Оқушылардың шамадан артық эмоционалдық зорлануына негіз болатын қиындықтар

Әрбір жас шағы психологиялық дамудың ерекше сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуының осы кезеңінде оның жеке басының өзіндік құрылымының жиынтығы құрастыратын көптеген өзгерістермен сипатталады. Л.С.Выгогтский жас шағы дамудың белгілі дамуы немесе сатысы, дамудың белгілі, бір шама тұйық кезеңі деп қарады, оның мазмұны дамудың жалпы циклінде алатын орны мн және дамудың жалпы заңдарының одан әрі кез өзіндік көрініс табуымен анықталады. Бір жас сатысынан екіншісіне өтуге бұрынғы кезеңде болмаған жаңа құрылымдар пайда болады және даму барысының өзі қайта құрылып, өзгеріп отырады.

Жас ерекшеліктері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Бұл — әр балаға оның өмірінің осы кезеңінде қойылатын талаптар жүйесі, айналасындағылармен қарым-қатынастарының мәнісі, әрі ол игеретін білім мен іс-әректтер типі, әрі осы білімдерді игеру тәсілдері. Жас шағына тән ерекшеліктерді анықтайтын жағдайлардың жиынтығына баланың дене дамуының түрлі жақтарының (мысалы, сәбилік шақтағы белгілі мофологиялық құрылымдардың жетілуі, жеткіншек шақтағы организм өзгерістерінің ерекшелілтері т.б ) ерекшеліктері де енеді.

Жас ерекшеліктерін анықтайтын сыртқы жағдайлар балаларға тікелей әсер етпейді. Ортаның қайсы бір элементерінің қандай да бірі бұрын қалыптасқан психологиялық қасиеттердің сипатына байланысты әр балаға объективті түрде әр түрлі әсер етеді. Осы сыртқы және ішкі жағдайлардың жиытығы жастың өзіне тән ерекшеліктерін анықтайды да, ал олардың арасындағы қарым-қатынас өзгеріс келесі жас кезеңдеріне көшудің қажеттілігі мен ерекшеліктеріне сабақтас келеді.

Сонымен, жас шағы балаға оның дамуының сол кезеңде қойылатын тааптар мен тіршілік жағдайларының өзіне тән ерекшеліктерімен, оның айналасындағылармен қарым-қатынас ерекшеліктерімен, баланың жеке басының психологиялық құрылымы дамуының деңігейімен, білім мен ойлауының даму дәрежесімен, белгілі бір физиологиялық ерекшеліктердің жиынтығымен сипатталады.

Жас шамасына қарай даму кезеңдері ауысуының негізгі механизмдерін Л.С.Выготский және Д.Б.Эльконин анықтаған. Олардың құрған теориясы бойынша жас кезеңін айналасындағылармен қарым-қатынас жасаудың даму деңгейі бөлімдердің, тәсілдердің, қабілеттердің даму деңгейі арасындағы байлаыс анықтайды. Д.Б. Элькониннің көрсеткеніндей, даму процесінің осы екі түрліше жақтарының арасындағы өзгеріс келесі жас кезеңдеріне өтудің өте маңызды ішкі негізін, «қозғаушы күшін» құрайды. Мысалы, баланың балалық шағындағы сыртқы болмыспен байланысты оның үлкендерге қарым-қатынасы арқылы дәнекерленеді. Қарым-қатынастар жүйесі арқылы бала қоршаған ортадағы заттарды, олармен манипуляция жасау арқылы белгілі бір дағдыларды игереді, оның ұғымдар қоры қалыптасады, үлкендермен қарым-қатынас жасау тәсілдері байиды, тіл байлығы жетіледі. Осының барлығы баланың дербес іс-әрекеттер жасау мүмкіндігінің кеңейуіне, демек, айналасындағылармен қарым-қатынас жасау тәсілдерінің өзгеруіне негіз болды. Ал соңғысы осы кезеңіндегі психикалық дамудың онан арғы барысының жағдайларын өзгетеді (мысалы, бала енді болмысты өзінің тікелей іс-әрекеті арқылы да танитын болады). Бала өзбетімен қоршаған ортаның ерекшеліктерімен танысу барысында көптеген заттар мен құбылыстарды терең және жан-жақты меңгере бастайды.

Баланың бұрынғы даму жетістіктері мен тіршілік жағдайлаын өзгерту жиынтығы оның айналасындағылармен өзара қарым-қатынастың мазмұны мен тәсілдерін, үлкендердің оған деген қарым–қатынас формаларын өзгертуге әкеп соқтырады. Бұл ерекше феномен баланың дамуындағы жылдамдауды болдырады. Осыған ұқсас жағдай (мүлдем басқа дәрежеде болғанымен) жеткіншектік шақта да пайда болды. Дамудың дағдарыс кезеңдері деп аталатын кезеңдер тәрбие жұмысында өзгерген қарым-қатынастар ескерілмейді, қалыптасқан және айналасындағылармен өзара қарым-қатынас жасаудың алдыңғы кезеңіне тән тәсілдер мен осы кезең барысында дами бастаған балалар мүмкіндіктері арасындағы үйлесімділік бұзылған жағдайда пайда болды. Осы курделі психологиялық проблемалар балалардың өздерін өздері бағалауы, қоршаған ортадағы адамдарды бағалауы және болашаққа деген көзқарасының, үміт-ниеттерінің пайда болуымен сипатталады.

Оқушылардың іс-әрекетінде, мінез-кұлқында психоэмоционалды тепе-теңдіктің бұзылуы — қызғаншақтық, тез ренжіп қалу, өктемдік көрсету, дау-жанжалға берілгіштік, агрессияның анық байқалуы бүгінгі мектеп оқушыларына тән құбылыс болып отыр. Бұл жағдаймен мұғалімдер оқу процесі барысында әр минут, әр сабақ сайын, күнде кездеседі және бұл оқу процесіне оның сапасына, оқушы мен мұғалімнің денсаулығына кері әсер ететіні де құпия емес. Соңғы уақытта психология саласында «созылмалы ашу, өктемдік» деген термин де пайда болды. Қ.Жарықбаев мұның себептерін келесідей айқындайды: біріншіден, бала бойында жинақталған өктем мінез дау-жанжалға жетелейді; екіншіден, өктем мінез арқылы өз қалағанына жетудің сценарийі көз алдарында, үлкендердің үлгісі арқылы беріледі; үшіншіден, ұзақ уақыт бойы қабылдаған ақпараттық әсер агрессия мен оған сай қимыл-әрекетке итермелейді.

Бұл жағдай соңғы он жылдан астам уақыттың ішінде көрерменге ұсынылып отырған теле-видео өнімдердің ешқандай сұрыптаудан, екшеуден өтпегенінің салдарынан туындап отыр. Мектеп оқушылары күн сайын оларды қабылдап, өз іс-әрекетіне ұстаным етіп отырғаны сонша, бұрынғы кезеңдегі жақсылыққа жетелейтін, халық ертегілерінің негізінде құрылған «мультиктер» оларды мүлдем қызықтырмайды, іш пыстырарлық болып көрінеді. Өйткені ол кейіпкерлер қазіргілер сияқты агрессивті, импульсивті емес. Ал олардың ұғымынша, бас кейіпкер өте күшті, бәрін тас-талқан ете алатын болуы керек, ал ар-намыс, ақылға, мейірімділікке сүйенгендер оларға үлгі бола алмайды.

Бастауыш мектеп жасындағы бала беріліп жатқан ақпараттың жағымды, жағымсыз жағын дұрыс бағалай алмайды, экранда берілген қалпында, шындық ретінде қабылдайды. Көп жағдайда балалар мен жасөспірімдер күнделікті өмірде сол алған әсерін іске асырып жатады. Жалған деректерге, асырмалы эмоцияға   негізделген, адамгершілікке жат ақпараттар оқушы санасында ұзақ уақыт қалып қояды да, ол оның тұлға ретінде қальштасуына, мінезіне өз әсерін тигізеді.

Нәтижесінде біздің оқушыларымыз қоғамда қалыптасқан адамгершілік нормаларға қарсы, заң бұзушылық әрекеттерге барып жатады.

Сонымен бірге оқушылардың өктем мінезінің қалыптасуына қоғамның әлеуметтік жай-күйі де әсер етеді. Бұл жағдай жеке тұлғаның бір мезеттік жай-күйі болып табылатын ағрессияны оның тұлғасының құрамдас бөлігі -агрессияшылдыққа алып келеді. Бұлардың бәрі қоғамдағы, мектептегі психологиялық климаттың нашарлауының, әлеуметтік ортада деградациялық өзгерістердің болып жатқандығының бір белгісі болып табылады.

Өктем мінезділіктің жоғарғы деңгейіне мектеп ұжымдарының ішіндегі психологиялық жағдай да себепкер. Ашушаң, жанжалшыл, төбелесшіл, өктем мінезді балалардың өзінің ғана емес айналасындағылардың да психоэмоционалды күйін бұзып, нәтижесінде олардың бәрінің қанында адреналиннің артатынын жүргізілген зерттеулер анық көрсетіп отыр.

Ұдайы агрессиялық мінез-құлық таныту және соның нәтижесінде ортаның да психоэмоционалды күйінің нашар болуы оқушылардың функционалды жүйесін де нашарлатады. Сондықтан да кейінгі кезде мектеп жасындағы оқушылардан байқалып отырған гастрит, асқазан жарасы, есте сақтау қабілетінің нашарлауы сияқты аурулардың көбейгені тектен-тек емес. Медициналық мәліметтерге сүйенсек осыдан 10-15 жыл бұрын мұндай аурулар оқушыларда сирегірек кездесетін болған.

Сондай-ақ балалардың иммундық жүйесіне де көп зақым келіп отыр. Физиологтардың айтуы бойынша адам қауіптену сезімінде болған кезде қанға кортизол деген гормон көп мөлшерде бөлінетін болса, қуанышты, көтеріңкі көңіл-күйде болса эндорфин гормондары көп бөлінеді. Қорқыныш гармоны кортизол ағзадағы өзге гормондарға басымдылық көрсетеді екен. Сондықтан ағзаның толыққанды жұмыс істеуге, ас қорытуға, қажетті мәселерді тиімді шешуге мүмкіндігі нашарлайды. Сондықтан да оқушылардың денсаулығының нашарлап, жылдан жылға бірнеше аурумен қатар ауыратын балалардың саны өсіп келе жатқанын денсаулық қорғау орындары мәлімдеп отыр. Өйткені ден саулық пен эмоционалдық күй-жағдай бірін-бірі толықтырып тұратын, бір бірімен тығыз байланыстағы факторлар. Жай ғана мысал келтірелік. Кез келген кикілжіңнен баланың асқазанындағы қышқыл мен пепсиннің көлемі артады, ал бұл жағдай жиі қайталанып, тұрақтылық синатына ие болған жағдайда асқазанның қабырғаларында жара пайда болып, басқа да ауру түрлері дами бастайды.

Қысқа мерзімді стресс иммунитеттің жақсаруына көмектеседі деген қағида бар. Ал бұл стрестік жағдай жиі және үнемі болатын сипат алса ол баланың иммунитеттін нашарлататыны анық. Оқушының кез келген жұқпалы аурудан зардап шегетіні де сондықтан. Сондықтан да оқушылардың көптеген ауруларының дәл осы психоэмоционалды көңіл-күйіне тікелей байланысты екендігін естен шығармауымыз керек. Оның алдын алып, сауықтыратын шаралардың бірі дене тәрбиесі сабағы екендігі де назардан тыс қалмасын.

Жоғарыда көтерілген мәселелерден шығатын қорытындымыз: дене тәрбиесі мен спорт — дау-жанжалды реттейтін, эмоционалды зорығудың алдын алып, мектеп ұжымында жайдары атмосфера қалыптастыратын бірден бір құрал. Бұл құралға дене тәрбиесі пәнінің мұғалімдері ие. Оның педагогикалық әсері мектеп үшін өте жоғары бағаланады. Мұнда оқытушы дене тәрбиесінің сауықтыру және тәрбиелік негізіне ғана арқа сүйемеуі керек. Оқушылар өз бойындағы ашушаңдық пен өктемдіктің өзінің психологиялық және физиологиялық денсаулығына қандай зиянын тигізетіндігін білулері керек. Сондықтан да оларға теріс психикалық эмоциялардың денсаулыққа тигізетін жағымсыз әсерінің механизмін ашып көрсету қажет.

Балалардың шамадан артық зорлануы олардың шатақ мінез көрсетуіне алып келеді. Бүгінгі таңда бастауыш мектептің негізгі міндеті — баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту болып отыр. Өсіп дамып келе жатқан бала бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы бір көп сырлы қасиеттердің жағымды, жағымсыз жақтарымен қатар елеусіз мінез көріністері де бала бойында болады.

Бала мінезінің жағымды жақтарына қайырымдылық, инабаттылық, сыйлаушылық, шынайы адалдық, жақсы — жаманды айыра білушілік, алдағы өмір жолына ұмтылушылық жатса, ал нашар мінез көріністеріне тұрақсыздық, өтірік айтушылық, өзімшілдік, беймазалық, ұшқалақтық сияқты қасиеттер жатады. Бала, бойында назар салып бақылағанда байқалатын қасиеттерге: өзіне-өзі сын көзбен қарап, мінездегі кемшіліктерді сезіну, әділетті, әділетсіздікті аңғаруы ойлаған мақсатын орындап шығу үшін шыдамы мен іскерлігі жатады. Егер бала мінезіндегі көріністер өмірімен сабақтасып, тәрбиемен ұштасса, бала қайырымды, байсалды, бір сөзді, батыл жүректі, табанды болып ер жетеді. Ал, бала бойында ынжық мінез қалыптасса онда сылбырлық, жалқаулық, күйгелектік, қорқақтық, мылжындық мінездер пайда болады. Бала өскен сайын көп көріп, естіп білуге ұмтылады. Өз ойын айту, басқалармен достасу, пікірлесу сияқты мінез-құлық қалыптасады. Баланың дамып, нықталып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білудің маңызы зор.

Ежелден мәлім қағида — адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып қалыптасуына отбасылық ықпалдың алар орны ерекше. Отбасының рухани тірегі ата-ана. Өкінішке орай кейбір реттерде мектептегі тың жаңалықтар мен бағдарламаларды еркін меңгеріп, өмірдің барлық кедергілерінен сүрінбей өтуге бейімділігі бар оқушыларға рухани және материалдық қолдау көрсетуге ой-өрісі, шамалары жетпейтін ата-аналарда кездесіп қалады.