Экономикадағы ақшаның құн формасы

Қоғамдық еңбек бөлінісінің одан әрі дамуы, тауар өндірісінің өсуі, құн формасының эволюциясы, айырбас жүйелігінің артуы — барлық тауарлар дүниесінен басқа тауарлар барған сайын осыған көбірек айырбасталатын болған бір тауардың бөлініп шығуына әкелді. Бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуы деген сөзі еді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбасталуға қабілеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Әр түрлі халықтарда және сол бір халықтың өзінің тарихының әр түрлі кезеңдерінде жалпылама эквивалент рөлін әр түрлі өнімдер (мал, аң терілері, піл сүйегі және т.б.) атқарады. Уақыт өте келе, бұл рөлді барлық жердедерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды.

Ақырында жалпылама эквиваленттік қызметтік алтын атқара бастады. Айырбастың тәжірибесі бойынша, қолайлы эквивалент бірнеше ерекшеліктермен сыпатталынуы қажет. Біріншіден, оның біртектілігі және сапалылығы. Екіншіден, эквиваленттік беріктігі мен мүлтіксіз сақталыну қасиеті. Үшіншіден, оның қандайда бір болсын, пропорцияда бөліне алынатын ерекшелігі. Төртіншіден—біртұтастығы. Міне, алтын осы аталған қасиеттермен бейнеледі.

Ақша – тауардың басқа да тауарлар тәрізді тұтыну құны мен құндық қасиеті бар. Осыған байланысты алтын бағасы төмендеген сайын (ол ақша болған жағдайда), барлық тауарлардың бағасы да көтеріледі. Мәселен, Американы ашқан кезде Ескі дүниеге көп алтын алып келуге байланысты осындай жағдай қалыптасқаны әлем тарихынан белгілі.

Құнның белгісі. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс алады. «Шақа» деген сөздің шығу тегі Ертедегі Римнің біздің дәуірге дейін VII ғасырда ақша белгісін соғуы бастау алған Юноны Монета жеріне байланысты.

Алтын — жұмсақ шақа және олардың мөрі айырбас процесінде бірте-бірте өше бастайды. Мамандардың есебі бойынша, алтын-шақа жыл сайын өз салмағының 0,07 процентінен айырылады. Сейтеп 2600 жылы ішінде алтын-шақаның айырбастау процесінде жалпы шығынның мөлшері 2 мың тонна алтынға тең болды.

Шақаның пайда болуы және дамуы нақты тарихта көптеген ғасырларды қамтиды. Ең алдымен мемлекет тек салмағын және сынамасын анықтап кесіктерді (алтын немесе күміс) шекіді. Шақалар өзінің қазіргі мәнінде техниканың және көмкерөнердің дамуынан көп кейін пайда болды. Оны дайындау тек мемлекеттің ерекше пұрсаты бойынша жүзеге асырылып, шақалық религия деп аталды.