Шешім алу

 Шешім қабылдау процесінің ең жалпы   математикалық моделі мына түрде болады:

(1.1)                                           

мұнда  – басқарылатын айнымалылар,  – басқарылмайтын айнымалылар,  – пайдалылық функциясы. Мұның сыртында, моделге шартты түрде төмендегіше жазылатын шектеулер енеді.

 (1.2.)

Осы (1.1) мақсат функциясын минимумдайтын, берілген (1.2) шектеулерін қанағаттандыратын, – басқарылатын айнымалылар векторын анықтау қажет. Тиімді шешімді іздеуге математикалық программалаудың түрлі (сызықтық, дөңес, сызықтық емес, динамикалық, дискретті, стохастикалық т.б.) әдістері қолданылады.  – мақсат функциясының күрделі түрде болуы, айнымалылар мен шектеулердің көптігінен экстеремалдік есептерді шешудің классикалық әдістері қолдануға жарамай қалуы жиі ұшырасады. Мұндайда итерациялық әдістерді қолдануға мәжбүрміз. Бұл әдістің мәнісі – есептеу процесі (1.2) облысындағы қайбір ұйғарымды шешімнен басталады да соңына (1.1) мақсат функциясы мәнінің жақсаруын қамтамасыз ететін алгоритм қолданылады. Бұдан арғы жақсару мардымсыз екендігіне немесе әрі қарай есептеу «құны» мейлінше қымбаттығына көзіміз жеткенше процесс жалғаса береді.

«Baribar.kz-тің» Telegram-каналына жазыламыз!