Экология ғылымының қоғамдағы рөлі

Ғылыми техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен табиғат, табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір азаматтың өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Өйткені өндірістің даму барысында табиғи қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болуда. ХХ ғасырдың аяғына дейін адам баласының айналысын қоршаған ортаға, оның ықпалы әрқалай болып, қазіргі жағдайда бүкіл жер шарын қамтып, тіршілікке мейлінше қауіп төніп отыр.

Дүние жүзінде адам үшін қолайсыз экологиялық жағдай қалыптасқан, экологиялық дағдарыстың келгені жайлы жиі әңгімелер айтылуда.

Алайда мұндай жағдай бірден, бір жылға, тіпті он жылдың ішінде емес, бірте-бірте қалыптасады. Адам баласы әр уақытта табиғатқа белгілі бір деңгейде әсер етіп келеді.

Жабайы жидектер мен жемістерді тергенде немесе жабайы аңдарды аулағанда, немесе егіс үшін алаңдар тазартқан кезде табиғатқа зиян келтірілген. Әрине, бұл зиян мөлшері өте аз, түкке тұрмайтын еді. Өйткені табиғи орта өзін-өзі қалпына келтіріп және зиянды істердің ізін жойып үлгеріп отырады. Яғни, табиғи жаратылыс тепе-теңдігі толық сақталынды немесе ол өте аз бұзылды. Мал және егін шаруашылықтарының пайда болуынан бастап жағдай өзгерді. Үй жануарларын ұстау және ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру үшін дала, өзен алқаптары жыртылды, ормандар қырқылып өртелінді. Каналдар мен жолдар салынды, зиянкес жәндіктер мен жыртқыш аңдарды азайту кең етек алды. ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасында жаңа сападағы жағдай қалыптасты. Материалдық өндірістің көлемі еселеп өсіп, барған сайын шикізатты өндіру артты, дүниежүзілік мұхит пен қазба байлықтар жеделдетіліп игерілді. Ғылыми-техникалық прогрес нәтижесінде жасалынған табиғатқа ресурстарын, олардың планетадағы жалпы қорымен бара-бар мөлшерде пайдалануға алып келді. Ол жер бетінің өзгерту ауқымы, дауылдар, су тасқындары, вулкандар атқылаулары, жер сілкіністері сияқты табиғи құбылыстардың нәтижелерімен тепе-тең, тіпті олардан асып түсетіндей жағдайға алып келді. Бұл табиғи ортаға деген зиянды әсерді күшейтіп, биосферадағы табиғи түрдегі энергия мен зат алмасуды бұзды. Адамның табиғатты өзгертуге байланысты іс-қимылдары планетадағы өмір үшін тудыратын тоқтаусыз өзгерістерді алып келетін деңгейге жақындады. Дүние жүзіндегі экологиялық жағдайдың өгеруі, әсіресе өткен ғасырдың 60-жылдарынан кейінгі объективтік жағдайлар да осыған себепкер болады.

Біріншіден, екінші дүние жүзілік соғысқа дейінгі өнеркәсібі дамыған мемлекеттер саны тек қана 10-15 болды. Соғыс аяқталған соң және отаршылдық жүйенің жойылуынан кейін көптеген елдер тәуелсіздік алып, индустриялық даму жолына түсті. Осы мақсатта олар өздерінің табиғи ресурстарын игеріп, зауыттар мен фабрикалар, кең таралған жолдар жүйесін сала бастады. Өнеркәсіптің жаппай дамуы табиғатқа тиетін әсер ауқымын кеңейтіп, пайдалы қазбаларды пайдалануды ұлғайтты және қоршаған ортаның ластануын күшейтті.

Екіншіден, дүние жүзіндегі демографиялық жағдай күрт өзгерді. Жер шары халқының саны тез өсіп кетті. 1700 жылы планетада 620 миллион адам болса, 1850 жылы оның саны 1200 миллионға жетті, 1986 жылдың орта шенінде жер бетінде 5 млрд адам өмір сүріп жатты. БҰҰ-ның болдамы бойынша 2050 жылға қарай планета халқының саны 11,9 млрд болады немесе жаңа еселену үшін тағы да сол уақыт мөлшері қажет.

Халық санының жылдам өсуі табиғатқа деген «тұтыну қысымының» өсуіне алып келеді. Қазірдің өзінде табиғат ресурстарды (су, топырақ, пайдалы қазбалар, отын қорлары) олардың өзін-өзі қалпына келтіре алмайтындай дәрежеде пайдалануда. Одан әрі жоспарсыз пайдалануды көбейту бірден табиғаттың тозып бүлінуін (деградация) жылдамдатуы әбден мүмкін.

Үшіншіден, қалалар мен оларда тұратын тұрғындар саны тез өсуде. Егер 1300 жылы қалаларда 300 млн адам тұрса, 1980 жылы қалаларда 1800 млн адам тұрса, халықтың жалпы санының тиесілі бөлігі 20-дан 51,5 %-ке өсті. Осынша аймақтарда жиналуы сол өңірлерге түсірілетін күшті ұлғайтып, қала және оған жақын жерлер орталарының қатты ластануын тудырады. Ешкімді де ресурстарды пайдаланудан бас тарту керек есептелінбейді де, ойламайды да, өйткені адамзатың алға жылжуы табиғат пен қоғам арасында болатын, зат алмасусыз мүмкін емес.

Алайда, бұл қоршаған орта зиянсыз болуы мүмкін. Адамзат әр уақытта табиғатқа бағынышты болады, оның ресурстарын өз қажеттіліктеріне жұмсады. Ал, өкінішке орай, адамдарда «бәрін де жеңемінге» салатын табиғатқа қолайсыздық ету, оны «бағындыру» үстемдігіне жету қиялы пайда болады.

Адамзат табиғатқа тек оның жағдайын нашарлату арқылы әсер етпеуі керек. Табиғи ортаға деген тұтынудан туындайтын қатынас қазіргі және болашақ ұрпақтар мүдделері үшін тиімділікті, байыптылықты және саналықты қажет ететін қатынаспен ауысуы қажет.

Адамзат табиғат байлықтарымен күн көріп керегін жаратады, өкінішке орай, соңғы кезде осы тәуелділікті ұмытып, табиғатты бағындырамыз деген пікірлер көбейіп кетті.

Табиғат байлықтарына дүние жинау, баю көзі деп қарау дұрыс емес, шамалы табысқа бола оларды жыртқыштықпен жұмсауға, қоршаған ортаны адамдар мен барлық тіршілік үшін зиянды қалдықтармен ластауға болмайды.

Айналаны қалдықтармен толтыруға  ешкімнің құқы жоқ. Қоршаған орта жеке кісінің, жеке ұжымның байлығы емес, бүкіл халықтың, елдің байлығы мен болашағы.

Экологиялық дағдарысқа ғылыми-техникалық даму кінәлі деген пікірлер де айтылып жүр. Шындығында бұл дамудың нәтижесінде адамдар табиғатпен арақатынас жасау үшін жаңа білім, жаңа әдіс, жаңа құралмен қаруланып қойған жоқ, қоршаған ортаны сақтаудың, қалпына келтірудің, байлықтарын ұтымды пайдаланудың жаңа әдістерін, жаңа жолдарын да үйренді.

Ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі деңгейі қуатты компьютерлер, талдаудың жүйелік әдістерін іске асыруға бағытталған кең көлемді жұмыстар мен жобалар табиғат кейпін елестетуге мүмкіндік береді. Сондықтан да ғылыми-техникалық прогресті кінәламай, керісінше оның көмегімен    қажетті тексеру, талдау жасап, дұрыстығына көз жеткізіп ірі құрылыстарды жобалауға және тұрғызуға кіріскен пайдалы.

Ғылым мен техникалық жетістіктері адам баласына табиғи ортаны сақтау мен оны ластануына жол бермеуге, қамқорлық танытуға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндіктердің бірнешеуін айтайық.

  • Қалдықсыз немесе қалдығы аз технологияны іске қосу арқылы табиғи байлықтарын үнемдеуге, ортаның ластануын болдырмауға, не азайтуға болады;
  • айналымды немесе оңашаланған су жүйелерін өндіріске кеңінен енгізіп, су қорларын үнемдеуге, оның ластанбауын қамтамасыз етуге болады;
  • ағаштар отырғызып, ормандарды қалпына келтіру арқылы ауадағы газдардың қалыптасқан теңдестігін сақтауға, су қорларын молайтуға болады;
  • жылу мен энергияның дәстүрлі көздерінің атмосферадағы көмірқышқыл газының жиналуымен климаттық өзгеруінің алдын алуға мүмкіндік беретін табиғи көздермен алмастырылуы болып табылады.

Аталған және олардан басқа да ғылым мен техника ұсынған әдістер, тәсілдер мен жолдар жеріміздің көркін, байлығын сақтауға көмегін тигізетіні анық. Тек соларды қолдануды меңгеріп, жаңа технологияны, техниканы, құрал-аспаптарды, жабдықтарды дұрыс пайдалана білу керек.

Табиғат шектен тыс еркіндік пен кездейсоқтықты көтермейді. Қоғам мен табиғатқа, табиғат ресурстарына деген тұтынушылық қоршаған ортаға үлкен зиян келтіреді. Қоғам қажеттігін үнемі бірінші қойып, оның дұрыстығын тек техникалық және экономикалық тұрғыдан қарасақ көптеген қателіктер жіберіп, орны толмас  ұтылыста қалуымыз мүмкін.

Экологиялық сауатсыздық, табиғатта жүріп жатқан заңдылықтарды білмеу және оларды ескермеу, табиғат ресурстарына деген бейқам көзқарас – қоршаған ортаның қазіргі қиын халінің негізгі себептері. Міне, осы қалыптасқан экологиялық жағдай адамдарды қиындықтар мен дағдарыс туралы сөз қылуды қойып, өздерінің ұлғайған тәбеттерін тежей отырып және табиғат ананың мүмкіндіктерімен есептесе отырып, нақты істерге көшуге итермелеуге тиіс. Осыған байланысты алдыңғы кезекте табиғатты пайдалану, экологиялық сараптау мен жобалауды кең қолдану, сондай-ақ табиғатты пайдаланудың объективтік – экономикалық механизмін жасау проблемалары туындайды.

Мұндай механизмге қойылатын негізгі талап – табиғат ресурстарын өндірістік (қоғамдық) және жеке тұтыну үшін пайдалануды белгілі бір мөлшерде тежеу.

Қазіргі қоғам, мейлі ол капиталистік немесе дамушы, немесе қазіргі нарықтық болсын әлі күнге дейін табиғат байлықтарын үнемді пайдалануды үйрене алған жоқ, арғы жағында күмәнсіз өзін-өзі біртіндеп жою (біртіндей жойылу деградация) басталатын белгілі бір шектен шығуға мүмкіндік бермейтін моральдық  және материалдық шараларды да қолдана алмай жүр. Табиғатты пайдаланудың экономикалық проблемалары, сөз жоқ өте күрделі және жеткілікті түрде айқындалмаған. Адамдар барлық уақытта табиғат ресурстарының бағасы белгіленбеген, олар үшін ештеңе төленбейді, кім көбірек алып қалса сол ұтады деген сияқты теріс пікір танытып келеді.

Ендігі қоғам алдында тұрған мақсат – адамдардың бұған дейін қалыптасып қалған қамсыздану мен дүние жинау байлық пен кең көсілу, адамзат құндылықтары туралы түсініктері мен ұғымдарды игерту керек. Басты бағыт осындай күмәнді және жалған қажеттіліктерден бас тартуға арналуы тиіс. Табиғаттың осы құнды байлықтарын соғыс пен жаппай құралдарын жасауға, есірткілер жасау мақсатына пайдалануға болмайды, қуатты ішімдіктер, осып-тосудың қымбат бұйымдарын, әртүрлі ұсақ-түйектер мен жарнамалық өнімдер шығару жауапкершілікке сай келмейді. Табиғатқа деген көзқарас, оның байлығын шашып және айналадағының барлығын қаратып, бағындырған елін тентіреткен жаулап алушыдан бір кем емес.

Табиғатқа деген тұтынушылық көзқарас тұтқынында отырып орнына ештеңе бермей, бәрін алуға тырысамыз. Табиғат бізсіз өмір сұре алады, ал біз одан тыс өмір сүре алмаймыз, осы қарапайым шындықты түсінетін уақыт әлдеқашан жеткен. Қоғамда қалыптасқан көзқарастарға сүйенсек, табиғатты қорғау мәселесі әлі күнге дейін тек ойып салу мен бос сөзділік деңгейінен аса алмай келеді. Алайда мұндай іс жүргізудің тиімсіздігі бұрыннан бәріне аян. Бұл шара арқылы біреулерді үрейлендірумен азын-аулақ ақша өндіріп алудан басқа ешқандай табиғатты қорғау әдісіне қол жеткізе алмаймыз.

Түрлі аймақтардағы    қоршаған орта жағдайларының салыстырмалы құндылығын ескертін объективтік экономикалық  көрсеткіштер, бұған дейінгі ұрпақтардың атқарған жұмыстары мен жұмсаған шығындарының қорытындылары ресурстарды пайдаланудың олардың сапасын, орналасу тереңдігіне және барланған қорына байланысты ыңғайластырылған төлем жүйесін жасау мен өндіру әлі күнге қолданылмай келеді.

Осы күнге дейін материалдық өндіріс сапасы мен нәтижелерінің объективті баға үшін өте жеткіліксіз екі ұдай (әлеуметтік және экономикалық) өлшемі қолданылуда. Бұның орнына көрсеткіштермен факторлардың үш түрлі (әлеуметтік, экономикалық, экологиялық) жүйесіне көшу керек еді. Кез келген өндірістің маңызды құрамдас бөлігі болып табылатын табиғат пен оның ресурстары енді бұдан былай өндіріс пен басқару процесінің сапасына баға беру шеңберінен тыс қала алмайды.

Қазіргі қолда бар табиғат қоры шеңберінде өмір сүруді үйрену және өндіріс көлемін ұлғайтуды шикізат байлықтары шығынының көлемін өсіру жолымен емес, өз қалдық беретін және қалдықсыз технологияға тезірек көшу, кен орны құрамындағы барлық компоненттерді кешенді түрде алу мен пайдалану, өндіріс қалдықтарын қайта пайдалану мен тұтыну, табиғи ортаны ластаудың алдын алатын қалдықсыз өндірістер мен технологияны енгізу, энергия мен шикізаттың дәстүрлі түрлерін қазіргі заманғы және таусылмайтын көздермен ауыстыру негізінде жүргізу қажет. Экономика ғылымы «қоғам — өндіріс – табиғи орта» жүйесінің даму проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарына басшылық етуші ретінде көрініп, жұмсалуы және сақталуы мәселелерімен экология бір түптен тарайтын сөздер, егер экономика принциптері экологияның принциптерімен қайшы келетін болса, демек, қоғамда және адамдар санасында қарам-қайшылықтар бар деген сөз, яғни олардан құтылу қажет. Адамдар барлық уақытта да қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарау пікірімен келісіп келеді. Алайда бұл дұрыс экологиялық көзқарас материалдық игілікті өндіру және қажетке жарату туралы сөз болғанда ұмытылып кетеді. Осы қарама-қайшылықтан шығатын дұрыс жол таба алмаған қоғам мен адамдар табиғат мүдделерін аяққа басып, оны құрбандық қылады, өйткені ол қорғана алмайды. Мұндай кезде әр уақытта өзін-өзі ақтайтын «бәрі солай  істейді» деген көзқарас қалыптасады.Әрине, басқалардың келеңсіз тәжірибесі мен табиғи ортаны білдірудің жалпылама сипатына сілтеме жасау – сөзсіз әлсіз жұбаныш.

Дүниені жақсартқысы келетін адам басқалардың осыны тілейтінін күтпей, өзінен бастауы керек.

Жаңа жобалар мен бағдарламалардың нәтижелерін экологиялық тұрғыдан сараптау және модельдеу сапасы төмендесе, онда бұл экологиялық жағдайдың нашарлауына алып келеді. Жобалардың жүзеге асуына мүдделі салалардың мамандары өзіне пайдалы зерттеулермен айналысады да, оның зиянды жағын ескермейді. Яғни, қажеттілік кімге керек, сараптаудан сапаны сол жүргізеді, сапаны сол анықтап, болашақ дағдарысқа жол ашып береді. Бұлардың да өздерінің ақталатын жерлері бар: олар құрылыс құнын арзандату, салыну мерзімін қысқарту, т.б. Бұл үшін құрылыс тізімінен ағынды суларды, сол сияқты қалдықтарды тазалайтын және басқа да табиғатты қорғауға байланысты объектілерді бірінші кезектен алып тастайды. Халық шаруашылығын басқарудың салалық принципі бойынша да министрліктер мен жеке салаларда құрылыс жобасына тапсырыс берген жеке кәсіпорындардағы сияқты олқылықтардан арыла алмайды. Мамандар арасында да экономистер мен экологтарды қосып алағанда, экологиялық мәселелерге деген ортақ түсінік жоқ. Бір ғана әрекеттің нәтижелерін бағалау кезінде қарам-қайшы бір-бірін жоққа шығаратын пікірлер кездеседі. Көбінесе техникалық экономикалық көрсеткіштерді талдау мен талқылау әдетке айналып, ол бағдарламаның немесе жобаның экологияға қатысты жағын анықтауға келгенде оң ниет танылмай жатады.

Біздің ойымызша техниканың өркениетті бағыт алуына көбірек көңіл бөліп, адамзаттың болашағының маңыздылығы бұдан да кем еместігін ұмытып кеттік. Табиғаттың үйлесімді жаратылған дүние кендігін және онда жүріп жатқан процестерге араласуға болмайтындығын жете түсінген жөн. Адамзаттың санасы – табиғат дамуының нарықтар шыңы болуы керек. Оның үстіне адам болған соң сол табиғатпен ажыраспай қарым-қатынас орнатқан жөн.

Осы кезде орын алып отырған экологиялық сауатсыздық табиғаттың осы заңдарын білмеу, олармен санаспау, тегін байлыққа мемлекетті қарау, қоршаған ортаны бүгінгі ауыр жағдайға ұрындырды.

Табиғаттың үлкен табысы, жемісі және жетістігі – адамдардың ақылы мен санасы. Сол ақыл мен сана табиғатпен арақатынасты екі жаққа да тиімді етіп ұйымдастыратынына күмән жоқ.

Қазіргі экологиялық дағдарыстар мен тоқыраулардың түпкі тамыры – адам баласының табиғаттың қарапайым даму, зат және энергия алмасу заңдарын, оның теориялық негіздерін білмеуі, яғни, экология ғылымының негіздерін оқып-үйренбеуі болса керек.