Шоқан Уәлихановтың еңбегі тағы бір қазақ елін орыс жұртшылығына таныстырудағы өзіндік ерекшелігі

Шоқан еңбегінің тағы бір өзіндік ерекшелігі — өз елін орыс жұртшылығына таныстырып, екі халықты жақындастыруға тырысты. Сол халықтардың достығының, бауырластығының және өзара толық түсінуіпілігінің дамуына жағдай жасауды ойлады.

Ш. Уәлихановтың тарих, этнография, география, психология салаларындағы көлемді де ғылыми мәні терең зерттеулері оған өз халқының мәдениеті туралы маңызды топшылаулар жасауға және қазақ пен орыс халықтары арасында достық қарым-қатынастарды нығайтудың қажеттілігі туралы ойлар айтуға мүмкіндік берді.

Қазақ халқын ол білімге құмар, бейбіт өмірді тілейтін, еңбек сүмгіш, момын халық деп сипаттады. «Біздің халқымыздың көркемдігі жағынан қалыспайтын өскелең әдебиеті бар… Оның үстіне, біз… орыстармен тарихи жағынан да және, тіпті қан араласу жағынан да тығыз байланыстымыз»,- деп жазды ол.

Шоқан еңбектерінде психологиялық мәселелерге байланысты әр түрлі сипаттағы деректер баршылық. Осылардың ішінде басқа мәселелерден көбірек сөз болғаны — халқымыздың ұлттық санасы, оның ішінде өзіндік психологиялық ерекшеліктері туралы мәселе еді.

Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстан тарихы мен этнографиясы зерттеген шовинистіқ рухтағы орыс ғалымдарының еңбектерінде халқымыздың оидаған ғасырлық тарихы бар мәдениетіне қиянат жасап, тіпті ұлттық психологиямызға күйе жағып, екінші сорттағы халық деп келгені белгілі.

Осындай келеңсіз көзқарасқа қыр жағдайында алғаш қирата соққы беріп, туған халқының ұлттық ар-намысын қызғыштай қорғап, қазақ халқын «тағы халық» деп қарау мүлде қате, бұл білместіктен айтылған сөз, халқымыз ертеден елдігі, өзіндік өнері бар, ылғи көшіп-қонудың салдарынан оқу-білімнен кенжелеу қалса да, рухани дүниесі бай, прогресс атаулыға ұмтылғыш, жаңалыққа ерекше бейім халық деп тебіренді. Осымен қатар Шоқанның алдына қойған тағы бір мақсаты өз халқының өмірін жете зерттеп, кең даласы мен дарқан халқын берісі орыс, әрісі Еуропа жұртшылығына таныстыруы еді. Сондықтан ол өз еңбектерінде дала халқының қоғамдық еміріне ерекіпе үңіліп, жан-жақты зерттеді. Бұл жерде ол танымдық жағынан зор ғылыми маңызы бар деректер келтіріп қана қоймай, кейбір қисынды ой топтаушыларын да ортаға салды. Шоқан өз халқының тарихын мәдениеті ерте танылған елдермен сабақтастыра сипаттайды: «Біздің халықтың бай және поэзиялық құны жоғары, реалистік әдебиеті бар. Ол шығыстың эпосына емес индогермандық эпосқа ұқсайды», — деп ой түйіңдей келе, ол қазақтардың рухани байлығын цивилизациясы аса бай ірі елдермен төркіндестіре қарайды. Енді бір еңбегінде ол былай деп жазады: «Түрік тектес халықтардың ішінде поэтикалық қабілеті жағынан қазақ бірінші орын алады деуге болады. Біздің Шығысты зерттеуші ғалымдарымыздың арабтар туралы айтқан сөзі қазақтарға дәл келеді. Қазақтар да бәдәуилер сияқты жаратылысынан өлеңші және ақын» ұлттық психика өнер саласында ерекше көрінеді, өйткені өнер адамдардың өз айналасын көркем түрде қабылдап алу ерекшеліктерін, біртіндеп қалыптасатын халықтың эстетикалық талғамдарын көрсететін қоғамдық сананың бір формасы.

Шоқан қазақ ақындарының құйылдыра жырлау қабілетін олардың негізгі ерекшеліктерінің бірі деп бағалады. Күні бүгінге дейін халқымыздың ұлттық психологиясынан елеулі орын алып келе жатқан айтыс өнері, адамның құйылдыра жырлау, суырып салма сияқты ой қабілетінің үлкен тапқырлығын, қиыннан қиыстырар хас шеберлігін ерекше қажет етеді. Мұндағы түйдек-түйдегімен айтылатын сөз нөсері, бұлтаруға ырық бермейтін ащы шындық, ұтымды дәлел, әзіл-шыны аралас өткір сөзбен қарсыласының қапысын тауып, оны кенеттен мүдіртіп тастау, беталды, мақсатсыз айтылған пікір таласының орын алмауы, әр сөзінің мірдің оғындай болуы — Шоқан айтқандай қазақтардың шешендік өнерге қабілетті өлең мен жырға икем келетіндігінің айқын айғағы. Шоқан жалпы көшпелі халықтардың қай-қайсысына да осындай қасиеттің тән екендігін атап көрсетеді: «Қөшпелі елдердің қай-қайсысының болсын бір өзгешелігі — олар өлең, жырға бай, шебер келеді. Бәдуилердің ақын келетіндігі Европа халықтарына әбден мәлім. Араб даласын кезгендердің бәрі де жалаңаш жүрген жас баланың өзіне берілген сұраулардың бәріне қисынды, ұйқасты өлеңмен жауап қайтарарын айтып ауыздарының суы құриды. Монғол, түрік тектес рулар дәл осындай». Шоқан бұл халықтарда төкпе, суырып салма қасиеттің мұншалықты дамып жетілуінің сырын ашуға да тырысты.

Мұндай қасиеттің болуына көшпелілердің алаңсыз өмірі әсер етті ме, болмаса ұшы-қиыры жоқ жасыл дала мен моншақтай тізілген жұлдызы көп аіпық аспанды сұлу табиғат әсер етті ме, — ол әзір бізге мәлімсіз». Шоқан осындай қабілеттің пайда болуының көзі жазира даладағы көшпелі өмірдің, не әсем табиғаттың әсерінде жатқан болуы керек деп топшылайды.

Ғалым қазақ халқының ұлттық психологиясын мына төмендегі пікірлерінде жеріне жеткізіп сипаттаған: «…қазақ барлық сенім, әдетімен де,-деп жазды ол, — ойың — сауығымен де, әр кезде жасаған адамдарының тарихи мәні бар оқиғаларды баяндайтын поэтикалық құны күшті аңыздар, өлең-жырлар жасаумен де, сауыққа құмарлығымен де, халықтық заңның көптеген кодекстерін сақтаумен де, соттық шешімдерімен де, полициялық шаралармен де, ең ақылдылардың қатарына қосылады». Өз халқының мәдениеті мен әдебиетін, әдет-ғұрпы мен психологиясын осыншама жоғары бағалаған Шоқанды қайтып қана қадір тұтпассың!

Көшпенді ата-бабаларымыздың психологиясы туралы Шоқан бір еңбегінде тағы да былай деп жазды: «Тарихи жағынан алғанда қазақ халқының поэзиялық рухы тамаша, біріншіден, ақындарының еске тұту жайы барынша ғажап болғандықтан… өз батырлары туралы деректерді бұл күнге дейін бұрмалаусыз сақтап келген, екіншіден, қазақтың өткен замандағы аңыздары мен сенім-нанымдарын соншалық бағы қалпында сақтауы таңырқарлық. Одан да ғажабы — әсіресе ақындарының эпикалық жырлары кең даланың қай қиыр түкпірлерінде айтылмасын, бір ғана қолжазбадан көшірілгендей ауыздан-ауызға сөзбе-сөз ауысып отыруы. Сауатсыз көшпелі орданың (қазақтың — Қ.Ж.) ауызша тарихының осыншалық ақылға сиымсыз дәлдігі таңырқарлықтай, сөйтсе де бұл күдік келтіруге болмайтын ақиқат.

Шоқан Уәлихановтың пікірінше, халықтардың ұлттық психологиясын көрсететін белгілердің бірі — сол халықтың тіл байлығы, сөз өнері, шешендік қасиеттері. Ол сөз өнерін халық бойына біткен зор таланттың керемет қабылеттін, ақындық қуаттың белгісі деп санады. «Халықтың тұрмысы мен әдет-ғұрпы,-деп жазды ол,-бәрінен де артық тілден көрініс табады. Өткенді қастерлеу және аңыздардың молдығы — терістік және Орта Азия көшпелі халықтарының ерекше қасиеті. Қазақ тілінде араб тіліндегідей жасама бояу сөздер жоқ, ол нағыз таза тіл».

Ғұлама-ғалымның осы пікірлерін кең-байтақ өлкемізде өткен замандарда болған орыс, украин, поляк зиялылары да қостайды. Олар халқымыздың салт-санасы мен әдет-ғұрпындағы өнегелі де айшықты жақтарын, атап айтқанда, сөз өнеріне жетіктік, шешендік пен парасаттылық, суырып салмалық, нақыштап сөйлеуге жаны құмарлық тағы басқа қасиеттеріне аузының суы құрып таңданған. Мәселен, «өлең-жыр,- деп жазды П.И. Пашин,-қазақтардың жан серігі, қарапайым адамдардың өзі суырып салып айтуға бейім тұрады». Ал, А. Брем «қазақтар сөз өнеріне жетік келеді — бұл жұрттың бәріне: оқыған адамдарға да, әліпті таяқ деп білмейтіндер де, байға да, жарлыға да тән қасиет» дейді. Белгілі ғалым В.Радлов «қазақтар нақысты сөйлеуді бар өнердің алды деп біледі,- сондықтан да олардың поэзиясы дамудың жоғары сатысында жеткен»,-деп түйіндеген.

Алғыр ойлы, сезімтал Уәлиханов көп заманнан бері қазақтар мен аралас-құралас Орта Азия, Шығыс Түркістан халықтарының тіршілік тұрмысындағы өзіндік өзгешеліктерін де шұқшия зерттеп, бұларды ғылыми әлемге паш етіп анықтап берді. Мұны ол сырттан жорымай, солармен мидай араласып арасында жүріп ерінбей зерттеді. Сондықтан да Шоқанның бұл саладағы пікірлері тайға таңба басқандай анық, ғылым мәні әрі тұжырымды да оралымды. Мәселен, ол қашқарлықтардың (ұйғырлардың) психолотиясын, әдет-ғұрпын, тіл өзгешеліктеріне алғаш рет зерттеушілердің бірі болды. Ол осы халықтың атамекені Шығыс Түркістанға ғылыми сапармен екі рет барып қамтқаннан кейін ұйғырлардың өзіндік ерекшеліктері, көне тарихы мен мәдениеті туралы құнды еңбектер жазды ғалым ұйғырлардың бостандық пен тәуелсіздік жолындағы ерлік істерін, өз Отанын жан-тәнімен сүю сезімінің жоғары екендігін көрсете келіп: «патриотизм — олардың ең тамаша қасиеті» екендігін ерекше атап өтті. Қашқарлықтардың мінезі жайдары елгезек, адамға жұғысқыш, еңбеккер және өте кішіпейіл,-деп жазды ол бірде.

Ғалым Шығыс Түркістанды мекендеуші көптеген халықтардың (қырғыздар, түрікпендер, өзбектер, қытайлар т.б.) психологиялық ерекшеліктерін, олардың әрқайсысына тән әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін де өте білгірлікпен көрсете келіп, бұларды ерекше дәріптемей, психологиялық жағынан бір-бірімен тең түсіп отыратындығын айта келе, ұлттық томаға-тұйықтық көзқарасқа да соққы беріп отырды. Шоқан аталған халықтардың экономикасы мен мәдениетіндегі артта қалушылықты, әсіресе туған халқы — қазақтардың бұл арадағы кешеуілдеген жағдайын баса айтып, одан шығудың жолдарын көрсеткісі де келді. Бірақ Шоқан көрсеткен жолдың түп төркіні — өрісі тарлау, тек ағартушылық жол еді. Шоқанның психологиялық пікірлерінде материалистік сарын ерекше байқалады. Онда этностардың психологиясы сыртқы ортаға, әсіресе географиялық, табиғат жағдайларының әсеріне байланысты қалыптасып отырады дейтін сындарлы пікірлер баршылық. Бірақ Шоқан адам психологиясының қалыптасуындағы тарихи-қоғамдық факторлардың шешуші рөлін жеткілікті ұғына алмай, ұлттық мінез-құлқы мен әдет-ғұрыптардың қалыптасуына географиялық орта мен табиғат ерекше әсер етеді деп соңғылардың рөлін асыра бағалап жіберген кездері болды.

Оның этнопсихологиялық пікірлерінің бұдан басқа да кейбір жансақ жақтары бар. Мәселен, ол халқымыздың басты-басты психологиялық ерекшеліктерін (қонақ-жайлылық, үлкенді сыйлау т.б.) дұрыс көрсете келіп, осы ұлттық мінезде кейбір өзгермейтін, тіпті тұқым қуалайтын негіздер де бар деген пікір айтты. Мәселен, ол 1862 жылдың 6 желтоқсанында A.H. Майковқа жазған хатында ол өз туысқандарында байқалатын мінездерінің қолайсыз жақтарын «менмендік қазақ халқының ұлттық ерекшелігінің бір көрінісі еді»-десе, 1862 жылы 2 қаңтарда профессор Бекетовқа жазған бір хатында өзінде байқалатын кейбір салдыр-салақтықты мойындай келе, мұны да «қазақ халқының өзіндік психологиялық ерекшелігі еді»,- деп жаңсақ тұжырым жасайды.