Эрнест Хемингуэйдің шығармашылық шебері

Жазушының шығармалары көбінесе шыңайы өмірден алынған, яғни адамның ішкі жандүниесінің күйі, және де іс-әрекетінің өзгеруі, көңіл-күйінің жағдайға байланысты әр түрлі болуы терең философиялық тұрғыдан қарастырылған. Сонымен қатар оның жазған әңгімелері мен очерктерінде көбінесе әйел бейнесінің айқындалуы суреткердің, яғни Хемингуэйдің ерекшелігі болып табылады. Мұндай бейнелерді аудармашы И. Кашкиннің мақалаларында айқын көрінеді. Ал кері әйел бейнесіне қарсы пікірді К. Симонов жазушыға мынадай пікір айтады.

Ол ; “Любовь к женщине занимает огромное место в большинстве книг Хемингуэя. И проблема человеческого мужества, риска, самопожертвования, готовности отдать жизнь за друга своего – неотделимы от представления Хемингуэя, о том, что следует назвать любовью и что не следует, о людях, с личностью которых слово “любовь” сочетается и о тех, с кем оно не сочетается и употребляется всуе ”. /5, 86/.

Жазушы шығармаларын оқи отырып біз батыр да өжет адамдармен бірге, өзімшіл және қорқақ кейпкерлерді аңғара аламыз. Сонымен қатар Хемингуэй көптеген елдерді аралаған, Мысалы ; Франция, Куба, Африка, Рессей, Германия, Американың жерлерінде болғандығын білеміз.

Хемингуэйдің көлемді шығармалары “Қош бол, майдан!”, “Шал мен теңіз” “Фиеста” сияқты роман, повестерін оқып отырғанда, біріншіден оқырман өзін бас кейпкердің орнына қойып, яғни кейпкердің бейнесіне кіріп кетіп бірге қуанатын жерінде, қуанып, ашуланған жерінде, қоса ашуланып кетеміз десек, қателеспейміз.

Мысалы “Шал мен теңіздегі” шал қаншама жанталасып, үлкен балықпен алпарысып жатқаның көз алдымызға елестетіп, бірге қиналып кетеміз. Ал сол балықты сондай азапты еңбекпен аулап, үйіне жеткізгенде, үстімізден жүк түскендей жеңілдеп, қуанамыз.

Міне, осындай шығармаларын оқып, суреткердің жазушылық шеберлігінің қандай деңгейде тұрғаның , біз айқын байқай

Жазушының көптеген әңгімелері өте қызықты, әрі шығармаларының дерлік көбісі табиғат, ерлік пен махаббат тақырыбына арналып жазылған. Сондай ақ бұл шығармалардың сапасы жоғары деңгейде болды.

Атақты испан суретшісі Луис Кантанильдің альбомының алғысөзінде жазылған “ Э. Хемингуэйдің “Все храбрые” атты очеркінде ; Соғыс – жиіркенішті әрекет. Ол өзін — өзі қорғау ретінде ғана ақталған. Соғысты суреттей отырып, жазушы шындықты жазуы тиіс, өйткені ол туралы өте көп жазылған…. ”

Бұл сөздер — суреткердің сенім сыры. Енді, романды қайтара оқып шығықан кезде ойымызда мыныдай сұрақтар орын алған еді;

нағыз әдебиеттің тірі ағзасына айналдырды ма, басқаша айтқанда, суретші испан соғысы туралы шындықты жазды ма ? Бар шындықты жазған жоқ, ол бір жазушыға бір шығармаға барлық шындық жетіспегендіктен де емес. Тіпті, Толстойдың өзі “Соғыс пен бейбітшілігінде” француздармен болған соғыс кезіндегі орыс қоғамының тарихын ашып бермеді.

К.Симоновқа жазылған хатта ; “Менің бірінші соғысымнан кейін, ол туралы тоғыз жылдай жаза алмадым. Испаниядағы соғыстан соң, бірден жазуға тура келді. Өйткені мен уақыт тығыз екенің білдім. Осы соңғы соғыста үш рет бастың ауыр жарақатын алдым, содан бас ауыруы мені үнемі мазалап жүрді. Бірақ, жазуға бел будым. Романның қолжазбасында 800 бет, соғысқа дейін әлі ұзақ. Ештеңе етпес, тірі болсам, соғысқа да жетермін. Жақсы кітап шығады деп үміттенемін ”.

Мұнда 1962 жылды жазушының өмірінің соңына дейін жазған романы туралы айтылса керек. Бұл роман “ Война на воде , на суше и в воздухе” деп аталған, бірақ аяқталмаған. Жақында бұл трилогияның “теңіздік” бөлігін – “ Острова в океане” романның оқып шықтық. Мұнда “суретші Томас Хадсонның Кариб теңізіндегі фашистік су асты кемелерінен жүргізген жеке соғысы” сөз болады./4, 78/.

Бірде Фолкнер жазушы туралы былай деп пікір айтқан : “Ол өз мүмкіндіктерін ерте түсінді және осы шектеумен қалды. Ол ешқашанда шектен тыс шығуға тырыспады. Тәуеклге бел буып, іске асыра алар еді”. Бұл сөздер әділетті емес екенін “Шал мен теңізді” оқи отырып, көз жеткізе аламыз. Бірақ суретшіден бағаның нақтылығын күту мүмкін емес, өйткені оның әлемі мен тұлғасының эстетикалық бағыты хемингуэйлік бағыттан тым алыс.

Бірақ Хемингуэйге үнемі төніп тұрған ақиқат қауіптісін Фолкнер дәл тапты. “Аралда” осы секілді арбауға автор қарсы тұра алмады. Бұл өкінішті –ақ, өйткені бұл жазушының өмірлік әрі шығармашылық тағдырының қорытындысы ретінде ойлап табылған туындылардың бөлігі ғой. Жаңа ойлар кітаптар мен очерктерде көрініс тапқан.

Әсіресе, “Қош бол, майдан” романының 1948 жылғы алғы сөзінде жақсы көрсетілген. Осы мерзімде “За рекой, в тени деревьев” туындысының алғашқы беттері жазылып жүрген еді. Сондықтан, романның кейпкері, екінші дүние жүзілік соғысты басынан кешірген адам – полковник Ричард Кантуэльдің автор өзінше қалыптастырған көзқарас ойын білдіруі таңқаларлық құбылыс емес. /6, 85/.

Бірақ шығармада жеке фразалар мен жеке суреттеулер қаншалықты керемет болса да, бұл әлі соғыс туралы кітап болып саналмады. Бұл осы кітапқа дайындық болып табылады. Ол әлі көркем ұғынуды талап етеді.

Ал “За рекой, в тени деревьев” романының авторы бақылаулар мен қорытындылардың деңгейін көтерген де жоқ. Мұнда кейіпкердің рухани болмысы мен соғыс бөлініп кетті. Оларды тек ромндық шарттылық қана біріктіреді.

Соғыс туралы Кантуэль әңгімелеуде.

Міне, барлық көп күттірген “За рекой, в тени деревьев” романының қайғысы мен сағынышы, қаратүнек фаталистік ноталар. “Острова в океане” беттерінен үндестік тапты. Сонымен екі шығарманың көзге түсетіні — ол қайталанушылығы болып табылады.

1945 жылдың соңында Хемингуэй американ әдебиетінің ең үздік шығармаларының антологиясына алғысөз жазады. Онда соғыс бітіп, өлгендер дүниеден өткеннен адамның міндеті бейбітшілікті түсіну болғанда, біз үшін қиын заман туды, бейбіт уақытта адамзаттың міндеті барлық адамдардың жер бетінде бірге жүру мүмкіндігін табу болмақ.

1952 жылы жазушы “Шал мен теңіз” повесін жарыққа шығарып, осында Фолкнердің Хемингуэй тәуеклге бел бууға қорқады, шектен тыс шыққысы келмейді деген пікірінін әділетсіз болғанын дәлелдеді. Хемингуэй шектен шықты, тамаша, күтпеген кітап дүниеге келді.

1936 жылдың өзінде – ақ жазушының “На голубой воде” очеркі басылып шыққан еді. Марлин балығын аулауды суреттей отырып, жазушы теңіз апаты мен үлкен балықпен бірге – бір қалғанда адм бойын билейтін сезімді керемет жеткізеді.

Осында Герман Мельвиллдің “Моби Дик ” шығармасы еске түседі. Бұл XIX ғасыр американ әдебиетінің ірі шығармаларының бірі болып есептеледі. Осы кітапта да теңіз тұрмысы көп.

Мысалы, кит майын өңдеуді әдістемесін суреттеуге бір тарау арналған, ал кит аулау өнеркәсібі туралы талқылаулар романының барлық бетін билейді. Міне, прозаикалық кең ауқымдағы драма суреттеледі : Адам Моби Дик атты ақ киттің бейнесінде сомданған әлем зұлымдығымен күреседі./4,89/

“Праздник, который всегда с тобой” атты шығармасында жазушы өзін оқырман ретінде, орыс классиктерімен алғашқы кездесуі туралы жазады. Бұл кездесу Парижда, жиырма жыл барлық әдебиет атақтылары барып тұратын Сильвия Бичтің дүкенінде болған. Мұнда ол Толстой, Тургенев, Чехов, Достоевскийдің туындыларының аудармаларын табады. Сонда ғана ол шыңайы өнердің күшін сезінеді.

“Толстоймен салыстырғанда, — деп жазады ол, — Стивен Крейндегі біздің азамат соғысымыздың көрінісі, соғысты көрмеген тек ұлы ұрыстар мен ерліктер туралы әңгімелерді оқыған ауру баланың тамаша ойлап табуына ұқсайды. Бірақ дәл осы Крейн соғысты романтикалық ерлік биігінде ғана емес, ақиқат қатандығында көрсете алған Хемингуэйдің ізбасары болған.

Жас солдат Генри Флемингтің рухани ержеткендігі, жазушы айтқандай “даңқ”, “әулие”, “құрбан” сияқы сөздердің ұрыс алаңындағы көрініспен сәйкес еместігін көргеннен құрылды. Бірақ, суреткердің көркем шығармаларында, беллетристикасында орыстардың көркемдік “қатысу” әсіресе, Толстойдың әсері Сыннан өту — өмір, өз мәртебесін сақтап қалу үшін, адам үнемі сынға төзуі қажет, яғни өмір сүруі керек.

Мұны Фолкнер жақсы түсінеді. Ол өз кейіпкерлерін үнемі қатал Мұны Достоевскийде жақсы түсінді. Басқа орыс жазушысы, Э.Хемингуэйдің сөзі бойынша “Оны оқи отырып, өзіннің өзгергеңінді сезінесің — әлсіздік пен ақылсыздық, күнә мен әулиелік, құмардың бойды билеуі ақиқатқа айналып жатты. Бұл Тургеневтің жолдары мен әсем көріністері, Толстойдың әскери әрекеттері, шенеуліктері мен әскерлері , ұрыстары секілді шындыққа жанасады ”.

Достоевскийдің “астыртын ” адамдары, Раскольников Дмитрий мен Иван Карамазов, Аркадий Долгорукийдің алдынан шығатын үнемі таңдау жағдайы бар поэтикасы, жалпы алғанда, американ жазушысына жат болды. Бірақ, хемингуэйлік адам үмітсіздік позициясынан босанып, өзінәлемдегі қарама — қарсы кез – келген күшке төтеп бере алатын тұлға ретінде сезінгенде ғана орыс классигінің көркем — этикалық тәжірибесіне көңіл аударған болса керек. /8, 95/.

Ол – кейіпкерге тек адамдық қасиет қана дарытып қоймай, оны тұрақтылық пен ерліктің жаңа тұжырымдарын келтіруге, дәлелдеуге міндеттенді.

Жазушы да уақыт барысындағы оқиғаларға маңызды, міндетті түрде үндес жазушыны тануға үйреніп кеткен. Осылай, кенеттен, мәңгілік тақырыптарға ой – толғаныстар, күн тәртібінен алшақтау байқалады.

Бұл көптеген сыншыларда дау тудырған. Тіпті, И. Кашкин өзінің нәзік шеберлігіне қарамастан, повесте әңгіме “жарты дауыспен” жүреді, “соғыстан кейінгі өмірмен туындаған үлкен мәселелерге Хемингуэй үн қоспайды” деп жазады.

Осылай біз суреткердің шығармаларына зер салып қарайтын болсақ, қай романың, қай әңгімесін алсақ та, өз заманында, өз елінде тіпті , тек туған жерінде ғана емес, сонымен қатар, басқа елдерді аралап, солармен бірге өмір сүріп жүрген кездерінде жазған еңбектерін оқысақ , оларға үлкен баға беруге болады. Осындай классик жазушылардың әйгілі шығармаларын біздің аудармашыларымыз өз қабілет — шамасына қарай аударып, оқырманның көңілінен шықты. Бірақ, ешкім туғаннан аудармашы бола қоймайды, жазушы, ақын да болмайды.

Бұл адамның өзінің дарыңды да, талантты қасиеттерінің бірі деп санасақ, ал мықты аудармашы болу, егер өз ынтасын алға қойып, жігерін асырып, білімін дамытып, алға ғана жүрсе, сонда ғана өз мақсатына жетеді деген ойдамыз. Сол себептен суреткердің бәріне мәлім “Шал мен теңіз” және “Қош бол, майдан!” атты шығармаларының аударылу сапасы жоғары деңгейде деп есептейміз.

Бұл, әсіресе, Н. Ғабдуллин аударған “Шал мен теңіз” повесіне қатысты, қазақ тіліне аударған аудармашылар, дәл мағынасын беріп, оқырман қауымға түсінікті етіп аудару, әркімнің қолынан келе бермейді.

Аудармашының алдында қашан да өзара қарама – қайшы , бірақ диалектикалық бірліктегі үлкен мәселе тұрады: бір жағынан, түпнұсқаның “әрпін”, рухын сақтау қажет, екінші жағынан, аударма жасалып отырған тілдің ерекшеліктерін, сол тілді оқуға тиіс жұртшылық талап — талғамы да ескеру қажет. Аудармашы таразының екі басын тең ұстауға тиіс. /10, 5/