Экономикалық дамудың факторлары

Кез келген мемлекеттің экономикалық өсімі негізгі алты фактормен анықталады, оның төртеуі экономикалық дамудың нақты мүмкіндігімен байланысты. Олар:

  • мемлекеттегі табиғи ресурстардың саны мен сапасы;
  • мемлекеттегі еңбек ресурстарының саны мен сапасы;
  • негізгі капиталдың көлемі;
  • технология.

Жоғарыда аталып өткен төрт факторды ұсыныс факторы деп топтауға болады. Осы факторлардың арқасында ғана өндірістің ұлғаюы нақты мүмкін болады. Нақты өндірілетін өнімнің көлемінің ұлғаюына сапасы жақсы ресурстар мен технологиялық потенциал қажет.

Дегенмен дамуге деген қабілеттілік пен нақты дамуды ажырата білу қажет. Бұған келесі екі пікірдің маңызы бар.

Біріншіден , экономикалық даму сұраныс факторларына тікелей қатысты. Даму барысындағы өндіріс процесін іске асыру үшін мемлекеттің экономикалық жағдайы ресурстардың көлемінің үнемі өсіп тұруын толық түрде қамтамасыз етуі керек. Ол үшін жиынтық шығындардың көлемін үлкейту қажет.

Екіншіден , экономикалық дамуге бөлу факторлары әсер етеді. Өндірістік потенциалды неғұрлым мақсатты қолданылу үшін тек қана ресурстарды түгелімен экономикалық айналымға бағыттау ғана емес , сонымен қатар оларды тиімдірек утилизациялау керек. Нақты өндірілетін өнімнің көлемін ұлғайту үшін ресурстарды тиімді пайдалану қажет және көп өнім алатындай қайта бөлу керек.

Экономикалық өсімге әсерін тигізетін ұсыныс және сұраныс факторларының арасынды тығыз байланыс бар. Мысалы, жұмыссыздық капиталдың жинақталу дәрежесін төмендетеді және ғылыми зерттеу жұмыстарына жұмсалатын шығындардың көлемін азайтады. Және керісінше, жаңа технологияларды аз еңгізу және капиталды аз жұмсау өзкезегінде жұмыссыздыққа алып келеді.

Бұл факторлардың өзара байланысы туралы мәліметтерді өндіріс мүмкіндігінің қисығы бере алады.

Бұл қисық белгілі бір негізгі капитал, технологиялық потенциал, еңбек және табиғи ресурстардың сапасы мен санының әр түрлі қатынастарында өндірілетін өнімнің  ең көп түрлі варианттарының санын көрсетеді. Кез келген ұсыныс факторларының позитивті әсері (ресурстар мен технологиялық прогрестің саны ме сапаының жоғарлауы) өндіріс мүмкіндігінің қисығын оңға жылжытады, суретте ол АВ-ның СД-ға ығысуы ретінде көрініс табады.

Бірақ экономиканың өзінің өндіріс потенциалын толығымен жүзеге асыруы сұраныс пен бөлу факторларымен шектеледі. өндіріс мүмкіндігінің қисығы оңға ығысуы немесе жылжуы мүмкін, бірақ өндірістің нақты көлемі өз шегіне жете алмайды. Басқаша сөзбен айтқанда, нақты экономикалық әрекет қисығы әрқашан өндіріс мүмкіндігі қисығының шеңберінен аса алмайды тек соның көлемінде ғана болады. Өндіріс потенциалы төменде көрсетілген жағдайда ғана жүзеге асады:

  1. шығындардың жиынтығы тек толық жұмысбастылықты қамтамасыз ететін көлемде ғана көбейеді;
  2. қосымша ресурстар өндірілетін өнімнің көлемін максималды ұлғайту мақсатында тиімді пайдаланылады.

Мысалы, Америка Құрама Штаттарында еңбек күшінің таза өсімі жылына 2 млн.- ға дейін жетеді. Бұл фактор өздігінен өндіріс қуаттылығын немесе экономика потенциалын ұлғайтады. Бірақ экономикалық потенциал өндіріс өсімінде көрініс табу үшін осы жоғарыда аталып кеткен барлық 2 млн. адамға өз мүмкіндігін аша алатын жұмыс орындарын тауып беру керек. Қоғамға жаңа жұмыссыздар мен бір салада маманданған бірақ мамандығына қатысы жоқ басқа салада жұмыс істейтін адамдардың қажеті жоқ.

Сұраныс факторы мен ресурстардың бөліну факторының бар маңыздылығын біле отыра, экономикалық даму проблемасына шешім іздегенде ұсыныс факторларына негізгі көңіл аударылады. Экономикалық өсім жалпы ұсыныс қисығын оңға ығыстыратын факторлармен сипатталады. Сурет – 2.

2-ші суретте жалпы жиынтық сұраныстың ұлғаюы AD қичығының оңға таман жылжуы, яғни AD1 қисығының  AD2   қисығына таман жылжуы ретінде көрініс табады. Бұл қозғалыс мынаны түсіндіреді: бағаның әр түрлі дәңгейлерінде тауарлар мен қызметтердің көлемі ұлғаяды.

Бұл кестеде нақты өнім және табысты ұлғайту негізгі екі әдіспен жүзеге асырылуы көрсетіген:

  1. ресурстардың үлкен көлемін тарту жолы арқылы;
  2. ресурстардың қолданылуды көбірек өндіру жолы;

 Ең алғаш еңбектің шығындалуынқарастырайық.

Нақты жалпы ұлттық өнім кез келген уақытта еңбектің шығындалуын (адам/сағат)  еңбектің өнімділігіне көбейтуімен анықталады деп айтуға болады. Немесе

Жалпы ұлттық өнім =адам-сағаттардың істелген саны x еңбек өнімділігі.

Мысал. Шаруашылықта 10 адам жұмыс істейді және әрқайсысы жылына 2 мың сағат жұмыс атқарады (50 аптаның әр аптасында 40 еңбек уақытынан ), сондықтан жұмыс істелген адам-сағаттың жалпы саны 20 мыңды құрайды. Егер де орташа өндіру адам-сағатына санасақ 5 долларды құраса, онда жалпы өнімді шығару немесе нақты жалпы ұлттық өнім 100 мың долларды құрайды (20 мың x 5 доллар).

3- Сурет мынадай сұрақтарға жауап береді :

  • Жұмыс істелген уақыт санын не анықтайды?
  • Еңбек өнімділігі неге байланысты болады?

Еңбек шығынының көлемі жұмыс істеушілер саны мен орташа жұмыс істейтін аптаның ұзақтылығына тәуелді болып келеді. Ал  жұмыс істеушілердің саны негізгі халықтың бөлігінің еңбекке жарамды жасының болуына және де еңбек күшінің өндіріске тарту деңгейіне байланысты.  Басқа сөзбен айтқанда, ол еңбекке жарамды халықтың өндірісте нақты жұмыс атқаруына байланысты болып келеді. Орташа жұмыс істеу аптасы құқықтық және институционалдық факторлармен, сондай-ақ коллективтік келісімдермен анықталады.

Еңбектің өнімділігі техникалық прогрес, қордың күштілігі, еңбек күшінің спасы және бөлудің эффективтілігі, әр түрлі ресурстарды сәйкес клтіру және басқару секілді факторлардың ықпалында болады. Басқаша айтсақ, еңбек өнімділігін үлкейтуге болады тек сондай жағдайда, егер денсаулықты ,                                               профессионалдық дайындықты , білімді жақсартса және көп көңіл аударылса; сонымен бірге техникамен және құрал-жабдықтармен қамтамасыздандыру және табиғи ресурстармен қамтамасыздандыру үлкейсе ; егер кәсіпорын мықты болып , өндірісті басқару жақсы болса ; жұмысшыларды неғұрлым эффективті салаларға орналастыру.

3- Сурет өнімге деген сұранысты анықтайтын факторлар жайында мағлұматты береді. Ол суретте экономиканың мүмкіншіліктерін анықтайтын жалпы өнімді ұсыну мен өндіру факторлары көрсілген.

Қазір техникалық прогрес деп аталатын экономикалық дамудың факторын қарастырайық. Бұл факор экономикалық дамуде маңызды рөл атқаратыны анық. Себебі техникалық прогреске тек қана өндірістің мүлде жаңа әдістері ғана еніп қоймай , сонымен қатар басқарудың жаңа түрлері мен өндірісті жаңаша организациялау кіреді. Жалпы айтқанда , техникалық прогрес деп , жаңа білімдерді ашу арқылы түпкі өнімнді шығару көлемін ұлғайту мақсатымен берілген ресурстарды жаңаша әдіспен комбинациялау болып табылады.

Практикада көрсеткендей , техникалық прогрес пен капитал салу , яғни инвестициялау бір-бірімен тікелей байланысты. Техникалық прогрес көп жағдайда жаңа машиналар мен құрал-жабдықтарға инвестициялауды қажет етеді.

Бір қарағанда техникалық прогрестің жылжуы тарихи жағдайда ұзақтылығымен және ұмтылғыштығымен бейнеленеді. Газдық және дизельдік двигательдер , конвейерлер өткен заманның негізгі жетістіктері ретінде ойға келеді. Жақын арада ғана технологиялық жетістіктер салдарынан күрделі автоматизациялау жүргізіле бастады. Көптеген фабрикалардағы жұмыстың бір ғана кнопканы басумен іске асырылуы ғажап жағдайға айналды. Дыбыстан тез ұшақтар , транзисторлар және интегралдық кестелер , компьютерлар , ксерокстар , контейнерлік тасымалдаулар және ядролық энергия , космосқа ұшқан сапарлар , — бұл тнхникалық прогрестер  өткен замандағы ата-бабаларымыздың тек армандарындығы ойлары еді. Осы секілді жаңалықтардың ашылулары экономикалық дамуге жақсы әсер етеді.