12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасын іске асыру жағдайлары

12 жылдық жалпы орта білім беру Тұжырымдамасын іске асыру жолдары мынадай:

1) 12 жылдық жалпы орта білім берудің мемлекеттік (ұлттық) жалпыға міндетті стандартын әзірлеу;

2) білім берудің пәңдік стандарттарының тұжырымдамалық-әдістемелік негіздері мен мазмүнын әзірлеу;

3) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» жаңа заң жобасын және тиісті нормативтік-кұқықтық актілерді әзірлеу;

  • Күтілетін нәтижеге жетуді бағалаудың рейтингтік жүйесін әзірлеу;
  • Оқу-әдістемелік және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету;
  • Ел көлемінде психологиялық қызметті бейіндік оқытудың жаңа нысандарын, құру;
  • Мұғалімдерді қайта даярлау мен біліктіліктерін арттыру арқылы нәтижеге бағдарланған оқытуға бейімдеу;
  • 12 жылдық оқытуға көшуді қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

Осы Тұжырымдаманы іске асыруға жауапты орындаушылар 12 жылдық білім беру проблемаларының республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Ы.Алтынсарин атындағы қазақ білім академиясы, Ұлттық білім беру сапасын бағалау орталығы, Білім беруді ақпараттандырудың республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы, «Оқулық» республикалық орталығы, Білім беру жүйесіндегі басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыратын республикалық институты, білім беруді басқару органдары мен оған қарасты үйымдар болып анықталды.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!