Жапонияның Азия елдеріне қатысты агрессиялық шабуылдары

АҚШ және Англия Жапония агрессиясын Қытайдан СССР-ге қарсы бағыттауды көздеді. Бұл туралы 1933 жылы Англиядағы советтік полпред былай деп жазды: Маньчжурии жаулап алушы жапондықтар Жапония мен СССР арасындағы соғысқа алып келу мүмкін деп санады ағылшын консерваторлары, ал олардың ойынша бұл дегеніміз «тарихтағы нағыз күтпегенділік» болды.

Англияның және АҚШ-тың басқару күштерінің үміті негіздерін жоғалтқан жоқ.

Экономикалық кризис және социалдық қақтығыстардың өрши түсуінен қорыққан Жапон басқару күштері бұл жағдайдан шығу жолдарын іздестірді. Бұл жағдайдан шығу жолы Танака миморандумы программасынан тез арада орындалуынан көрінді. Жапондық басқыншыларға солтүстік шығыс Қытай империалистік мақсат қана болған жоқ сонымен қатар Қытай, МХР және СССР-ға қарсы агрессия көрсетуге ыңғайлы жер еді. Империалистік держваларға арасындағы өрши түскен қақтығыстар олардың СССР жағына шығуына ұмтылдырды.

1931 жылы агресссия жолына түскен Жапондықтар Солтүстік-шығысты (маньчужурии) жаулап алды. Олар онда жаңа Маньчожу-Го мемлекетін құрды.Қытайдағы жапондықтар агрессорлық жоспарын орындай отырып Совет Алыс Шығысқа және Манғол халық республикасына көз қырын салып отрды. Жапония бірнеше мірте СССР-дің шапқыншылықтан бас тарту құжатына қол қоюдан бас тарта отырды. Солтүстік шығыс Қытайды жаулап алу Танака меморандумы бойынша Жапония ішкі саяси агрессиялық этаптардың бірі деп қарастырды 1927 жылғы 27 шілдедегі императорға қарастырылуға ұсынылған генерал Танаканың меморандумы 30-40 жж негізгі саяси бағыттарыннын бірі болды. Жапония елінің өркендеуі үшін негізінде Меморандумның мақсаты Жапонияны Ямато негізінде дүние жүзілік басшыға айналдыру.

Бұл меморанда оңтүстік шығыс Азия елдері: Маньчужурия, Қытай «Оңтүстік көлдердегі елдерге», бүткіл Индия Қытай оған жататын аралдар Батысында Индияға дейін, шығысында Маршал аралдары, оңтүстік Австралия және Солтүстік Кеңес одағына қарсы келешектегі Жапон агрессися анық көрсетілген.

Кеңес одағына Гитлерлік әскердің басып кірудің нәтижесінде Жапон басқару лагерінің алдында агрессияның «оңтүстікке» сонымен қатар Оңтүстік Шығыс Азияға немесе «солтүстік» Кеңес одағына бағытталған агрессия туралы сұрақ туындады. Бірақ кеңестік міндеттемелеріне қарамастан Германия алдында Жапония агрессися «оңтүстікке» бағытталды.Советтік Алыс Шығыс елдері Оңтүстік Шығыс елдеріне қарағанда адамзат рессурсы мен және табиғи рессурстарға кедергі болды, атап айтқанда стратегиялық шикізат (мұнай және темір).

Танака Гиити өзінің мимориалында: Дүние жүзін бағындыру үшін оңтүстік шығыс Азия елдерін оның адамзат рессурстары мен бағындыру қажет, бірақ ол үшін Қытайды бағындыру қажет деп жариялады. Жапондықтар қытайды бірден жаулап ала алмады сондықтан соғысты тоқтатуға тура келді. Оңтүстік шығыс Азия елдерін бағындыру үшін тағы да бір теңіз жолы ғана қалды. Қытайда англо американдық монополистердің қызығушылығы мен қақтығысқан Жапондық империализм одан ары Оңтүстік- шығыс Азияға шығуы келешекте Анлия АҚШ және басқа да батыс елдерімен тура қатығысуына келетін еді. Жапониядағы агрессияның өршуіне батыстық державалардың европада ғана емес, соныме қатар Оңтүстік-шығыс Азия елдеріндегі жүргізілген саясаты әсер етті. Бірақ бұл Жапондық басқару жүйесі АҚШ-пен және Англия мен қақтығысудан құтылмайтынынан анық сезінді. Бұл саясатқа және батыс державаларының Кеңес одағына Жапон агрессорларының қарсы бағыттауын сезінген Жапон басқару жүйесі генерал Тонаканың жоспарын жүзеге асыруға дайындала бастады.

1931жылдың аяғы 1932 жылдың басында Оңтүстік Маньчжуриядағы Цзиньчжоу ауданын оккупациалық территорияға және сонымен қатар Чан Кай –ши Маьчужурияның қоршалғанын мойындату үшін Жапон әскери күші 1932 жылы қаңтарда Шанхайға басып кірді. Шанхайдағы Интервенция Чапэй жұмыс аймағын бомбылау мен бейбіт өмір сүретін тұрғындарды талқандау, мәдени байлықтарды жою мен көзге түсті. Бірақ Жапон әскеріне Қытайдың 19-шы армия бөлімі батырлық көрсетіп бір айдан артық соғысты. Нәтижесінде Жапондықтар әскери қақтығыстарды тоқтату туралы келесі сөздерді жүргізуге мәжбүр болды. 1932 жылы мамыр айында гоминьдандық үкіметпен келіс сөзге қол қойылды.

Әскери күшін көбейткен Жапон империализмі одан әрі мықты бола түсті.  Токиода жапонияның бүткіл Азия Тынық мұхит аймағын басып алу жоспары дайындалып жатқаны анық көрінді. Сол түстік Қытай аймақтары күшті қарсылық көрсетпегенен кейін Жапон агрессорлары одан әрі жаңа аймақтарды басып ала түсті.

1936 жылы тамыз айында жапон үкіметі бүткіл Шығыс Азия елінде өзінің басқару жүйесін орнатқандығын жариялады. Бұл жоспардың алдында жапон милитаристері Қытайда билік жүргізуге ұмытылды. Жапония бірінші дүние жүзілік соғыс кезінде жаулап алған жерлерінде Манчжоу-Го және Кореяда өзінін әскери күшін жақсартуды армандады.  Топтық күрестің күшейуі  Жапон империялизмінің ішіндегі қарама қайшы көз қарастарға әкеп соқты. Әскери режимнің орнатылуы, әскери уақыттың заңы Жапония басқарушы топтарына керек болды, сондықтан олар елдің демократиялық күшін ұстап отырумен қатар сондай-ақ әскери күшін, теңіз-әскери құрылысын және армия санынын көбейтуді көздеді. 1936 жылдың жазындағы үкімет басшыларының құпия кеңес отырысында каллониялық кеңейту бағытының агрессиялық жоспарын қолдануын қарастырды, ол жоспар   Жапонияның Шығыс Азия елдеріндегі рөлін жақсартатын  еді. Сонымен қатар ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары анықталды, оның негізгі мақсаты Қытайды жапонияның мемлекетіне және антисоветтік плацдарымға айналдыру еді. Қытайды және Оңтүстік-шығыс Азия елдерін жаулап алу жоспарын білгеннен кейін Англия және АҚШ елдері күшн біріктіріп жапон экспансиясын қарсы  тұруды көздеді. Жапония АҚШ, Англия, Кеңес Одағына қарсы күш біріктіріп жұмыс істейтін стратегиялық одақтас іздеді. Қытаймен соғысқа дайындала отырып және Кеңес Одағымен жағыдайды қиындаттқан Хитора үкіметі фашистік Германиямен жақындасуды ойластырды. Кеңес Одағына және Қытайдағы ұлттық босату қозғалысына қарсы 1936 жылы қараша айының соңында антикоминтирновскі пактіне қол қойылды.

Фашистік рейх жапония қарым қатынасты күшейтуге үлкен көңіл бөлді, өйткені ол Кеңес Одағына және батыс державаларына қарсы соғыста ірі одақтастын бірі бола алатын еді. 1935 жылдан бастап Германияның ұсынысымен герман-жапон келіс сөздері басталды.   Жапония Алыс Шығыста және Азияның басқа аймақтарында кең экспанцияны  қолдануды ойластырды, сонымен қатар одақтас іздестірді. Кеңес Одағындағы Жапонияның әскери атташесі Касахара әскери министірге жолдауында былай деді: Кеңес Одағына қарсы соғысқа батыс елдерді және бассқа елдерді шақыру керек. Кеңес Одағына деген өшпенділік Германияда да, Жапонияда да бірдей болды. 1936 жылы 12 қаңтарда  Германидағы советтік полпред былай деп хабарлады: «Жапония мен Германия Совет Одағына қарсы келіс сөзбен немесе келіс сөзсіз ақ бірге жұмыс істейтін болады.»

Бізге деген қарым қатынаста Германия мен Жапония бір-бірімен шеңбер байланыста.

Германия мен Жапония үкіметі ашық әскери одақтас болуға батыс державаларынан қорықты. Герман-жапон келіс сөзінің нағыз мақсатын жасыру үшін гитлерліктер оны «антикоминтерновск пактісі» деп атауды ұсынды.

Германия және Жапонияның саяси полициялары камунистік идеяның таралуына қарсы өзара келісімге келді. Бұл ашық түрде жарияланды.

Сонымен қатар осы уақыта Германия мен Жапония арасында құпия келісімге қол қойылды. Егер онда пактіге қатысушы екі елдердің біреуіне кеңес одағынан қауіп төнген жағдайда, олар ортақ қорғаныс күшін тез арада шешім қабылдау керек.І

1936 жылы 2 желтоқсанда екі жақты Жапон және Италя келісіміне қол қойылды. Сөйтіп үш агрессиялық державалық блок құрды. 1937 жылы 6 Қарашада Италия антикоминтерновск фактісіне қосылды.

Блокқа қатысушылар өзінің мақсатын коминтермен күрес деп жариялады. Бірақ герман-жапон-италяндық блок кеңес одағына ғана қарсы болып қойған жоқ, сонымен қатар Англия, Франция және АҚШ-қа қарсы болды. Комунизммен бірге күрес атымен пактің қатысушылары әлемнен тыс өзінің манаполиялық пайдасына дүние жүзілік пайдасына дайындалды.

«Интернационалдық» комунистік жұлмалы қызметті  және оған қарсы өздерінің бірігуін пактінің қатысушылары келіс сөздің үш бабында мойындады. Пактінің қатысушылары интернационалды комунистік қызмет жайында бір – біріне хабарлап тұратындығы міндеттелді.

Жақтаушылар басқа кез-келген мемлекеттің  ішкі қауіпсіздігіне коментернаның жұмысынан қауіп төнген жағдайда осы келісім бойынша шара қолданып және оған қосылуды ұсынды. Жүзеге асырылып жатқан заңдармен бірге келіс сөзге келген елдер елде немесе шет елде коментарлық немесе жұлмалы жұмыстың қызметшілеріне қарсы қатаң жаза қолдану міндеттелді.  Антикоминтернавск пактісінің үш бабына және қосымша пратаколға құпия қағаз қосылды, онда жақтаушылар келіскен елдерге және бүкіл әлемдегі бебітшілікке кеңес одағынан төнетін қауіпті мойындады. Егер жақтаушылардың біреуіне кеңес одағынан қауіп төнген жағдайда пактіге қатысушылар кеңес одағының жағдайын жеңілдететін анық келісімге келетін кеңес одағы мен өзара келісімге келмеу керек.Антикоминтерновск пактісі жапон және неміс тілінде жазылды, сонымен қатар екі көшірме де бірдей күшке ие болды. 5 жылдық келісім шарт қол қойылған күннен бастап өз күшіне енді.

Келісім шарттың антисоветтік мінезі батыс елдеріне жапонияның кеңес одағына өзінің агрессиялық шапқыншылығын бағыттайтындығына сенімділік берді.  Бірақ келісім бір ғана елге қарсы келісім мағынасынан кеңірек болды. Антикоминтерновский пактісі «агрессорлық-державалық» коалицияның б құрылуының басты бағыты болды.

1937 жылы 7 шілдеде Солтүстік Қытайға Жапон әскери күші басып кіре бастады. Одан кейін әскери шабуыл бүкіл Қытай шекарасына енді. Жапонияның экономикасы Жапонияның әскери қызметіне қойылды, сөйтіп оған көптеген қаражат жұмсалды. Бұл күрделі қаражат жағдайына себеб болды, сөйтіп 1937-1941 жж экономикалық жағдайы ауыр хәлде болды.

Әскери-стратегиялық шикізатқа деген әрдайымдық сұраныс жапон саяси үкіметіне импортты түсіруге және экспортты арзан бағаға сатуға мәжбүр еткізді. Ауыр өнер кәсіптің әсіресе әскери өнеркәсіптің қарқынды түрде дамуы ішкі рыноктың жағдайын шығынға ұшытатты, сөйтіп ол экономиканы информациялады.

Каноэ Қытаймен соғыс аша отырып елдегі антимлитаристік, антиәскери жағдайдағы күресті күшейтті. Бұны «ұлттық рухтағы мобилизациялық қозғалыс» деп атады.

Жапон Қытай соғыс қарсаңында антифашистік позицияны ұстанған барлық ұйымдар жойылды. 1937 жылы 15 желтоқсанда полици кәсіподақ қызыметкерлері, пргрессия интелегенция өкілдерін,  комунистерді жаппй тұтқындады. 1938 жылы наурыз айында тұтқындалған адамдар саны он мыңға жетті. Соғыста жұмыс істеуші компанияларға, сонымен қатар барлық  елдің күшіне қолайлы жағыдай жасау үшін үкімет бірнеше заң қабылдады. Соның ішінде «әскери өнер кәсіпті мобилизациялау», «елді ортақ мобилизациялау», инвиститция туралы заң. Бұл заңның мағынасы әскери өнер кәсіпті жан жақты дамытуға қолайлы жағыдай туғызу және шикі затты, темірді, болат және түрлі түсті металлдарды шектеулі түрде қолдану туралы арнайы заң қабылданды.

Қытай жеріне жапон империалистерінің басып кіруі, батыс держава елдерінің Алыс шығыс елдеріндегі қызығушылығына жапон агрессиясынан қауіп төнгенімен олардан қандайда бір күшті қарсылық көрсетілген жоқ.  Жапон агрессиясын Кеңес одағына қарсы бағыттап және Жапония мен Қытай пайдасына келіс сөзге келуді көздеген АҚШпен Англия «араласпау» позициясын ұстанды. 1937 жылы қараша айында болған Брюсель конференциясында Қытайға көмек беру және жапонияға қарсы эеаномикалық санкция қолдану туралы Кеңес Одағының ұсынған ұсынысы АҚШ, Англия және қатысушы басқа елдерден қолдау тапқан жоқ.

1938 жылы мамыр-маусым айларында жапон дипломатиясы Маньчжоу-Го  аймағымен шектесіп жатқан Кеңес Одағының Примория аймағындағы шешілмеген  шекара туралы шулы пропогандалық комиссия құрылды.

Шілде айының аяғында үкіметт жоспарын алдын ала орындай отырып Жапон әскері Кеңес Одағының шекарасындағы Хасан көлінің аймағына басып кірді. Бірақ тамыз айында Кеңес Одағының  әскері қарсыластарын толық талқанда өз территориясын толық тазалады.

Қытайда жапон әскерлері қызу әскери операция жүргізіп жатқан кезде Чемберлен үкіметі бұрын Англия Қол астында болған окуппироваланған Қытай территориясындағы кеден орталықтарын Жапонияға берді. Қытайдағы жапон әскерлерінің күшейуінен   зардап шегіп   ортырғанымен   Англия агрессорды қаржыландырып отырды, сонымен қатар ол оған солтүстік Қытайдан көмір шығаруға Жапониядан Қытайға және керісінше Қытайдан жапонияға әскери тауарды тасуға сауда флотымен әрдайым көмек көрсетіп отырды.

Жапонияға әрдайымды көмек оған күшті мағына берді. Америка экспортының жалпы суммасының жартысын Жапонияның стратегиялық заттарына (мұнай, жанармай, металл және т.б.) жұмсады. Американдық банктер жапон монополистеріне үлкен көлемде несие беріп отырды (1938 жылдың өзінде бірнеше компанияларға 125 млн. Доллорға несие берді).

Англия және Америка жағынан көрсеткен көмек Жапон әскерлеріне оң түстік Қытайға басып кіруін тездетті. 1938 жылы қазан айында жапон әскерлері Кантон және Хонькауді жаулап алды.

1938 жылы 3 қарашада Каноэ үкіметі «Шығыс Азия елдеріндегі жаңа тәртіп» туралы деклорация қабылданғанын жариялады.

1939 жылы манғол және совет одағының Ханкил-Гол өзенінің аймағына жапон әскерінің басып кіруі Ұзақ әскери қақтығысқа әкеп соқты. Бірақ 1939 жылы 21-28 тамызда осында орныққа жапон әскерлері қырғынға ұшырады. 1939 жылы шілде айының ортасында жапон өкілі ұлттық шет ел істер министріне сол түстік Сахалиндегі концепция туралы сұрақты шешуге және оның жауабын шілденің 18-нен қалдырмайжібермеуін талап етті, соның салдарынан совет-жапон арасында дипломатиялық инцидент болады. Келесі күні, яғни 17 шілдеде өз ногтасын,ультиматум болғандықтан оны қараусыз қатарылатндығы туралы хабарлама алды.

Сонымен қатар 1938 жыл аяғынан бастап Жапония Англия және АҚШ елдерімен қолайсыз қарым қатынаста болды. Бұған себеп болған Ұлы державалар Кеңес одағына агрессорларды қарсы бағытта «агрессорды басу» саясатын ұстану болды. Гитлерліктерге Чехославакияны берген 1938 жылы 29 қыркүйекте Чемберлен мен Даладье Гитлермен  Мюнхен келіс сөзіміне қол қоюы эвропалық және Алысшығыстық агрессорларды қанаттандырды.

Англия АҚШ және Франция елдерінің қызығушылықтарына қауіп төндірмеу үшін жапон агрессорлары Мюнхенға дейін Оңтүстіктен шығуға қорықты. Бірақ басушылар араласпау жолына түскеніне жапондықтар көз жеткізгеннен кейін 1938 жылы қазан айында Контонға Линтин, Пронтас, Хопао аралдарын окупациялауға бет бұрды. Қытайдағы американдық құқықтың бұзылғаны туралы АҚШ үкіметінің баяу қарсылығына тТокио жауап қайтарғанда жоқ еді.Хиранума үкімет басына келгеннен кейін 1939 жыл ақпан айының бірінші жартысында Жапон әскерлер АҚШ, Франция және Англия елдерінің бірнеше мәрте қарсылық көрсетілген окупацияға қарсы Хайнань аралына келіп түсті. 1939 жылы наурыз аяғының аяғында Сингапурға голандық Индияға, Филипинге қауіпті жақын жерде , Оңтүстік Қытай көлінің орталығында орналасқан Спартли аралдарына жапондықтар келіп қоныстандырылды.

Хайнань және Спартли аралдарын басып алудың жаубы ретінде американдық флоттық Атлант мұхитына тынық мұхитына ауысуы болды.

АҚШ-тың Англия жағында болуына қарамастан Жапония екі державаға екі мүмкіндіктің біреуін қабылдауды ұсынды, ол қытайды жапониянікі деп мойындау және соғыс.

1939 жылы 23 тамызда совет-герман арасындағы шапқыншылығы туралы пактіге қол қойылды. Бұл пактінің қабылдауы Жапония Германия бірігіп Совет одағына қарсы соғысты Ашу туралы ойына соққы берді.

1940 жылы шілде айында Каноэ үкіметінің үкімет басына келуі елдің ішкі саяси жағдайының Милитаризациясын күшейтті. 1940 жылы шілде және тамыз айларында Сэйюкай және Минсэйто буржиазиялық партиялары «өз өздерін жіберді». Оның орнына «Билікке ассоцациялық көмек» туралы монархиялық ұйым құрылды. Ассоцацияның бұндай құрылуы Каноэ үкіметінің «жаңа саяси структураны» ұйымдық безендіру туралы жарлығы еді.

Сонымен қатар «жаңа экономикалық структура» декларацмясынды, онда ол бойынша жапон экономикасы толығымен мемлекеттік монополистік капитализмге  бағындатып болады делінді. Тынық мұхитындағы жаңа империалистік соғысқа дайындық жүріп жатты. Соғысты жорамалдаумен 1940 жылы құрылған тоталды соғыс институты айналысты. 1942 жылы бұнд Жапонияның қол астында «Ұлы шығыс- азаматтық өзара өркендеу сферасының» жоспары құрылды.

Бұл Қытай , Индонезия, Индокитай, Майланд, Малая, бирме- Филипиндегі және басқа Оңтүстік Шығыс азия елдеріндегі монополиялық саяси және экономикалық басқыншылыққа шақыру еді.І

Каноэ үкіметі әскери диктатураны орнату бағытын ұстана отырып 1940 жылы 27 қыркүйекте Токияда Германия және Италиямен үштік пактіге қол қойды. Пактда «Ұлы Шығыс – азия аймағында Жапония жаңа тәртіп орнатуын қол астына алғандығы» туралы  мойындалды. Сонымен қатар Жапони Европада, Германия және италиядан кейін дәл сондай құқықтарды мойындады. Сөйтіп бұл құжат әлемді басып алып оны өзгертеміз деген үш агрессиялық     мемлекеттердің ойы болды.

Жапон әскерін кеңейту саясаты және Жапония АҚШ-тың әрдайым көрсетіп отырған Солтүстікте агрессия жүзеге асыруға итермелеп опыратын АҚШ-тың көмегі Америка-Жапония арасындағы қарым-қатынасты жеңілдеткен жоқ. 1940 жыл аяғында Каноэ кабинеті «екі ел арасындағы қарым-қатынасты қалыпқа келтіру» туралы келіс сөздерге келе бастады. Жапония бұл келіс сөздерде Солтүстік және ішкі Монғолиядағы өз әскерін қамтамассыз ету мақсатқа қол жеткізді. Бірақ Жапон келіс сөздер арқылы Индоқытай және Шығыс Азия елдеріндегі базалар мен ресурстарды иелене бастады. Он ай келіс сөздер ішінде Жапония командасы АҚШ және Англия әскери базаларына қарсы үлкен масштабты операцияға дайындалып жатты.

Совет-герман келіс сөзінің қортындысы Жапон үкіметінің алдына кеңес одағымен маневрге келуге қажеттендірді. 1941 жылы ақпан айында жапония мен Кеңес одағы арасында нейтаритет туралы пактіге қол қойды.

1940 жылы қыркүйек айының соңында Жапон әскері Солтүстік Индоқытай аймағын аккупациялады, ал 1941 жылы Виши үкіметі бұл аймақты Жапонияның толық қол астына берді. Ендігі кезекте Оңтүстік Индоқытай бөлігі еді, оны басып алу бұл аймақты Жапон плацдарм айналдырудың соңы еді.

1941 жылы 22 мамырда Германя Кеңес одағыа шабуыл жасады. Жапония үшін бұл кеңес одағына қатысты жаңа саясаттың басы еді. Ол 1941 жылы 2 шілдеде жоғарғы мемлекеттк және әскери қызметкерлердің қатысуымен болып өткен кеңесте анықталды. Кеңес одағы нейтарилитет туралы пактіге сүйене

отырып Алыс Шығыстан Батысқа жібереді деген үкіметпен Жапонияның басқару лагері Кеңес одағына қарсы ерекше әскери шабуыл туралы жоспар

қабылдады. Германияның Кеңес одағына басып кіруі жапон агрессиясын «солтүстікке» немесе «оңтүстікке» жіберу туралы сұрақ басқару лагерінде бірнеше қақтығыстарға алып келді.

1941 жылы 16 қазанда кабинет Каноэ жұмыстан босатылды. Ресми түрде «сыртқы саяси сұрақтарда» түсініспеушілік деп жарияланды.

Каноэ кабинетінің құлауы әскери-фашистік шеңберге байланысы бар генерал Тодзио премьер министр қызметіне тағайындалды. Жаңа премьер министр тезарадағы соғыстың жақтаушысы болған мен үкіметін өзгеруі жапон-американ арасындағы ұзаққа созылған келіссөздерге ешқандай өзгеріс әкелген жоқ.

1941 жылы шілде айының соңында Оңтүстік Индоқытайды Жапонияның жаулап алуы Жапон-қытай көз- қарастарының қарама- қайшы келуіне әкеп соқты. Дегенмен келіс сөздер жалғаса берді.

Қараша айында Жапон өкілдері АҚШ үкіметіне нұсқауын қарастыруға берді, онда Қытай және Индоқытайға Жапонияның монополдық құқығын талап етті. Америка жағы жауап ретінде Жапония әскерлерін қытай және Индоқытайды алып шығуды талап етті. 7 желтоқсанда Жапон өкілдері АҚШ мемлекеттік хатшысы Хэлуге кеңістік меморандумын ұсынды, онда АҚШ-пен келіссөздер арқылы келісімге келу Жапония үшін мүмкін еместігі көрсетіолді. Бірақ бұғанға дейін 1 сағат бұрын жапон әскери-әуе және теңіз-әскери күштері күтпеген жерден тынық мұхитындағы Гавай аралындағы Перл- Харбор АҚШ әскри-теңіз күшіне шабуыл жасады. Екі империалистік елдер: Жапония мен АҚШ арасында тынық мұхиттағы билік үін соғыс басталды. АҚШ және Жапония арасындғы соғыстың басталуы генерал Танака жоспарының жалғасы еді. Алдағы жаулап алу жоспарының плацдармы ретінде Маньчажурии және Солтүстік Қытайдың барлық байлықтарымен басып алу жоспардың  негізіне кірді. Атап айтқанда соғыс жүргізудің негізгі критериясы ретінде шикізтқа және адамзат ресурсына бай оңтүстіктегі Суматра, Ява, Борнео, Жаңа Гвинеа аралдары және Оңтүстік Шығыс Азиядағы бүкіл Индоқытай Бирма, Филтипин Малакс аралдары.

Оңтүстік Шығыс Азияда Жапония мен АҚШ арасындағы қақтығыстарға дейін олар тынықмұхит аралдарында да бірнеше бірнеше рет қақтығыста болған еді. Жапония Англияның көмегімен Алыс Шығыстағы бірнеше аралдарды иемденді және Оңтүстік Шығыс Азияда өз билігін кеңейте түсті. Алыс Шығыста АҚШ-ты Кеңес одағына қарсыластыруға ұмтылған Англия Жапоняға Оңтүстік Шығыс Азиядағы бірнеше стратегиялық орталықтарды иемденуге көмектесті.

Жапон Экспансия Англия колониясына қарама –қайшы жаққа ұмтылады деген оймен Англия бұл саясатты Жапон- совет арасындағы қақтығысты күшейтумен бірге, Оңтүстік Шығыс Азиядағы және Қытайдағы американдық басқыншылыққа қарсы Жапонияны көргісі келді.

Бірақ қорыта келгенде бұндай саясат Англияны Оңтүстік Шығыс Азия елдерінен шығуға алып келді және басқа британдық иеліктерге қауіп төндірді.

1939 жылы 1 қыркүйекте басталған Европадағы соғыс Англияның Оңтүстік Шығыс Азиядағы жағдайын Қиындатты. Дегенмен жаңа халықаралық қатынастың тұсында Жапония АҚШ үшін Англиямен компромиске сене алмады,бірақ бұны басқа жағынан қарасақ, Европадағы соғысқа байланысты Англия Оңтүстік Шығыс Азияға күшті әскер- теңіз күші жібере алмайтындығына сенімді бола алатын еді. Сөйтіп Еропадағы соғыстың басталғанынан бастап Жапонияның Оңтүстік Шығыс Азиядағы беделі күшейе түсті. НегізгіЖапония мен АҚШ бір-бірімен бетпе-бет кездесті. Екі ел арасындағы қарама-қарсылықшешілмейтін жағдайға жетті. Сөйтіп АҚШ-тың Жапониямен соғысқа қосылуы, содан кейін Германия мен Италияның қосылуы антифашистік коалициді безендіруді тездетіп және екінші дүниежүзілік соғыстың күшеюіне үлесін қосты.