Хандық билік пен сот жүйесіндегі өзгерістер

1822 жылы « Сібір қырығздары туралы Жарғы» қабылдағаннан соң , қазақ даласына одан әрі өңдеп , көптеген қалалар мен бекіністер салынып , одан әрі құрылыс жұмыстары жүргізіле бастады . Казак гарнизондары біржола орнықты . Сөйтіп 1824 жылы көкшетау мен Қарқаралы , 1826 жылы Баянауыл , 1827 жылы Ақмола , Көкпекті , 1846 жылы Атбасар станцияларының іргесі қаланды . Жаңа аумақтарға қоныстану үшін бұрынғы әскери шеннен казактар және Орынбор , Саратов , Харьков губернияларынан шаруалар көшіп келді . Барлығы 4 мың адам . Ал , 1846 жылы әскер саны 30 мыңға дейін өскен .

Жыл өтіп , далада жаңадан көптеген бекіністер мен қамалдар бой көтерген сайын казактардың саны өсе берді . Ең құнарлы , шөбі шүйгін жерлерде ғана бекіністер мен қамалдар салынған болатын (9).

Ресейдің әкімшілік–аумақтық басқару нысанына жақын басқару нысанының болмауы , Шыңғыс ұрпақтарының хан билігінің сақталуы үкіметтің іс-қимылын әлдеқайда тежеп отырды . 1817 жылы Бөкей хан , ал екі жылдан соң Уәли қайтыс болды . Петербург бір жақты қадамға –Орта жүзде енді хан тағайындамауға және оның үстіне , оларды « Бүкіл әлемді Ұлы тітіркентушінің »–Шыңғыс ханның заманына барып тірелетін ертедегі ғұрып бойынша сайлануға бел байлады . Ресей билігі таралған аудандар жоғарғы билеушісіз қалып , нақты биліктің қандай нысаны да болмаған ерсі жағдай орын алды . Хандық ықпалды сұлтандармен көзбе-көз келіспей , іс жүзінде жоғарғы жақтан жойып жіберіледі .

 Жаңа реформаны әзірлеуді патша сол жылдардағы белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер , өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанскийге жүктеді . Оның сан қырлы қызметінің өзегі Орта жүзде дәстүрлі хан мемлекеттілігін жойған жаңа заң актілерін енгізу болды . Ал зерттелген аудандарды неғұрлым толық зерттеу және жинақтап көрсету үшін М.М. Сперанский « Сібір жерлерін мәлім етуді»

ұсынды . Бұл жазбаны жасауға болашақ декабрист Г.С. Батюшков белсене қатысты .

1822 жылғы 22 маусымда « Сібір губернияларына арналған мекемлер», « Бұратаналарды басқару туралы Жарғы» , « Қырғыз-қайсақтарды» басқару туралы жарғы , этаптар туралы жарғы , жер міндеткерлігі туралы ережелер , астық қорлары , шаруалар мен бұратаналар арасынадағы боыршкерлік міндеттемелер туралы ережелер үшін негіз болған  10 заңды бекітті .

Ф-ОБ-001/035

Орта жүздегі дәстүрлі мемлекеттілікті таратып , хан атағын мүлде артық деп жойып жіберген үкімет Сібір қазақтары туралы жарғыға сүйеніп , басқарудың жаңа нысанын енгізді .

Өзгерстер қазақ руларының әкімшілік-аумақтық құрылымдарына қатысты болды: даладағы жаңа ұштаған–округ , болыс , ауыл бұрынғы рулық басқару жүйесін іс жүзінде жоқ етіп жіберуге тиіс еді .

Округтердің жекелеген бөлімшелерін басқарудың жаңа тәртібі белгіленді :ауылдарды–ауыл старшындары , округтерді аға сұлтандар басқаратын болды . Бұл өзгерістер ерте кезден бері әкімшілік пұрсаттылықтары болған Шыңғыс ұрпақтарының ықпалын әлсіретуге тиіс болатын .

Үкіметтің жергілікті номадтары туралы саясатында оларды егіншілікке ынталандыру « бақташылық өмірді» жою , олардың жер жыртуғакөшуін көтермелеу маңызды бағыт болды . Отыршылыққа көшкендерге 15 десятинаға дейін жер учаскесін бөліп беруге рұқсат етілді , сұлтандар үшін « үш есе» , ал старшындарға  « екі есе»жер бөлуге мүмкіндік берді       ( 10).  Отаршылдық үкімет орындары осы арқылы Ресейдің ықпалын әлсіреткен, хан билігінің қалдықтарымен күресті қиындатқан барымтаны , руаралық , хан билігінің қалдықтарымен күресті қиындатқан барымтаны , руаралық қырқысты жоюға тырысты . Жарғымен міндеткерлік пен салықтардың жаңа санаттары енгізілді . Бұл орайда М. Сперанский мен оның төңірегінділер әдейі бесжылдық жеңілдік белгіледі немесе көшпелі халықтың барлық санаттарын барлық алымдардан босатып , мұндай бетбұрыс бұрынғы феодалдық жүйе бойынша міндеткерлік атқаруға : көшпелі аудандарда зенет пен соғым , егіншілікті аудандарды ұшыр төлеуге дағдылынаған халық наразылығының алдын алуға ұмтылысқа байланысты болса керек .

Жарғы бірқатар үш санатқа:қылмыстық , талап-араздылық және облыстық басқарамаға шағымдар бойынша сараланған сот жүйесіне түзетулер енгізді . Құлмыстық істерге мемлекеттік опасыздық , тонау , барымта , белгіленген билікке көрінеу бағытшылық жатқызылады :   оның үстіне барлық талап-арыз істері билердің қатысуымен ауылдар мен болыстарда талқыланады . Жарғыда тұтас алғанда « Қазақ ғұрыптары мен заңдары бойынша» дәстүрлі билер сотының мәні сақталды:ол былай тұрсын билер істерді: «негізсіз шешкен» жағдайда оларды жауапқа тарту көзделді , оның үстіне көшпелілердің төменгі сот сатыларының шешімдеріне шағым жасау құқығы сақталды . Мұның өзі қатардағы номадтарды шариғатты жергілікті

Ф-ОБ-001/035

түсіндірушілер тарапынан жасалуы мүмкін озбырлықтан біршама қорғады , ережеде көшпелілердің сұлтандар жөнінде де шағым рәсімдеуіне жол берілді .

Мұндай жағдайларда соттың істі қарауы облыстық басқарманың отырысына көшірілді . Аға сұлтандарға , округтік приказдық заседательдеріне , сұлтандарға , болыстардың басқарушыларына жалақы төлеу , кешегі жоғарғы текті Шыңғыс ұрпақтары мемлекеттік қызметшілер санатына көшіріліп ,оларға империяның сол кезде қолданылған заңдарын тарату жөнінде айтылды (11).

Ресей армиясының майоры шені бар жоғары лауазымды адамды сайлау рәсімі мейлінше салтанатты түрде сұлтандардан , билерден , ақсақалдардан басқа көшпелілердің қалың бұқарасының қатысуымен өткізілді .

Даланы басқару ережелерінде қазақтар арасындағы сот жүйесі де толықтай қайтадан қаралды.1822 жылғы ереже бойынша қырғыздар арасындағы сот істері үш топқа бөлінді:

а) қылмыстық ;

б) іздестіру және басқаруға қарсы наразылық деп көрсетілген .

«… Қырғыздар арасындағы қылмыстық істерге:

  1. сатқындық ;
  2. кісі өлтіру ;
  3. тонау мен барымта ;
  4. үкімет тлаптарына бағынбау» жатқызылады (10).

Яғни жергілікті халықтың жасаған ұсақ қылмыстары билер шешімі арқылы анықталатын болды . Соынмен Орта жүзде хандық , феодалдық мемлекеттіліктің жойылуы , бір жағынан қазақ қоғамының өзінде ішкі рулық талас-тартыстардың жалғасуы салдарынан, екінші жағынан , патша үкіметінің әскери–әкімшілік әрекеттерінің нәтижесінде болды . Территориялық-әкімшілік шаралардың қабылдануының алғашқы кезеңінен-ақ аталған өңір халқы бұл ережелердің қанаушылық мәніне ашық наразылық білдіре бастады. Тарихи құжаттар осы наразылықтардың XIX ғасырдың 20–30 жылдарынан-ақ бастау алғандығын дәлелдейді   « Хандық билікті жою , даланы округтерге бөлу » ,– деп жазады .

Ш . Уәлиханов , –Сібір басқару жүйесін енгізу ,… осы арқылы мүлдем жаңа билік биліктің орнатуы күтпегендей…наразылықсыз болмай  қалмады .

1825 жылы Қасым сұлтан , одан әрі оның балалары Саржан мен Кенесары наразылық білдірушілердің басшылары ретінде 1846 жылға дейін қарудың күшімен басылған көтеріліс ұйымдастырды . Баянауыл қырғыздары да көтеріліске қатысты (25).

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!