Жер бедері

Шығыс Қазақстанның жер бедерін геотектоникалық құрылысының ерекшелігіне қарай үш топқа бөлуге болады Олар-биік және орташа биіктіктегі Батыс және Кенді Алтай,Сауыр-Тарбағатай таулы алқаптары; аласа таулы Шыңғысту,Қалба жотасы; таулы алқаптарды бір-бірінен бөліп тұрған Зайсан-Алакөл ойыстары.

Биік және орташа биіктіктегі таулы алқаптар облс аумағының қиыр солтүстік-шығысымен шығыс, оңтүстік-шығыс бөліктерін алып жатыр . олардың біліктік жоталары арқылы Қазақстан мен Ресейдің Қытайдың шекарасы өтетіндіктен аталған елдерді республикамыздан бөліп тұрған табиғи шеп қызыметін атқарады. Облс аумағындағыкенді және кенсіз пайдалы қазбаларға бай таулардың ең ірісі Алтай таулы аймағы болып табылады.Оңтүстік Сібір тауларынан Ертіс өзенінің аңғарына деиін созылып жатқан Алтай таулы аймағы морфоқұрылымдық тұрғыдан үш бөлікке бөлінетіні белгілі. Батыс Алтайды оңтүстік Алтайдан бөлінетін шекара орталық Алтайдын құрамына кіретін у көк таулы алқабының табын богда тауына ұласатың жердегі хантас асуы арқылы өтеді.

Укөк таулы алқабының батыс бөлігіндегі Берель өзені бастау алатын қатын жотасындағы Мұзтау (4506 метр) Алтайдың ең биік бөлігі болып табылады. Ақ Берель өзенінің аңғарының батысында төбесі текшелі шоқылы болып келетің қатың жотасынан биіктігі 2200 метрден аспайтын Листвяга және Холзун жотасына ұласады. Холзун жотасы өте қатты тілімделуімен үшкір шыңды шоқылы болып келуімен ерекшеленеді. Алтайдағы өсімдік өспеген жалаңаш болып келетің үшкір шыңды болып келетін орқаштаулы биік шоқылар Ақтау деп аталады.Холзунның ең биік нүктесі абсальют биіктігі 2600 метірге жететің Линейный белок тауы.

Холзуннан Батыс Алтайдың абсалют биіктігі 2674 метрге жететің Иванов, Ілбі, Оба жоталар тармақталады. Батыс Алтайдың жер бедерінің негізгі ерекшелігі әр түрлі гипсометриялық деңгейде кең таралған реліктілігі ежелгі пенеплендердің кездесуі болып табылады.

Ежелгі пенеплендер төбесі тегістелген текшелі болып келеді. Батыс және орталық Алтайдағы тау жоталарының аралығын табаны тегіс болып келетің 800-1000 метр абсольют биіктікте орналасқан Абай – Бұқтырма – Нарын – Оба, — Ілбі тауаралық ойыстары бөліп жатыр.

Батыс Алтайдың жер бедері геоморфологиялық тұрғыдан төрт топқа бөлінеді. Олар: Абсольюттік биіктігі 300-400-600-700 метрден аспайтың тауаралық ойыстармен тауалды жазықтары;

-1200-1500 метр биіктік аралығын қамтитың аласа таулы жер бедері.

-1500-2000 метр аралығын қамтитың орта биіктіктегі таулы белдеудің жер бедері;

-2000-4500 метр аралығын қамтитың биік таулы белдеудің жер бедері;

Алтай тауының Ертіске ұласатың бөлігі мен тауаралық тектоникалық иіндерде ірге тасы палеозойдың қатпарланған жыңыстарынан тұратын және оның бетін полиоген мен төртік дәуірлерінің сазды, малта тасты сазды, сазды құмды жыныстар жауып жатқан орташа және биік белесті тұғырлы жазықтары алып жазықтар алып жатыр. Тау етегінде ежелгі төрттік мұз басуларымен қазіргі өзендердің асырылу конусының шлейфінде түзілген. Ені 5-8 шақырымнан аспайтың делювиальдыпролювиальды нашар тілімделген моренналы төбелі жазықтар таралған. Тауаралық ойыстар мен тауалды төбелі жазықтары негізінен ежелгі төрттік мұз басуы кезеніңде Миндаль жабын мұздықтарымен жартылай жабын болған Рисс, Вюрм. Мұздықтарының тілі тоқтаған абляция аймағына жиналған соңғы моренналардың жиналуынан түзілген ысыморенналы жыныстардың бетің жел әрекетінен шөкен Лессті жыныстар жауып жатыр. Батыс Алтайдың қабатты тұғырлы денудациялық және промовиялды делювиальды жазықтары Кайназой эрасының неогентөрттік дәуірлерінде жүрген неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен түзілген тік беткейлі кешерлер аласа таулы балдеуден бөліп жатыр. Тауалды белесті төбелі жазықтары теңіз деңгейінен 300-400 метрден 600-700 метрге дейінгі биіктік аралығын қамтып шығысқа қарай біртіндеп артады.Салыстырмалы биіктіктері 50-100 метр аралығында ауытқиды.

Тік беткейлі кемерлер арқылы бөлініп жатқан аласа таулы белдеудің беткейлері біршама жатық болып келуімен ерекшеленетіңдіктен көлбеулігі 15-250 аспайды. Батыс Алтайдың аласа таулы бөлігінің жер бедері ұсақ шоқылардан орташа биіктіктегі таулы белдеуге өтпелі сипатта болады. Олар Ілбі мен Оба Ертіс епн Бұқтырма, Бұқтырма мен Нарын өзендерінің аралықтарындағы кең көлемді кеністікті алып жатыр. Аласа таулы белдеу 600-700 метрмен 1500 метр аралығындағы биіктік белгілерінің аралығын қамтиды. Салыстырмалы биіктігі 100-200 метр аралығында ауытқитың аласа таулар шығысқа қарай біртіндеп биіктейді. Тауалды жазықтарынан айырмашылығы біршама тегіс болып келетің жер бедері қатты тиімделген тік беткейлі шоқтармен кезектесіп келуімен ерекшеленеді. Суайрықтары Альпілік жер бедеріне тән жалды болады. Кеңді алтайлық тұрғыдан эрозиялық техтоникалық жер бедерінің қатарына жатады. Шығысында аласа таулы жер бедері 1500 –2000 метр абсолют биктік белгілерінің аралығын қамтитын орташа биіктіктегі таулы белдеуге ұласады.

Орташа биіктіктегі жер бедері Оба мен Бұқтырма өзендерінің жоғарғы және орта ағыстарының аралығын қамтығын. Неоген – төрттік дәуірлерде жүрген неотехтоникалық қозғалыстардың әсерінен қайта жаңғырған тау болғандықтан төбесі текшелі болып келетіңдіктен біртіңдеп биіктеуімен ерекшеленеді. Сондықтан тау беткейінің көлбеулігі 22-250, 30-350 аралығында ауытқиды. Салытырмалы өз ара биіктік 400- 500 метрді құрайды. Төбесі текшелі тегіс болып келетің жер бедерінің сипатың неотектоникалық қозғалыстардың ісерінен көтерілген қатты тілімделген Орқаш таулы аймақтағы Альпілік типті үшкір шыңды тік беткейлі жолдардың беткейлерін сыртқы экзогенді кұштердің әсерінен түзлген қорымдар кең таралған. Алтайдың орта биіктегі таулы белдеде орналасқан. Оба, Үлбі, Холзунг, Листвияга, Иванов жоталарының аралығын ежелгі төрттік мұз басулар экзорациялық әрекетімен мұз басу аралық кезеңдегі ағын сулардың бұзушы әрекетімен мұз басу аралық кезеңдегі ағын сулардың бұзушы әрекетінен түзілген терендігі 1000-1350 метрге дейін жететін тауарлық тектоникалық жазықтардағы анғарлар бөліп жатыр. Батыс (кеңді) Алтайдың орташа биіктіктегі таулы бөлігінде қазіргі және ежелгі төрттік мұз басулардың іздері анық байқалатың экзорациялық – денудациялық жер бедерінің қатарына жатады. Тау беткейінде ежелгі және қазіргі мұз басулардың экзорациялық (бұзушы)әрекетінен түзілген циркті ойыстар,трогалар мен қар аікғарлары кең таралған. Ежелгі мұздықтардың тілі тоқтаған абляция аймағындағы моренналы жалдар мен төбелердің аралығындағы циркті ойыстарда шағын циркті көлдер кең тараған. Олардың қатарына бөгелмелі Рахман бұлағы сияқты көрікті көлдер жатады.

Климаты қатаң әрі тәуліктік температура айырмасы жоғары болғандықтан аяздың әсерінен жүретін үгілу үрдісінен түзілген қорым тастар, солифмокциялық текшелер термонарстылы шұңқырлар мен төмпешіктер кең таралған. Тауаралық аңғарлардың пішіні көлемі тәрізді тік беткейлі болып келетіңдіктен қар көшкінінің қаупі өте жоғары. 2000- 3100 метр биіктік аралығын қамтитың Иванов, Листвяга, Тигрец, Холзун жоталары мен табын богдаола тауына ұласатын орталық. Орталық Алтайдын Қазақстандық бөлігі болып табылатын Қатың жотасымен Укөк таулы алқабында салыстырмалы өзара биіктік айырмасы 500-700метрден асатын биік таулы жер бедері дамыған. Су айрықтарымен тау беткейлерінде тік беткейлі қатты тілімделген Альплік жер бедері дамыған. Батыс (Кенді) Алтайдын Биік таулы Альплік жер бедері найза тәрізді үшкір шыңдарымен, қатты тілімделген жар шатқалды аңғарларымен, қорымды тік жартастарымен ерекшеленеді.

Таудың бұл бөлігінде қазіргі мұз басулардың экзорациялық әрекеті күшті жүріп жатқандықтан мұздықтардың бұзушы әрекетінен түзілген циркті ойыстар, мореналы жалдар мен төбелер, трогалар мен қар аңғарлары күшті дамыған. Жер бедерінің негізгі пішіндері қазіргі мұз басулардың әсерінен түзілген тектоникалық-денудациялық, эрозиялық-денудациялық жер бедеріне жатады.Үшкір шыңды тау беткейлеріндегі қар аңғарлары мен трогалар да,циркті ойыстарда қазіргі мұз басуларымен қатар төрттік дәуірдегі ежелгі Рисс-Вюрм мұз басуларының ізі айқын байқалады. Листвяга Тигрец, Холзун, Иванов, Қатын жоталарының қазіргі мұздықтар жауып жатқан бөлігінің абляция аймағындағы (мұздықтар еріп жойылатын) диаметрі 0,7,10 метрге дейін жететін малта тастардан қиыршық тастармен құмтастармен тұратын. Соңғы моренналардың аралығында циркті бөгелмелі шағын көлдер кең таралған.

Қатын жотасының биік таулы бөлігімен Иванов, Тұрғысын, Хамира және Мұзтау (белуха) таулы алқабында 2600-4500 метр биіктік аралығындағы суайырық жоталардың тік беткейл үшкір шыңды жоталарына Альплік жер бедері тән.

Батыс Алтайдың басқа бөлігінен Альплік жер бедерінің айырмашылығы беткейі өтетін болады жекелеген беткейлердің көлбеулігі 40-70° аралығында ауытқиды. Жолдардың беткейлерінде қазіргі және езелгі төрттік мұз басулардың әсерінен түзілген шағын қар аңғарлары мен эрозиялық ойыстар кең таралған. Тянь-Шянь, Жетісу, Алатауларына қарағанда қар сызығы төмен орналасқандықтан Алтайдын биік таулы альплік жер бедерінің басым бөлігін қазргі тау мұздықтары басым жатыр.

Оңтүстік Алтайдың жер бедерінің негізгі ерекшеліктері.

Оңтүстік Алтай палеоген дәуірінен бастап көтерілулер қарқынды жүріп жатқан, текноникалық жарықтар кең таралған таулы алқаптың қатарына жатады. Сондықтан қатты тілімделген тік беткейлі жоталар мен олардың аралығын бөліп жатқан тауарлық аңғарлардың таралуымен ерекшеленеді. Неоген –төрттік дәуірлеріндегі неотектоникалық қозғалыстардың әсерінен қайта жаңғырған таулы алқапқа жататындықтан төбесі текшелі баспалдақтанып, біртіндеп биіктейтін үстірт тәрізді оңтүстік Алтайдың суайрықтарының аралығын тектоникалық жарықтарда қалыптасқан тік беткейлі Бұқтырма – Нарын, Күршім – Қалжыр тауаралық аңғарларымен рифтогендік аймақ болып табылатын Марқакөл қазаншұңқырлары бөліп жатыр. Оңтүстік Алтай ендік, субендік бағытта созылған бірнеше жоталар тізбегінен тұрады. Олар: Нарым, Сарытау, Күршім, Сарымсақты, Керей, Өтен, Асу, Тарлаулы жоталар тізбегінен тұрады. Оңтүстік Алтайдың литогендік негізі сазды және кремнилі тақтатастардан, құмтастан, жанартаулық күлден тұрады.

Герциннің гранитті интрузиясында полиметалл кендері бар. Таудың оңтүстік батысы мен батысынан шығысы мен оңтүстік шығысына қарай 500-600 метрден 2800 – 3600 метрге дейін артады. Салыстырмалы өзара биіктік батысында 100–300 метрден, шығысында 1000-1500 метрге дейін артады.

Оңтүстік Алтайдың жер бедеріне екі ерекшелік тән. Олардың біріншісі – жер бедерінің батыстан шығысқа қарай біртіндеп биіктеу үрдісінің байқалуы;

Екіншісі – солтүстік беткейінің көлбеу және оңтүстік беткейінің тек беткейлі болуына байланысты екі беткейінің бір – біріне асимметриялы болып келуі.

Суайрықтарына тән элементтердің бірі беті тегістелген ежелгі реликтлі пенеплендер мен тік беткейлі альплік жер бедерінің кезектесіп келуі. Жер бедерінің сипатына тән ерекшеліктердің бірі субендік бағытта созылған жоталардың аралықтарын оңтүстік батыс бағытқа қарай еңіс болып келетін тауаралық аңғарлар мен тауаралық ойыстардың бөліп жатуы болып табылады. 500-7000 метрге дейінгі биіктік аралығын тауаралық аңғарлардағы тұғырлы денудациялық және қабатты жазықтар мен тауалды моренналы төбелі. Ол тік беткейлі кемерлер арқылы 700- 1500 метр биіктік белгілерінің аралығын қамтитын аласа таулы белдеуге ұласады. Аласа таулы белдеу оңтүстік Алтайдың оңтүстік бөлігінде біршама ірі ауданды қамтиды. Абсалют биіктігі шамалы болғанына қарамастан салыстырмалы биіктігі 400-600 метр аралығында ауытқиды. Сондықтан тау беткейлері тік, көбінесе құз жартасты, шыңдары қатты тілімделген, уақытша ағын судың әсерінен эрозия үрдісі күшті жүруімен ерекшеленеді. Эрозияның қарқынды жүруіне байланысты тік беткейлерде борпылдақ бос жыныстар өте жұқа немесе мүлдем жоқ. Оңтүстік Алтайдың жер бедері біршама тегіс, кей жерлері қатты тілімделгендіктен көлбеулігі 25-30º аралығында ауытқиды.

Аласа таулы белдеудің ең жоғарғы бөлігі найза тәрізді үшкір шыңды ұсақ шоқылы болып келеді.

1500-2000метр аралығын оңтүстік Алтайдың орташа биік таулы белдеуі қамтиды. Олар жеке тау жоталарын түзеді немесе биік таулы белдеудің шеткі бөлігі болып табылады. Орташа биіктіктегі таулы белдеуге оңтүстік Алтайдың негізгі жоталар тізбектері Күршім,Нарым, Сарымсақты ,Тарбағатай, Оңтістік Алтай,Асу жоталары жатады. Ежелгі төрттік мұз басулар мен қазіргі жер бедерін түзуші сыртқы күштердің әсерінен бетінің тегістелуі жүріп жатқандықтан тау жоталарының төбесі текшелі нашар тілімделуімен ерекшеленеді. Тауарлық тектоникалық жарықтар мен өзен аңғарларында беткейлері қатты тілімделіп, жер бедерін күрделендіреді. Тар шатқалды өзен аңғарлары мен терең сайларда беткейлердің көлбеулігі 30-35º асады. Орта биіктігі таулы белдеудегі бос жыныстарда жылдам шайылатын бос жыныстар сақталған аймақтарда қарқынды сел әрекетінен түзілген терең жыралар мен ысырылу конустары айқын байқалады. Оңтүстік Алтайдың үстірт тәрізді төбесі текшелі суайрықтары тар әрі терең шатқалдармен бірге кезектесіп келуімен ерекшеленеді. Оңтүстік Алтайдағы альпілік жер бедері 2100-3400 м аралықтарын қамтиды. Төбесі текшелі тегіс суайрықтан көтеріліп тұрған тік беткейлі шоқылар мен жоталардың беткейлері қатты тілімденген. Салыстырмалы биіктік 500-700 м аралығында ауытқиды.

Нарым, Сарымсақты, Ашубас, Күршім таулары батыстан шығысқа қарай біртіндеп артады. Сарымсақты тауының ең биік нүктесі Керей шыңының биіктігі 4000 м таяу. Ашубас тауының биіктігі 3200 м – ге жетеді. Сарымсақты тауының солтүстік беткейі мен оңтүстік Алтайда қазіргі мұз басулар сақталған. Оңтүстік Алтайдың орта тармағын Күршім, Сарытау, Жетікезең таулы алқаптары құрайды.

Үшінші тізбектегі тау жоталарын Марқакөлді оңтүстік шыңысынан шектейтін Өтен, Асу, Тарлаулы жоталар тізбегі құрайды. 2300-3000 м биіктік аралығында қазіргі мұз басулар жүріп жатыр. Оңтүстік Алтайдағы мұздықтардың ауданы 10 шаршы шақырымды құрайды. 2300м биіктіктен гляциальды – невальды белдеу басталатындықтан қазіргі мұздықтар мен температураның, жауын – шашынның әсерінен жүретін экзорациялық – денудациялық үрдістер басым болып келеді.

Қорыта айтқанда Алтай таулы аймағында жер бедерінің бірнеше морфоқұрылымдық типтері таралған.

  1. Қазіргі мұз басулар жүріп жатқан экзорациялық – денудациялық биік таулы белдеу.

Онда жыл бойы қатаң климат жағдайында Нивальды- гияциальды экзорациялық денудациялық үдістер жүріп жатады. Бұл белдеуде мұздықтардың экзорациялық әрекетінен түзелген моренналы төбелер, циркті ойыстар, қара аңғарлары, аккумуляциялық шлейфтер басым.

2.200-3000 метр биіктік аралығын қамтитын гравитациялық солифмокциялық белдеу. Бұл белдеуде ежелгі плестоцен мұз басуларының әсерінен түзелген моренналы төбелер, сулы және гравитациялық солифмокциялардың әсерінен түзелген текшелер, тау беткейлерінде қорым тастардың ағыны басым. Біршама нашар ылғалданған тегіс беткейлеріне, уақытша ағын сулардың әсерінен түзілген жылғалар мен аккумуляция конустары тән. Жақсы ылғалданған беткейлері тік болып келуімен ерекшеленеді.

  1. Мұздықтардан тыс эрозиялық – аккумулятивтік орташа биік таулы белдеу 1600 2300 метр биіктік аралықтарын қамтиды. Бұл белдеудің жер бедерінің морфомүсіндік пішіндерін қалыптастыруда флювиальды үрдістер маңызды роль атқарады. Уақытша және тұрақты ағын судың әрекеттерінен жүретін бүйір және табан эрозиясының әсері басым болып келеді.
  2. 1200- 1600 метрден 2400 метр биіктік аралықтарын қамтитын эрозиялық денудациялық жер бедері. Бұл белдеуде судың температураның бұзушы әрекетінен жүретін шайылулар басым.
  3. Тауаралық ысырынды қабатты және тұғырлы денудациялық қабатты жазықтар. Олардың тұғырлы сазды құмды малта тасты жыныстардан тұрады. Негізінің тау беткейлерінен төккен тау жыныстарынан тұрады.
  4. Нашар тілімделген дралювиальды – демовиальды жазықтар.