Экономикалық саясат және жоспарлау бөлімінің ережесі

  1. Экономикалық саясат және жоспарлау бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Маңғыстау облысының экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлігі болып табылады.

Бөлім өзінің жұмыс аясында Қазақстан Республикасы Конституциясын, Қазақстан Республикасының “Мемлекеттік қызмет туралы”, “Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару”, “Бюджет Кодексі туралы”, ҚР Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, бөлімнің іс әрекеті жөніндегі басқа да нормативті-құқықтық актілерін, Экономика және бюджетті жоспарлау департаментті туралы ережесін, сонымен қатар осы ережені басшылыққа алады.

  1. Бөлімнің негізгі тапсырмалары

2.Бөлімнің негізгі тапсырмалары болып:

2.1. Маңғыстау облысының  стратегиялық жоспары мен әлеуметтік-экономикалық дамуының қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді бағдарламасын әзірлеу және олардың жүзеге асуын қадағалау;

2.2. Маңғыстау облысының  стратегиялық жоспары мен әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жинақтап қорыту құжаттарын және қаланың түйінді мәселелерін шешу жөнінде ұсыныс әзірлеу;

2.3. Қолданымдағы заңнамаға сәйкес басқа да тапсырмалар.

III. Бөлімнің міндеттері

3.Бөлімнің негізгі міндеттері болып:

3.1. Маңғыстау облысының экономикалық дамуына және болжамына талдау жасау;

3.2. Облыстың  экономикалық дамуының түйінді мәселелерінің сәйкессіздігін анықтау және олардың шешімін табу жөнінде ұсыныс әзірлеу;

 3.3. Облыстың экономикасының қорын анықтау, қаланың динамикалық дамуы үшін оларды толық пайдалану жөнінде ұсыныс әзірлеу;

3.4. Маңғыстау облысының стратегиялық жоспарын жүзеге асырудың мониторингісін жүргізу және әзірлеуді үйлестіру;

3.5. Жергілікті атқару органдарының Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді болжамын әзірлеу жөніндегі жұмысын үйлестіру және оларды тиісті министерстволар мен ведомстваларда келісу;

3.6. Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының жыл сайынғы іс шара жоспарын, салааралық және функционалды бағдарламаларын әзірлеу және келісіу;

3.7. ҚР Үкіметіне еліміздің аймақтарының іс әрекетін рейтинг бағасы бойынша бағалау арқылы жинақталған ақпарат әзірлеу;

3.8. Рейтинг бағасының көмегімен аудан әкімдерінің іс әрекетін бағалауды жүзеге асыру және нұсқамасын әзірлеу;

  • Жоғары органдарға ақпарат әзірлеу:
  • Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы туралы;
  • Маңғыстау облысының стратегиялық жоспарының орындалуы туралы;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің іс шарлар бағдарламасының шаралар жоспарының орындалуы жөнінде;
  • Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі түйінді мәселелері мен оларды шешу жолдары жөнінде ұсыныс әзірлеу;
  • Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздігінің көрсеткіштер жүйесінің негізгі индикаторы жөнінде;
  • халықтың тұрмыс деңгейін көрсететін негізгі көрсеткіштер туралы;

          БАҚ-қа және қалалық сайтқа жіберу үшін Маңғыстау облысының  әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы құжаттарды әзірлеуде Департамент бөлімдерінің жұмысын үйлестіру;

  • Маңғыстау облысында инфляциялық үрдістерді тұрақтандыру жөнінде қабылданған шаралар бойынша жинақталған ақпарат әзірлеу;
  • Департемент директорының және оның тиісті орынбасарларының тапсырмаларын және басқа да қызметтік функцияларын жүзеге асыру;

  1. Бөлім құқықтары

  1. Бөлім өзіне жүктелген тапсырмалар мен міндеттерді орындай отырып төмендегідей құқықтары бар:

4.1. Маңғыстау облысы әкімі аппаратының және Департамент бөлімдерінен тиісті ақпараттар сұратуға және алуға;

4.2. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша ұсыныс енгізуге;

4.3. Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша шешім қабылдауға;

4.4. Бөлімнің қолданымдағы заңдарға сәйкес басқа да құқықтары бар.

Y. Бөлім қызметін ұйымдастыру

 

     5.1. Бөлімді мемлекеттік қызмет заңына сәйкес Департамент директорымен тағайындалған және босатылатын бөлім бастығы басқарады;

5.2. Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер лауазымына қойылатын кәсіптік талаптарға кіретін лауазымдық міндеттер, Департамент директорымен бекітіледі және ҚР Агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік қызмет басқармасымен келіседі.

5.3. Бөлім қызметкерлерін мемлекеттік қызмет заңына сәйкес Департамент директоры қызметке алады және қызметтер босатады.

5.4. Бөлім бастығы жалпы бөлім жұмысына басшылық жасайды және бөлім қызметкерлеріне жүктелген тапсырманың уақытында орындалуын қамтамасыз етеді және сол үшін жауап береді.

 5.5. Бөлім жұмысының бағытын орынбасарлардың міндеттерін бөлу жөніндегі бұйрыққа орай Департаменттің экономикалық жоспарлау жөніндегі директордың орынбасары жетекшілік жасайды.

  1. Жауапкершілік

6.1. Қазақстан Республикасының қолданымдағы заңдарына сәйкес Бөлім қызметкерлері қызметтік міндеттерді орындау барысында жауапкершілік жүктейді.

6.2. Бөлімнің әрбір қызметкері өзіне бекітілген жұмыс аясына жауапты болады.

6.3. Бөлімнің бастығы жалпы Бөлім жұмысына жауап береді.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!