Шыңғыс ханның Орта Азияны жаулап алуы

1219 жылы қыркүйекте Шыңғыс хан бастаған монғол әскерлері Жетісуға басып кірді. Соғыстың алғашқы кезінде Шыңғыс  хан әскерлерінің жалпы саны 130 мыңға жетті. Мұның ішінде Қарлұқ

Арслан хан, Сукнак тегін және Шығыс Түркістан еріктілері де болды.

Негізгі шабуыл бағыты Ертістен Сырдарияға Жетісу арқылы өтті. Отырарға таянған кезде Шыңғыс хан өз әскерлерін бірнеше құрамаларға бөлді. Бірінші құрама – Отырар қаласына шабуылдаушылар, қолбасшылары – Шыңғысханның екінші, үшінші ұлдары – Шағатай мен Үгедей болды. Екінші құрамының қолбасшысы – Шыңғыстың үлкен ұлы Жошының бағыты Сырдарияның төменгі ағысындағы Жент және Янгикент қалалары болатын.

Үшінші құраманың мақсаты Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалаларды жаулап алу болады да, оны Шыңғысхан өзі және кенже ұлы Толы басқарады.

Шыңғыс ханның үш бағытта шабуылдаған әскери құрамаларына Хорезм шаһтың әскери топтары қарсы тұрды.

Хорезм шаһтың әскері әр түрлі ұлт өкілдерінен құралған. Тарихшы Джувайнидің айтуына қарағанда, Мауреннаһрдағы  басты қала – Самарқан гарнизонындағы әскердің жалпы саны 110 мың адам, оның 60 мыңы түркі, 50 мыңы тәжік болған еді. Тәжіктер мен түркілердің арасында татулық та болмады. Тәжіктер түркілерді төменшіктетті. Керісінше, түркілер монғолдарға жақындау болды. Оның үстіне Шыңғысхан әскерінде бірнеше түркі құрамалары жүрді және де түркілер монғолдармен жалпы орта азиялық көшпенді салт-дәстүрлері жағынан да жақын еді. Осы жақындықтарды монғолдар қатты пайданаланып кетті, түркілерді алдап түсірді. Достық келісімге сенген түркілерді әлсіретіп алып, соңынан жойып жіберген кездері де болды. Мысалы, Самарқанды қоршау кезінде монғолдар Хорезм шаһтың шешесінің ағасы басқарған түркі гарнизонының бір бөлігін өздеріне әскери қызметке қабылдауға келісіп, бірақ қаланы алған соң 20 көсем басқарған

30000 түркі отрядын жазық далада қоршауға алып, қырып тастады. Осындай жолмен монғолдар өздеріне аландар қыпшақтармен одақтасып қарсы шыққанда, қыпшақтарға: « біз және сендер бір атаданбыз, ал аландар біздей емес, сондықтан сендердің оларға көмек берулерің керек емес» — деп, өз әскери қулықтарына салған болатын.

1220 жылы Каспии теңізінің бір аралында қайтыс болған Хорезм шаһ Мухаммед монғолдармен соғыста өзін көрсете алмады, сондықтан оның есімі монғолдарға белгісіз күйінде қалды. Монғол деректері бойынша Мұхаммедтің баласы әрі мұрагері Желал әд-Дин сол жылы қарашаның соңында Индияға қашып кетті. Осының нәтижесінде Шыңғысханмен арадағы соғыс аяқталды. 1221 жылдың жазында Шыңғысхан Түркістанды тастап, 1224 жылдың жазын Ертісте өткізді.

Монғолдардың жорығы селжуктердің алдыңғы Азияға шабуылы сияқты халықтардың орнын ауыстырып жатпады.

Мемлекеттің құқ аумағында үстемдік етуші жеке құқылық билік басталды. Осы принцип негізінде Шыңғысхан көзі тірісінде бүкіл иелігін бірінен соң бірін үлкен ұлдарына бөліп беріп, өзінің басты иелігін кіші ұлына қалдырды. Сондықтан Шыңғыс ханның қара шаңырағы – Монғолия оның кіші ұлының Толының қолына көшті. Монғолияның тұрақты армиясы 129000 адамды құрады, оның 101000 Толы басшылық етті. Бұл сан өзге елдерге жеткен монғолдардың Монғолияда қалғандарына қарағанда өте аз болғанын айқын көрсетеді.

Шыңғыс хан өз иеліктерін балаларына былайша бөліп үлестірді: Кіші ұлына қара шаңырақ тиесілі болса, үлкен ұлы Жошы жаулап алынған жерлердің ең көп бөлігін алуға тиіс болды. Шыңғыс хан Монғолияны билсе, Жошының иелігіне батыстан Селенгіге дейінгі жерлер тиді. Батыстағы жеңістен кейін Жошы иелігіне « монғолдардың атының тұяғы жеткен» жердің бәрі кіретін болды. Шыңғыс хан көзі тірісінде оған батыстан Ертіске дейінгі жерлер, соның ішінде меркіттердің қалдықтары жойылған жерлер және Еділ бұлғарлары хандығының шекарасына дейінгі жерлерді берді.

Шыңғыс хан 1227 жылы қайтыс болған соң Жошы ұрпақтарының билігіне бұрынғыға қоса бұлғарлар хандығы және бүкіл орыс княздіктері кірді.

Шыңғыс хан әскерлерінде монғолдар аз болды. Құрамаларының көпшілігі бағындырылған халықтар арасынан құрылды. Оған Шыңғыс хан жорықтарына бағындырылған немесе өз еркімен бағынған халықтар қатысқаны дәлел.