Тікелей инвестиция тарту бағдарламасы

Қазақстанда “Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” Заң (28 ақпан 1997 ж.)қабылданған. Онда инвестицияның қызметі- инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.

Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен келесілерден тұрады:

— инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;

— жеңілдіктер мен артықшылықтар жүйесін белгілеу (мемлекетті сол немесе басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға олардың қызметіне қолайлы жағдайлар жасау мақсатымен жеңілдіктер мен артықшылықтар беруі).

— Қазақстан Республикасының мүддесін инвесторлар алдында көрсетуге өкілетті, бірыңғай мемлекеттік органның болуы.

Заңда тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдаудың мақсаттары мен міндеттері белгіленген.

Бұл қолдаудың мақсаты- экономиканың басым секторларында тауар өндірісін, жұмыс пен қызмет көрсетудің жедел дамуын қамтамасыз ету үшін қолайлы инвестициялық климат жасау болып табылады.

Мемлекеттік тікелей қолдаудың ортақ мақсатына жету үшін міндеттердің

бірқатарын шешу қажет:

— жаңа технологияларды , алдыңғы қатарлы техника мен ноу- хау енгізу;

— жоғары сапалы тауарлар мен қызмет көрсетуге ішкі нарықтың қанығуы;

— отандық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау мен ынталандыру ;

— экспортқа бейімделген және импортты алмастырушы өндірістерді жетілдіру;

— ҚР- ның шикізат базасын ұтымды және кешенді пайдалану;

— менеджмент пен маркетигтің қазіргі әдістерін енгізу;

— жаңа жұмыс орындарын құру;

— жергілікті кадрларды үздіксіз оқытудың, олардың мамандық деңгейін жоғарлатудың жүйесін енгізу;

— өндірісті күшейтуді қамтамасыз ету;

— қоршаған табиғи ортаны жақсарту;

Басқару процесі үшін инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды ынталандырудың шаралар жүйесі басты мәнге ие. Соның ішінде, жеңілдіктер жүйесі : бекітілген инвесторлардың мүддесін қорғау бойынша ҚР- ның берген кепілдері, сондай-ақ , келісім шартқа отыру мен оны бұзудың шарттары мен тәртібі қарастырылған.

Тікелей инвестицияларды қолдауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган, инвестициялар бойынша Мемлекеттік Комитет болып табылады. Ол ҚР- на тікелей инвестицияларды тарту жұмыстарын ұйымдастыру ; инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру; барлық келістіруші және рұқсат құжаттарын алуды қамтамасыз ету; инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауды жүзеге асыру сияқты функцияларды атқарады.

2002-2004 жылдары елімізге тікелей инвестиция тарту бағдарламасына сәйкес , «1999-2000» жылдардағы Қазақстанға шетелдік инвестицияны тарту бағдарламасының « орындалу нәтижелерін сараптай келе, еліміз экономикалық секторға шетелдік инвестицияны тартудың тиімді аймағы атанды деуге негіз бар. Бұл пікірді шетелдік экономика сарапшылары да қуаттайды.

1993-2002 жыл аралығындағы біздің елге тартылған тікелей шетел инвестициясының жалпы көлемі 16.98 млрд. АҚШ долларын құрайды . 1999 жылы экономикамызға қозғау салған шетел инвестициясының жалпы мөлшері , 1.85 млрд. АҚШ долларына тең келіп, 1998 жылға қарағанда 1.5 есеге өскені айқындалды. Ал , 2000 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның көлемі 49 пайызға өскені , яғни 2.75 млрд. АҚШ долларына жеткені белгілі болды. Шетел қаражатының Қазақстанның « тайқазанына» келіп түсуі және оның көлемінің көбеюі еліміздің әлемдік компанияларға ұнай бастағанын көрсетеді. 2001 жылы шетелдік инвестицияның көрсеткіші , мамандар есептеуінше, 4.41 млрд. Ақш долларын құраған. Инвестициялық белсенділік Қазақстанда Ресейден де жоғары дәрежеде екенін мына мәліметтен – ақ аңғаруға болады . 1998 жылы жекелеген инвесторлар Ресей экономикасына 25.8 пайыз қаржы салса, Қазақстан нарығында ол көрсеткіш 65 пайызға жуықтайды. Қазақстанда инвестициялық ағымның жылдан- жылға көбеюінің басты себебін жаңа мұнай- газ кеніштерінің ашылуымен түсіндіруге болады . Жыл сайын елімізге келетін шетел инвестициясының 70 пайызы тау-кен өндірісіне , оның ішінде мұнай – газ секторына жұмсалса, 10 пайызға жуығы ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу өнеркәсібінде игеріледі екен.

1997 – 2001 жылдар аралығында Қазақстанның инвестиция жөніндегі комитеті еліміздің ең басты экономикалық салаларында инвестициялық белсенділікті арттыру мақсатында шетелдік компаниялармен 345 келісім – шартқа отырған. Осы кезеңде өңдеуші өнеркәсіп саласында айтарлықтай үлесті металлургия өндірісі ( 45 пайыз) , азық – түлік өнімдерін шығару ( 19.8 пайыз) және химия өндірісі (11.1 пайыз) алады екен. Бір ғана химия өнеркәсібі бойынша , 2001 жылы жалпы сомасы 95.6 млн . АҚШ долларына бағаланған 13 келісім – шартқа қол қойғызылып, негізгі капитал 82.4 млн. Ақш долларына жетіп жығылды . Тұрғын үй , әлеумет және туризм салаларында инвестицияның жалпы көлемінің 12.8 пайызын құрайтын, 299 млн. АҚШ долларына бағаланған шетел инвестициясы бойынша 35 келісім – шарт дүниеге келген. Және осы инвестиция негізінде 8.8 мың жұмыс орны ашылған.[11,2 б.]

Аса ірі инвесторлардың жоспарларын талдағанда мынадай мәселелерді байқауға болады, яғни барлығы да шетелдік белсенді операцияларды жоспарлайды. Бірақ , оның кейбір “географиялық” ерекшеліктері бар: американдық фирмалар Батыс Еуропа нарығына инвестициясын бағыттайды ( ерекше жоғарғы технология және тұтыну тауарлары саласында); еуропалық Трансұлттық корпорациялар өздерінің негізгі жұмсалымдарын американ нарығына салуға мүдделі ; Жапон Трансұлттық корпорациялары басымдылықты Азия елдеріне береді. Дамушы елдердің жаңа жұмсалымдары дамушы елдерге бағытталады деп болжауға болады.