Экономикалық дамудың түрлері

Экономикалық дамудың экстенсивті түрі дегеніміз – ол эканомиканың өндіріс факторларының ескі техника негізінде сан жағынан молаюын айтады (экстенсивті – латын тілінен аударғанда extensivus — ұлғаймалы ).

Эккономикалық дамуге әсер ететін факторлар:

  • Негізгі капитал
  • Ғылыми техникалық прогрес
  • Еңбек ресурстары
  • Табиғат ресурстары
  • Жиынтық сұраныс

Көрсетілген факторлардың өнімнің шығарылу көлемін үлкейту үшін әрқайсысының қызметін анықтау үшін эконометрмка қолданылады (ғылыми тәртіп , экономикадағы сан жағынан өзгерулерді зерттеуші ретінде). Оның көмегімен ұлттық шаруашылықтың дамуінің эконометрикалық моделі құрылады. Осылайша экономикалық дамуды карастыра отырған Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Солоу (АҚШ) өндірістік функция формуласын қарастырған.

Өндірістік функция өнімнің шығарылуы негізгі капиталға (К) , еңбекке (L)және жерге (табиғи материалды ресурстарға – N ) сан жағынан (F) тікелей тәуелді екені белгілі:

Y=F(K,L,N)

Р. Солоудың зерттеуі бойынша , экономикалық дамудың моделі техникалық прогрес болмаған жағдайда факторларды үлкейту масштабына байланысты тұрақты қайтарым (отдача) қасиетін қамтиды:

ZY=F(ZK,ZL,ZN).

Берілген формула келесі функционалдық тәуелділікті көрсетеді. Егер де капитал , еңбек және материалдық шығындар Z мәніне дейін өсетін болса , онда өндірістің көлемі де Z мәніне дейін ұлғайады. Өндірістің экстенсивті түрдегі көбеюіне дәл осы қасиет тән. Ол шығындалған өндіріс факторларының көлеміне түзу пропорционалды болып келеді. Бұл тәуелділік мына графикпен көрсетіледі.

Экстенсивті экономикалық даму – ол шаруашылықтың дамытуын ең ыңғайлы әдісі болып табылады. Бұл әдістің көмегімен табиғи ресурстады өте жылдам игеруге болады , оған қоса салыстырмалы түрде тез жұмыссыздықты қысқарту мүмкіндігі және де жұмысшы күшінің үлен көлемде жұмыс істеуін ынталандырады.

Өндіріс көлемін ұлғайтудың мұндай жолының көптеген кемшіліктері де бар. Оған техникалық тоқырау тәуелді болып келеді де , өнімнің сан жағынан шығарылуының үлкеюі техника – экономикалық прогреспен байланыспайды. Бірақ техникалық прогрестің экономикалық дамудегі маңызы өте зор болып табылады. Себебі техникалық прогреске тек қана өндірістің мүлде жаңа әдістері ғана еніп қоймай , сонымен қатар басқарудың жаңа түрлері мен өндірісті жаңаша организациялау кіреді. Жалпы айтқанда , техникалық прогрес деп , жаңа білімдерді ашу арқылы түпкі өнімнді шығару көлемін ұлғайту мақсатымен берілген ресурстарды жаңаша әдіспен комбинациялау болып табылады. Практикада көрсеткендей , техникалық прогрес пен капитал салу , яғни инвестициялау бір-бірімен тікелей байланысты. Техникалық прогрес көп жағдайда жаңа машиналар мен құрал-жабдықтарға инвестициялауды қажет етеді.

Экстенсивті экономикалық дамуде өнімнің шығарылуының көбеюінің деңгейі қолданылатын шығарылатын негізгі қордың көлемінің үлкеюіне , материалдық ресурстар мен жұмысшылар санының үлкеюіне тікелей байланысты болады , яғни бірдей деңгейде ұлғаяды. Сондықтан қордың қайтарымдылығы , қордың сыйымдылығы және де еңбек өнімділігі секілді экономикалық көрсеткіштердің мағыналары өзгермейтін деңгейде қалып қояды. Басқаша айтсақ , өндірістің жалпы эффективтілігі , қолайлы жағдайдың өзінде де , өзгермейтін күйде қалып кояды. Сондықтан , негізгі өндіріс қорларын (ғимараттар , құрал-жабдықтар) жаңартуға қаржы-қаражат жетіспейді, нақты айтсақ , жаңа ғылыми- техникалық өзертулер енгізілмейді. Сол себептен бұрыңғы СССР-дағы өндірістік негізгі қорлардың тозуы 1990- жылы 1986- жылға қарағанда 38 пайыздан 41 пайызға дейін өскен болатын. Нақты айтсақ , өндірістік құрал –жабдықтардың мерзімдері нормативті мерзімнен екі есе асқан болатын.

Экономикалық дамудың экстенсивті түрі табиғи ресурстарды тез игеруге мүмкіндік береді.  Бірақ соның нәтижесінде ресурстарды экстенсивті әдісті қолдана отырып игеру тиімді емес немесе көп шығынды болып табылады. Мұндай жағдайда ресурстардың көзі тез арада жоғалады немесе жоққа ұшырайды. Экстенсивті даму кезінде қор сыйымдылық көрсеткіші өзгеріссіз қалады, бірақ өндіріс көлемі өседі. Соның нәтижесінде шикізат қоры азаяды. Осылайша шикізаттың бір данасын (мыс, бір тонна мұнай) алу үшін еңбек пен өндіріс құралдарын көбірек жұмсау қажетті болады. Мұндай жағдайда экономикалық даму ұзақ мерзімде шығынды болып табылады. Яғни, даму болғанымен ол тек қана шикізат базасының нәтижесі болып табылады, ал шикізат өз кезегінде қалпына келмейтін және шектеулі табиғи ресурс болып табылады.

Экстенсивті әдіспен даму ұзақ мерзім аралығында мемлекеттегі ұлттық өндіріс пен шаруашылықты ыңғайсыз жағдайға соқтырады. Дамыған мемлекеттер көбінесе мұндай әдісті қолданылмайды, экстенсивті дамуды тек ресурстары жеткілікті, бірақ технологиялық және экономикалық жағдайы нашар дамушы мемлекеттер қолданылады. Экономикалық жағдайы нашар мемлекеттерге экстенсивті даму нәтижесінде шығынды болып келеді. Оған мынадай себептер бар: технологиялық дамудың нашарлығы, өндіріс құралдарының немесе еңбек заттарынынң ескіруі, яғни техникалық талаптарға сай келмеуі, жұмысшылардың мамандану дәрежесінің төмен болуы, шикізат көздері мен оларды өндіретін цехтар мен зауыттардың бір бірінен алшақта орналасуы және тағы да басқа себептер.

Егер статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Америка Құрама Штаттарында қор қайтарымдылық көрсеткіші соңғы жылдарда біршама өзгеріссіз қалған, ал біздің өндіріс орындарында бұл көрсеткіш соңғы 25 жыл ішінде шамалап 2 есе төмендегені белгілі. Батыс экономистерінің айтуынша Совет Одағы кезінде одақ мемлекеттері батыс мемлекеттерімен салыстырғанда өнімнің бір данасын өндіру үшін энергия мен шикізатты 2-3 есе көп жұмсаған.