Экономиканың табиғат сыйымдылығы

Табиғат сыйымдылығы дегеніміз игіліктерді: тауарды және қызметтің бір өлшемін алу үшін қанша табиғат ресурстары жұмсалатынын білдіреді. Кең мағынада өндірістің табиғатқа әсерін де осы ұғымға сыйғызуға болады, яғни тауардың немесе қызметтің бір өлшеміне есептегенде табиғатқа қанша әсер етеміз.

Жоғарыда айтылған экологиялық мәселелерді шешудің бағыттары экономикалық дамуды экологиялаудың негізгілері болып табылады. Экологиялық мәселелерді шешудің ең тиімді экологиялық және экономикалық бағыты – «табиғат – тұтынушы емес» әрекеттер мен салаларды дамыту. Ең бірінші кезекте табиғатқа тікелей байланысты емес экологиялық мәселелерді шешу нұсқаларын жүзеге асыру керек. Тікелей табиғат қорғау шараларын өндірістің басқа аз қалдықты технологияларын іске асыру мүмкін болмағанда қолдану керек. Жоғарыдағы экономиканы экологиялау бағыттарының ауқымы әр түрлі. Балама нұсқаларды жүзеге асыру – макроэкономикалық және салалық деңгейде мүмкін. Ресурс үнемдеуші, аз қалдықты технология кәсіпорын және аймақ деңгейінде жүзеге асырылады. Тікелей табиғат қорғау шаралары да осы деңгейде қолданылады.

Экологиялық мәселелерді шешудің балама нұсқалары ең бірінші кезекте экономиканың құрылымын өзгерту мүмкіндігіне байланысты.

 Ф-ОБ-001/024

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!