Ақшаның құн заңы

Қоғамдық өндірістің тауарлық нысанының ерекшелігі құн заңының іс-әрекетінен нақты көрінеді. Құн заңы тауар өндірісі мен тауар айналысының негізгі заңы. Құн заңының іс-әрекетінің мәні мынада: тауарларды өндіру мен айырбастау оларды жасап шығаруға жұмсалған қоғамдық қажетті еңбек шығындары негізінде жүзеге асырылуға тиіс. Сонымен құн заңы тауарлы өндірістің ең мәнді сипатын көрсетеді немесе әр қилы тауар өндірушілердің шаруашылық нәтижесінің қорытындысында өнім айырбастауда эквивалнттілікті талап етеді. Ал тауар ақша айналысында құн заңы баға заңы болып табылады. Бағ — құн заңының, көрінсі. Құн — баға заңы немесе бағаның жинақталған көріну нысаны.

Еңбек өнімдерінің жүйелі айырбастау процесінің дамуы кезеңінен бастап, құн заңы тауар өндірісінің бүкіл тарихында әрекет етеді. Қоғамдық үстемдік ететін өндірістік қатынастардың типімен байланысты оның әрекет ерекшелігі де өзгеріп отырады. Құн заңының тауар өндірушілерге әрекеті тек рыноктық бәсеке арқылы көрінеді. Осы рыноктық механизм қатынасы сұраныс пен ұсыныс арақатынасы, салалық және ішкі салалық бәсеке арқылы құн заңы қоғамдық өндіріске ықпал етеді. Ал оның негізі құн заңының өзінде емес, оның әрекет етуінің қоғамдық жағдайында, қоғамның экономикалық құрылысының сипатында.

Айналыс саласында құн заңы бағаны халықтың төлем қабілеттігінің көлемі мен құрылымын, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын анықтауда маңызды рөл атқарады. Құн заңын дұрыс басшылыққа алудың қоғамдық еңбек өнімділігін, өндірістің тиімділігін арттыруда, аз шығынмен көп нәтижеге жетуді, нақты рыноктық қатынасқа көшуді қамтамасыз етуде, шаруашылық реформасын іске асыру маңызы зор.

Тұтыну құны

Экономикалық теория тауардың қоғамдық қажетсінуді қанағаиттандыру қабілетін тұтыну құны деп аталады.

Тұтыну құны — тұтылған жағдайда ғана жүзеге асатын тауардың сипаты.

Тұтыну құны — тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажетін қанағаттандыру қажетін қанағаттандыру қасиеті. Ол тұтыну бұйымдары, не өндіріс құрал-жабдықтары ретінде адамдар қажетін өтейді. Тұтыну құнның ерекшеліктері:

  1. Тұтыну құны негізінен сол заттардың табиғи қасиетімен байланысты. Мысалы, нан, май, ет, сүт, жеміс-жидектердің құрамында адам организміне қажетті витаминдер, қышқылдар, белоктар болады.
  2. Тұтыну құны сол затты шығаруға жұмсалған еңбек мөлшерін байланыссыз. Мысалы. 100 г. нанды пісіруге жұмсалған еңбек пен 100 пар аяқ киімді тігуге жұмсалған еңбек мөлшері әр түрлі. Алайда олардың пайдалылығы бір-бірінен кем емес.
  3. Тұтыну құны әр қоғамда да болып келеді. Бірақ өндіргіш күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуіне сай олардың атқаратын рөлі де өзгеріп отырады. Мысалы, адамның көлігі есебінде ертеде негізінен ат пен арба пайдалынылса, қазір машина, поезд, ұшақтар атқарып отыр. Заттардың пайдалылығы да қоғам дамуымен кеңейе береді. Мысалы, ағаш ертеден құрылыс материалы, отын есебінде пайдаланылса, бүгінде одан алынатын заттардың түрі де артып отыр.

Айырбас құны.

Тұтыну құны бар затты әлі тауар дей алмаймыз. Ол үшін — айырбас құны немесе басқаша құн болуы керек.

Тауар өндірушінің өзі үшін өндірілген өнімнің пайдалы қасиеті — оның басқа қажетті материалдық игіліктерге айырбастау сипаты. Экономикалық тоерияда тауардың басқа тауарларға белгілі пропорцияда айырбасталу сипаты «айырбас құны» деп аталады. Айырбас құн — тауар басқа заттармен салыстыру арқылы қаралатын зат екенін білдіреді, сонымен бірге заттар арасындағы қатынас орнаған жерде оларды өндірген адамдар арасындағы қатынас та бүркеленіп көрінетінін байқауға болады.

Айырбас құны — ең алдымен сан арақатынасы түрінде көрінеді. Мұнда біртектес тұтыну құндары екінші біртектес тұтыну құралдарына айырбасталады. Бұл арақатынас уақыты мен орнына қарай ылғи өзгеріп отырады. Мысалы, 50 кг астық 25 метр матаға қатысы — осы тауардың айырбас құны болады. Жай көзге бұл бір кездейсоқ қатынас сияқты. Өйткені 50 кг астықтың бүгін 20 метр, ертең 30 метр матаға да айырбасталуы мүмкін ғой. Алайда осы кездейсоқ жайдың өзінде бір заңдылық бар. Оның негізі тұтыну құнында емес (екеуінде екі түрлі), осы тауарларды өндіруге жұмсалған қоғамдық еңбекте. Тауар өндірушінің таарға сіңірген қоғамдық еңбегі тауардың құнын жасайды. Құн — тауарға сіңіріліп, онда затқа айналған қоғамдық еңбек. Тауардың құны қоғамдық категория, ол көрінбейді, бірақ ол тауарды тауарға айырбастағанда, бір тауарды екінші бір тауарға теңестіргенде айқындалып отырады.

Айырбас құны 3 прнципке негізделеді:

  1. Айырбас ропорцияның теңдігі, салыстырылатын тауарлардың бірдей құнымен түсіндіріледі.
  2. Құн тауардағы өндірушінің қоғамдық еңбегі.+
  3. Тауардың құны жұмсалған уақыттың ұзақтылығымен есептеледі.

Құн нысаны.

Алғашқы кезеңде айырбас өте кездейсоқ, жай түрде орын алды. Осыған орай құн да кездейсоқ, жай нысанда дамыды. Мысалы, бір қой бір қап астыққа айырбасталды, яғни бір заттың құны (қойдың) екінші бір тауар арқылы (астық) анықталады. Біздің мысалымызда бірінші тауар (қой) активті рөл атқарып тұр. Яғни өзінің құнын екінші бір тауар астық арқылы анықтап отыр. Яғни өзінің құнын екінші бір тауар астық арқылы анықтап отыр. Сондықтан оны относительді құн нысаны дейміз. Ал екінші тауар (астық) пассивті рөл атқарады, бірінші тауардың құнын анықтай отырып, оған бірдей құн ретінде қарсы тұрады немесе оны эквивалентті құн нысаны деп атайды.

Өндіргіш күштердің дамуы, онымен байланысты қоғамдық еңбек бөлінісінің тереңдеуі кездейсоқ айырбастан оның жүйелі нысанына, құнның да толық нысанына көшуге негіз қалады. Мысалы,

3 грамм алтынға немесе

1 қой 10 балтаға, немесе 1 қап астыққа айырбасталады.

Мұның құнның жай нысанынан айырмашылығы жалпы эквивалент рөлін бірнеше тауарларға атқарады. Бұл айырбас процесін қиындатты. Сөйтіп дамудың белгілі бір дәрежесінде жалпыға бірдей құн нысачны пайда болды.

3 гр. алтын =

10 балта =  1 қойға айырбасталды.

1 қап астық =

Сөйтіп жалпы эквивалент рөлін бір тауар атқарады. Бұл жағдайдың өзі де көпке бармады. Өйткені жалпы эквивалент рөлін ертедегі грек, араб, үнді елінде — мал, ертедегі орыс, скандинавия елдерінде — аң терісі, Африка елдерінде — піл сүйегі, Қытайда — тұз атқарды.

Алайда өндіргіш күштердің қарқынды дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісінің одан әрі тереңдеуі жалпы эквивалент рөлін әр елде әр түрлі тауарлардың атқару тәртібі қала бастады да, оны бір ғана тауар, яғни ақша атқаратын болды. Осымен байланысты құнның ақшалай нысаны дүниеге келді.

Бұл нысан эквивалент рөлін алтын, бағалы металдар атқарған кезде ғана беки бастады. Бір кезде эквивалент рөлін тек алтын ғана атқарды. Сөйтіп айырбас процесі тауарлар дүниесінен ерекше тауар-ақшаның бөлініп шығуына жеткізді. Құнның ақшалай нысанының пайда болуымен байланысты бүкіл тауарлы әлем екіге бөлінді — тауарлар және ақшалар.