XХ ғасырдың басындағы шыңжаң қазақтарының оқу-ағартуы

Бүгінгі күнде әлемдік экономикада, саясатта және білім беру саласында ұлттық мәдениетке үлкен-сый болып отырғаны белгілі. Ұлттық мәдеииеттің өміршендігі-оның білім беру, адам тәрбиелеу жүйесіиің тарихи үрдісі мен қазіргі кездегі қуаттылық деңгейімен бағамдалады. Сондықтан Қазақ халқының үлкен бөлігі орналасқан Қытайдың Шынжаң өлкесіндегі Қазақтардың; білім беру жуйесінің қалай қалыптасқандығын анықтап білу керек.

Бүгінгі күні Қазақстаннан сырт жерлерде 4 млн 500 мыңға жуық қазақтар тұруда. Бұлардың негізгі бөлігі республикамызбен көршілес мемлекеттерде соның ішінде Қытайда 1,5 милионнан астам казақтар өмір сүруде. Қытайдағы қазақтар біртұтас қазақ ұлтының құрамдас бөлігі болған-дықтан Қазақстан олардың құқықтарының сақталуына, мәдениетінің дамуына мүдделі.

XX ғасырдың басындағы Шынжаң қазақтарының оқу-ағартуы” атты тақырыпты қарастыру 1996 жылы Қазақстан Республикасы үкіметі қа-былдаған этномадениет концепциясының актуалды шарттарьшыц бірінің орындалуына, яғни халықтың мәдени бірлігі өзінің мәдениетін, тарихын білуден және өзін сол мемлекетке, ұлтқа тиісті екенін сезіну арқылы іске асырылатындығы жөніндегі шартты қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Жалпы бұл тақырыпты қарастыру қазақ ұлтының бірігу, жақындасу процесін дамыту үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін, ұлттық қауіпсіздігін нығайту үшін және ұлттық қайта өрлеуді қамтамасыз ету үшін қажет. Сонымен бірге бұл тақырып 2003 жылы үкімет қабылдаған “мәдени мұра” бағдарламасының аясында шетелдердегі Қазақ мәдени мұраларының жалпы жағдайымен танысуға және оған ғылыми баға беруге өз септігін тигізеді.

Рухани мәдениеттің даму көрсеткіштерініц бірі оқу-ағарту немесе білім беру жүйесінің қандай деңгейде дамығындығы жөніндегі көрсеткіштер. Шыңжаң өлкесіндегі қазақтардың оқу-ағартуы, білім беру ісі алғаш діни оқу ағартудан басталған. Өйткені , шекараның арғы беті Шыңжаң жерінде Қытайға қараған қазақтар, онда Қытай, Маньчжур қатарлы бөтен ұлт, бөгіде діндегілер билік құрған қоғамдық ортада өмір сүрулеріне тура келді. Бұндай қоғамдық ортада қазақтардың олармен араласпауы мүмкін емес еді. Сонымен ондағы қазақтарға өздерінің ұлттық ерекшелігін, тілін, дінін, жәие дәстүрлі мәдениетін сақтаудың қажеттілігі арта түсті. Олар дінін қазақтық қасиетін сақтаудың бірден-бір жолы-ұлттың оқу-ағартуын дамыту-деп түсінді әрі білім беруді діни оқу-ағартудан бастады.

Шынжандағы дәулетті Қазақтар XIX ғасырдың соңғы кезінен бастап, өз үйлерінде молда ұстап бала оқытқан. Бірақ отбасында оқу оқитын балалар саны көбейген сайын барлығын бір жерге жиып оқытатын оқу орында қажеттілік туды. Осының негізінде алғаш білім беру орындары ре-тінде XX ғасырдың басында алғаш медреселер ашыла бастады. Медреселерде діни оқулармен қатар пән сабақтары да оқытыла бастады. 1904 жылы “Абақия” медресесі ашылып тұрақты түрде балаларды окыта бастады. 1912 жылы Алтай аймағындағы қазақтардың ел билеушілері сол кездегі Шынжан өлкесіне белгілі акын Ақыт Үлімжіұлы үшін Шакүртті деген жерден мешіт-медресе салдыртын ақытты мешіт-медресеге мұғалім әрі бас-қарушы етеді. Ал Тарбағатай аймағында алғаш медреселер яғни оқытуды XX ғасырдың басынан бастап оқыта бастайды. Аймақ орталығы Шәуешекте 1901 жылы “Ғұмария мектебі” ашылды. 1907 жылы “Намуна мектебі” өз жұмысын бастайды. Гүландам Қабиболина ханым 1911 жылы өз үйінде қыздара арнап мектеп ашты. Кейінен мектеп “Гүлданам мектебі” деген атпен белгілі болды. 1914 жылы ” Тұран мектебі” ашылды /36/.

Іле аймағында да алғашқы білім беру діни окытудан басталған. Ал жаңа пәндік білім беру оқу орындары жөнінде мәліметтер 19010 жылы Қали деген кісі Күнестің Сорбұлақ деген жерден мектеп ашқан. Іледе мектеп ашу тек 1910 шы жылдардан кейін орын алғандықтан, оның өзіндеде 1917 -ші жылға дейін ірі мектептердің болмауы Шынжаң қазақтары балаларын мүлдем оқыта алмады деген теріс пікір, сол уақыттың өзінде Қазақстандағы кейбір азаматтарда қалыптаса бастаған. Мысалы: Назар Қожа Ғабдолмұхамбет оғлы “Қазақ” газетіне мынадай мақала жазған “… Бұл өлкедегі Қазақ (Шынжандағы Е.Н.) заманның жайыман дүниенің қалпынан бейхабар. ұрлық- өтірігі аралас болып жатқан жайы бар. Дүнияда жоғалмай тұруға керек болған құралдардың бұларда бірі жоқ. Ғылым-өнер жоқ оны үйреніп жүрген бала үйретіп жүрген халифа жоқ 5000 үйге бір мұғалім. 1мектеп жоқ. Бірақ оқуының, ғылымның жоқтығы керек қылмағандықтан емес. Басшы жоқтығынан, үйретуші білдіруші жоқтығынан екені білініп тұр…”/37/. Шын мәнінде жағдай бұндай болмаған, бірақ мақала жазушы бүкіл Шыңжаң өлкесін толық білмей, тек Іле аймағындағы мәліметтерге сүйенуі мүмкін, себебі шынында пәндік білім беретін оку орындарының даму үрдісі 1920-жылдарда өріс алған еді.

Жалпы Шыңжаң өлкесіндегі қазақтардың, яғни Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарындағы казақ қауымының оқу-ағарту, білім беру жүйесі XX ғасырдың басында жаңадан қалыптаса бастаған.

Зерттеуші Н.Мұхаметқанұлы: “Қытайдағы қазақтардың өзіндік оқу-ағарту білім беру істерінің жарыққа шығуы мен біртіндеп дамын қалыптаса бастап, олардың өз қажеттілігінен туындаған, әрі өздерінің саналы түрде жасаған белсенді құлшыныстарының нәтижесінде жоқтан бар болған, отбасы аясынан қоғамдық деңгейге дейін қанат жайған қоғамдық тың бастама болып табылады. Бұл сынды мәдениет құбылысының жарыққа шығуы- олардың қоғамдық санасы мен өзіндік ұлттық санасының оянғандығын аңғартады /38/ -деп жазды.

Қытайдың Шыңжаң өлкесіндегі әкімшілік өкілдері өлкедегі қазақ, ұйғыр, қырғыз сияқты ұлттардың белім беру істерінің дамытуға құлықсыз болды. Сонда да бүкіл қытайдағы жағдайдың бет алыс ауқымына байланысты Шыңжаң үкіметі де қарджы жұмсапәрбір аймақтарда бірқатар мектептер ашуына тура келді. Сонымен Шыңжаңның әрбір аймақ қалаларында әртүрлі мектептер ашыла бастайды. Бірақ оның барлығы негізінен ханьзу тілінде сабақ беретін мектептер болды. Қазақ дисапорасын зерттеуші Г. Меңдіқұлова “Қытай шенділері қазақ арасында бодандық түсінігін нығайту үшін балаларын қытай тіліндегі мектептерге беруге мәжбүрледі, ал мұғалімдерді арнайы мұсылман еместерден жіберіп отырды” /39/ – деп жазды.

Кез-келген мемлекетте, үкімет тарапынан ашылған мектептер мен оқу орындарында білім берудің белгілі бір деңгейде саяси мақсаты болатындығы айқын. Сол кездегі Шыңжаң әкімшілігі де алгаш мектеп, училище ашқанда, олар өздеріне қажетті басқару кадрларын дайындауды мақсат тұтты. Сондай оқу орындарының бірі біз қарастырып отырған кезеңде 1917 жылы Іледе ашылды, училише аты -‘Мың-Қа шөтаң” яғни “Монғол-қазақ училишесі” деп аталады. Бұл училищеге негізінен моңғол және казақтың мансаптыларының балалары алынды. Осы оқу орнын бітіргендер өз заманының зиялылары және мансаптылары болды. Мектеп өз оку жұмысын жоспарлы түрде жүргізді. Қытайдағы қазақтар, біз зерттеп отырған 1917, жылға дейінгі уақытта жазуда “Шағатай жазуын” қолданды. Бұл жазу Шағатай қағандығы кезінде кең қолданылғандықтан “Шағатай жазуы” деп аталып кеткен. Іс жүзінде ол жазу Х-ХІ ғасырларда араб графикасы негізінде қалыптастырылған жазу. Кейіннен XX ғасырдың 20-жылдары бұл жазуды А.Байтүрсынов жасаған әліпби ауыстырған еді.

Шыңжаң өлкесінде XX ғасырдың бас кезінде шағатайша жазылған қазақша әдебиеттер де шыққан. 1910 жылы Құлжа қаласында “Іле уалаятының газеті” басылып шыға бастаған. Бұл газет шағатай әліпбиі негізінде қазақ, ұйғыр, татар, өзбек қатарлы ұлттарға түсінікті тілде шыққан, Сондықтан бұл газет ұйғыр, қазақ қатарлы түркі тілдес ұлттардың ортақ тілдегі газеті болып саналады.

XX ғасырдың басында Шыңжаң қазақтарының өзіндік білім беру жүйесі, жазуы және басылымдарының болуы XX ғасырдың 50-60 жылдардағы кейбір зерттеушілердің қазақтардын, жазба мәдениетіне қатысты пікірлердің дұрыс еместігін көрсетеді. Мысалы, З.У.Жантекеева 1959 жылы мынадай пікір жазған: “Шыңжаң қазақтарында жазудың болмағандығынан көбіне ауыз әдебиеті, айтыс өнері дамыды” /40/- деп өз мақаласында жазған болатын. Бұл жерде зерттеуші қателікке ұрынған, шынында да Шыңжаң қазақтарының барлығы түгелдей сауатты болмаған және расында да қазақтар арасында ауыз әдебиеті және айтыс өнері жақсы дамыған болатын. Бірақ жазудың мүлдем болмады деген зерттеушінің ойы қате. Бұған жоғарыда жазылған мәліметтер нақты дәләл бола алады.

Қорыта келгенде XX ғасырдың басында Шыңжаң өлкесіндегі қазақтардың оқу-ағартуы білім беруі мен жазу мәдениеті енді-енді қалынтасу кезеңіне аяқ басқан деуге болады.

«Тарихты жеңгендер мен басқыншылар жазады» демекші ұзақ уақыт бойы бұрмаланып, бұра тартып жазылған жат бөгіде мүддеге, отарлық жүйеге қызмет ету мақсатында жазылып келген тарихымызды енді нағыз обьективті және тарихи принцип бойынша жан-жақтылы саралап, тол ұлттық деректеріміз негізінде, ұлтымыздың мүддесі тұрғысынан зерттеп жазуға мүмкіндік туды. Ұлттық құндылықтарымызды қаймағын бұзбай көзінің қарашығындай сақтап келе жатқан Қазақстаннан тыс қазақ ұлты ең көп тұратын көрші Кытай елінің қазақтары.

Қытайдағы қазақтардың салт-дәстүрлерін, ғұрып-әдеттерін, наным-сенімдерін зерттеп жазып жүрген халқым, ұлтым деп сол елінің асыл қазынасын жоғалтпай, оны халық арасында кеңінен насихаттап жүрген Қытайдағы қазақ зерттеушілері де, қазақтар арасында ұзақ жылдар бойы түрып, халқымыздың тілі, тұрмыс-тіршілігімен етене араласып, зерттеп, сүбелі еңбектер жазып жүрген ұлты қытай ғалымдары да жоқ емес. Міне, осы еңбектер сол өңірдегі қазақтардың мәдениетін зерттеуге таптырмас бағалы дүниелер болары анық.

Қытайдағы барлық шеткері қоныстанған жан саны аз ұлттардай қазақ ұлтының да ғылым-білімі, мәдениеті артта қалып, баяу дамыды. Нағыз ғылыми, кәсіби мамандар жай қалыптасты. Қытай қазақтарының тұңғыш кәсіби тарихшысы 1946 жылдың өзінде-ақ “Қазақ тарихы”‘ деген мақаласын қытай тілінде жариялаған, 1948 жылы оны “Қазақ тарихының дерегі” деген атпен кітапша етіп шығаргаи және сол жылы Қытай қазақтары прозасынын ең алғашқы туындысы ретінде Нығымет Мыңжанидың “Тұрмыс тілшісі” атты повестік жариялады. Осымен жандана бастаған Қытай қазақтары қоғамдық ғылымы саласында еңбектеніп жүрген ел іші-сыртына белгілі қазақ ға-лымдары қазірге дейін өресі биік, талғамы терең шығармалар жазуда. Мысалға, Жоғарыда айтып өткен аға зерттеуші, ақын филолог, тарихшы және аудармашы Нығымет Мыңжани қалам тербеген “Қазақтың қысқаша тарихи”. Аға зерттеуші Жақып Мырзаханұлының «Казақ халқы және оның салт-санасы», “Қазақ ұлты”, профессор Ахмет Кринбаевтың “Казақ әдебиеті тарихынан очерктер”, аға зерттеуші Жақып Жүнісұлы “Ғылыми шығармалар жинағы”, “Қазақтың тегі және ұлт болып қалыптасуы” тағы басқа шы-ғармаларды айтуға болады.

Негізгі мақсатымыз, айтпағымыз Қытай қазақтары салт-дәстүрлерінің зерттелуіне келер болсақ, ол елдегі қандастарымыз арасындағы қоғамдық ғы-лымдар саласында еңбектеніп жүрген ғалымдар мен зерттеушілердің басым бөлігі еңбектерін осы мақсатқа арнады. Өйткені алып теңіздің құрамындағы тамышадай ғана қазақ ұлты жұтылып кетпеуінің кепілі мен тірегі тек осы асыл мұрамыз, достүрлеріміз екендігін жете түсінгендігінен. Ең алғашқы еңбек ретінде Нығымет Мыңжанидың еңбегін ауызға аламыз. 1987 жылы көп ізденіс, қажырлы еңбектің арқасында “Қазақтың қысқаша тарихы” деген еңбегі жарық көрді. Бұл тек Қытай қазақтары емес, иісі қазақ ұлтының өткені мен бүгіні жөнінде толық та фактілі мәлімет беретін еңбек қазақ тарихына шолу жасай келіп, қазақ атауы туралы бір тарау көлемінде кеңінен тоқталады. Халқымыздың шежіресі, таңбаларына арнаулы, терең талдау жасаса, шығу тегіміз, тарихи қайнарымызға да, одан тартып халқымыздың таяу заманғы тарихы, екі елге айырылып қоныстануына дейін терең, егжей-тегжейлі баяндалған. Еңбек арнайы салт-дәстүрге емес жалпы тарихымызға ар-налғандықтан онда ғұрып әдетіміз туралы ғалым былай дейді: “Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген әдет-ғұрыптар бар. Бұл әдет-ғұрыптар қазақ өмірінде жазбаға түспеген заң сияқты терең тамыр тартқан” /42/. Қазақ халқының мәдениеті, тұрмыс-салты деп ең соңында көлемді екі тарау арналған. Онда философиялық ой-пікір, түсініктер, шежірелеріміз. Діни наным-сенімдерімізбен қоса, үй-жәй, киім-кешек, ішіп-жем, неке, семя және мұрагерлік әдет-ғұрптарымыз, мереке-мейрам, ұлттық ойындарымыз да тамаша жан-жақтылы баяндалған.

Зерттеуші, ғалым Жақып Мырзаханұлының да мейлі тарих, мейлі әдебиет салалары болсын сүбелі еңбектер жазып жүргені белгілі. Кейбір еңбектері Қытайда ғана емес жақын шегелдерде де, оның ішінде Қазақстанда жарық керіп, газет-журналдарда басылып радиода таныстырылып, көпшіліктің жақсы бағасына ие болып келеді. Ғұрып-әдеттер жағындағы тамаша еңбегі “Қазақ халқы және оның салт-санасы”. Еңбек Қытай елінде 3-ші кезекті философия және қоғамдық ғылым шығармаларын бағалауда бірінші дәрежелі сыйлыққа ие болды. Қытайда қазақ тарихшысы жазған екінші кесек туынды болып, ел іші-сыртына ықпал тудырып, қытай тілінде басылып шықты.15 тараудан тұратын еңбек көп ұзамай Қазақстанда да жарық көрмек. Онда қазақтардың шаруашылығы мен тұрмысына қатысты мағұлматтар да мол кездеседі. Халықтың мәдени және әлеуметтік өмірі, салт-санасы, әдет-ғұрпына байланысты көптеген құнды мәліметтер берілгендіктен бізге әлеуметтік, мәдени, тұрмыстық салада дерек ретінде берері мол. Автордың жақында наға яғни 2006 жылы жарық қөрген “Қазақ мәдениетінің айдыны” деген еңбегі біз үшін әте құнды. Өйткені бұл да жоғарыдағы еңбектегіндей көтеріп отырған тақырыбымызға тікелей байланысты ең соңғы яғни саясы кеппеген көлемді еңбек болып табылады. Ол түйінді ғылыми зерттеу жоспарына енгізіліп істелген қытай ұлттарының мәдениет айдыны” деген ортақ атқа ие желілес кітаптардың қазақ ұлты жөніндегі томы. Жақып Мырзақанды бас редактор еткен көп авторлы бұл еңбек тақырыбының, қамтыған мазмұны кең, ғылыми құны жоғары болуы сынды ерекшеліктерге ие. 18 тараудан тұратын 408 беттік еңбек ұлттық тегімізден бастап, тіл-жазу. яғни наным-сенім, әдет-ғұрптар тағы басқа Қытайдағы қазақ қоғамының сан-салалы жағы түгел қамтылып, терең талданған. Соңында көлемді бір тарау ратінде Шинжан қазақтарының қазіргі заман мәдениетінің бұрылыс беталасы және оның бейнелеріне арналған. Онда дәл қазіргі кездегі ұлтымыз мәдениетінің жағдайы және оған қытай ұлты, тағы басқа көршілес, аралас отырған ұлттардың ықпалы, осы барыстағы мәдениет толғанысы, оның шарттары мен белгісі тартымды баяндалған. Онда былай делінеді: “Реформа жасап есік ашқаннан бері қоғамдық экономиканың ұшқан құстай дамуына, тұрмыс өресінің біртіндеп жоғарлауына байланысты Шынжандағы қазақ ұлтының жүріс тұрыс мәденметін, азық-түлік мәдениетін, тұтыну мәдениетін қамтыған эстетикалық талғамы мен ғұрып-әдет жағында, дәстүр саласында, әрекет қалпында (формасында), тұрмыс тәсілінде орасан зор өзгерістер туылып, бұрынғы түйықтықтан есік ашуға, дәстүрлі үлгіден осы замандану үлгісіне иек сүйеушіліктен ырықтылыққа, жалаң үлгіден кеп үлгіге бет алды” /43/ делінген. Бұл еңбек осы бағыттағы зерттеулердің өзегі болуға лайықты. Автордың осы бағыттағы келесі еңбегі «Тарихи этнографиялық зерттеулер» /44/. Кітап автордың мақалалар жинағы болып табылады. Еңбекке 9 мақала енгізілген. Ұзақ уақыт Қытайда ақпарат кәсібімен шұғылданып жүрген белгілі жазушы, зерттермен Айып Нүспоқасұлы әр сала, әр кәсіп адамдарымен қарым-қатынасы барасында қағаз бетіне түспегенімен ға-сырлар бойы халқымыздыц көзі ашық көкірегі ояу ұл-қыздарының жүректеріне ұялап, қандарына сіңіп, ертеден қазірге дейінгі қолданып келе жатқан дәстүрлерін Іле, Алтай,Тарбағатай, Еренқабырға өңіріндегі шешен-шежіре қарттардың аузынан ұдайы үш жыл жар құлағы жастыққа тимей жүріп жинап қағаз бетіне түсіріп, өте құнды еңбек ”Ағаш бесіктен, жер бесікке дейін” атты еңбегін шығарды. Онда қазақ халқындағы ұрпақ алғаш бойға біткеннен бастап, жарық дүние есігін ашқан қуанышты сәттерінен ең соңында о дүниелік болып, соңғы сапарға шығарып салуға дейінгі әрбір үлкенді-кішілі жора-жоралғылар түгел жіпке тізгендей баяндалған. Автор еңбекте мүмкіндіктің барынша жалпы беттік таныстыруға күш салған. Әсіресе ұрпақ тәрбиесін еңбегінің өзегі етіп алған. Автор еңбегінде былай дейді: “ұрпағым адам болсын десең жастайынан оқыт, дана болсын десең зердесіне тоқыт” деп білген қазақ халқы бала оқытудан бас тартуға болмайтын ата-аналық парыздардың бірі әрі бір егейі санаған /45/ деп сипаттайды.

Келесі еңбек Қытай қазақтары әдебиеті саласы мен салт-дәстүрлік жағында өзіндік колтаңбасы бар жазушы, этнолог Зейнолла Сәнікұлының “Казақтың тұрмыс-салт білімдері” атты еңбегі автордың көп жылдық ізденісінің арқасында жарық көрген құндылығы аса жоғары арнайы осы дәстүрлерімізге арналған сүбелі еңбек. Онда қазақтың той салты, өлім, ұзату дәстүрі, ұлттық қолөнері, ұлттық ойындары, аңшылық, құсбегілік өнері, сахаралық ескі заңдары, ер-тұрман әбзелдері, киіз үй және киіз үй жабдық-тары, ұлттық тағамдары, ұлттық киімдері және қазақ тұрмыс-салтына қатысты басқа білімдер қамтылады. Автор еңбекті жазу себебін былай деп түсіндіреді: “бір халықтың тұрмыс-салтына қатысты білім сол халықтың жалпы этнографиялық өзегі сол ұлттың ұлттық ерекшелігінің жинтығы. Басқа халықтан айырмашылығының айғағы болар деп ойлаймын. Өзгені білу үшін де алдымен өзіміздің кім екенімізді, елден өзге қандай салт-сана, дәстүр, үлгілеріміздің бар екендігін ұға білгеніміз жөн ғой. Міне, осындай қажеттіліктен осы еңбекті жазып отырмын” /46/ дейді.

Ясын Кұмарұлы 1957 жылы 15 қарашада Қытай Халық Республикасының Шинжан ұйғыр автономиялы районының Баркөл қазақ автономиялы ауданында туылған. Тете аға редактор 1983жылы Шинжан университетінің математика факультетін, 1989-1990 жылдары Шаңхайдағы Фудан университетінде аспирантураны тамамдаған, Қазір Шинжан Қоғамдық ғылым журналының бас редакторынын, орынбасары қызметін атқарып келеді. Оның «Қазақ мұраларының қайнары қайда», “Ұлы даланың рухани арнасы” қатарлы 60-тан астам ғылыми мақаласы, “Алыстағы ата мұра”, «Қазақ тілі жайындағы математикалық зерттеулер» атты кітаптары жарияланған, Ол және “Қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігін” жасады. Ал, біздің айтпағымыз автордың “Қазақтың салт-дәстүрі”. атты еңбегі болып отыр. Онда Дәстүрлеріміздің әрбірінің мазмұны арғы тарихи сілемі мен қалыпсату негізі бойынша қуалай баяндауға күш салған. Жазба, қазба және ауыз әдебиеті деректерінде толық пайдаланғанын автор өзі де баяндайды. Ал, өңірлік өзгешеліктер ескерілген, Онда қауымға салт-дәстүрлердің тарихи қалыптасу жүлгесі және оны қауымға түсіндіру мақсаты көзделген. Авторға келсек: “осы кітапты жазуда оқырман қауымға қазақтың салт-дәстүрлерінің тарихи қалыптасу жүлгесін баяндау және оны түсіндіру мақсаты көзделді. Біздікі ұлтымыздың асыл қазынасының бірі салт-дәстүріміз кейінгі ұрпаққа мирас ретінде жалғаса берсе, әрине замана-талабына сай кәдеге жарай қалса деген тілек қана” /47/ .Кітап ірі мазмұндарға, ірі мазмұндар ұсақ мазмұндарға бөлігінен 733 беттік, қатты тысты Шинжан халық баспасынан енді ғана жарық керген кесек туындының бізге берері мол екеніне еш күмән жоқ.

Қазақ-орыс қарым-қатынасы басталғалы бері ғасырлар бойы мейлі отарлау болсын, сауда болсын болмаса ғылыми зерттеу мақсатында болсын келіп, сіңіп ұлттық ерекшеліктерімізбен етене таныс болып кеткен орыс ұлтының өкілдері жетерлік, міне дәл осындай процесс Қытай қазақтарында да жүргені белгілі. Сондайлардың бірі Қытай елінің көрнекті тарихшысы, Қытайдың батыс өңірін танушы Су бихай мырза. Ол қазақ тарихы мен қазақ мәдениеті жөнінде ұзақ жылдар бойы ізденіс жасап “Батыс өңір тарихы мен жағрапиясы”, “Шинжан жартас жазулары” атты кесек шығармалар және “Қазактың жалпы тарихы”‘, “Қазақтың тарихи қайраткерлері” атты еңбектерінен кейінгі ең көлемді де керемет еңбегі 2005жылы жарық көрген “Қазақ мәдениетінің тарихы” атты еңбегі жарық көрді. Сырт көз сыншы деп халқымыз айтпақшы ұлтымыздың төл деректерінен сырт неше мың жылдық жазба тарихы бар Қытай деректері де зерттеушінің сол ұлттың өкілі болуы оны пайдалануына қолайлылық тудырары белгілі. Осындай ішкі-сыртқы деректерден пайдалана отырып жазылған 857 беттік кесек туынды ұлтымыздың түп төркінінен тартып оны алты тарауға бөле отырып қазіргі қазақ халқының жәй-күйіне дейін кең көлемде баяндаған. Тарихшы ғалым бұл еңбекте былай деп ағынан жарылады: “мен 50 жылдан бері Үиланшан (сиүлен тауы), Тяншан, Алтай, сауыр, Тарбағатай, Барлық тауларындағы. Алатаудағы қазақ қауымы орналасқан мал шаруашылық райондарын аралап, қазақтармен бірге тұрып, бірге жүрдім. Олар қонаққа ыстық лебіз білдіріп, сый-құрмет көрсетеді. Мейлі қай ұлттың, қай нәсілдің адамын болса да, танысада, танымаса да қонақты ыстық ықыласпен құшақ жая қарсы алады. Тік тұрып, сыйлап күтеді. Қой сойып қонақасы береді. Қонаққа қой сойып кең пейілділік көрсетуді аса абыройлы іс және бұлтармас борыш деп есеп-тейді. Сыйлы қонақтары келгенде тай сояды. Қазақтар қонақасы – қазақтың бөлінбеген еншісі деген аталы сөзді ауыздарынан тастамайды. Олар жақсы тамағын қонаққа силайды. Оның үстіне қонақтың ат-көлігін бағып, аттанарда аман-есен қолына табыс етеді. Қонақты осылай күткенімен мейманнан еш-нәрсе дәметпейді. Бір нарсе дәметушілер болса, ел ішінде ұяткқа қалады. Ел арасындағы егер қоналқы жердің бәрінде қазақ болса, бір уыс азық, бір тиын қаражат алмай-ақ жылдық жолға жолаушы жүруге болар еді” деген тәмсіл осыдан тараған /48/ деген еді. Еңбек ұлтымыз мәдениетін жаңғыртып, жалғастыра байытуда алар орны бөлек болары даусыз.

Салт-дәстүрлер жайында ден қойып зерттеп, жазып жүрген, осы бағытта тыңнан түрен салып жүрген жас этнолог жазушы, зерттермен Болат Бопай-ұлында айтпай болмас. Оның 1993 жылы жарық көрген «Қазақтың алғыстары мен қарғыстары» атты кітабы, 1995 жылы жазған “Сөз саралау өнері”, 2000 жылы “Ақыт ақиқаты” атты еңбектері міне осылардың барлығы Қытайда жарияланды. Біздің айтқалы отырғанымыз автордың “Асыл қазына” атты еңбегі болмақ. Бұл кітап Шинжан халық басиасынан 2002 жылы жарық көрді. Қазір автор Қазақстанда тұрады. Бұл кітап 2003 жылы аішатыда “Бастау” баспасында “Қазақ кздесі” уіеген атпен толықтырыльш жарық көрді. Ебекте қазақтың ескіден жалғзсын бүгінге жеткен салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, т.б. баяндалады. Жалпы айтқанда отбасы ошақ қасынан бастау алып, әлеуметтік өмірде өркениет тауып жататын осы құндылықтарымыз тамаша баяндалған. Қағыс қалып, ескерусіз тасаланған ешкәделер болмауына тырысқан. Еңбекте былай делінеді: “ел іші асыл-қазына, алтын бесік” ата қазақта қасиетті халықта салт көп, мұра жеткілікті, ол-көзді бұлақ, қордалы кен. Халық қазы-насынан, тарих қойнауынан көк теңізден тебен сүзгендей, інжу-жақұт бай мұраларды сүзап жинау бүгінгі таңда, қазіргі сәтте қалам ұстап зерттеп-тектеп, жазып-сызып жүрген зиялы қауымның маңдай алды парызы. Оны ұрпаққа ұтықты жеткізу келешектің кәдесіне жарату – үлкен міндет /49/ деп тұжырымдаған.

Шинжан калық баспасынан шыққан Қазақтың қысқаша тарихын жазу группасы жағынан шығарылған “Қазақтың қысқаша тарихы” /50/ атты 683 беттен тұратын көлемді еңбек өз құндылығымен ерекшеленеді. Бұл кітаптың да басынан қазақтың түп төркінінен бастап, қазірге дейінгі тарихы баяндалып соңында яғни он бірінші тарауында халқымыздың мәдениетіне кең көлемде тоқталып, бүкіл тарау осыған арналды.

Қытайдағы тарих ғылымының теге аға зерттеушісі, көрнекті жазушы Жақып Мырзаханұлының және бір еңбегі 2004 жылы “ұлттар” баспасы жағынан шыққан. “Ғасырлар қойнауынан” атты еңбегі біз үшін өзіндік құны бар еңбек. Онда Шинжан қазақтарының қоныс аудару тарихына баға, Шинжан қоғамдық ғылымдар академиясының зерттеу табыстары және “Үлттық дәстүр және даму” туралы ашылған талқы жиынындағы қорытынды сөз деген бөлімдері біздің көтеріп отырған жайымызға тікелей байланысты болып табылады. Ондағы мына бір үзіндіге тоқталайық: “қазақ халқының әрбір отбасы өз ұрпағын ақылды, ержүрек, жарамды етіп тәрбиелеуін жеке отбасының жұмысы деп қарамай ұлттың, отанның ертеңгі болашағы тұрғысынан өзінің, қоғамның борышы деп қараған. Сондықтан әрбір ата-ана баласын ар-намысты болуға, адамгершілікке, мейірбандыққа, тектілікке, кісілікке, атамекенді сүйуге, отанын қорғауға дайын тұруға баулыған үмітті ұрпақ ұрпақ деп қараған. Баланы тәрбиелеуге бір ауыл, бір рулы ел ғана емес тіпті бір тайпалық (ұлыстық) ел ақсақалдары мен атқа мінерлері, көсемдері мен шешендері тегіс көңіл бөлген” делінеді.

Қытай қазақтарының салт-дәстүрлеріне байланысты зерттеулер бұлардан сырт мерзімді басылымдарда да үзбей жарияланып тұрды. Әрі осы бағытта да арнайы журналдар шығып тұрды. 1980 жылдардың басынан бастап «Мұра» және “Шалғын” қатарлы арнаулы фолклорлық журналдар және басқа да ғылыми, әдеби журналдарда халық мұрасына қатысты топтама (жинақ) әдет-ғұрыптарымызға қатысты көптеген деректік материялдар және оларға қарата талдаулар жарияланып отырды. Жақып Мырзаханұлының «Қазақ-тардың діни сенімі мен діни әдет-ғұрпы жөнінде»/52/ атты мақаласы Шинжан қоғамдық ғылымы журналының 1987 жылғы 1 санында, Нығымет Мыңжанұлының «Ислам дінінің қазақтың әлеуметтік мәдениетіне болған ықпалы» /53/ атты мақаласы Шинжан қоғамдық ғылымдар мінбесі журналында 1989 жылы 3 санында жарияланса, Жаң Юнның “Қазақтың сал-ты” /54/ атты мақаласы ұлттық жазушылар журналының 1990 жылғы 3 санында жарияланғаны осының дәлелі. Әрине, бұл жерде айта кетер бір жәйіт бұл еңбектерде кең қамтып, еркін көсіле алмаған жағдай бар деп айтуға болады. Өйткені ол елдегі қазіргі жүйеде белгілі дәрежеде цензура, ондай халді бастан өткізген біз түсінеріміз анық. Қазірге дейін жазылып, жарияланып келген дәстүрлерімізге байланысты зерттеуді, еңбектерді толық қамтыдым деп ашудан мүлде аулақпын. Бірақ, көрнектілерін және құндыларын, қолда барып барынша қамтуға тырыстым. Қорыта келгенде халқымыздың осынау ұлан-ғайыр сапт-дәстүрлері жүйелі қолданба болмағандығынан болар кейін өзгеріп, кейі бұрмаланып қарттармызға лайық салауаттылық ұлдарымызға сай жарасымдылық, қыздарымызға тән әдеп-иба, ата-ана арасында ата-балалық толымдылық пен перезенттік құрмет, құда жегжаттар ара сыйластық, сырластық сұйықтап, кей адамдардың адамгершілік, мәдениет, обал-сауап қысқасы ұлттық мінез дегеннің не екенін білмейтін дәрежеге жете бастағаны бізді ойландырмай қоймасы анық. Дәстүрлі мәдениетімізді әр бастағы алуан ойдың жетегімен кетірмей, бір жүйеге түсіріп, мәдени қазынамызды қаз-қалпында ұрпақтан-ұрпаққа ұластыру үшін осы Қытай еліндегі зерттермендерімізде еліміздегі ғалымдардай жар құлағы жастыққа тимей еңбектеніп жатқанын байқау қиын емес. Міне енді біздің міндетіміз. Олардың еңбегін ата жұрттың, үлкен шаңырағымыздың, игілігіне жарата білу. Міне, бұлда болса қазіргі жүргізіліп жатқан “Мәдени мұра” бағдарламасының үрдісімен сәйкесері хақ.