Жерді рекультивациялау

Әлемнің көптеген мемлекеттерінде бұрын мадени дақылдар өсіріліп келген құнарлы жерлер орман, мал жайылымы, т.б. үшін пайдаланып келген. Ал қазіргі кезде адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесіне бұл жерлер түрлі басқа мақсаттағы жұмыстар (жолдар мен трубопроводтар салу ) жұргізу нәтижесінде өте ұлкен өзгерістерге ұшырады.

Адамның шаруашылық іс — әрекетінің нәтижесінде өсімдіктері жойылған, гидрарогиялық  режимі мен рельефі өзгерген, топырақ жабыны бұзылып ластанған жерлер бұзылған жерлер деп аталады. Пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру ауыл шаруашылығында пайдалануға жарамды жерлерге біршама зиян келтіріді. Бұл жұмыстар кезінде тереңдігі 400 – 500 м болатын шұңқырлар түзіледі.

Бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіру процестері рекультивация деп аталады. Кәзіргі кезде ғылымдар мен мамандар бұзылған жерлерді қайта қалпына келтіріп, оларды  ауыл және орман шаруашылығына қайтарудың жолдары іздестіруде .

Жерді рекультивациялаудың 2 негізгі этапы бар: тау – техникалық және биологиялық . тау – техникалық рекультивациялаудың мақсат – территорияны жөндеуге дайындау. Ал биологиялық рекультивациялауда топырақ құнарлығын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар жұзеге асырылады.

Жерді рекультивациялау жұмыстары бойынша Чехословакия мен ГДР мемлекеттерінде бұзылған жерлерге жүгері егіледі.

Жерді рекультивациялау — өте күрделі мәселе. Ол көп жағыдайда бұзылған териториялардың нақты экологиялық жағыдайларына байланысты. Республикалық жұмыстарды жоспарлау үшін грунт топырағының физико – химиялық құрлымын, гидрологиялық режимнің ерекшеліктерін, рельефтің ерекшеліктерін жақсы білу қажет.пайдалы қазбаларды ашық әдіспен өндіру. Мал шаруашылығы комплекстерін, суару орындарын салу, т.б. топырақ жабынының бұзылуына себеп болатын жұмыстар кезінде рекультивацияланатын жерге жоғары қарашірікті топырақ қабатын ауыстыру, орналасатыруда барлық тиісті ережелерді қатаң сақтау қажет.

Гещлогиялық мұнай іздестіру және өндеу жұмыстары кезіңде бұзылған және мұнаймен, түрлі жуғыш рекультивациялаудың маңызы өте зор. Әдетте, норматив бойынша, әрбір бұрғылау скважинасына 2,2 га жер бөлінеді. Бірақ практика жүзінде бұдан әлде қайда көп жер ауыл шаруашылық айналымнан шығып қалады. Әсіресе, ірі гусеницалы тракторлар колоннасында орнатылған бұрғылау қондырыларын бір орыннан екінші бір орынға ауыстыру кезіңде жердің үлкен аймағы біршама зардап шегеді. Сондықтан, мұнай-газ кең орындарын іздестіру мен эксплуатациялау жұмыстарын бастар алдында ол жерлердің топырағының беткі құнарлы қабатын алып, сонынан қайтадан құнарлы қабат топырағын салуды тиісті орындар талап етулері қажет.