Экологиялық білім мен тәрбие беру міндеттері

Адам еңбегімен шаруашылық қызметінің әсерінен табиғит және ондағы жаратылыс процестері елеулі өзгерістерге ұшырап отыр. Қоғамның өндіргіш күштерінің шапшаңдықпен дамуы айналаны қоршаған ортаға өз әсерін тигізіп, ауыр зардаптарын қалдыруда. Соның салдарынан табиғатты, айнала қоршаған ортаны қорғау бүкіл адамзат үшін аса қажетті ғаламдық проблемаға  айналды.

Соныдықтан да БҰҰ-ның шешімі бойынша жыл сайын маусым айының бесінші жұлдызы қоршаған ортаны қорғаудың  бүкіл дүниежүзілік күні деп атап өтуде.

Қазіргі жағдайда экологиялық жағдайы дағдарысқа ұшырамаған экономикалық ауданды  Қазақстаннан іздеп табу қиын. Бір Қаратау-Жамбыл мен Қарағанды территориялық өзгерістік комплекстердің өзі неге тұрады ?

Жамбылдағы фосфорит, суперфосфат тыңайтқыштарын өндіретін кәсіпорындар  күкірт пен көмір қышқылы газдарын ауаға жіберіп жатқанын, Қарағанды көмірінің қалдық үйінділері қаншама құнарлы  жерді басып қалғанын көзі бар адамның көрмеуі мүмкін емес.

Арал-Қазақстан халқының жан ауруына  айналды. Әсіресе, ондағы Барсакелмес табиғи қорығының жойылуы өкінішті. Оның табиғи байлығы, өсімдік, жануарлар дүниесінің басқа жерде қайталанбайтын өзіндік ерекшеліктері халқымыздың көзінен бұл-бұл ұшты.

Каспий жағалауының құрып бара жатқан эндемикалық өсімдіктері мен жануарлары да орны толмайтын шығын. Балқаш көліне жасалып жатқан қиянат бейбіт кезде адамдар өлімін көбейтіп жатқан Семейдегі ядролық полигон, Байқоңыр маңындағы тұрғындар арасында аурудың көбеюі кімнің де болса жанына батады.

Алматының экологиялық жағдайы да күн сайын ауырлап барады. Мұнда транспорттан шығатын зиянды заттардың көлемінің өзі ғана кісі басына жарты килограмнан келеді екен. Ал, фабрикалар мен зауыттардан шығатын улы заттар мен түтіндер ауаны ластаған үстіне ластай түсуде. Біздің қандай ауамен демалып жүргенімізді осының өзі-ақ анық көрсетеді.

Экология қазір тек биология ғылымының саласы есебінде қаралау шеңберінен шығып кетті. Ол көптеген ғылым салаларының басын біріктіретін синметикалық ғылымға айналды. Экологиялық мәседелерді шешу әртүрлі мамандықтағы адамдардың күш біріктіруінің ақыл-ой қосуын және оған шаруашылық басқарушылардың қатысуын қажет етеді. Барлық ғылым салалары мен экономикалық-шаруашылық жұмыстарын жүргізушілердің негізі қызметі қоршаған ортаның байлығын ысырап етпеуге бағытталуы керек. Мұны экологияландыру деп атайды. Экологияландыру география мен биология сияқты  тіршілік пен табиғатты зерттейтін дәстүрлі ғылымдарға ғана емес барлық салада  жүруі тиіс. Өйткені табиғат адам мен оның мүддесін қорғайтын ғылымның бәріне де ортақ. Ол ешбір шекараны білмейді, тіпті мемлекеттік, ұлттық шекараны да мойындамайды. Сондықтан оны қорғауға барлық халықтар, барлық елдер бірдей мүдделі.

Мұның өзі табиғатқа қарсы бар адамдардың бәріне онымен қарым-қатынас жасаудың, қорғаудың, аялаудың жолдарын үйретудің қажеттігін күн тәртібіне қояды. Әркім-ақ өзін қоршаған табиғи ортаның оның құрылымын, оның ерекшеліктерін оларды бұзбай сақтаудың жолдарын, табиғат аясындағы өзінің жауапкершілігін білуге міндетті. Еңбектеген баладан еңкейген шалға  дейін жас кәрінің бәрі табиғат анасымен  қиянаттасуға бармай, силастықпен өмір сүруі тиіс.

Табиғат заңдарын білмеу экологиялық  дайындықтың жетіспеуі – біздегі қиындықтарды туғызып отырған негізгі себептер мұны мысал арқылы айқындауға болады. Құрылысты жобалаушы адам оның технологиялық  документтерін  дайындау барсыныда объектіге қажет дүниелердің  барлығын, оның қуаттылығын, өндіріске қосу мерзіміне дейін қарастыратыны белгілі. Бірақ ол сол құрылыстың айналадағы табиғатқа қатысын ескерді ме? Үй салуды жобалауда табиғатқа қанша зиян келтіретіндігі ескермейтіндігі өтірік емес.

Экологиялық сауатсыздықтың салдарынан Байқоңыр космодромы маңындағы елдерде сынған, бұзылған космос кораблдерінің сынықтарын пайдалау фактілері жиі ұшырайды. Кейбіреулер одан мал суаратын астау жасайды, су ішетін ыдысқа айналдырады, бірақ оның құрамында денсаулыққа зиянды радияциялық заттар барын білмейді.

Сырдарияның суы осы күнге дейін ауыз су есебінде пайдаланылып келеді. Оның суы әлдеқашан уланғанын, онда 35-40-тай өндіріс қалдықтары мен тыңайтқыштар, қала шаруашылықтарынан зиянды заттар төгілетіндігін біле тұра оған ешкім мән бермейді.

Барша халыққа қоғамның үлкен кіші  мүшелеріне экологиялық білім беру табиғаты қорғау мен оның ресурстарын тиімді, өнімді пайдаланудың ең басты шарты.

Халыққа экологиялық білім беруді, ең алдымен мектептен бастаған дұрыс. Онда жас адамның алғашқы қалыптасуы, көзқарасының, азаматтық саналарының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезіну мен бірге тәрбие алуы қажет. Бұл тұрғыда қазіргі мектептердегі оқушыларға беретін экологиялық білім жүйесінің ретсіздігін, онда жастарды біліммен қатар жауапкершілікке үйрету жетіспейтінін айту керек. Қазіргі оқу программалары әлемнің тұтасты жүйесін сезінуге, білуге, адамның (қоғамның) сол әлеммен қарым-қатынасын сезуге көмектесе алмайды. Табиғат пен әлеуметтік тіршіліктің  байланысын зерттейтін оқу пәндерінде біртұтас мақсатқа жұмылу жетіспейді. Мұндай қиыншылықтар оқудың интегралдық принциптерінің  жетіспеуіне, оқу тәрбие жұмысына  тұтастық тұрғыдан қараудың аздығынан туып отыр. Сондықтан да  мектепте экологиялық білім беру ісін тәрбие жұмысымен бірлікте қарастыру абзал. Түпкі мақсат мұраттың бірлігі жүргізілетін жұмыстарды жүйелілігін, оқу, тәрбиелеу әдісімен құралдарының  бір мазмұнға ыңғайлануын туғызады. Оның бәрі табиғатқа біртұтас көзқарас қалыптастырып, жас адамның бойында жауаркершілік сезімін оятады. Оның табиғат пен қарым-қатынасында белгілі бір жүйе қалыптасады, практикалық ісінде де ойлылық туады. Сөйтіп оқу пәндерін экологияландыру және пәнаралық байланыстық тұтас жүйесін құрау жасұрпақта өзін қоршаған ортаға үнемі зерттеушілік көзбен қарауға, онымен адамгершілк, эстетикалық ұғым түсінік тұрғысынан қатынас жасауға үйретеді. Осы жолмен олардың бойында бүкіл тіршілік атаулыға деген биік сезім мен жауапкершілік қалыптаса бастайды.

Адамды қоршаған ортаның бірлігін мектеп оқушыларына үйретудің тұтас жүйесі бұл саладағы негізгі проблеманың (туған өлкенің жануарлары мен өсімдіктері дүниесі  байлығын сезіну мен қорғау, оны адамның айналамыздағы табиғаттың басты өзгешелігі ретінде түсінуі) басту идеяны (табиғат – адам өмірінің негізгі көзі, адам еңбек ететін, дем алатын орны, адамның еңбегі оның тұтастығын сақтауға арналатыны) және экологиялық ұғымдарды (экологиялық жауапкершілікті түсінуге себеп болатын) айырып алуды қажет етеді. Интегралдық курстар  жаратылыстың ғылыми негізін ұғынуға көмектеседі. Табиғат аясындағы адамды оны қорғауға үйретеді, сол ортадағы адамның тәртібі мен өзін-өзі ұстауының жүйесін қалыптастырады. Ал, гуманитарлық – эстетикалық пәндер негізінде оқушының табиғат әсемдігін түсінуіне, байлықты, бағалауға, қадірлеуге үйренуге жол ашылады, табиғат байлығын үнемдеп пайдалану қажеттігін үйренеді. Табиғатты күту мен оған қамқорлық жасаудан еңбек тәрбиесінің, дене шынықтырудың да мәні зор. Сапалы еңбек, адамның өзін-өзі шынықтыруы табиғат аясында онымен түсінісу, сыйласу жағдайында өтеді. Жастардың табиғат пен қарым-қатынасын ретке келтіруде өлкетану  жұмыстарының мәні үлкен. Алайда жұмыстың бұл саласы көптеген мектептерде ұмытылып барады.  Өлкетану тек саяхатпен шектелмей, азайып, құруға  бет алып бара жатқан өсімдік түрлерін тауып, оны күтуге бағытталуы керек. Табиғатты ғылыми тұрғыда түсіну жұмысын жүргізетін өлкетану музейлерін ұйымдастыру қажет. Мектепте экологиялық білім беру және тәрбие жұмысын жүргізу программаларына пәнаралық байланыс негізінде өткізілетін жинақтау сабақтары, семинарлық лекциялар, конференциялар ұйымдастыру да кіреді. Олардың тақырыптары да қоғам мен табиғаттың байланысын анықтау тұрғысынан қаралады. Пәнаралық байланыс сабақтарын қоғамтану (қоғам  мен табиғат), тарих (қоғам мен табиғаттанудың тарихы),әдебиет (совет жазушыларының халықты табиғатты қорғауға шақыруы),  биология (биосфера және адам, адамның денсаулығы және оны қоршаған орта), география (экология проблемалары мен табиғи орта, оны шешудің жолдары), химия (адамның биосферадағы химиялық қызметі), физика (техника және қоршаған орта). Тағы басқа пәндер негізінде жүргізуге де болады. Орта мектептерде география пәні білім ғылым біріне өзінің ой-пікірлерін қоса алады.  Ол табиғат компоненттерінің ішкі байланысын, құбылыстардың   сабақтастығын, қоғам мен шаруашылық салаларының мүдделестігін ашады, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану мен оны қорғаудың жолын түсіндіреді. Географияны оқыту ісінде әр өлкенің өз табиғатын (қаланың, селоның) табиғи жағдайларын танудың маңызы бар. Бұл сол өлкенің болашақ қызметкерлерінің өз ауданының табиғи құрылымын жете білуіне, жер жағдайын ескере жұмыс жүргізуіне көмектеседі. Әрі теориялық материалды нақты мысалмен   ұғынуына мүмкіндік береді. Табиғат құбылыстарының ішкі байланысын терең түсіну оқушының бойында материалистік көзқарастың қалыптасуы үшін де қажет. Табиғат бөлшектерінің бәрінде болатын өзгеріс қалғанын қозғалысқа келтіреді. Соныдықтан география  пәні арқылы жердің геологиялық құрылысын, рельефін, климатын, суын, топырағын, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, табиғи территориялық комплекс есебінде тұтас қарап үйрету керек. Сонда оны қорғау мен экологиялық жағдайын түсіну жеңілге түседі.

Қазіргі жариялылық заманда  табиғатта болып жатқан өзгерістерді экологиялық жағдайдың күрделелігін, оның себептерін балалардан жасырудың керегі жоқ. Олар Арал теңізінің осындай күйге ұшыраған себебін білсін. Ондағы адамдардың ата кәсібінен – балық аулаудан, мал шаруашылығынан қол үзіп, кәсіпсіз қалғанын түсінсін. Аурулардың көбейіп, халықтың келешегіне қауіп төніп отырғанын да көрсін! Мұның бәрі – олар үшін сабақ.

Бұл жастарды ойландырады, бұл жағдайдан құтылудың жолын іздестіруге бағыттайды. Жастарға экологиялық білім берудің екінші басқышы – жоғары мектепте осы жағдайлар кеңінен ескерілуі керек. Жоғары мектептерде экологиялық білім беруді болашақ мамандардың көзқарасын қалыптастыратын, саяси және арнаулы білімін толықтыратын пәндер бірлігіне негіздеу керек. Оларға саяси, адамгершілік, құқықтық, эстетикалық білім беру мен тәрбиелеуді табиғат құбылыстары арқылы түсіндірген жөн болады. Бұған жоғары мектептің қоғамдық ғылымдар кафедралары, педагогика, психология  мамандары батыл  араласып, бұл саладағы жұмысты арнаулы кафедралар мен бірлесе жүргізсе, іс нәтижелі болмақ. Экология саласында  білім беру мен тәрбие жүргізудің мұндай комплекстік үлгісі СССР Жоғарғы Советінің 1989 жылғы қарашаның 27-жұлдызында қабылданған «Елді экологиялық тұрғыда сауықтырудың шұғыл шаралары туралы» қаулысында  атап көрсетілген.

Эколог мамандар экологиялық құбылыстар мен процестерді дұрыс түсініп талдауға қоршаған ортаны  қорғаудың инженерлік жұмыстарының үлгілерін, пайдаланатын су көздерін тазарту жолдары газ, шаң, т.б. ауаны ластайтын  зиянды заттарды тоқтатудың әдістерін азық-түліктегі химиялық қоспаларды анықтаудың амал-айласын  жетік білуге тиіс. Ол үшін бұл мамандықтағы  студенттерді оқытуға халық шаруашылығының  әр саласындағы білікті маман кадрларды кең тарту керек.

Бүкіл елімізде Халыққа, Халық шаруашылығы  қызметкерлеріне (алдыңғы кезекте шаруашылықты ұйымдастырушылар мен арнаулы іс бабындағы адамдарға) сабақ ашу және мамандықты жетілдіретін  қысқа мерзімді курстар ашу керек. Арнаулы экологиялық мамандардың жетіспей жатқан кезінде халық көпшілік пен іс жағдайынан хабардар адамдарды жинап оқыту олардың қоғам мен табиғат алдында жауапкершілігін көрсетеді. Уақыт қазір осыны талап етіп отыр.

Әлемдік экологиялық проблемалардың негізгі бағыттары

Әлемдік экологиялық проблемаларПайда болу себептеріШешу жолдары
Халық санының артуыТабиғат ресурстарын барынша пайдалануДемографиялық тұрғыда реттелу, қолайлы мекендерге қоныс аудару.

 

Климаттың өзгеруі (озонның тесілуі, қышқыл жауындар, т.б.)Атмосферадағы газдардың тепе-теңдігінің бұзылуыҚалдықсыз немесе аз қалдықты жаңа технологияны енгізу

Экологиялық мониторинг.

 

Су ресурстарының тапшылығыСуды барынша пайдалну және ластауСуды пайдалану технологиясын жақсарту және жауапкершілікті арттыру.

Экологиялық мониторинг.

 

Жарамсыз жерлердің молаюыЛандшафтардың жарамсыздануы және климаттың өзгеруіЖерді тиімді пайдаланудың жаңа технологиясы. Экологиялық мониторинг.

 

Жер ресурстарының тозуыТопырақ эрозиялары, ластану мен құнарсыздануЖерді пайдалануды қайта түлету. Экотехнология. Экологиялық сараптама.

 

Биоәртүрліліктің азаюыАдамның іс-әрекеттері. Табиғи биоценоздардың жойылуы. Түрлердің азаюыТабиғи ландшафтарды қайта түлету. Экожоспарлау. Жерсіндіру. Экологиялық мониторинг.

 

Өндірістік және тұрмыстық қалдықтардың қордалануыӨндірістік қалдықтармен ластануҚайта өңдеу немесе қалдықсыз технологияға көшу. Экотехнология. Экологиялық мониторинг.

Экологиялық сараптама.

Табиғи ландшафтардың ластануы және тозуыУлы заттардың шығарылуы, орта сапасының нашарлануы. Түрлі қауіпті аурулардың көбеюі.Табиғи ландшафтарды қайта түлету, Экожоспарлар. Экологиялық мониторинг.

Экологиялық сараптама.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!