Кіші жүздегі жер мәселесі мен басқарудағы өзгерістер

Қазақ мемлекеттілігінің жүйесімен күресудің келесі кезеңі кіші жүзде хан билігінің жойылуына әкелетін ресейлік басқарудың жаңа жүйесін енгізу әрекеттері болды .

Кіші жүзде Нұралыдан бастап хандарын патша әкімшілігі тағайындап отырды . Олардың қызметтік патша шенеушіліктері бақылап отырды , халық сайлануы толығымен жойылды . Патша үкіметі сайланған хандардың жеткілікті беделі болмады , халық көтерілістері жиі болып отырды . Ол өлкенің өндірістік күштеріне кері әсер етті және хан беделінің халық алдында төмендеуіне әкелді . Жантөре хан өлімінен кейін үкімет оны мұрагері етіп , Айшуақтың ұлы Шерғазыны тағайындады , ол Әбілқайыр тегінен ең дарынсыз , қабілетті жоқ басшы еді . Ал халық  жиналысы Кіші жүз ханы етіп белсенді қайраткер Арынғазы сұлтанды тағайындады . Ол бірнеше жыл билік атқарған уақыттында , билікті орталықтандыруға үлесін қосты . Бірақ патша үкіметі хандық билікті әлсіретіп жойығысы келді . 1821 ж Арынғазы сұлтан Петербургке келіссөз келген кезде тұтқындалып , Калугаға жер аударылды .Бұл беделді ханнан құтылу кейін Кіші жүзде хандық билігін жоюға бағытталған шара еді .

1822 жылы Орынбор генерал-губернаторы П.К.Эссен « Орынбор қырғыздары туралы Жарғының» жобасын талдап жасады . Бірақ ол Азиялық комитетке тек 1824 жылы ғана қаралып , қабылданды . Осыған байланысты хандық билікті жою  туралы шешім қабылданды , Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға шақырылды және ай сайын 150 рубль күміспен жалақы тағайындалып , қарапайым қызметке қалдырылды , өмір сүруге қалдырылды .

Кіші жүз үшке бөлінді: Батыс–негізгінен Байұлы , Орта–Жетісу және жартылай Әлімұлы , Шығыс–Әлімұлы , қыпшақтар мен арғындар . Билік басындағы сұлтан–правительдер Орынбор шекаралық комиссиясының құрамына еніп , 4 заседатель көмекшісі болды . Комиссия өз қызметі бойынша губернатор алдында есеп беріп отырды .

Әр сұлтан–правидельде офицер басқаруымен казак әскерлері болды және ставкалары казак станциялары мен бекіністерде орналасты .

1831 жылдан бастап , дистанция болыстар ұйымдастырыла бастады , дистанция ішіндегі ауылдарды старшындар басқарды .

Кіші жүзде XIX ғасырлардың ортасында 54 дистанция ашылды: батыс бөлігінде- 8 , орталығында- 20 , шығысында– 28 . Дистанциялық жүйе кіші жүздің оңтүстігінде Ф-ОБ-001/035

таралмады , яғни Арал маңы , Қарақұм , Сырдария , Александровқа бекінісінің территориясы екі тәртіппен қалды . Кіші жүздің әкімшілік қызметкерлерін шекаралық комиссия ұсынысымен Орынбор генерал-губернаторы тағайындады , оның сайлау жүйесі болған жоқ . « Жарғының» енгізілуі халықтық сот , яғни әдет-ғұрып бойынша ісі жүргізуді және Ресейлік мемлекеттік басқару жүйесіне толық бағыныштылықты бекітті . Жоғарғы дәстүрлі биліктің негізін бұзды , сонымен қоса көшпелілердің билік-басқаруға құрметімен сенімін төмендетті .

Қазақстанның солтүстік шекарасында « Жарғының» қабылдауына байланысты жаңа бекіністер шебі салына бастады . Және аванпостар даланың ішкі жақтарында да пайда болды . Олар казак әскери гарнизондар мен толықты , ол үшін кейде үкімет орыс шаруаларын күштеп казактарға айналды . XIX ғасырлардың   20–жылдарынан бастап Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтары Ресей бодандығын мойындауға мәжбүр болды . Дегенімен ішкі мәселелердегі аздаған тәуелсіздік бұл кезеңді вассалитет кезеңі деуге болады .