Өлшем әдістері

Экономикалық даму қоғамдық өндіріс көлемінде өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің көлемімен анықталады. Сондықтан ғылыми әдебиеттерде экономикалық дамудың негізгі көрсеткіші ретінде  жалпы ұлттық өнімді жиі қарастырады. Оған қоса, бұл мақсатта жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) динамикасы да қарастырылады.  Жалпы ішкі өнімнің 2 түрі бар: нақты және номиналды. Нақты  жалпы ішкі өнімді табу үшін номиналды  жалпы ішкі өнімнен инфляция яғни бағаның дамуін өткен жылмен немесе базалық жылмен салыстыра отырып шегеріп тастаймыз. Экономикалық дамуды анықтау барысында тек нақты  жалпы ішкі өнім көлемі ғана қарастырылады. Өйткені нақты  жалпы ішкі өнім номиналдыға қарағанда бізді нақты ақпаратпен қамтамасыз ете алады. Мысалы, егер ағымдағы жыл ішінде өндіріс көлемі өзгермесе және өнім бағасы 4 есе қымбаттаса  жалпы ішкі өнім көлемі де шамалап есе ұлғайяды, бірақ бұл экономикалық дамуге жатқызылмайды.

Халықаралық тәжірибеде экономикалық дамуды есептеуде көбінесе бір адам басына шаққандағы  жалпы ұлттық өнім көлемі есептеледі. Бұл көрсеткішті есептеу үшін белгілі бір мемлекеттегі бір жыл ішінде өндірілген  жалпы ұлттық өнім көлемін сол мемлекеттегі адамның санына бөледі. Бұл көрсеткіш негізінен мемлекеттегі адамдардың өмір сүру жағдайын көрсетеді. Мысалы, Индияның  жалпыұлттық өнімі Швейцариямен салыстырғанда шамалап 70 процентке көп, бірақ Индия   азаматтарының өмір сүру жағдайы Швейцарияға қарағанда шамамен 60 есе төмен.

Көріп отырғанымыздай  жалпы ұлттық өнім тек жалпы көрсеткіш ретінде қолданылыда. Эконгомикалық даму туралы нақты ақпараттарды алу үшін халық санын да қарастыруымыз керек. Мысалы, бір жыл ішінде нақты жалпы ұлттық өнім 1,5 процентке ұлғайса, ал сол мемлекеттегі халық саны да 1,5 процентке ұлғайса бұл экономикалық даму ретінде қарастырылмайды. Нақты экономикалық даму болу үшін  жалпы ұлттық өнімнің даму қарқыны халықтың даму қарқынынан жоғары болу керек.

Экономикалық дамуды абсолютті және салыстырмаллы көрсеткіштермен сипаттауға болады. Абсолютті көрсеткіштерге нақты сандар жатқызылса, ал салыстырмалы көрсеткіке проценттік қатынастарды жатқызщуға болады. Мысалы, егер нақты  жалпы ұлттық өнім өткен жылы 200 млрд. теңгеге тең болса, ал ағымдағы жылы 210 млрд. теңгеге тең болса, онда экономикалық дамудың абсолюттік көрсеткіші 10 млрд теңгеге тең (210 млрд – 200 млрд = 10 млрд) және салыстырмалы көрсеткіші 5 процентке тең ((210 — 200) / 200 = 0,05) болады.