Мин әулеті тұсындағы, қытайдағы қазақ қоғамы

1911 жылы 10 желтоқсанда Қытайда орын алған Синхай революциясы Чиң патшалығын құлатып қытайда екі мың жылдан артық өмір сүрген монархиялық жүйені күйретті.

1912 жылы 1 қаңтар күні Республикалық жуңхуа Мин үкіметі құрылды. Оның тұңғыш президенті болып сун ятсен сайланды. Ол бірқатар республикалық заң жарлықтар жариялап, қытай қоғамын жаңа бағдарға бастаған еді. Бірақ қытаййдың консервативтік күштері оған жол бермеді. Тіпті С. Ятсеннің өзін президенттік биліктен шектеуге мәжбүр етті. 1812 жылы билікке Юань Шикай билік басына келді. Сонымен қытайда провинциялар генерал – губернаторлардың жартылай дара биліктері қалыптасты. Соған орай 1912 ж Шыңжаңның генерал губернаторы болып Яң Зыңмын (Ян Цзэсин) тағайындалды. Ян Зыңмын Шыңжан билігін қолына алғанан кейін Шыңжаңның қоғамдық басқару құрылымын өзіне тиімді етіп қайта құрды. 1919 жылға дейін Умастай генерал – губернаторының қобда іс басқару уәзірінің басқаруында болып келген Алтай аймағын Шыңжан провинциясының бір аймағы ретінде өзінің тікелей басқаруына алды. Сонымен Шыңжаңның үш үш аймағындағы Іле, Тарбағатай және Алтай өңіріндегі қазақтар біртұтас Шыңжан генерал – губернаторының билігіне өтті. Бірақ олардың әлеуметтік жүйесі өзгертеді. Яң Зыңшын қазақ билеушілерінің бұрынғы мансап лауазымдарын мүдделерін сақтай отырып оларды өзін қолдануға тартты.

Яң Зыңшын өз билігін нығайту үшін сыртқа қарата «бейтарап тұру» саяматын ұстаумен қатар ішкі жақта шыңжаңның қоғамдық және ұлттық қайшылықтарын шебер пайдалана білді. Ол шыңжаңдағы ұлттар арасына ірткі салып, оларды бір біріне қарсы қою арқылы өзі осы саясатын «тізгіндеушілік» деп атады. Сондай -ақ ол оны «шыңжаңдағы ұзақ жыл тыныш ұстап тұрудағы ең өтімді тәсіл болды» /25/ деп бағаланған. Іс жүзінде Яң Зыңшын Шыңжаңға әәлеуметтік дамуын тізгіндеді. Ол шыңжаңдағы халықтарды надандықта, кедейлікте тұмшалап ұстады. Бір -ақ ол өлкелік билік басымдағылар арасындағы жерлестік топтардың бақталастық күресін бәсеңдете алмады. ХХ ғасырдың 20- шы жылдары шыңжаң элитасы арасында Яң Зыңшын бастаған Шанси, Гансу провиниялықтар ен Фан Яонан бастаған хунан хубейліктер арасындағы күрес өрши түсті. Оның ақыры қару жумсауға апарып соқты. 1928 ж 7 шілде күні Яң Зыңшын қонақ үстінде қарсыластары тарапынан атып өткізіледі. Ян Зыңшынның саяси қызметі шыңжаңның басқару құрылымдарын зерттеп, оны өзіне тиімді етіп қайта құрды. 1919 Алтайды аймақ етіп құрып шыңжаң губернаторының басқаруында ұстады. 1920 жылға дейін шыңжаң қазақтары үкіметке шөп башысы (салығы) деген салық тапсыратын. Бұл баж әр отбасы және олардыңжан саны бойынша есептелініп барлық салымның 5 % бойынша үкіметке тапсырылып отырылды. Ал салық жинауцшылардың елге көрсеткен зорлық зомбылықтары мен қорлықтары халық бұқарасын қатты күйзеліске ұшыратты.

Мин дәуірінде Шыңжаң үкіметі мансаптыларды көбейту арқылы қазақтарды басқаруды күшейе түсті. 1916 жылғы Қазақстанда болған ұлт -азаттық қозғалысының патшалық Ресей үкіметі тарапынан күшпен жанышталу жетісу жеріндегі қазақтардың Шыңжаңға бас сауғалап (патриация) баруына әкеп соқтырды. Оның тарихи ықпалы тек қазақстанға ғана емес қытайдың шыңжаң өлкесіне де онда тұрған қазақ қауымына да әсер еткен болатын. «Үш кез қатқан мұз, бір түнгі суықтың әсері емес» – дегендей 1916 жылы қазақстанда бұрқ ете түскен ұлт азаттық қозғалысы әсте кездейсоқтан туыла қалған оқиға емес, керісінше ол қордаланып, қалған тарихи қайшылықтардың заңды жарылысы еді. 1914-16 жылдар аралығында жетісу облысында әр түтінге салынатын салық 3 сомнан – 8 саомға дейін өсті. Азық түлік басқа да халық тұтынатын заттардың бағасы үздіксіз қымбаттай берді.

Сол жалдары Іле аймағындағы қазақтар үкіметке әр жылы жалпы алым салық үшін 300 бас жылқы тапсыратын, ал 1989 жылдан бастап олар мың бас жылқыны тапсырып отыруға міндетті болды.

Іс жүзінде мин патшалығы салық шонжарының қазақтардан еселеп салық жинау әрекеті қазақ шаруаларына ауыр тиді. Іле аймағындағы қазақтардың билеушілері үкіметтен алатын жалақысын өздерінің басқаруындағы қазақтардан алынатын үкімет салығынан іріктеп алып қалып отырды. Тарбағатай аймағындағы қазақтарда қос -қабат салық тапсырып отырды. Алтайдағы қазақ қауымында феодалдық қатынастар ХХ ғасырда тереңдей түсті.

Яң Зыңшынның орнына Жин шурін (Чжан Чжин жуи) Шыңжаңның генерал губернаторы болып тағайындалды. Ол Яңның саясатын жалғастырды. Үкімет Жин шурінде арқа сүйеп шыңжаңда жемқорлықпен алаңсыз айналысты, халыққа зорлық зомбылық жүргізіп, салықты ауырлатты. Сонымен шыңжаңда қоғамдық қайшылықтар шиеленісіп Жин шурін үкіметке қарсы көтеріліс жасады. Оны сол аймақтың Баркөл ауданында тұратын қазақтар қолдады. Көтерілісті жаныштаушы үкімет әскерлері сол жылы шілде айында «Хасанту» деген жерде отырған әліптің ауылын басып алды да оның басын кеседі . Сондай ақ олар елді үрейлендіру үшін “кесілген басты кенттің кіре берісіне іліп қояды” .  Олардың бұл әрекеті қазақ халқының кегін қайнатып, ызасын келтіреді. Сонымен Баркөл ауданындағы қазақтар үкімен әскерлеріне қарулы шабуыл жасауға шықты. Осы реткі Жин Шурін үкіметіне қарсы козғалыс Шыңжанның барлық жерлерін шарпыды.

1932 жылы Гансу өлкесіндегі дүнген генералы Ма Жүңиңның күштері Алтай аймағына еніп, аймақ орталығы Сарсүнбені шабуылдап басып алды. Алтай аймағындағы төре әулетінен шыққан қоғам қайраткері Шәріпхан Жеңісханүлы өзінің ел-жұртын қорғау үшін қарулы жасақтарды бастап дүнгендерді Алтайдан аластау соғысын жүргізді. Соғыста жеңілген дүнген қолдары Алтайдан Шәуешекке қашып барғанда үкімет әскерлерінің соққысына тап болып, шығысқа кашып, Санжы тауына барғанда толығымен жойылды.

Шыңжан өлкесі және ондағы қазақтар қарулы қозғалыс жағдайында тұрған кезде, яғни 1931-1932 жылдары Қазақстанда Кеңес Одағының қолдан жасаған ашаршылық апатынан жан сауғалаған бірқатар қазақтар Қытай шекарасын басып өтіп арғы беттегі қазақтардың арасына барып паналады.

1933  жылы 12 сәуір күні Дихуада (Үрімжіде) орын алған саяси төңкеріс арқылы Шың Шысай (Шэн Шицай) Шыңжанның генерал-губернаторы болды. Ол алдымен өзінің билік орнын нығайту үшін сол кездегі қытайдың және халықаралық жағдайға үйлесетін бірқатар пәрменді саяси шаралар қолданды.

Шың Шысай өзінің Кеңес Одағымсн жақындасу, антиимпералистік саясат ұстанатындығын мәлімдеп, 1933 жылы мамыр айында Кеңес Одағының Үрімжідегі Бас консулдық басқармасымен байланыс орнатты. 1934 жылы ол “Антиимпериализм, бейбітшілік және құрылыс жүргізу” деген саяси бағдарламасын жариялады. 1934 жылы желтоқсаннан 1935 жылы қаңтар айында Шың Шысайдың өтініші бойынша Кеңес Одағы Шыңжан жеріне өзінің Қызыл армиясын жіберіп, Шың Шысайдың қарсыласы Жаң Псйюан мен Ма Жүңиңның әскерлерін жойды. Сондай-ақ оның он мың әскерін қару-жарақпен жасақтады. 1935 жылы Ксңес Одағы Шыңжанның экономикасы мен мәдениетін дамытуға 5 миллион рубль несие берді. Сөйтіп Кеңес Одағы Шың Шысайге өз ықпалын өткізе бастады. Соның нәтижесінде ол өзінің “Антиимпериалистік, Кеңес Одағымен жақындасу, Ұлттар теңдігін жүзеге асыру, шенеуниктсрді парақорлықтан тазарту, бейбітшілікті сақтау және құрылыс жүргізу” деген саяси-әкімшілік бағдарламасын жариялады. Бұл саяси бағдарламаның қалыптасуы мен жүзеге асуының сол кезде прогрестік маңызы болғандығын айтуға тиіспіз.

Шың Шысай Кеңес Одағының әскери мамандарының көмегімен Шыңжандағы әскерлерін қайта құрып, бүкіл өлке бойынша 11 окургте 12.000 адамнан армия ұстады /30/. Қоғам қауіпсіздік органдарын құрып, полиция мен тыңшылардың санын көбейтті, сондай-ақ оларды сол кездегі ең озық техникамен жабдықтады /31/. 1936 жылы Шекара қызметі басқармасын құрып, өзі басқарма бастығы міндетін қосымша атқарды. Бұл орган Шыңжанмен шекаралас өлкелер мен мемлекеттерден ақпараттар жинаумен айналысты. Ауыл-қыстақтарда “Баужя” /32/ режимін- орнатып, қарапайым халықты бақылауын күшейтті. Сөйтіп ол Шыңжандағы прогресшіл адамдар мен әр ұлт халқының көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлерін тұтқындап түрмеге жабумен айналысты. 1939 жылы қыркүйекте Шың Шысай моңғол, қазақ және қырғыз құрылтайын өткіземін деген сылтаумен осы ұлттардың өкілдерін Үрімжіге жинап, олардың бір бөлімін тұтқындап түрмеге жауып, қалғандарына шаруалардың қолындағы аң мылтықтарын жинап беруге әмір берді. Сондай-ақ аудандарда мылтық жинау комиссияларын құрып малшылардың қолдарындағы мылтықтарын үкіметке тапсыруға қысым жасады. 1939 жылы желтоқсанда Алтайдағы белгілі діндар абыз ақын Ақыт Ұлымжыұлық 1940 жылы Іледегі көрнекті ақын, мәдениет қайраткері Таңжарық Жолдыұлын тұтқындап түрмеге жапты. Шың Шысай үкіметінің бұл әрекеттері қазақ халқының қатты наразылығын қозғады. Алтай аймағында жазықсыз адам тұтқындау әрекетіне қарсылық көрсеткен Есімхан, Иманбай І940 жылы қаңтарда біркатар қазақтарды бастап қарулы көтеріліс жасады. Оларға сәйкес басқа аудандардағы қазақтар да қарулы бас көтерді. Міне, осы қозғалысқа Дәлелхан Сүгірбаев, Оспан Исламұлы белсенді қатысып, қазақ жасақтарына қолбасшылық етіп ІІІыңжан үкіметі әскерлеріне қарсы партизандық соғыс жүргізді. Алтай аймағындағы бұл соғыстар кейде келіссөз арқылы тоқтап-толастаса, кейде арадағы бітім-шарттар бұзылып қайта жалғасып, ондағы қазақ шаруалардың берекесін кетірді.1942 жылы Шың Шысай өзінің саяси бағдарын түбегейлі өзгертті, ол өзінің Кеңес Одағына, Компартияға қарсы екендігін, Қытай Гоминьдан партиясын, Шаң Кайшиді қолдайтындығын ашық мәлімдеді. Өйткені, ол Кеңес Одағы жүріп жатқан соғыста немістерден жеңілді деп межеледі. Сөйтіп ол Шыңжанда өзіне көмектесіп отырған Кеңес Одағы әскерлері мен әр сала мамандарын еліне қайтарды да, Қытай Компартиясының Шыңжандағы өкілдерін тұтқындап өлтірді.

1943жылы қаңтарда Гоминьданның Шыңжан өлкелік бөлімшесі құрылды. Сонымсн гоминьдандықтар Шыңжанға ағылып келе бастады. Оларға ілесе АҚШ пен Ұлыбританияның әр түрлі күштері де Шыңжанға енді. Сол жылы Үрімжіде АҚШ пен Ұлыбританияның Консулдық басқар-малары құрылды. Сөйтіп Шыңжанда Кеңес Одағының ықпалы әлсіреп, АҚШ пен Ұлыбританияның позициясы күшейе түсті. Бұл жағдай Кеңес Одағына өте тиімсіз болды. Сондықтан Кеңес Одағы Шыңжаннан, тым болмағанда Шыңжанның солтүстік батыс аймақтарынан Гоминьдан күштерін ығыстырып шығарып, АҚШ пен Ұлыбританияның ықпалын тойтарып, өзінің Шыңжан өлкесіндегі позициясын кайта нығайтуды қарастыруға мәжбүр болды. Сонымен Кеңес Одағы бұл мақсатын революция арқылы іске асырмақ болып, Іле, Тарбағатай, Алтай аймақтары мен Қашқардың қырғыздар қоныстанған аудандарында бірқатар дайындықтар жасады. Атап айтқанда Шыңжанда “Азаттық ұйымдарын” құру, халықты революция жасауға насихаттау, офицерлер дайындау және қару-жарақтармен қамдау қатерлі жұмыстарды жасырын немесе жартылай әшкере жүргізді. Соның нәтижесінде 1944 жылдың тамызында Іленің Нылкы ауданында Әкпар, Сейіт бастаған қазақ жасақтарының Шыңжанның Гоминьдан үкіметіне қарсы карулы кетерілісі басталды. Міне, бұл аталмыш “Үш аймақ революциясының” (Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарын қамтыған) басталуы еді. Көтерілісшілер 2 қыркүйек күні Нылқы ауданын басып алды, қараша айында Құлжа қаласына жорық жасады, олар Құлжа қаласында Әбдікерім Аббасов бастаған ұйғыр және басқа халықтардың көтерілісшілерімен тізе қосып шайқас жасап, жеңіске тез қол жеткізді. 1944 жылы 12 қараша күні Құлжа қаласында “Шығыс Түркістан уақытша үкіметі” кұрылды /33/. Әлихан Төре үкімет бастығы болып тағайындалды. 1945 жылы каңтардың соңында Іле аймағы толығымен Гоминьдан билігінен азат болды Сол жылы сәуірде Шығыс Түркістан уақытша үкіметінің ұлттық армиясы құрылды Ұлттық армияның мақсаты Тарбағатай мен Алтай аймақтарын Гоминьдан билігінен азат ету болды. Осы мақсатпен Ұлттық армия 1945 жылдың мамырында солтүстік, орта және оңтүстік бағытпен жорыққа аттанды. Солтүстік және орта бағыттағы армия Тарбағатай мен Алтай аймағын гоминьданшылдардан азат етіп, қытай әскерлерін Үрімжінің батысына таяу жердегі Манас өзенінің аржағына ығыстырды. Оңтүстік бағыттағы армия Тянь-Шаньның оңтүстігіндегі Қарашар мен Аксу аудандарына отты шабуыл жасады. Соғыс жағдайы Ұлттық армияға тиімді болып тұрғанда, шайқас кенеттен тоқтатылып, Шығыс Түркістан уақытша үкіметі немесе “Үш аймақ үкіметі” мен Гоминьдан үкіметі бейбіт келісім жүргізетін болды. Өйткені, 1945 жылы 14 тамызда Кеңес Одағы мен Қытай Гоминьдан үкіметі “Қытай-Кеңес Одағы достық одақтастық келісіміне” қол қойғанды. Сол жылдың 10 каңтарында Қытай президенті Шаң Кайши Шыңжан проблемасын бейбіт шешетінін білдірді. 14 казанда оның өкілі Жаң Жыжұң (Чжан Чжичжун) Үрімжіге ұшып келді. Үш аймақ үкіметінің өкілдерін бастап барған Ахметжан Қасыми Жаң Жыжүнмен келіссез жүргізді. 1946 жылы 2 каңтарда екі жақ “Он бір бітімге” қол қойды. Шыңжанда коалициялық провинциялық үкімет кұрылды. Оған үш аймақтың Ахметжан Қасыми қатарлы өкілдері қатыстырылды. Бірақ бұл бірлескен үкімет құрамындағылар ішінде гоминьданшылар мен үш аймақ өкілдері арасында саяси күрес жасырын түрде жалғасып отырды. Сонымен гоминьданшылар үш аймақ үкіметін іштен ыдыратып әлсіретудің шарасын қарастырып жатқан кезде, Оспан Исламұлының Шығыс Түркістандықтардан бет бүрып оларға жақындасуы – қарсы жақтың Көктен тілегенін жерден бергендей болды. 1946 жылы тамызда Оспан Исламұлы өзінің сенімді өкілін Үрімжіге жіберіп Гоминьдандықтармен байланыс жасады. Оспанныц Шыңжандағы қазақ халқы Гоминьдан билігінен азат болған шақта осындай қадам басуы мүлде ақылға сиымсыз әрекет. Өйткені, ол Алтай аймағындағы қазақтардың Шың Шысай билігіне қарсы қарулы күресін ұйымдаструшылардың және оларға қолбасшылық жасаушылардың бірі болған. Сондай-ақ қытай әскерлерімен болған партнзандық соғыстарда ерлігімен көзге түсіп “батыр” боп танылған тұлға болатын.Сондықтан Шығыс Түркістан уақытша үкіметі оны Алтай аймағының уәлиі етіп тағайындаған. Кейін Шыңжан коалициялық үкіметі құрылғанда ол үкімет мүшесі және Алтай аймағының уәлиі болып тағайындалды. Бірақ Оспан ол міндстін атқарғысы келмеді. Себебі, оның Кеңес Одағының жоспарымен және қолдап-қуаттауымен құрылған Шығыс Түркістан уақытша үкіметін немесе “Үш аймақ үкіметін” мойындағысы да, колдағысы да келмегенді. Сонымен ол бір жылдың алдында ғана өзі кол бастап шайқас жасаған, Шығыс Түркістан уақытша үкіметі Ұлттық армиясының күшімен Алтайдан аластатылған гоминьдан күштерімен қайта одақтасып “Үш аймақ үкіметіне” қарсы соғыс ашпақ болады. 1946 жылы 3 қыркүйскте Оспанның екінші рет Үрімжіге жіберген өкілі Жүнісбай Жаң Жыжүңға бес түрлі талап қоюмен қатар, ол Оспанды бүкіл Шыңжанның дін басы және оны мәңгілік хан етіп тағайындауды талап етеді /34/. Жаң Жыжүң Оспанының “Үкімет Алтай аймағына әскер жіберсе” деген талаптарын қанағаттандыруға уәде береді, бірақ оның “дін басы болу” мен “мәңгілік хан болу” талабын “ескі-мешеуліктің көрінісі” деп кері қағады. Оспанның Шыңжаның гоминьдан үкіметімен жасырын түрде бөтең пиғылда байланыс жасағанын сезген “Үш аймақ үкіметі” 1947 жылы 1-ақпанда оны барлық міндетінен алып тастап, оның орнына Дәлелхан Сүгірбаевті Алтай аймағының уәлиі етіп тағайындайды. Сонымен Алтай аймағында және Шыңжанның шығыс аудандарында гоминьдан үкіметі қаруландырған Оспан қосындары мен Кеңес Одағы көмектесіп отырған және қаруланған Д.Сүгірбаев қолбасшылық еткен Үш аймақ Ұлттық армиясы арасында қырғын соғысы басталады. Сөйтіп гоминьдан Шыңжан үкіметінің үш аймақтағы қазақтарды өзін-өзімен қырқыстыру мақсаты оп-оңай жүзеге асты. Оспанның бұл соғысын “Қызыл үкіметке” қарсы күрес деп түсінген қазақтың Қалибек Хакім қатарлы ұлтжанды азаматтары оны қолдап шайқасқа шықты. “Оспанның да, сондай-ақ Қалибектің олай ығысуына коммунизмнің ызғары әсер етсе” /35/ керекті. Бірақ өздері зұлымдық пен жауыздық саясатына шыдамай қолдарына қару алып күрес жасап, бір жылдың алдында ғана тағылық үстемдігінен әрең азат кезде, гоминьдандық қытай үкіметіне Оспанның қандай негізде сенім артып, селбестік жасауға баруын адам түсінбейді. Бұдан тек ғибарат алуымызға тура келеді.

Оспан Исламұлы мен Дәлелхан Сүгірбаев арасындағы соғыс партизандық формада ұзаққа жалғасты. Соғысқа қатысушы жауынгерлер негізінен қазақтардан жасақталған. Сол тұста басталған Қытайдың ішкі өлкесіндегі Компартия мен Гоминьдан партиясы армиясы арасындағы азаматтық соғыста, Мао бастаған Азаттық армиясы Шан Кайшидің Гоминьдан армиясынан сегіз миллион әскерін жойып 1949 жылы қазанда Қытайды Гоминьдан билігінсн азат етті. Сондай-ақ сол айда Азаттық армия Шыңжанды гоминьдан қолынан қантөгіссіз өткізіп алды, 1950 жылы Оспанды гомйньданшылдар қатарында шабуыл жасап, оны тірідей қолға түсіріп, 1951 жылы өлім жазасына бұйырды. Демек, Кеңес Одағы қозғаған Үш аймақ рсволюциясы мен Оспан бастаған бұл соғыс, сан мыңдаған қазақ жастарының соғыста мерт болуына, он мыңдаған қазақ отбасының шетелге жан сауғалап босып кетуіне себеп болды.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!