Экономикалық дамудың қарқыны

Кейбір кездері экономисттердің экономикалық дамудың қарқындылығының елеулі өзгерістеріне көп көңіл аударуы әдеттен тыс болып көрінеді.  Шын мәнінде экономикалық дамудегі төрт және үш процент арасындағы айырмашылық соншалықты маңызды ма? Ия, маңызды. Бүгінгі таңда Америка Құрама штаттарында нақты жалпы ұлттық өнімнің көлемі шамалап 3995 млрд. долларға тең және де олар үшін экономикалық дамудың қарқыны үш және төрт проценттің айырмасы 40 млрд. долларға тең болады. Экономикалық жағдайы өте нашар мемлекеттер үшін экономикалық дамудың қарқыны 0,5 процентке төмендесе ашаршылыққа және экономикалық құлдырауға да алып келуі мүмкін.

Бірнеше жылдар аралығындағы экономикалық дамудың кішкене өзгеруі үлкен мәндерге ие болуы мүмкін. Мысалы, А мемлекеті мен Б мемлекеттерінің жалпы ұлттық өнімдерінің көлемі бірдей, бірақ экономикалық даму қарқындары әр түрлі деп алайық. А мемлекеті үшін бір жыл ішіндегі экономикалық даму қарқыны – 4 процент, ал Б мемлекеті үшін бұл көрсеткіштің мәні небары 2 процентке тең. Осы екі мемлекеттердің жалпы ұлттық өнімдері екі есе көбейю үшін қанша жыл керек екенін есептеп шығару үшін біз «70 санының ережесін» қолданамыз (бұл әдіс негізінен бағаның екі есе дамуі үшін қажетті жылдардың санын анықтау үшін қолданылады; ол үшін 70 саны бір жылдағы инфляция қарқынына бөлінеді. Мен өз мысалымда бір жылдағы инфляция қарқынының орнына бір жылдағы экономикалық дамудың қарқынын, ал бағаның орнына жалпы ұлттық өнімнің көлемін аламын). Осы ережеге сәйкес А мемлекетінің жалпы ұлттық өнімінің көлемі 17,5 жылда (70/4), ал Б мемлекетінің жалпы ұлттық өнімінің көлемі 35 жылда (70/2) екі есе өседі.

Бір адамға шаққандағы нақты жалпы ұлттық өнімнің көлемінің даму қарқыны экономикалық даму қарқыны бірдей болған жағдайда да арасындағы айырма алшақтай береді. Мысалы, Г және Д мемлекеттеріндегі экономикалық даму қарқыны бірдей деп алайық (жылына 5 процент); бірақ егер Г мемлекетіндегі бір адамға шаққандағы жалпы ұлттық өнімнің көлемі 10 мың теңгеге тең, ал Д мемлекетінде бұл көрсеткіш 500 теңгеге тең болса, онда 5 проценттік экономикалық даму Г мемлекеті үшін 500 теңге өсім алып келеді, ал Д мемлекеті үшін мұндай өсім небары 25 теңгеге тең болады.

Сондай – ақ , экономикалық дамудың тұрақтылыққа қарағанда үлкен маңызы бар екені анық ақиқат. Мысалға , экономикалық құлдырауды тоқтата алсақ , онда ұлттық табысты да бір мезгілде үлкейтуіміз мүмкін , айталық 6  % — ке. Егер де экономикалық дамудың жылдық қарқындары 3 % — ті құраса , онда 2 жылдың ішінде-ақ ұлттық табыстың өсімі 6 % — ті құрайды; және де экономикалық дамудың қарқындылығы алдағы уақытта ұлттық табыстың ұлғаюын екі жыл сайын 6 проценттік өсімді қамтамасыз етеді.