Шәкәрімнің тұлға ретінде қалыптасуы

1858 жылы 24 шілдеде Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында туған. Ақын, ойшыл, композитор, аудармашы. Ата-анасынан ерте айрылған Шәкәрім немере ағасы — қазақтың ұлы ақыны Абайдың қолында тәрбиеленді. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді жасынан сырқат болып, 37 жасында дүние салған. Ол кісі әділетті, жұртына қамқор, ел дауынан сырт жүретін өте кісілікті жан болған.Ақынның өз шығармаларындағы өмірбаяндық деректерге сүйенсек, оның бал дәурен балалық шағы жеті жаста әкесінен жетім қалғанына қарамастан, ,беделді де, дәулетті қажы атасы Құнанбайдың саясында сүйкімді немересі болып, уайым қайғысыз, емін-еркін, тоқшылық баршылықта өтіпті. Ақын ағасы Абайдың ықпалымен 16— 17 жасында Шәкәрім өлең жаза бастады. Шәкәрімнің бозбала жастық шағы іздену, үйрену, оқу бағытында Құнанбай қажы ауылында қалыптасқан өнерлі ортада өтті, яғни ұлы Абай ұйтқы болған өнер – білім мектебінің шәкірті болып өсті; сөз өнеріне, қол өнеріне, музыка өнеріне төселіп тәлім-тәрбие алды, үлгі-өнеге көрді.Шәкәрім осы тұста жазу жұмысымен біржолата айналысып кете алмады. Жиырма жасқа толар-толмаста Шәкәрім ел басқару жұмыстарына араласып кетті. Жастықтың қару қайратын ел ішіндегі қарым-қатынастарды қалыпты күйге түсірмекке жұмсамақ болды. Сайлауға қатысып, шарға түсіп болыс болып та сайланды. Ел ішінде береке-бірлік бұзып, әрекет шығаратын дау дамайлар мен арыз-жалаларды керіп-білу, оған үлкен өмір мектебі болды. Қазақ қауымының тірлігін тереғдей білді. Сонымен бірге ол отаршыл патша өкіметінің түгелдей қазақ халқын аздырып, тозды-руға негізделіп жасалған ел билеу жүйесі мен жергілікті патша әкімдерінің сұрқия саясатының түпкілікті мақсат мүддесін түсінді.

Шәкәрім Қүдайбердіүлының шығармашылық жазу жұмысына біржола ден қойып кірісуі кырық жасынан, яғни 1898 жылға тұспа-тұс келеді. Туған халқының бітімі мол бай ауыз әдебиетінен сусындаған Шәкәрім ендігі жерде шығыс пен батыс әдебиетіне жетік көз жіберіп, әйгілі шығыс жұлдыздары Қожа Хафиз, Физу-ли, Науаи мұраларымен танысса, батыста Байрон, Пушұкин, Толстой сынды керкем ой алыптарының шығармаларынан нәр алды. Олардың қырдағы білікті насихатшысы болды. Бұрынғы езі емін-еркін меңгерген түркі тілдеріне қоса араб, парсы, орыс тілдерін онан әрі тереңдей үйреніп, жоғарыдағы әйгілі жазушылардан тамаша аудармалар жасады.

Ғылым-білім жолына біржола бет бүрған Шәкәрім Қүдайбердіүлы, дамылсыз ізденісте болып, жер көріп, еларалады. Ол 1903 жылы қазақ даласындағы сол кездегі бірден бір ғылыми-зерттеу орны болған Императорлық географиялық орыс қоғамының батыс сібір бөлімінің Семей бөлімшесіне мүше болып қабылданды.

Ақын қырықтан кейінгі бүкіл саналы өмірін әдебиет, тарих, жаратылыс тану, жағырафия, психология, музыка өнері сияқты пәндерді тереңдете жүйелі оқып-зерттей отырып, ұстаз ұлы Абай дүние танымына құлаш ұрады. Ұстаз ой-арманын әрі қарай жалғастырады Шәкәрім өмірінің толысқан кезі бүкіл Ресей мен Қазақ даласындагы болып өткен не бір ірі оқиғалар мен зор өзгерістерге тұстас болды. Ресейдегі 1905 жылғы, 1907 жылғы революциялар мен Столыпин реакциясының көп жалғы ауырпалығы, 1914 жылғы 1 дүние жүзілік соғыс, 1916 жылғы қазақ даласындағы дүрбелен оқиғалар, 1917 жылгы Ақпан, Қазан төңкерістері, соны-мен бірге ақын өскен Шыңгыстау, Семей өңіріндегі Қолчак ылаңы, аласапыран алмағайып заманда туған халқының тағдыр-талайына арашашы болған интеллигенциясының алаш қозғалысы, қазақ даласындағы ақ пен қызыл соғыстары, қазақ даласында Кеңес өкіметінің орнау, оның саясатындағы адам төзгісіз бұрмалаулар мен асыра сілтеулер; 1920—1921 жылғы ашаршылықтар, аша тұяқ қалдырмауға бекінген 1928 жылғы конфискация науқаны осылардың барлығы да ақын көзқарасына, бол-мысына өз ізін қалдырды, әуреледі, азаптады. Алайда, туған халқына қызмет етуді мақсат еткен ол, бұл оқиғалардан сырт қалған жоқ. Оның өмірге, қоғамдық мәні бар өзгерістерге көзқарасы да бірқалыпты қалып қоймай, өзгерістерге ұшырады, тіпті жасы ұлғайған қарт қаламгердің түңіліп, жалғыздық көрген тұстары да болды. Шәкәрімнің өмірдегі және өнердегі жолы, шынында да М.Мағауин айтқандай, “ұзақ та ұлағатты, келісті әрі күрделі”. Адамгершілік асыл қасиеттерді өміріне арқау етіп, оны ақындық құдірет-дарыны және биік азаматтық ісімен халқына үйретуге ұмтылған ғұлама ойшылдың жан дүниесіндегі қуаныш-күйініш сезімдерінің сырын бірден дөп басып, ашып айту қиын. Шәкәрім өмірінің соңғы кезіндегі өз көңіл күйін “Қорқыт сарынымен” жазған өлеңі арқылы бейнелеген. Байқаған жанға онда көп сыр жатқаны анық.