Экономикалық дамуды мемлекет тарапынан ретеу

Мемлекет экономикалық дамуды реттеуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан мемлекет тарапынан реттеудің қандай шаралары осы процесті ең қолайлы әдіспен ынталандыратынын қарастыру керек:

  1. Кейнсиандықтар көзқарасы жағынан экономикалық даму , ол сұраныс факторымен байланысты деп түсіндіреді. Әдетте олар дамудың төмен қарқынын жалпы ұлттық өнімнің қажетті дамуін қамтамасыз етпейтін адекватты емес жиынтық шығындар деңгейімен түсіндіреді. Сондықтан олар проценттің төмен ставкаларын («арзан ақща»саясатын) капитал  жұмсау ынталандырушы құрал ретінде насихаттайды. Қажетті жағдайда финанс – бюджеттік саясат жоғары капитал жұмсау денгейі инфляцияға әкеліп соқтырмауы үшін мемлекеттік шығындар мен тұтынуларға шектеу қолданыла алады.
  2. Кейнсиандық бағытты жақтаушыларға қарсы «ұсыныс экономикасының» өкілдері экономикалық жүйенің өндіріс потенциялын ұлғайтатын факторларға сүйенеді. Жеке жағдайда олар салықтың төмендетеді. Ал салықтың төмендеуі қорлану мен капитал салудың нәтижесінде еңбек жағдайлары мен кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырады. Мысалы, табыс салығын төмендету немесе алып тастау қорланудан түсетін табыстың үлкеюіне әкеліп соғады. Керісінше, табыс салынатын салық көлемін үлкейтсек, онда тұтыну көлемі төмендейді және қорлану ынталандырылмайды. Кейбір экономистер тұтынуға біркелкі салықты енгізуді қолдайды. Яғни бұл салықың түрі жеке табыс салығының    толық немесе бөлшектеп ауыстыруы ретінде болады (жеке тұлғаларға , үй шаруаларына және корпоративтік емес фирмалардың табысына салынатын салық  ). Бұл сөйлемнің мағынасы қорды тұтыну мен ынталандыруға қойылатын шектеулерден тұрады. Капиталды жұисауға қатысты бұл экономистер әдетте инвестицияға қатысты салық жағынан жеңілдік жасау үшін корпорацияның пайдасына салынатын салықтарды төмендетуді немесе алып тастауды ұсынады. Кейнсиандықтар қысқа мерзімді мақсаттарға көп көңіл аударатынын айтып кеткен жөн. Дәлрек айтқанда , жиынтық шығындарға әсер ете отырып нақты жалпы ұлттық өнімнің жорғарғы деңгейіне көңіл аударады.  Олармен салыстырғанда , «ұсыныс экономикасының» өкілдері өндіріс күштерінің толық боссыздығы және толық түрде жұмыс істейтін қоғамдық өнімнің дамуін қамтамасыз ететін фаторларға сүйене отырып ұзақ мерзімді мақсаттарға көңіл аударады.
  3. Әр түрлі бағыттағы теорияларды қолдайтын экономистер экономикалық дамуды ынталандыратын басқа да мүмкін әдістерді қарастырады. Мысалы , кейбір ғалымдар жеке саясатты насихаттайды. Оның салдарынан экономикалық дамуде қолдау табу үшін өндіріс құрылысының қырылуында мемлекет өзіне тікелей белсенді рөл алатын еді. Мемлекет жоғары деңгейде өндіретін салалардың дамытуын тездететін және де төмен деңгейде өндіретін салалардан ресурстарды тасымалдауға қатысатын шешім қабылдауына болатын еді. Сондай – ақ мемлекет техникалық прогресті ынталандыра отырып көптеген маңызды зерттеулерге өзінің шығындарын ұлғайта алар еді. Білім саласына кеткен шығындардың үлкеюі де , сондай – ақ жұмыс күшінің сапасының және еңбек өнімділігінің дамуіне елеулі әсер ететін еді.

Экономикалық дамуды ынталандыруға мүмкін әдістердің көптігі мен күрделілігіне қарамастан экономистердің басым бөлігі экономикалық дамудың қарқындылығын ұлғайту оңай емес екендігі , — капиталдың көп мөлшерде қажет болуы және кор жинауға талпыныс ынталандыру шараларына оңай берілмейтінін түсінеді.