіс пароходствосының Омбы, Орынбор – Ташкент  теміржолының қазақ жұмысшылары қатысты.  Олардың ауылымен және шаруашылықтарымен  байланысы көтеріске стихиялы,  шаруалар қозғалысы сипатын берді.

. 1. Қазақстандағы 1916 жылғы көтеріліс.  А.. 1947 ж  25 бет

Бір  сөзбен айтқанда,  стихиялық  халық көтерілісінен  ұлт – азаттық  қозғалыстың көсымдері  бөлініп  қалды.   Өмір  олардың  болжамы дұрыс екендігін  дәлелдеді.  Қазақ халқы тағы бір қырғынды басынан өткерді, ал   1917 жылы 27 ақпанда бас – аяғы бірнеше айдан кейін  патша да тағынан құлады. Осындай жағдайды  ескермей кейінгі   зеріттеушілер тарапынан  болашақ « Алаш »  партиясының  өкілдері 1916  жылы  патшаны жақтады,  тіпті көтерілісті басып, жанышты деген ұшқары жалған сөздер айтылды. Алашордалықтардың  көтеріліс кезіндегі тактикасын түсінбеді.  Ал көтеріліс басылып, қазақ жігіттері  майдандарға окоп қазуға жіберіле бастаған кезде, оларға бас – көз болып, кейін аман – есен оларды ауылға жеткізу қажет болған жағдайда  Ә. Бөкихановтың өзі  бастаған  қазақ зиялылары  серіктерімен майданға аттанды.  Бұны нағыз потриотизм деп түсіну керек. Өйткені сауатсыз  орыс тілін түсінбейтін көптеген  қазақ жігіттерінің  елге аман  оралуы екі талай еді.

1916 жылғы шілде, тамыз айларында  көтеріліс бүкіл қазақ даласын  қамтыды.  Оны басу үшін патша өкіметі жазалаушы отрияттар жіберілді.  Оның  құрамына  жақсы жақсы қаруланған әскер бөлімдері,  казак – орыс шоғырлары кірді.

1916 жылғы көтерілістің басты мақсаты ұлттық және саяси  азаматтық болды.   Сол арқылы ол қазақ халқының  бостандық пен тәулсіздік  жолындағы бұрынғы бүкіл  көтерілісінің қорытындысы  шығарылды.   Көтерілістің  негізгі  қозғаушы күші  ұлттық  шаруалардың  қалың тобы,  сондай – ақ сол кезде туып келе жатқан  жергілікті жұмысшы табының өкілдері,   қолөнершілері болды.

Сонымен  бірге көтерілістің ұлт азаттық  сипатта  болуы  себапті қазақ  халқының  барлық  топтарының  өкілдері   сондай ақ демократияшыл    зиялылардың  жекелеген  өкілдері   қатысты.

Күрделі  және  әртекті  болған  көтеріліс кең байтақ  өлке аудандарының  көпшілігіне  ұлт азаттық сипатқа ие болды.  Тек жекелеген  жерлерде ғана қозғалыстың  басшылығын  байлардың үстем топтары мен клерикал элементтер  қолына  алды.

28 маусымда жарлық телеграфпен Ташкентке берілді.  Жергілікті халықтардың  орыс қаруын бағынуына кәміл сенген патша әкімшілігі

Қазақстандағы   жұмылдыруды өткізудің тіпті зардапсыз әдістері жөнінде ойланып та жатпады және іс жүзінде жұмысшыларды бөліп беруге және қабылдауға бірден кірісіп кетті. Айтпақшы, қазақтарда әскери міндеткерлігін өтеуге тарту праблемасын қарқында тұрақты армияның әскерй құрлыс жұмыстарының бастығы Чаев  1915 жылғы қыркүйек айының өзінде ақ алғаш рет мәселе көтеріп, бұл жөнінде М. Тынышпаевтің өз ойларын білдіруін өтінген.  Өз кезегінде М. Тынышбаев « Қазақ » газетінің редакторы  А. Байтұрсыновқа  хат жазып онда  қазақ халқын әскери қызметке  тарту туралы үкімет жобасының бар екендігі жөнінде хабарлады. 1916  жылғы  қаңтар айында « Қазақ » газетінің 166  нөмерінде армияға қазақтарды алдағы шақыру туралы пікір сайыс матиралдары жарияланды, және де қызмет атқаруды  қалауы немесе  қаламауы  туралы  м бүтіндей қаралмады.

Жұмысқа алуға 19 жастан 43 жасқа дейінгі еңбеке қабілетті халықтың 25 танаты  жатты.(1 )

Әскерге алу туралы алғаш хабар жетісімен ақ ауыл дурліге бастады.  Наразылықтың бастапқы кезеңі шақырылатын тізімдерін  жою болыс басқармалары мен аул старшйндары кеңселеріне шабуыл жасау арқылы көрінді. Біртіндеп кездейсоқ қозғалыс ұиымдасқан сипат ала бастады: Торғай мен Жетісуда көпке танымал көшбассылар А. Иманов, Ә. Жангелдин, Т. Бокин, Б. Әшекеев, О. Саурықов, Ж. Мәмбетов  және басқалары  басқарған көтерілісшілер  көбие бастады.(2).   Көтеріліс бүкіл қазақстанды  қамтыды және ол ұлт – азаттық  қозғалысына ұласты. Ұлт шаруаларын қалың жіктері, сондай – ақ жаңа туындап келе жатқан  жұмысшы табының өкілдері, кәсіпшілер көтерілістің негізгі қозғаушы күші болды. Оған қазақ халқының  басқа да жіктерінің өкілдері: байлар болыс басқарушылар, бейлер сондай ақ демократиялық зиялы қауім қатысты.

Тұтастай алғанда 1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысы Орта Азияның, Қырғызыстанның  күнгей Кавказдың  және Қазақстанның  көптеген аймақтарын   қамтыды. Қазақстандағы бұл көтерліс,  оның оңтүстік облыстарын  қоспағанда, бір ғана сипатта болды, бұларда көтеріліске қазақтармен бірге басқада ұлттар қатысты.

1916  жылғы сәуір айында А. Бөкейхановтың  бастамасы боиынша Қарқаралы  уезінің  қазақтары  атынан Семей  губернаторына  маусым  айының екінші  жартысында Төтенше   жалпы қазақ сезін шақыру туралы  өтініш хат әзірледі. Өтініш хатта былай деп атап көрсетілді: « соңғы  кезде қазақтарды армияда  қызмет  атқаруға шақыру туралы қауасеттер тарауда.  Біз мемлекетке пайдасы тұрғысынан алғанда армиядағы қызмет түрін таңдау жөніндегі мәселені  азаматтардың талқылауы қажет деп есептейді ».(3 )

Отаршыл империя мен ақылға қонымды  ымыраға келу тактикасын жүзеге асыра отырып, бірінші кезекке  халықтың өмір сүру идеясын, оның этникалық тұтастығын сақтауды  қоя отырып, қазақтың демократиялық ой – сана өкілдері өкімет орындарына  қазақтарды тылдағы жұмыстарға  шақыруды кейінге қалдыруды және оны біршама уақыт өткеннен кейін жүзеге асыруды ұсынды. Сонымен бірге  Б Қаратаев пен Д. Сейдалин де хатында шақыруды 1917 жылғы мамыр айына дейін кейінге қалдыруды сұрады.  Осының  бәріне Қазақстанның экономикалық және саяси өміріндегі  белең ала бастаған белгілі бір алғашарттар себін тигізді.